400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Халықаралық Астана әуежайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына қажет, "Халықаралық Астана әуежайы" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 4-тарау. Астана-мәдениет пен өнер ордасы.

Мұғалімнің аты-жөні: Умбетова Лаззат Рахимберлиновна

Мектеп: Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі

Күні: 05.10.2018ж.

Сынып: 6-сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Халықаралық Астана әуежайы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.3.1. ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу-келіспеу»эссесі)

Сабақ мақсаты

«Халықаралық Астана әуежайы»тақырыбына берілген мәтіндеріндегі ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсететін эссе жазу («келісу-келіспеу»эссесі)

Бағалау критерийі

ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады.

Тілдік мақсаттар

Неологизм, термин, халықаралық, әуежай

Құндылықтарға баулу

- ынтымақтастық;

- Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

- ашықтық;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Тарих, халық ауыз әдебиеті

Алдыңғы білім

«Сәлемдеме хат» әдісі арқылы лексика тарауынан сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы –

15 минут

Психологиялық ахуал орнату. «Пазлдар» жаттығуы

Топқа бөлу. Пазлдар нәтижесінде шыққан суреттер арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Автор орындығы» әдісі арқылы «Мен Астанаға алғаш барғанда...» тақырыбында ауызекі сөйлеу этикетінің жанрлық ерекшеліктерін сақтай отырып, термин, неологизм сөздері қатысқан диалогтық мәтінін оқиды.

ҚБ. Топтар «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.


Астана қаласына қатысты суретті открыткалар



Сабақтың ортасы –

20-минут

1-тапсырма

«Балық қаңқасы» әдісі арқылы сөйлеудің (ауызша, жазбаша) ерекшеліктерін анықтайды.

Балықтың жоғарғы сүйекшелеріне: ауызекі сөйлеу мәтінінің құрылымдық ерекшелігін жазады.

Балықтың төменгі сүйекшелеріне: көркем сөйлеу мәтінінің құрылымдық ерекшеліктерін жазады.


Мәтін:

...Астана келбеті - ұлт мектебі, мемлекет дидары, халық мерейі. Ол – еліміздің Бас ордасы Тәуелсіздігіміздің кепілі - Қазақстанымыздың астанасы.

Астана бүгінде сәулет өнерінің жауһар туындыларына, үздік үлгідегі ескерткіштерге, алуан гүлдермен өрнектелген бау-бақшаға оранған, шығыс пен батыстың ең озық рухани құндылықтарын талғаммен бойына жинаған жоғары мәдениетті қалаға айналған. Сонымен қатар, бүгінде шет елдермен халықаралық тығыз қарым-қатынас жасайтын Астана қаласынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан Н.Назарбаев әуежайы ел болашағының жарқын болуы жолында үздіксіз жұмыс атқаруды көздейтіндігін байқауға болады. 1931 жылдан бастау алатын көне тарихы бар әуежай 1956 жылдан бастап тәулік бойы жұмыс істеп келе жатқаны анық. Астана қаласының бас жоспары бойынша 2030 жылға дейін жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін тағы бір халықаралық әуежай салынуының жоспарлануы- Астанамыздың қарыштап дамып келе жатқандығының айғағы.

Сондықтан ақордалы Астана - елдігіміздің айбыны мен айбары, мемлекетіміздің рәмізі мен рухы, болашағымыздың бағыт - бағдары. Ол - тарихымыздың жалғасы...

(Шығармалар жинағынан)


ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды


2-тапсырма.

Әуежайға Елбасының есімін беруді қолдайсыз ба? тақырыбына келісу-келіспеу эссесі беріледі. «Бұрыш» әдісі арқылы эсселерін оқиды.



Сабақтың соңы –

5-минут

Оқушылар рефлексиясы: «Бес бармақ» әдісі.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Үйге тапсырма:

стикер


Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

А, В, С деңгейіндегі оқушылардың жұмыстарын сабақ барысында қадағалай отырып, бақылау жүргіземін. Топтық жұмыста, әсіресе, «Балық қаңқасы» әдісі бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың бірін-бірі оқытуына жағдай жасаймын. «Бұрыш» әдісі арқылы өз ойын дәлелді жеткізуіне бағыт-бағдар беремін.

Барлық оқушылар: берілген мәтіндермен жұмыс жасай алады, пікір білдіреді, талқылауға қатысады.

Көптеген оқушылар: Мәтін бойынша өзіндік пікір білдіреді, жеке аргументтер келтіреді, келісу-келіспеу себептерін көрсетеді.

Кейбір оқушылар: Мәтіндегі негізгі ойды шынайы өмірмен салыстырып бағалауда дәйектемелер келтіріп, қорытынды жасайды.

Сабағымды жоспарлауда мұғалім тарапынан өзара бағалауды алып отырмын. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі оқушылардың өз жұмыстарын саралау арқылы өзгенің жұмысына баға беру мақсатында пайдаланылады.


Оқушылар сабақ барысында өздерін жайлы сезінуі үшін «Балық қаңқасы», «Бұрыш» әдістері пайдаланылады. Әр оқушының пікірі құнды болғандықтан, олардың еңбегі де қорғалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
4363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі