400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Халықаралық байланыстың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарлау үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

6.2А




Халықаралық байланыстың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.2.Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынасының дамуындағы орнын анықтау.

Сабақ мақсаттары


1. Барлық оқушылар: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынасының дамуындағы орнын анықтай алады.

2. Оқушылардың басым бөлігі: Ұлы Жібек жолының Қазақстан және Басқа елдер үшін маңызды болғанын біледі. Ұлы Жібек жолының жүріп өткен жолдарын картадан көрсете алады.

3. Кейбір оқушылар: Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін, құндылығын өз бетінше талдай алады.

Бағалау критерийі

1. Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынасының дамуындағы орнын анықтайды.

2. Ұлы Жібек жолының Қазақстан және Басқа елдер үшін маңызды болғанын білді. Ұлы Жібек жолының жүріп өткен жолдарын, Қазақстан жерінде орналасқан негізгі қалаларды картадан көрсетеді.

3. Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін, құндылығын өз бетінше талдайды.

Тілдік мақсаттар


1.Айтылым, тыңдалым,жазылым: Бейнеролик көріп, түртіп алу әдісі постер қорғау арқылы жүзеге асады.

2.Оқылым,жазылым. Деректер мен мәтінмен жұмыс жасайды.

Терминмен жұмыс: Ұлы Жібек жолы. Нефрит жолы, Лазурит жолы,

Диалог Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасындағы байланысқа ықпалы болды ма?

2.Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынасының дамуындағы орны қандай?

3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан және өзге елдер үшін маңызы қандай?

Құндылықтарға баулу


Мәңгілік ел идеясының тарих мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Ұлы дала тарихына құрметпен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Маңыздылық: Қоғамның дамуы үшін Ұлы Жібек жолының. маңыздылығын анықтайды.

Пән аралық байланыс

Георафия, әдебиет.

Алдыңғы білім


5.4.2.3.Ұлы Жібек жолының пайда болуы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы


3 мин








5мин

Сәлемдесемін. Барлық оқушыны ортаға шақырып, шеңберге тұрғызып оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту арқылы жақсы көңіл күймен сабақты бастаймыз.

Сабақты бастамас бұрын топқа Батыс, Шығыс, Жібек жолы, Қытай, сөздері жазылған қағаздармен 3 топқа бөлемін. Топ басшысы,бақылаушысы, баяндауышы, хатшы, уақытты қараушы. Бүгін сабағымызды смайлик арқылы бағалаймыз.

1 топ – Батыс, Шығыс

2 топ- Жібек жолы

3 топ – Қытай

Үй тапсырмасын сұрау:

Жеке жұмыс «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

1. Қыпшақтардың этникалық құрамына қандай тайпалар кіреді?

2. Қоғамдық құрылысы қандай болды?

3.Қыпшақтардың териториясы.

4.Қыпшақ хандығы қашан құрылды?

5.Шаруашылығы қандай болды

6. Деректер

Дескриптор:

- Қыпшақтардың шаруашылығын, қоғамдық құрылысын, этникалық құрамын біледі.

- Өмір сүрген уақытын, тереториясын, анықтайды.

-Деректермен жұмыс істей алады.

  ҚБ: Жауап берген оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.






















Сабақтың ортасы


7 мин














15 минут










6 минут



Т Ж Бейне таспа әдісі арқылы көрсетемін. «Түртіп алу» әдісі керек мәліметті дәптерге жазады.

ТЖ «Сұрақ- жауап» стратегиясы арқылы тыңдалым,айтылым, жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында Оқушыларға сұрақ беріледі:

Сол сұрақ төңірегінде бейне таспадан ақпаратқа сүйенеді.Әр топ сұрақтар бойынша түйінді мәліметтер айтады.

1.Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасындағы байланысқа ықпалы болды ма?

2.Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынасының дамуындағы орны қандай?

3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан және өзге елдер үшін маңызы қандай?

Ия балалар бүгінгі біздің жаңа тақырып: Халықаралық байланыстың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі.

Жаңа сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынасының дамуындағы орнын анықтау.

Дескриптор:

- Бейне таспадан көрген мәліметтерге қысқа ақпарат бере алады.

-Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынасын айтады, мемлекеттер арасындағы байланысты анықтайды,

-Қазақстан мен Батыс үшін маңыздылығын біледі.

Ұлы Жібек жолы туралы алдын ала дайындалған мәтінді тарату.

ТЖ Постермен жұмыс:

1 топ Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынасы.

2 топ Ұлы Жібек жолының тармақтары

3 топ Ұлы Жібек жолының жандануы

Дескриптор:

- Ұлы жібек жолының халықаралық қатынасын, тармақтары жайлы деректер келтіріп талдайды.

-Ұлы жібек жолының қазіргі таңда жандануына дәлел келтіріп қорғайды.

- Мәтіннен басқа оқушылар деректерге, интернетке,оқулыққа сүйене отырып оқушылар берілген тапсырманы дәлелдеп, қорғап шығады Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сергіту сәті: Өлең жолдарына сай қимыл қозғалыс.

Орнымыздан тұрайы

Басты оңға бұрайық

Басты солға бұрайық

Отырайық,тұрайық

ЖЖ Картамен жұмыс:

Тапсырма: кескін картадан Ұлы Жібек жолының тармақтарын, Қазақстан жерінде орналасқан негізгі қалаларды кескін картаға түсір.

Дескриптор: Кескін картадан Ұлы жібек жолының жолдарын, тармақтарын жолдарында ,Қазақстан жеріндгеорналасқан негізгі қалаларды тауып белгілейді.

ҚБ Жауап берген оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.

7 сынып электрондық оқулық.

Ноутбук, интербелсенді тақта.














Флипчарт, маркерлер, интербелсенді тақта, ватман қағаз.















Сабақтың соңы


6 минут



















2 минут

Сабақты қорытындылау:

ЖЖ (Иә) немесе (Жоқ) деп жауап береді.

1 Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан (Жоқ)

2 Ұлы сөзінің қосылуы Шығыс елдері мен Батыс елдерін байланыстырушы жол. (Иә)

3 Жібек матасы Қытайда 1350ж. өндіріле бастады. (Жоқ)

4 Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б. з. б. V-II ғасыр аралығы (Иә)

5 VІІ ғ. Жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды. (Жоқ)

6 Жетісу жері-Батысқа шығатын қақпа (жоқ)

7 Жетісу жері арқылы француз елшісі саяхатшы Рубрук монғолия, Мөңке ханға барып қайтты. (Иә)

8 Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы. (Иә)

9 Тараз қаласы саудагерлер бас қосатын қала (жоқ)

10 Батыс елдеріне алғаш керуендер б. з. б. ІІ ғ. Ортасында жолға шықты (иә)

ҚБ: Жауап берген оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.

Үйге тапсырма беру: Ұлы Жібек жолының халықтарды өзара жақындастырудағы маңызы жайлы әңгіме құрастыру.

Кері байланыс : Қалай ойлайсыздар бүгінгі мақсатқа жеттіңіздерме?

«Алма ағашы» әдісі

• Оқушыларға сабақ соңында екі түсті “алма” беріледі,оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.






Ия, Жоқ стратегиясы




















Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



“Бейне таспа” әдісі бойыша: Ұлы Жібек жолының тармақтары,тарихи маңызы туралы түсінік беру; орта деңгейлі қолдау: мәтін бойынша нақты фактілерге назар аударту; төмен деңгейлі қолдау: сыни тұрғыда ойлануына жағдай жасау. “Сұрақ жауап” стратегиясы бойынша барынша қолдау: сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашу ; орта деңгейлі қолдау;Бағыт бағдар беру арқылы

« Картамен жұмыс»

орта деңгейлі қолдау: Картамен жұмыста,бағыт бағдар беру ;төмен деңгейлі қолдау: сыни тұрғыда ойлануына жағдай жасау. Шығармашылық жұмыс барысында барынша қолдау: деректерді дұрыс қолдануына жағдай жасау ; орта деңгейлі қолдау: терминдерді дұрыс қолдануына жағдай жасау; төмен деңгейлі қолдау: сыни тұрғыда ойлануына жағдай жасау.


Топтық жұмысты бағалау “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі арқылы жүргізіледі. Сабақ ортасындағы оқушыларға берліген жеке жұмыстар смайликтермен бағаланады. Әрбір тапсырманы бағалау үшін дескр


Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік техника ережелері таныстырылады. Дене мүшелерін сергіту үшін өлең жолдары арқылы қимыл, қозғалыс арқылы сергіту сәті өткізіледі



































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі