«Халық дәстүрі – асыл қазына»

Тақырып бойынша 27 материал табылды

«Халық дәстүрі – асыл қазына»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеуге, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған. Іс-шара барысында оқушылар халқымыздың әдет-ғұрыптары, тәрбиелік мәні зор дәстүрлермен танысып, ұлттық нақыштағы суреттер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер арқылы білімдерін жетілдіреді. Сабақта оқушылар үш топқа бөлініп («Тұлым», «Тұмар», «Жеті қазына»), дәстүрлер бойынша сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Ашамайға мінгізу» секілді дәстүрлерге тоқталып, олардың мән-маңызын талдайды. Іс-шараның тәрбиелік мәні жоғары: ұлттық рухты оятып, отбасы құндылықтарына, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Сабақтың соңында оқушылар бата беріп, ұлттық дәстүрлерді ұмытпай, жаңғыртып отыру керектігін түйіндейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

44 "Жаңа дала" жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

7 «А» сынып жетекшісі: Жиренбаева Гаухар Оңалбайқызы.




Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Халық дәстүрі – асыл қазына»


Мақсаты: 1.Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;
2.Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу;
3.Оқушылырдың өз отбасына, халқына, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, пікірлесу;

Көрнекілігі: салт – дәстүрге байланысты суреттер, мақал – мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою - өрнек түрлері, интерактивті тақта, слайд, буклет;ТСО, салт дәстүрге, тақырыпқа сай нақыл сөздер,суреттер,

Қанатты сөздер: «Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.», «Салтын, тілін, дінін ұмыту – мәңгүрттікке бастар жол»,

«Халтын сүйген – салтын да сүйеді».
Тәрбие сағаттың өту барысы:Қайырлы күн қадірменді қонақтар, оқушылар! Балалар өздерің көріп отырғандай, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. «Сәлем -сөздің анасы, сөз - сарасы» - Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. «Әдепті елдің баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.
Ой-шақыру: Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?
Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын-туыстары « қарашаңырақ» деп құрмет тұтады. Міне, алтын орда, білім мекені біздің қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін «Халық дәстүрі – асыл қазынам » атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Топтар таныстыру:

1-топ: «Тұлым» тобы

2-топ: «Тұмар» тобы

3-топ: «Жеті қазына» тобы
Қай заман болсын, адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни, әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсысымыздың борышымыз!
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Оқушылар тақпақтарын айтады.
Әдеби монтаж:

Әр топтан оқушылар таппақтарын айтады.
Мұғалім: Өте тамаша! Қане балалар, сендер бізде қандай салт-дәстүрлер бар екенін білгілерің келеме? Ендеше мен сендерге қысқаша мәлімет берейін.(Слайд)
Мүғалім: Отау көтеру дәстүріне: Қыз көші, Бет ашар, Шаңырақ көтеру....
Тәрбие дәстүрі: Бесікке салу, тыштырма, тілашар, қырқынан шығару, шілдехана.
Отбасы, тұрмыс дәстүрі: Дастарханға бата, бәйге, отпен аластау
Еңбек дәстүрі: егіншілік, аңшылық...
Ислам тағылымы: Құрбан шалу
Қаза ғұрыптары: Дұға оқу
Міне бүгін, салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты Тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу. «Бала – біздің болашағымыз» дейді еліміз. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана мақал бар. Сондықтанда отбасы тәрбиесіне, бала тәрбиесіне ерекше мән берген.
Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
Әр топқа конвертке салт дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі.

1-топқа: «Бесікке салу» салты

2-топқа: «Тұсау кесер» салты

3-топқа: «Ашамай» салты
Мұғалім:Өте білімді, өнерлі, алғыр балалар екенсіңдер!
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас,
Батаменен ел көгереді,
Жауынмен жер көгереді, - дегендей, бата берілсін. «Алтын алма, бата ал» деген, бата беру жақсы дәстүр. Бата - сөз өнерінің бір түрі.
Бата:Елбасымыз аман болсын,
Бақыт орнаған заман болсын.
Аспанымыз ашық болсын,
Ел іргесі берік болсын,
Ғылым-білім серік болсын!
Алла тілегімізді қабыл етсін. Аумин!
Қорытынды: Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.


Сурет - 1


Құрметті ұстаздар! Сіздер бүгін «Халық дәстүрі - асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашаладыңыздар. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет – ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2025
157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі