400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халық ауыз әдебиеті,ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы,Қазтуған,Сыпыра,Доспамбет,Бұқар жыраулар)

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабаққа қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті,ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы,Қазтуған,Сыпыра,Доспамбет,Бұқар жыраулар)

  • Білімділік:

Оқушыларды ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулардың шығармашылығы туралы, саз өнері мен музыкалық аспаптармен жан-жақты таныстыра отырып, танымдық түсініктерін қалыптастыру;

  • Дамытушылық:

Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Тәрбиелік:

Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: кіріктірілген

Көрнекілік: суреттер, слайд,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

І тапсырма. Тест.

1. Қандай Қазақстанның ғалымдарын білесіздер?

2. Әбунасыр Әл-Фараби қай жылы, қай жерде туды/қайтыс болған?

3. Отырар қаласы қайда орналаскан? Оның басқа атауларын айтыңыздар.

4. Әл-Фараби қандай тілдерді білді?

5. Жүсіп Баласағұни кім? Ол қандай аяларда жұмыс істеді?

6. Жүсіптің ең әйгілі шығармасы қалай аталады? Ол не туралы?

7. Қожа Ахмет Йасауи қай жылы, қай жерде туды/қайтыс болған?

8. Оның біраз шығармаларын айтыңыздар.

9. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада орналасқан?

10. Ол қайда білім алды? Қандай тілдерді білді?

11. Қожа Ахмет Йасауи шығармаларын қай тілде жазды?

12. Ахмет Игүнекидің шын атын ата?

13. Ахмет Игүнекидің бізге жеткен еңбегін ата?

14. «Ақиқат сыйы» дастаны қай тілде жазылған?

2тапсырма. Сәйкестендіру:

Ахмет Иүгнеки 1. «Түркі тілдерінің сөздігі»

Қожа Ахмет Йасауи 2. «Құт негізі - білік»

Махмұд Қашғари 3. «Жүсіп-Зылиқа»

Жүсіп Баласағұни 4. «Ақиқат сыйы»

Әбу Райхан әл-Бируни 5. «Даналық кітабы»

Әли ақын 6. «Бұрыңғы ұрпақтар ескерткіші»

3 тапсырма. Біліміңді тексер де, орнына қой

1. Әбу Насыр әл-Фараби

2. Махмуд Қашқари

3. Жүсіп Баласағұн

4. Ахмет Иүгнеки

5. Қожа Ахмет Йасауи

6. Әбу Райхан Бируни

А.1103-1167

Б. 1021-1075

В.870-950

С.1030-1075

Д.Асыл тастар

Е.Даналардың көшбасшысы


Жаңа сабақ: Халық ауыз әдебиеті,ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы,Қазтуған,Сыпыра,Доспамбет,Бұқар жыраулар)

Жоспары:

1. XV-XVI ғасырлардағы ақын-жыраулар.

2. Саз өнері.

3. Қазақтың музыкалық аспаптары.

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы

(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек  ханның ақылшысы болған. Қызылорда облысы  Шиелі ауданы«Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді.  Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ,ноғай тағы басқа) кеңінен тараған.

Доспамбет туралы бейнематериал көрсетіледі.

Доспамбет Жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азов қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр.  Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректеМ.Османовтың  “Ноғай уа құмық шығырлары” атты жинағына енген. Кейін В.В. Радловтың  “Халық әдебиетінің үлгілері” деген жинақта басылды. “Ертедегі әдебиет нұсқалары” , “Алдаспан” , “XV — XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” , “Бес ғасыр жырлайды” , т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді. Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. 

Қазтуған толғауынан үзінді тыңдатылады.

Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы - ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. 

«Ақтамберді толғауынан» үзінді тыңдатылады.

Ақтамберді Сарыұлы Оңтүстік Қазақстан облысында дәулетті отбасында дүниеге келген. Ол 17 жасынан бастап қазақ хандығымен Орта Азия хандықтарының арасындағы соғыстарға қатысқан.1729 жылы өлім жазасына бұйырылып, қашып құтылған.Жырау жоңғарларға қарсы 1723-1730 жылы кезінде орта жүз рубасы ақсақалдарынның бірі болды.Жоңғарлар талқандалып еліміздің шығысы азат етілгеннен кейін, босаған жерге елді қайта қоныстандыру кезінде де жырау айтарлықтай қызмет атқарады.

Үмбетей жырау Ақмола облысы, Ерейментау ауданы жерінде өмір сүрген. Үмбетейдің жыраулық жолға түсуіне қобыз тартып, ел ішінде абыз атанған әкесі Тілеудің әсері мол болған тәрізді. Жырау атақты батырларды мадақтап, елге таныстырып отырған.

Жаңа сабақты бекіту:

1 тапсырма: сұрақ-жауап.

1. ХҮ ғасырдағы ақын-жырауларды ата.

2. Жыраулар деп кімдерді айтамыз, олардың ақындардан айырмасы қандай?

3. ХҮІ ғасырдағы ақын-жыраулардан кімдерді білесің?

4. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар?

2 тапсырма: Кесте толтыру.

XV ғасырлардағы ақын жыраулар

XVI ғасырлардағы ақын жыраулар

XVII ғасырлардағы ақын жыраулар







Бағалау:

Үйге тапсырма: §46-47Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі

  • Қазтуған Сүйінішұлы, Сыпыра жырау, Жиембет,Бұқар жырау туралы қосымша мәлімет жинақтау;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
1639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі