Материалдар / Халық биі сабағын өткізудегі сатылай кешенді талдаудың тиімділігі

Халық биі сабағын өткізудегі сатылай кешенді талдаудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық биі сабағында репертуар таңдау барысында мен оқушылардың орындау мүмкіншілігін, өсу деңгейін міндетті түрде ескеремін. Сабаққа кіріспес бұрын алдын - ала биді орындауға қойылатын барлық талаптарды түсіндіріп, қандай әдіс - тәсілдер керек екендігін анықтауға көмектесемін. Осындай жан - жақты талдау жүргізіп алғаннан кейін ғана өз оқушыларыма биді үйрету барысында мына кезендерді қамтимын: кіріспе әңгіме, биді орындап көрсету, биді үйрету, мәнерлеп орындауға дағдыландыру. Осылай сатылап үйрету арқылы ғана оқушы бойына толық сіңіре аламыз. Және ол оқушының есіне мықты сақталады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы «Халық биі сабағын өткізудегі сатылай кешенді талдаудың тиімділігі»

Мақсаты:

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру, оқыту үрдісі мен басқарудағы жаңашыл әдіс-тәсілдің тиімділігін анықтау.

  Мектептің түйінді мәселесі:

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін дамыту арқылы, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа білім технологиясын пайдалана отырып, заман талабына сай білім беру.

 

Міндеттері:

Педагогикалық оқу технологияларын оқу-үрдісіне енгізіп, нәтижеге бағыттау;

Жеке тұлғаның шығармашылық-рухани және табиғи мүмкіншіліктерін дамыту;

Азаматтылыққа және Отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Білім беруді ақпараттандыру, халықаралық байланыс желілері арқылы білім мазмұнын жетілдіріп, нақты нәтижеге қол жеткізу.





























І. Кіріспе.

Сатылай кешенді талдау технологиясының басты ерекшелігі.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Н. Оразханованың зерттеуі.

2. Сатылай кешенді талдау технологиясының халық биі саласына

тиімділігі.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Нәтиже



І. Кіріспе


ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процессіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.
Бүгінгі таңда Республика мектептері толығымен жаңа ақпараттық комьютерлік техникалармен қамтамасыз етілуде, әрине бұл жаңашыл мұғалімдердің құзырлылығымен сапалы және инновациялық технологияларды талап етеді нәтижеде «жаңа ұрпаққа –жаңашыл оқыту - жаңа мұғалім». Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі педагогикалық технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым-қатынаста жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Бұрынғы әдетке айналған сабақ үлгілеріне альтернативті болатын бұл технологиялар мұғалімге қарағанда оқушының басымырақ рөл атқаруына жол сілтейді. Оқушы бойындағы сан қырлы қасиеттер мен ерекшеліктерді ашуға, жеке мүмкіндіктерін жетілдіруге жағдай жасауымызға бағыттап, оның қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыруға зор ықпал етеді, білім-білік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Әр елдің білім көкжиегінде өзіндік ізденісі, сүрлеуі болуы - аса қажет нәрсе. Оған А.Байтұрсыновтың мына бір тұжырымын келтірсек: «Әдіс ерекшеліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмыс алатын орынның күш-қуатына қарай. Сатылай комплексті талдау дегеніміз - оқыту мақсаты, міндеттері, тәсілдері, өзіндік ерелшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізі сатылай, жүйелі,комплексті меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге машықтандыра оқыту.

Осы орайда біздің егемен еліміздің білім жүйесі әлемдік көштен қалмай заман талабына сай жаңарып, жетіліп келеді. Бүгінгі күні қоғамдағы болып жатқан өзгерістер оқыту жүйесінің құрылымына өзгерту ендіруді талап етеді.Білім беру жүйесі, оның оқыту әдіс-тәсілдері жасұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беру ісі аянбай еңбек етуді, шығармашылық ізденімпаздықты,білімді қажет етеді.Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінді жаңа технологияларын ендіру туралы айтылған. Осыған байланысты бүгінгі таңдағы ұстаздардың алдына қойылып отырған талап инновациялық үрдістерді оқу-тәрбие процесіне ендіре отырып,өмір талап етіп отырған ойшыл, алғыр, мәдениетті, жоғары интеллектуалды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.






ІІ. Негізгі бөлім

1.


Оқушылырдың білім деңгейін жетілдіру барысында жарық көрген озық әдіс-тәсілдер мол. Соның ішінде педагогика ғылымының кандидаты, доцент Нұрша Оразахынованың авторлық бағдарламасы - "Сатылай кешенді талдау" әдісін соңғы кездері мектеп мұғалімдері, колледж, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары күнделікті сабақ процесінде кеңінен пайдаланып жүр. Сатылай кешенді талдау әдісі дидактиканы табиғилық, түсініктілік, ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, көрнекілік, беріктілік, саналылықпен белсенділік, жас ерекшеліктерін есепке алу, теорияның тәжірибемен байланысы ұстанымдарын басшылыққа алады. Сатылай кешенді талдай оқыту оқушылардың нақтылыққа, ізденімпаздыққа, материалды терең,ғылыми негізде меңгеруге көмектеседі.

Ғалым Н. Оразахынова өзінің « Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми - әдістемелік негіздері» атты еңбегінде сатылай кешенді талдау технологиясымен жұмыс жүргізудің жолдарын айқын көрсетеді. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі — жоғары қиындықта оқыту. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты ерекшелігі төмендегілей болып сараланады: оқу материалының жүйелігі, бірізділігі; табиғилығы; білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі; оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру; оқушыларға барілетін білімнің саралануы; оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігі; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі.

Ғалым Н.А.Оразханова сатылай кешенді талдаудың төмендегідей ерекшеліктерін атап өтеді: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Білімді жүйелеу. Жекелеп оқыту. Ынтымақтастық қарым-қатынас. Жаңа тақырып бойынша. Талдаудың түрлерін, ерекшелігін білуге ұмтылады, талдаудың қызықтығы, еркіндігі, аясының кеңдігі оқушының білім алуға деген ұмтылысын ұлғайтады. Тіл байлығы, ғылыми ойлау қабілеті артады. Тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді. Оқушылардың жазуға деген қызығушылығын арттыру. Пәнаралық байланыс — орын алады. Көрнекілік және техникалық құралдарды пайдалану. Сатылай кешенді талдаудың өзегі — тірек — сызбалар. Тіл білімінің барлық салаларынан өтілетін материалдардың негізгілері, ең басты теориялық мағлұматтар сызбаға жүйелеп орналастырылған. Әр саты бір — бірімен үндесіп, бір — біріне сілтеме жасап, бір — бірін толықтырып, тұтас кешенді береді. Сатылай кешенді талдау технологиясы тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық даьуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық қасиеттерінің жан — жақты дамуына бағытталатын оқытудың түрі. Оқушы — білім алуда негізгі психологиялық үдерістерді басынын кешуші субъект. Қазіргі кезеңде педагогика — психологияның өзекті мәселелері қатарында оқу — танымдық қызмет жүйесінің маңызды екі компоненті — мұғалім мен оқушының «субъект — субъектілік » қарым — қатынасы мәселесі қойылып отыр. Оқу үдерісінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға ерекше орын беріледі.


Сатылай кешенді талдау технологиясы — дамыта оқыту идеясына негізделген. Ғалым Н.Оразханова зерттеуіне сүйенсек, сатылай кешенді талдау технологиясы төмендегідей ұстанымдарға негізделген:

1 Ғылымилық ұстаным дегеніміз-жеке пәндер бойынша мектепте оқытылатын ғылымды фактілер, ұғым және заңдылық жүйесі ретінде пайдалану болып табылады және ең алдымен оқу материалын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуда көрінеді.

2 Жүйелілік ұстанымы. Ұлттық білім беру жүйесінің басты мақсаты-оқушыға терең , мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім беру. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім берудің басты мақсаты-адамды ғылыми ойлауға, болмысты тануға, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін жетік білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттіліктер туғызу. Осының нәтижесінде оқушы бір ғана салалық білім алумен шектелмей, жан-жақты білім алуға, өзін қоршаған дүниенің зандылықтарын тұтастықта қабылдауға қалыптасады.

3 Деңгейлік ұстаным-сатылай кешенді талдау технологиясының деңгейлік ұстанымы он деңгейден тұрады:

Бірінші деңгей- тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдау. Бұл деңгейде мұғалім тіл салаларының әртүріне негіз етіп алынатын сызбаларды басшылыққа ала отырып, тілдік анықтамаларды оқушының ұғымына сай, түсінігіне жеңіл дәлелдемелер түрінде қатесіз жазбаша түрде ұсынады.

Екінші деңгей-тілдік материалдарды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық ауызша сатылай кешенді талдау.

4 Саналылық ұстанымы-талдауға берілген материалды оқушының құрғақ жаттамай, терең түсініп, саналы меңгеруі,Саналылық ұстанымы оқушылардың белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу мүмкіншілігімен тығыз байланысты.

5 Белсенділік ұстанымы оқытудың жаңа әдістемелік жүйесінің бірі-оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Белсенділік ұстанымының негізгі бір үдерісі-есте сақтау.

6 Сабақтастық ұстанымында сатылай кешенді талдау тіл білімінің барлық салаларымен сабақтаса жүргізіледі.Сабақтастық -үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі сипаттамасы болып табылады.Сатылай кешенді талдаудағы сабақтастық-оқушылардың сатылай кешенді талдауды біртұтас қабылдауы.

7 Шығармашылық ойлауды қалыптастыру ұстанымы-бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыны меңгертіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаналықтар ашатын, біртума қабілетімен ерекшекленетін жеке тұлға қалыптастыру ұстанымы.

8 Тәрбиелік ұстаным. Талдаудың лексикалық бөліміне ұлы ғұламалар сөздері мен нақыл сөздер, осы заманға әйгілі адамдар өмірі мен істеріне арналған тәрбиелі сөздер алынады. Мұндай даналық сөздер оқушыларды халқының өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып сараптай білуге жетелейді.

Осы ұстанымдарды оқушы бойына сіңіре келе біз қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелей аламыз деп айтқым келеді.


2.

Қандай мамандық болсын өзіне тән ерекшеліктері бар. Қосымша білім беру ұйымдары мұғалімінің де жеке тұлға ерекшеліктері бар. Негізгі міндет: оқу, тәрбие жұмысын атқарып, оқушылардың көзқарастарын сендіруі қажеттілігін, мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес, өз пәнін жақсы меңгеріп және жоғары тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек. Қосымша білім беру ұйымдары мұғалімдері өз сабағында шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын-ала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушының белсенділігін арттыру үшін өз сабағында баланың музыкалық музыкалық шығармашылық қабілетін қалыптастыратын рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселесін сезіне білуге дағдылануы тиіс. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керек білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» - деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.

Қосымша білім беру ұйымдарында сабағымызды жалпы мектеп пәндерімен сабақтастырып отырса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Соның ішінде өзім дәріс беретін халық биі сабағын тарих, әдебиет, бейнелеу сабақтарымен байланыстырып, сатылай кешкенді талдау технологиясы бойынша өткізуді қолға алып жүрмін. Мысалы: Қазақтың майталман бишісі, қазақ биінің негізін қалаушы Шара Жиенқұлова туралы сабағымызға кірістіретін болсақ, оны былай дәлелдер едім.

Алдарыңыздағы мына тірек-сызбаларға қарап отырсаңыздар, халық биі сабағында тек Шара Баймолдақызының билерімен сусындатып қана қоймай сонымен бірге оның өмірімен ,шығармашылығымен, замандастарымен, алған марапаттарымен, игерген саласы, жанры туралы толық мағлұмат беруге болады. Сонда ғана оқушылардың есінде Шараның кім болғандығы жақсы сақталады деп ойлаймын.

Халық биі сабағында өткізілетін барлық халықтардың билерінде осы стилмен үйретсек оқушыларға барлық халық билерін өз характерімен жақсы меңгертуге болады.

Сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігін Ғалым зерттеуші, яғни аталған технологияның авторы Н. А. Оразақынова былайша тұжырым жасайды: «Сатылай кешенді талдау – ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті өмірде қолдану аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту. Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық – психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі»

«Сатылай кешенді талдау» - қазақ елінің төл технологиясы, себебі біріншіден, технологияның теориялық негізі ретінде А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов,Т.Шонанов,М. Жұмабаев,Қ. Жұбанов т.б. көрнекті ғалымдарымыздың ғылыми – әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады; Сатылай кешенді талдауда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып,оның оқуға деген ынта – ықыласы артады,білім алуға әрекеттенеді.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп бөлмей, тек материалды өте жылдам, баяу қабылдауына қарай тапсырманы оң деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады. Біз де өз тарапымыздан осы технологияны меңгерудегі барлық қағидаларды ескеріп оқушыларымызға тәлім-тәрбиені жоғары деңгейде беруіміз керек деп ойлаймын.

Халық биі сабағында репертуар таңдау барысында мен оқушылардың орындау мүмкіншілігін, өсу деңгейін міндетті түрде ескеремін. Сабаққа кіріспес бұрын алдын - ала биді орындауға қойылатын барлық талаптарды түсіндіріп, қандай әдіс - тәсілдер керек екендігін анықтауға көмектесемін. Осындай жан - жақты талдау жүргізіп алғаннан кейін ғана өз оқушыларыма биді үйрету барысында мына кезендерді қамтимын: кіріспе әңгіме, биді орындап көрсету, биді үйрету, мәнерлеп орындауға дағдыландыру.

Осылай сатылап үйрету арқылы ғана оқушы бойына толық сіңіре аламыз. Және ол оқушының есіне мықты сақталады.



ІІІ. Қорытынды



Қорыта айтқанда, «Сатылай кешенді талдау - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық - психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі» деп, Н. А. Оразақынованың өзі айтқандай, бұл талдау арқылы оқушылар ана тілінің қадір - қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенеміз.

Сатылай кешенді талдау технологиясымен сабақ өткізу барысында оқушылар көптеген жетістіктерге жетеді. Яғни, бір сабақ барысында бүкіл сынып оқушыларының белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі; оқушылардың ізденісі артады, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игеруге көмектеседі; оқушылар сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысын игереді; оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысы дамиды; шығармашылық қабілеті артып, оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.


ІV. Нәтиже



  1. Оқушыларының белсенді жұмыс істейді.

  2. Оқушылардың ізденісі артады.

  3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игереді.

  4. Оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысы дамиды.

  5. Шығармашылық қабілеті артады.

  6. Оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.


















Сонымен қатар “Сатылай кешенді талдау” технологиясымен жұмыс жүргізу төмендегідей он түрлі проблеманы шешуге мүмкіндік береді:


Shape1





Сатылай кешенді талдау” технологиясымен жұмыс жүргізу төмендегідей он түрлі проблеманы шешуге мүмкіндік береді:




Shape2

1.“Сатылай кешенді талдау” технологиясы мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты жаңаша құруға, олардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал етеді.

2.“Сатылай кешенді талдау” технологиясын енгізу арқылы барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызылады, әр баланың даму жолында жұмыс жүргізіледі.

3.“Сатылай кешенді талдау” технологиясы басқа технологиялармен жақсы үйлесім табады.

4.Жоғары қиындықта оқыту – “Сатылай кешенді талдау” технологиясының басты қағидаларының бірі. Соған байланысты бұл технология мемлекеттік білім стандартының толық меңгерілуіне кепілдік береді.

5.Оқыту тиімділігін арттыруда “Сатылай кешенді талдау” технологиясынының мүмкіндігі мол, өйткені бұл технологияның әдістері, тәсілдері, құралдары, оқыту ұйымдастыру формалары өте тиімді.

6. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы – баланың білімді өз бетімен ізденуі арқылы меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады.

7. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, танымдық қабілетін, логикалық ойлауын арттыруда “Сатылай кешенді талдау” технологиясының рөлі зор.

8.Баланың талап-тілегін, сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруда, көптілділік, “Тілдердің үштұғырлылығы” проблемаларын шешуде “Сатылай кешенді талдау” технологиясының мүмкіндіктері мол.
9. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы – мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудың құралы. Осы технологияны қолдану, іс-тәжірибеге енгізу арқылы мұғалім шығармашылық ізденіске қол жеткізеді.
10. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етеді. Олардың арасында зерттеу жұмыстарымен
айналысатын оқушылар саны артады.














































Shape4 Shape3

Саналылық ұстанымы

Белсенділік ұстанымы




Shape7 Shape6 Shape5

Ғылымилық ұстаным


Shape8

Деңгейлік ұстаным-




Shape9

Shape10






Shape11

Сатылай кешенді талдау технологиясының ұстанымдары



Shape12 Shape13 Shape19 Shape14 Shape16 Shape18 Shape15 Shape17

Жүйелілік ұстанымы.

Тәрбиелік ұстаным.

Сабақтастық ұстанымы

Шығармашылық ойлауды қалыптастыру ұстанымы-






































Shape20

Сатылай кешенді талдау технологиясының басты ерекшеліктері:

  1. оқу материалының жүйелігі, бірізділігі; 

  2. табиғилығы; 

  3. білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі; 

  4. оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру; 

  5. оқушыларға барілетін білімнің саралануы; 

  6. оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігі;

  7. оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  8.  ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі.













































































Shape21

Шара Жиенқұлова




Shape23 Shape22

Аты-жөні

  1. Өмірбаяны

  2. Қызметі (игерген саласы)

  3. Замандастары (шәкірттері)

  4. Жанры

  5. Музыкалық шығармалары

  6. марапаты

  7. Ғұмыры (қайтыс болған жылы)


































Shape24



Shape25

ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВА

Жанры – би. Би дегеніміз – саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. 

4.1. Классикалық би дегеніміз – би өнеріндегі канонға айналған көркемдік тәсілдер жүйесі. Ол сахналық кейіпкерді тұлғалауда поэтикалық принципке негізделеді. Классикалық Биде қаhарманның ой толғанысы мен сезім дүниесі пластикалық қимыл арқылы ашылады.

4.2. Ұлттық би дегеніміз – белгілі бір ұлтқа тән ерекшелігі бар соған негізделе көрсетілетін өнер түрі.


Шығармалары:

5.1. «Өмірім менің – өнерім», «Сымбат», «Би құпиясы», «Қазақ биі» атты кітаптары бар.

5.2. «Айжан қыз», «Қара жорға», «Тәттімбет», «Қырық қыз» т.с.с. билерді дүниеге әкелді.


Марапаттары:

6.1. 1936 – Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі

6.2. 1938 – Қазақ КСР халық әртісі

6.3. 1968 – Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

6.4. Екі мәрте Еңбек Қызыл ТУ орденімен

6.5. Ленин орденімен

6.6. , «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.


Ғұмыры. Шара Жиенқұлова 1991 жылы 21 мамырда сексенге қараған шағында Алматы қаласында көз жұмды.

Деп алсақ біз Шара туралы оқушыға толық мағмұмат бере аламыз.
















































Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Есжанов Г. «Музыка сабағының тәрбиелік маңызы. Бастауыш   мектеп». 2000 ж.

  2. http://5fan.ru/wievjob.php?id=39175 сайты

  3. Н.А.Оразахынова , А.Т.Жиенқұлова «Сатылай кешенді талдау» Алматы 2012 ж

  4. Н.А.Оразахынова, Ж. А.Оспан. «Білім-ой азығы» Алматы 2012 ж

5 Оразахынова Н.А. Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми –

әдістемелік негіздері.(монография). Алматы, 2007. – 287 б.




24 Қаңтар 2019
566
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі