400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Халық әндерінің тарихы туралы түсінік» Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру. Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Миялы балалар өнер мектебі


Баяндама


Тақырыбы: «Халық әндерінің тарихы туралы түсінік»








Дайындаған: Мунишева Н





















Миялы селосы 2019 Ж

Бекітімін:

Оқу ісі орынбасары: А. Жәлекеев

« » 2019 ж



Тақырыбы: «Халық әндерінің тарихы туралы түсінік»

Мақсаты:Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру.
Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.

Білімділігі: Халық әнінің өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдылану, ән айту қабілетін жетілдіру.
Дамытушылығы: Әнді нақышына келтіре, сезіне айту, қабілетін дамыту, көркем музыкалық бейнесін тыңдау, жеткізу.



Мазмұны.

І. Кіріспе

Халық әндері туралы жалпы мағлұмат

ІІ. Негізгі бөлім

  1. «Дударай» әнінің шығу тарихы хақында

  2. Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері

  3. Халық әндерін эстрада жанрында үйретудің ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды

























І. Кіріспе.

Халық әндері (folk music), ауызша дәстүрмен сақталған және қоғамға таныс қандай да бір ұлт пен этникалық топ адамдарына арналған ерекше әуен. Халық әуенінің дамуының шынайы тарихын тек қана болжауға болады. Нотаға түскен халық әндері мен халық әуені мәдениетінің тарихының хроникасы өте сирек кездеседі, әдетте бұған немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қоғамдағы оның пайда болуы да беймәлім. Ортағасырдағы Еуропада тараған христиандық жай халықтық әуенді қаралау мен құртуға әрекет жасайды да, тілдік салт пен дәстүрмен оны байланыстырады. Қайта өрлеу дәуірінде жаңа гуманистік көзқарас пайда болып, тұрпайы көрінетін ескі халық әуендерін, композиторлар өзінің шығармашылығына пайдаланып, халық әуеніне мейірбандылықпан қарайды. Мотет пен месс шығарғанда халық әуендерін жиі қолданған, ал наразылық білдіру гимнінің әуенін тікелей халық әуендерінен алған.17 ғасырда халық әуендері бірте-бірте қоғамнан алшақтап, кейін 18 ғасырда музыка өнеріне деген қажеттілік қайтадан туындайды.19 ғасырда халық әуендері «ұлттың игілігі» деп есептеліп, мәдени поэзия мен әндермен қатар тұрды. Ұлттық және діни коллекция ретінде шығарылып, халық әуені патриоттық идеологияны таратудың бір жолы деп есептелді. 1890 жылдан бастап оны жинаумен және механикалық құралдармен жазуды бастайды. Жарияланымдар мен жазбалар көпшіліктің қызығушылығын арттырып, халық әуендерін беру арқылы дәурені өткен сол ғасырдағы фольклорды және дәстүрлі әдет-ғұрыпты қайта тудыруға мүмкіншілік туады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бар әлемде халық әндерінің мұрағаты пайда болды.

Ұлттық өнер дегеніміз – қай заманда да ұлтпен бірге жасасып, дамып отыратын күрделі процесс. Оған қай кезде де зерттеу жұмысын, талдауларды жүргізіп отыру қажет. Сонда ғана бізге беймәлім болған жайттар жаңаша қырынан ашылмақ.Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән ән дәстүрі дүниеге келді. Соның нәтижесінде бай музыкалық мұрасы жасалды, мәдениеті қалыптасты. Қазақ әнінде халық өнерінің әр кезеңіндегі тыныс-тіршілігі, заман үні көркем көрініс тапқан. Халқымыздың бізге жеткен ән-жыр нұсқаларының көпшілігі қазақ дәстүрлі ән өнерінің көшбасшылары, ақын Біржан сал, Ақан сері, Жаяу мұса, Ыбырай және т.б. дарын иелерінің мұралары болып табылады. 

Қазақтың халық музыкасы терең және жан-жақты зерттеуге тұрарлықтай. Өйткені, ол өзінің бейнелік мәні мен мазмұнын аша түсуімен сазгерлік шығармашылықтың одан әрі өркендеуі үшін негіз жасайды. Сан ғасырлар бойы ұрпақтар жасаған рухани құндылықтар мәдени мұраның мол қорының негізін құрайтын дәстүрлі ұлттық шығармашылықта айрықша орын алды деуге негіз бар. Шығармашылық – тәжірибенің баға жетпес мұрасы, адамгершіліктің, мәдениеттің іргетасы ретінде ол тек ұлттың ғана емес, сонымен бірге қоғамның рухани баюының таусылмас бастауы қызметін де атқарып келе жатыр күні бүгінге дейін. Халықтық шығармашылық – ұлттың рухани мәдениетінің деңгейі, ұлтаралық қатынастар құралы ретінде тәрбиенің негізі,оны жасаушысы мен тыңдаушының өзіндік ойын ынталандыру болып табылады. Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне байланысты дәстүрлі өнер кейде өркендеп, кейде құлдырау барысында өзінің тәрбиелік мүмкіндіктерін құбылтып отыратынын уақыт өзі дәлелдегендей. Төл шығармашылықтың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыруда музыкалық өнердің айтарлықтай ықпалы бар.

Ол мәдени мұра, тарихи-рухани құндылық, халықтық салт-дәстүрлер, дәстүрлі халық ән өнері түсініктерімен тығыз байланысты болғандықтан, оның ерекшеліктері мен табиғаты қай кезде де халық жанына жақын болған. Халықтың музыкалық шығармашылығы әр халықтың рухани мәдениетінің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, қазақ әнінің өзіндік тағы бір ерекшелігі, ұрпақтан-ұрпаққа, аймақтан-аймаққа тарай отырып, ауызша үйретіліп, дәстүрлі түрде орындалып, орындаушы өнерпаздардың орындау барысында, шабыттана отырып шығарманың кейбір жерлеріне өз өзгерістерін жасап отыруы жиі кездеседі. Қазақ халқы ежелден әншілік өнерімен ерекшеленген. Ұлттық дәстүрлі музыка қорымыздағы ең көп сақталғаны да осы – ән өнері. Өмірдің әр құбылысын әнге қосып, өз шежіресін әнмен жазған халқымызда шығарушысы ұмытылса да, мәтіні мен әуезі ел жадында сақталып келе жатқан бірнеше мың халық әндері бар. Тарихтың сан қилы талқысынан сүзіле өтіп келе жатқан бұл әндер ұлттық болмыс пен қасиетті, тұрмыс-тіршілікті білдіретін айрықша құндылық болып саналады. Небір жез көмей дарынды әншілер мен ән әуезін жанына жұбаныш жасай білген талантты өнерпаздар арқылы бүгінге жетіп отырған халықтық ән өнері – уақыт өткен сайын өз қасиетін арттыра түсетін, ұлттық ерекшелігімізді айқындап беретін асыл мұрамыз екені анық. Қанша буын өнерпаздар қолынан өтсе де, өз мазмұны мен маңызын жоймай, ұлттық мінезді, терең сезімді жырлап келе жатқан бұл өнер, шын мәнінде, өзіндік салт- санамызды, дәстүрлі тірлігімізді сақтаушы қасиетімен де құнды. Кешегі мен бүгінгінің арасын жалғап тұрған халық әндерінде ақыл-парасат та, тарих та, ұлттық мінез бен игілік те тұнып-ақ тұр.

ІІ. Негізгі бөлім.


1. «Дударай» әнінің шығу тарихы хақында

Халқымызға кеңінен тараған осы бір әннің талай рет дау-дамай туғызғаны тегіннен-тегін емес. Шындығына келгенде, қандай да халықтың болсын тегіне де, геніне де тығыз байланысты болып келетін рухани дүниені басқа халық өкілінің жасай алмайтыны рас. Оны жасағанымен, бәрібір жасанды екендігі көрінеді де тұрады. Ал мына әнде Дудар деген қазақ жігітіне Жагорқызы Мәриямның білдіретін сезімі де, махаббаты да, тіптен айтатын сөздері де мүлде қазақша, Мәриям мүлдем қазаққа айналып кеткен сияқты әсер қалдырады. Бұл жердегі ең бір таңғаларлығы – төңкеріске дейін шыққан осы әнде әртүрлі мәдениетке жататын қазақтар мен орыстардың арасындағы айырмашылық, үйлеспес жағдайлар, т.б. жөнінде бірде-бір сөз жоқ.Тым құрымаса, олардың ата-аналарының қарсы болғандықтары да байқалмады. Осыған қарағанда, бұл жағдай екі халық бір-біріне жақындасып, азды-көптіараласып, өз ара түсініскеннен кейін болған тәрізді. Соның өзінде де, қанша жақындасып, бауыр басып кеткенімен, ұлт арасындағы драматизм бола береді.Ал әнде бұл байқалмайды. Бірақ кеңес заманында сол кездегі идеологияның ықпалымен мұны халықтар достығы деп дәріптеп, Мәриямды композитор етіп шығарды. Ол жайында поэма да, опера да жазылды. Талай-талай үлкен жиналыстарда осы жағдай дәріптелді. Соның соңы қазақтардың орысша жазуына әкеп соқты. Бұл жердегі басты қисын «қарапайым орыс қызы қазақша ән шығара алатын болса, қазақтар неге орысша жаза алмауға тиіс» дегендеседі. Әрине, бұған Мәриямның еш кінәсі жоқ. Жас адамның бір-бірін ұлтына, еліне қарамай жақсы көре беруі деген оған дейін де болған. Осы арада өткен ғасырдың алпысыншы жылдары шығарылған шешен шайыры Раиса Ахметованың «Болса да ұлтым – шешен, елім – қазақ» деген бір өлеңі еске түседі. Мұнда үлкен шындық жатыр. Тарихта әртүрлі себеппен саяси одақ құрып, бір мемлекет, бір елдің туының астына жиылып, кейіннентарапкеткентүрлітайпаларбаршылық. Сондай тұстары жасалған әдебиет те жетерлік. Мәселен, XIX ғасырдағы орыс әдебиетін жасағандар – әр түрлі ұлттың өкілдері. Оның рухының негізінің орыс халқынан қашық жатқандығы да сондықтан. Бұл – шын мәнінде, орыстың ұлт әдебиеті емес, орыс тілінде жасалған әдебиет қана. Мұның кеңес дәуіріне де қатысы бар. Әрине, сөз өнерінде әр түрлі тәсілмен мұның бәрін сездірмеуге болады. Бірақ бұл адам жаны мен сезіміне тікелей әсер ететін музыка өнеріне келгенде көрініп қала береді. Осы тұрғыдан қарағанда, «Дударай» әніне ешкім де жатсынған жоқ, керісінше, оны қазақтың халық әні ретінде қабылдады.Бүгіндері «Дударайдың» нотаға түскен музыкалық мәтініне қайтадан үңілсек, көп нәрсені аңдауға болады. Оның формасы, жасалу жолы мен тәсілі, мелодияның өрбуі, әуеннің өрістеуі, музыкалық периодтың шумақпен бітіп қана қоймай, қайырмада әрі қарай жалғасуы, интонация мен тембрдің қазақылығы, олардың байырғы әндерімізге тән екендігі, «баяндау», яғни «эпос» пен лиризм элементтерінің астасып келіп отыруы, олардың бір-біріне етене кірігіп кеткендігі соншалық, олардың жай көзге онша анық болып біліне де бермейтіндігі, бір жарым октаваға жетерлік диапазон, кең тыныс, табиғи мажор әуездігі, кейде үшінші жақ пен бірінші жақтың араласып келіп отыруы маман кісінің өзін таңғалдырады.


2.Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері

Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы - әдебиет пен өнер.Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктелелі. Оларды қол өнері, сурет өнері, сәулет өнері және саз өнері дейміз.Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны - ән.Ән - халық мұрасы. Халық әндері -сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен,ән-өнер. Ән-адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән - табиғат суреттемесі. Ән-халыктың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік  ән  арқауына айналып отырған.Ерте дәуірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған қобыз сарынына қосылып ән салады, би билейді және аруақтарға бағыштап өлең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.

Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде  қалыптасады.   Оның бір  ғана  саласымен

шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп өнердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі — ән өнері.Әр бір дәуірдің, әр бір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән -өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз,

Әннің келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.Халық әндеріне тән тағы бір белгі — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрылады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мұны әннің поэзиялык арқауы немесе әдеби сипаты дейміз.Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы, ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай? Өзара ерекшелігі неде?

Тарихшы -шежіреші. Әдетте ол нақты бір оқиғаны  қара сөзбен баяндайды.  Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғак, өлшем, ұйқас бола бермееді. Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи оқиғаны  өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді? Осы мәселеге тоқталған  жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған  оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында, деп көрсетеді Аристотель. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.

Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты әннің де әлеуметтік маңызы елеулі. Ән — халықтың көркем ой-санасы деген сөзіміздің мәнісі осында.

Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәүірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.

Ән — вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:

1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.

2) әннің әуені, яғни музыкасы.

3) әннің жанрлық ерекшелігі.

Әннің алғашқы сипатына орай В.Е.Гусев: .»Песня поется, и ее содержание выражает не только слово, но и мелодия, и ритмический ее строи, песенный образ не тождествен образу стихотворному» (Эстетика фольклора.-Л.,1967, 88-б-),- деп жазған болатын. Халық әндерін  біз тақпақсазды речитативтік, тарихи және лирикалық деп білеміз. Бұл ерекшеліктер бірде әндердің музыкалық интонациялық жүиесіне қатысты  болса, енді бірдс жанрлық сипатын білдіреді.

В.Я.Пропп музыкалық шығарманың жанры оның тарихи шындықты бсйнелеу немесе көрсету дәрежесіне байланысты деген пікір айтқан. Осы тұрғыдан келгенде халық әндерін тарихи, лирикалық деп бөлуге әбден болады. Тарихн әннің ел аузында сақталған улгілері аз емес. Бізге жеткен көркем бір нұсқасы — «Елім-ай» XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңгар шапқыншығына байланысты туған шығарма.

Халық арасына кең таралған лирикалық әндерге келер болсақ олардың жүздеген үлгілерін атауға болады. «Қамажай», «Бипыл», «Сәулем-ай» секілді толып жатқан әндердің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әндерге катысты бір ерекшелік — онда сюжеттің болмауы, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялык. Параллелизмдердің басым кездесуі. Оның мәнісі, әннің бір шұмағын құрайтын алғашқы екі жол басқа, соңғы екі жол өзге ойды білдіруінде. Әннің тұтастығы осы ойлардың сабақтастығынан туады.

Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түсетін болсақ, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтінінің бірде сәйкес, бірде сәйкес еместігін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тілімен синхрондық және асихрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әндердің музыкасы мен әдеби мәтіні әр түрлі кезеңдерден тугандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады.

Речитативтік әндер халық шығармашылығына да авторлық шығармашылыққа да тән құбылыс.

Олардың басты ерекшелігі — өлең жолының әр буынына жеке музыкалық үн-дыбыстың келіп отыруы (слогонота). Мұндағы жеке буындар бір неше дыбысқа созылмайды, музыкалық интонациясы бір деңгейде дамиды. Оның диапазоны-шектеулі, ннтонациялык секірістер өте сирек кездеседі.

 

Қазақ фольклоры аясында жеке әндерге тән құрылым-диатоника. Хроматикалық жүйе речитативтік, созылмалы лирикалық әндер де мүлде кездеспейді. Музыка теориясындабірінші «гептатоника» немесе«классикалық диатоника» аталып жүрген халық ладтарының көптеген үлгілері кездесіп отырады. Тағы бір ескертеріміз, халык әндеріне келгенде  тональдік  терминін қолдануға болмайды. Олардың ладтық негізі ғана анықталуға тиіс.

Тональдік – классикалык музыкаға тән ұғым. Ондағы дыбыс қатары міндетті түрде 8 басқыш болып келеді; кез келген октаваның тоникалық дыбысы сол шығарманың тұрақты басқышы болып табылады.

Қазақ фольклорындағы мақам (лад) — әдетте 7 кейде одан да аз басқыштан тұратын дыбыс қатарына байланысты қолданылатын атау. Одардың ладтық тұрағы-тоникасы міндетті түрде дыбыс қатарының төменгі дыбысы болып табылады.

Халық әндерінің интонациялық-диапазондық құрылымын талдағанда оларға классикалық музыкаға тән терминдерді қолдануға болмайды. Музыкалық фольклортану ғылымында халық әндерінің дыбыс қатарына байланысты мынадай терминдер қалыптасқан:

1. Трихорд (до- ми- фа; ре — ми ~ соль) ~ үш дыбыстан тұратын құрылым.

2. Тетрахорд – төрт дыбыстан тұратын құрылым.

3. Пентахорд — бес дыбыстан тұратын құрылым.

4. Гексахорд — алты дыбыстан тұратын құрьлым.

5.Гентахорд — жеті дыбыстан тұратын құрылым.

Фольклорлық шығармалар  тұсында  оларға

қатысты   ғылыми  үғым-түсініктер  мен  арнайы терминдерді ескеру қажет.



3.Халық әндерін эстрада жанрында үйретудің ерекшеліктері:

Қазіргі таңда эстрада бағытында айтылып жүрген өте көп кездесетін туындының бірі ол-халық әндерін,эстарада бағытында орындайтын әншілер. Мысалы:Қоныр тобының әндерін алатын болсақ 18-19 ғасырда домбыраның,қобыздың дауысына салынып айтылған әндерді,қазіргі таңда эстрада бағытында айтылып жүргені бәрімізге мәлім. Олардың әндері:»Нақ-нақ»,»Жалғыз ағаш»,»Беу айдай»сынды әндері.Батыс өңірінің тумасы Ғалымжан Жолдасбайдың әндері:»Той бастар»,»Жадау көк»,»16 қыз «т.б әндер.Жалпы халық әндерін эстрада бағытында орындайтын болса,көп өзгерістерге ұшырайды.Эстраданың өзіндік бір иірімдері бар,(мелизиімдер)

Мен қазіргі таңда өзімнің оқушыларыма халық әндерін үйретудемін.»Теріскей», «Сәулем-Сәулем»,»Сары бидай»,»Бүлдірген»,»Наз қоңыр»т.б



Қорытынды: әрбір халықтың музыкасын еске сақтап атадан балаға кейінгі ұрпақтан - ұрпаққа мирас қылып қалдырып отыратын мәдени мұрасының бірі халық әндері. Халық әндері салт - дәстүрге, әдет - ғұрып, көңіл - күйге байланысты белгілі бір тақырыпқа байланысты шығып отырған.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
2171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі