400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халық қорғаны (Ел аузынан)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Қабанбай батыр туралы мағлұмат ала алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Әдебиеттік оқу

Мектеп

«19ЖОББМ»КММ

Сынып

3 Г

Мұғалім

Тұржаубай Ж.Н.

Сабақтың атауы

Халық қорғаны (Ел аузынан)

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1)Оқушылардың өз еліне,ата-мекеніне сүйіспеншілігін арттыра отырып,бабамыздың туған елін,жерін жаудан қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру. Қабанбай батыр туралы мәлімет беру,қазақ-жоңғар соғысы болған жерлер және қазақ қолбасшылары туралы білімдерін кеңейту.

2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөздік қорларын байыту.Тарихи таным қабілетін арттыру.

3.Қабанбай батырдың және өзге сарбаздар өнегесін алға тарта отырып оқушыларды ерлікке,батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс,негізгі идеяны айқындау ,баяндау,сұрақ-жауап,қызығушылығын ояту,өлең құрастыру.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,сызба,Қазақ батырларының ,Үш бидің,Абылай ханның,Бұқар жыраудың,бес қарудың суреттері,сөзжұмбақ.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Көлік маркалары арқылы топқа бөлу

І топ: Мерседес

ІІ топ: Лимузин

ІІІ топ: Джип


ІІ Өткен тарауды пысықтау.

«Туған елім,туған жерім»


Суретті тапсырма.(қай мәтінге қатысты сурет екенін,мәтінді қысқаша мазмұндау,авторын,мәтін тақырыбын айту)

Рисунок 2 Рисунок 1 Рисунок 3 Рисунок 4



Мына үзінділер қай өлеңнен алынған?(өлеңнің атын,авторын және өлеңді толықтырып айтып шығады)

1) Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана-сен ғана.


2) Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


3)Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


4)Бостандық таңы атты,

Қазағым,көріңдер.

«Ата-бабам тарихы-менің тарихым» жаңа тарау.

Көрініс: «Атасы мен немересі» (тарихқа шолу)

А) Атасы мен немересі.

Ә) Тарихшы мен жыршы.

Рисунок 1 Shape1

“Тарихты танып,зерделеу керек,тарихты таразылау керек,сонда тағдырыңды,бүгінгі тұрпатыңды танисың,келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың”

Н .Ә.Назарбаев


Үш бидің басын қосты





1.Суретке зер салып қара.


Суретпен жұмыс:

-Рисунок 8 Суретте кімдер бейнеленген?

-Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардың?

-Суреттегі ақ боз атқа мінген кім дер едің?

-Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?






-Батыр деп біз кімдерді айтамыз?

  • Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батырларымен танысамыз. Батыр деп біз кімдерді атаймыз? Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.

Қазақ батырлары

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шапырашты Наурызбай.

Өңкей батыр жиылып,

Абылай салды жарлықты.

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.







Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының батыры деген атақ берілген.



Жылқы- тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылықпен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.


5.Мәтінді түсініп оқы.

Халық қорғаны (Ел аузынан)


Түсіндірілетін сөздер:

Шұбырынды –қорғансыз,панасыз есеңгіреген халық.

Жасақ- әскер.

Ақылгөй- ақылды,ақыл беруші.

Жарақ- бірлі-жарым,аздаған.

Пырақ- жүйрік ат,тұлпар.


Бекіту кезеңі

Деңгейлік тапсырмалар

А) Б) С)

А) Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?Осы жолдарды тауып оқы.

Б) Бұқар жырау Қабанбай батырды нелерге теңеп суреттейді?Мәтінге сүйеніп,сызбаны толтыр.

С) Өлең құрастыру.


1.---------- елім, 4.---------- жасарған

2.---------- жерім, 5.---------- жайған,

3.---------- жайқалған 6.---------- Қазақстан!


Қорытындылау



Сенің Отаның





Қазақстан

қандай мемлекет?

Қазақстан

елінің президенті

Қазақстан елінің рәміздері

Қазақ халқының

батырлары

Үш би

Қабанбай батырдың

шын есімі

Қабанбай батырдың сипатын жырлаған кім?

Қазақстан-

ның бола-

шақта қан-

дай ел болғанын

қалайсың?













Ұнады:

Қиын болды:

Тілегім:


«Бағдаршам» арқылы бағалау


.Қызыл түс-түсінген жоқпын;

.Сары түс-тағы да қажет сұрақтар бар;

.Жасыл түс-барлығы түсінікті.


Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі