жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілікАялаған анашым!
«Аялаған анашым»!
Балалар жұппен кіреді де, Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен
әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы
көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен
құттықтаймын!
«Жаным»дейсің мені.
Жаратушым-бір сен
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!-деп «Ақтиін»
тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар, әжелер,апалар
мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді
бастаймыз.
Ән: «Анам -әжем!»
Ақтиін
Балалар
отырады.
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың
құрметіне би билеп берейік.
Би: «Дастарқан»
Тәрбиеші: Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі. Сондықтан әжелерімізге де жүрек жарды тілектерімізді айтайық.
Тақпақтар:
Ән: «Менің әжем» Ақтиін
Тәрбиеші: Балалар, ұлдар, бүгін тек қана
аналарымыз бен әжелеріміздің ғана мерекесі емес, біздің
қыздарымыздың да мерекесі. Кәне, қыздарды да құттықтап
жіберейік.
Саламат:Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар.
Ж.Али: Біз қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан тартпаймыз.
Меркемен құттықтап,
Қыздарменен ойнаймыз.
Ән «Көктемде»
Биі «Сарбаздар» Ақтиін
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.
Ойын: «Кім бірінші қызға
гүл сыйлайды»
Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға
салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне
шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар
жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім
бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске
жетеді.
Тәрбиеші: Көктем келмей бүгінде,
Көңілді өтпес мереке.
Көктемді мұнда шақырып,
Табамыз қайдан лезде?
Музыка ойналып, ортаға
Бауырсақ жүгіріп шығады.
Тәрбиеші: Ой, бауырсақ, сен мұнда қайдан
жүрсің? Мұнда неге келдің?
Бауырсақ: Мен, бауырсақпын, атамнанда
қаштым, әжемнен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Құр келген
жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті(іздейді)? А-а, міне,
таптым(тәрбиешіге береді)
Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып
кетеді.
Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен
келді екен? Кәне, оқып көрейік.
Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс
мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл
көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал,
менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде
көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан
оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн
сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар
келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар,
балалар!Сәлеммен: Қыс
ханшайымы.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл
көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік.
Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан
кіреді.
Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын,
Сиқырлаймын алдаймын.
Сыпырғышпен ұшамын.
Мұнда бала көп екен?
Бұл не өзі болды екен?
Балалар: Бұл
балабақша.
Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың! Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен сендерді кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)
Тәрбиеші: Әй, Мыстан! Босқа шаршамай-ақ
қой. Күшіңді құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен
қорықпаймыз.
Мыстан: Ах, сендер менен қорықпайды
екенсіңдер! Қазір мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сыпырғышыммен
ұрайын(сыпырғышпен жерді соғады). Мен сендерге көктем аруын
жібермеймін. Айналаны қара түнек көңілсіздік басатын болады. Мен
қара түнекпен доспын. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді.
Көктем аруы да оянбайды. Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай
алмайсыңдар!
Тәрбиеші: Біз көңілді халықпыз. Көңіл
көтеріп, би билеп, ән салып, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар,
көңілді би билеп, мына мыстанды билетсек
қайтеді?
Балалар: Иә.
Би: «Сыған биі» Ақтиін
Мыстан да балалармен
қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп жүріп әрең
тоқтайды.
Мыстан: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер!
Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Мен сендердің
шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын арқылы мен сендерді
жеңемін! Дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә.
Ойын: «Қане,
сыпыр!»
Балалар мен ата-аналары екі топқа бөлініп тұрады.Әр топқа қарама
қарсы орындық тұрады.(5-7 қадам) Бірінші топтағы бірінші баланың
қолына сыпырғыш пен шар беріледі. Ойын ойнаушы шарды орындыққа
жеткізіп, орындықты айналып тобына келіп қайта келу керек . Келген
ойыншы сыпырғышын келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады.
Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске
жетеді.
Мыстан: Жарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі
көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де
биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің
орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал,
сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау
болыңдар!Мыстан қоштасып, шығып
кетеді.
Тәрбиеші: Манадан бері, ән де айттық би
де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды
екен, балалар?
Осы кезде музыка ойналып
ортаға көктем аруы шығады.
Көктем:Сәлем, сәлем, балақайлар,
Әзиз әже, назды аналар.
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы
аналар!
Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош
келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың мерекеге арнаған өлең,
тілектерін қабыл алыңыз.
Тақпақтар:
Ән «Айналайын ақ мамам»
Жүргізуші: Балалар біз ару Көктемге мерке туралы тілектер айтып бердік, енді балалар Көктемге арнап аналарымызбен би билеп берейік.
Би: «Аналармен билейміз»
Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі
мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын. Мен
сендерге әдемі гүлдер алып келдім. Ол гүлдерді көру үшін, алдымен
көздерімізді жұмуымыз керек.
(Балалар көздерін жұмады. Қалытқыға бекітілген гүлдерден жасалған
алаңқайды алып ортаға қояды. Ол гүлдердің артында кәмпит
жасырылған.)
Көктем: Бір, екі, үш.
Көздеріңді ашыңдар.
Тәрбиеші: Міне, керемет, қандай әдемі
гүлдер!
Көктем: Бұл гүлдер, жәй гүлдер емес,
тосын сыйы бар керемет гүлдер. Кәне, көрейік гүлдердің түбінде не
бар екен?
Гүлдердің артында жасырылған кәмпиттерді алып, балаларға таратып
береді.
Көктем: Балалар менің кететін уақытым
болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге
боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар.
Көріскенше сау болыңдар балалар.
Музыка ойналып, Көктем залдан шығып
кетеді.
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Аялаған
анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау
болыңдар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген