Tәрбие
сағаты: «Халық тағылымы-ұлттық
тәрбиенің бастауы» 7
сынып
Мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылар бойына
ұлттық сана-сезіміді
қалыптастырып, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық
құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра
алатын ұлтжанды тұлғаны
тәрбиелеу; оқушылардың ой-санасын оята
отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке,
бауырмалдыққа тәрбиелеу;
-
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін
жетілдіру.
-
Күтілетін
нәтижелер: Оқушылар бір-бірімен пікір
алмасады, топта жұмыстанады, өз ойларын ортаға салып, ашып айта
білуге дағдыланады.
Тәрбие
сағатының түрі: аралас
сабақ.
Тәрбие
сағатының әдісі: баяндау, көріністер көрсету,
сұрақ-жауап, сергіту сәті.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,
слайдтар, карточкалар
Барысы:
А) Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушылармен амандасу,
түгелдеу,
оқушыларды сабаққа
дайындау
Жоспары:
-
Оқушыларға мағлұмат беру
-
Көрініс
-
Ойқозғау
-
Сергіту сәті (Білектесу
ойыны)
-
Қорытынды
І. Оқушыларға
мағлұмат беру:
Тәуелсіздігімізді
алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі
мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын
орны ерекше. Халқымыздың
тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершіліктіі, қайырымдылық
пен мейірімділік, имандылық пен инабаттылықты дәріптейді. Қазақ
халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті
балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді
құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа
халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының
тұсмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер
азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін дара
қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік
пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз
беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің
ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау,
әмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған
қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының
отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына
назар салғанын көреміз. Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән,
ана сүтімен сүйекке сіңген ізгі әдет-ғұрыптардан тыс қалып бара
жатқандаймыз. Өз ұлтының өткені мен болашағына бей-жай қарайтын
тәрбиеден тысқары қалған жастар аз емес. Ата-ананы сыйлау, үлкенге
құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей
жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін
игеру – жастарды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының
тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін
жалғастыруға баулиды.
Ата-бабаларымыз баланы
бесігінен жақсы әдетке баулыған.«Үлкенді сыйла, сәлем бер, жолын
кеспе», «Өтірік айтпа» деген сөздердің мәні ешқашан жойылмақ емес.
«Жігітке жеті өнер де аз», «Қызға қырық үйден тыйым», - деп ұлдың
да, қыздың да өнерлі, өнегелі жан болуына жол
сілтеген.
Ата-бабаларымыздың,
даналарымыздың, ақын жарауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз әдебиеті
үлгілерінде сақталған және халықтың ежелден келе жатқан
салт-санасындағы, әдет-ғұрпындағы дәстүрлік тарих тағылымдарын
өмірге үйлесімді пайдалану – ұл мен қызға берілетін тәлімді
жетілдірудің тиімді жолы болуымен қатар, олардың бойына
инабаттылықты, мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық
қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез сіңіп,
болашақ отбасының тұрақтанып, бала тәрбиесінің жақсартып, адамдар
арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті
өркендетуге ықпал етеді. Мұның нәтижесі түрлі кінәраттарға тосқауыл
жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тиылуға және әдептіліктің
бойға даруына ынталандыратын тиімді
тәсіл.
ІІ.
Көрініс. Оқушылар «Халық
тағылымы-ұлттық тәрбиенің бастауы» тақырыбына байланысты көріністер
көрсетеді.
ІІІ.
Ойқозғау.
І-ТОП
-
Жеті қазынаға нелер жатады?
-
Қазақ отбасында әкенің рөлі
қандай?
-
Ұлттық ойын түрлерін
атаңдар?
-
“Біреудің ала жібін аттамау” деген сөзді
қалай
түсінесіңдер?
ІІ-ТОП
-
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген том пішер»
мағынасын түсіндіріңіз
-
Үйге келген қонаққа қандай құрмет
көрсетесіңдер?
-
Жеті атаға кімдер жатады?
-
Қазіргі тойларда ұлттық қандай
дәстүрлер
көрсетіледі?
ІІІ-ТОП
1. Қазақ халқында билер мен
шешендердің алатын орны қандай болған.
2. Ер жігіттің бес қаруын
ата.
3. Ердің ерлгі еңбегінде
дегенді қалай түсінесіз
4. Қазақ батырларын
ата
І
V
-ТОП
-
«Қызға қырық үйден тыйым»
дегеніміз не?
-
Бес
дұшпан мен бес асылды атаңыз
-
Қазақ халқының ертегілерін
атаңыздар.
-
Халықтық тәрбие дегенді қалай
түсінесіңдер?
V.
Сергіту
сәті.
Сайысымыздың келесі бөлімі
«Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір
столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының
шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап
ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып
алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі
берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы
палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып
жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне
көмектеседі.
Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін екі топты ортаға шақырайық. Әр
топтан бір ойыншыдан шығып күш сынасады
Үй
тапсырмасы: «Халық тағылымы-ұлттық
тәрбиенің бастауы» тақырыбы бойынша эссе
жазу.
VІ. Қорытынды
Мұғалім. Сонымен балалар,
бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?
Бүгін біз Қазақ халқынын
тәлім-тәрбиесі ұлттық тәрбиенің өзегі екені туралы мағлұмат алдық.
Сіздер әрдайм ата-салтын құрметтеп, халқымыздың даналығын бойымызға
сіңіріп, әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты
жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны
талап етеді.
Аң
жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс
ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын
десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп
Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды
да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек
айтамын.