Әңгімелесу Мұғалім
сыйы
Елеместің
адамгершілігі
Елемес мейірімді, адал,
еңбекқор еді. Елемес жәрмеңкені аралап келе жатып, алдында жатқан
бір әмиянға көзі түседі. Әмиянды жерден көтеріп
алып:
Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде
жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде
Елеместі қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария
шығып:
- Мен жоғалттым. Оның ішінде
менің өмір бойы жиып терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім
тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам әмиянды
ашып көрші, - дейді.
Елемес әмиянды қарап тұрған
жұрттың көзінше ашады. Расында да, ішінде гүлді орамалға түйілген
алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып, Елемеске
алғысын айтады.
Елемес қарияға барлық
мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған
қарт:
- Сен мейірімді, адал жан
екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал.Менің үш ұлым бар еді, сен
төртіншісі бол, - дейді.
Елемес қарияға еріп, оның
үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін
егеді.
Бір күні жер қазып жүрген оның
күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса – алтын. Алтынды көрген ол
одан әрі қаза түседі. Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады.
Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді
де:
- Әке, мен ат басындай алтын
таптым. Міне, алыңыз,- деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне
разы болған қария:
- Балам, бұл алтынның маған
қажеті жоқ, қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің, өзіңше үй-жай
болып, өніп – өс. Бұл- адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан
байлығың, - деп кеңес береді.
Елемес алғысын айтып, алтынның
бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалаған алтынын сатып, үйленіп, үй
болады. Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай,
күні – түні еңбек
етеді.
-
Елемес жәрмеңкеде жүріп не
тауып алды?
-
Елемеске қария қандай ұсыныс
айтты ?
-
Қария Елемеске риза болып
қандай кеңес берді?
-
Елемес ненің арқасында
мұратына жетті?
-
Адамдар арасындағы
шыншылдықтың маңыздылығы неде?
-
Өзіңіздің өзгелерге деген
адалдығыңызды қандай іс-әрекетпен көрсете алып
жүрсіз?
|