400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада білім ұйымдарында сапа менеджмент жүйесі жобасының енгізудің негізгі кезеңдерін анықтау туралы баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Белденбаева Меруерт Токтакыновна,

«Өрлеу БАҰО» АКФ ҚР Білім беру жүйесінің

басшы және ғылыми-педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыратын

Республикалық институттың «Менеджмент және

ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы





Білім ұйымдарында сапа менеджмент жүйесі жобасының енгізілуінде төмендегідей негізгі кезеңдерді анықтауға болады:

  1. Сапа менеджменті жүйесін қолданғанға дейінгі жұмыстарға талдау. Біз осы сәтке дейін білім ұйымдарында басқару жүйесі қолданыста болған жоқ деп айта алмаймыз. Өйткені, әр білім ұйымының дәстүрі, міндетті ұстанымдары, жетістіктері болды.

  2. Қызметкерлерді оқыту. Білім ұйымында барлық процестердің иелерінің біліктілігін арттыру курстарында оқытудан өткізу. Сондай-ақ, СМЖ ішкі аудит өткізу үдерісінің аудиторлары болатын адамдар оқытылады.

  3. СМЖ әзірлеу, жоспарлау және іске асыру.Сапа жүйесін енгізу бойынша қызмет көрсету ұйымымен бірлесе отырып, жүргізіледі.

  4. Білім ұйымының жұмысын сипаттайтын құжаттаманың жиынтығын әзірлеу. Бұл қадам жұмыстың уақытты ең көп талап ететін кезеңі болды. Барлық процесс иелерімен қызмет көрсету жұмыс, құжаттар, алгоритм бойынша бүкіл процесс терең талданады.

Мысал үшін, бұл жерде көп жылдық тәжірибесі бар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өзінде жұмыс ерекшелігі бойынша процесті дамыту, ол процесті қалай өлшеу сияқты бірқатар мәселелердің пайда болуы заңдылық. Тәрбие жұмысы қызметінің ұдерістері қалай өлшенеді? Мақсаттарының тиімділігі қандай бірлікпен өлшенеді? Жоспарланған және өткізілген шаралардың нәтижелілігінің сәйкестігі қалай бағалануы тиіс? т.с.с.

  1. Әзірленген СМЖ құжаттарын енгізу. Процесс әзірленіп болған кезде, оның тәртібі мен әрбір жүзеге асыру міндеттемесінің үлесімен барлық қатысушыларды таныстыру.

Бұл қадам қанша уақыт талап етсе, сонша қуат жұмсауды қажетсінеді. Ол көптеген оқытушылар құрамының баяу ойлау, жайбасарлықтарын еңсеріп, осы процестің тиімділігін дәлелдеп сендіру мен болашағына көздерін жеткізуді қажет етеді. Кейде психологтар көмегіне жүгінуге де тура келеді.

  1. Ішкі аудитті жүргізу. Ол негізгі кезеңдердің барысын түзету және үйлесімсіздіктерді болдырмау, процесті жүзеге асыру және дамыту үшін көмектеседі.

  2. АShape1

    1 - сурет

    лдын ала және сертификациялық аудит. Сертификаттау аудиті жоспарға сәйкес қатаң белгіленген уақытта өтеді. Бұл кезеңде инабатты, байсалды, жоғары білікті аудиторлар жұмыс істейді. Бұл кезеңдер білім беру ұйымдары мен сертификаттаушының әрекеттері барысында 5-7 кезеңдерді құрауы мүмкін (1-6 суреттер, сәйкестікті растаудың негізгі кезеңдері). Shape2

    2 - сурет

    Shape3

    3 - сурет

    Shape4

    4 - сурет

    Shape5

    5 - сурет

Shape6

6 - сурет


Сапа менеджмент жүйесінің ISO 9001:2008, ISO 9001:2015 ҚР (жаңа ред.) серия стандарттарына қойылатын талаптар:

- процестік тәсіл;

- құжаттама жүргізу (құжат әртүрлі типтегі тасымалдаушыларда болуы мүмкін).

- жоғары басқарушылардың жауапкершілігі (көшбасшылығы). Жоғары басшылық сапа саласында мақсатты және саясатты, миссияны жасау қажет. Барлық құрылымдық бөлімшелерге мәліметтерді жеткізу. Жоғары басшылық қойған мақсаттарға жету үшін, кәсіпорынды қажет құралдармен қамтамасыз ету керек.

- қызметкерлердің біліктілігі, дайындығы және хабардар болуы. Бұл параметр біліктілікті көтеруді мәліметтеуші құжаттама және білім деңгейі негізінде орналасады.

- инфрақұрылымдық қамтамасыз ету. Білім беру ұйымының инфрақұрылымын анықтау, қамтамасыз ету және жұмыс жағдайын ұстау.

Инфрақұрылым : ғимараттар, жұмыстық кеңестік (жұмыс орны), процестер үшін жабдықтар (техникалық және программалық құралдар), қамтамасыз ету қызметі (негізгі әрекетті ұстауға бағытталған қызметтер, мысалы: білім беру ұйымына тиіс ақпараттық технология және байланыс, жабдықтар) қамтиды. Білім сапасына қойылатын талаптарға сай жетістерге жету үшін, білім беру ұйымы процестерді анықтауы және басқаруы тиіс.

- білім сапасына қатысты талаптарды анықтау.

- білім беру ұйымына тұтынушылардың (білім алушылар) талаптарын анықтау;

- білім беру ұйымының қызметкерлеріне қойылатын талаптар;

- білім сапасына қойылған нормативтік және реттеушілік талаптар;

- білім беру ұйымы үшін қажетті кез келген қосымша талаптар.

Білім алушылардың қанағаттанушылығы бойынша кері байланыстар алу үшін, білім беру ұйымы нәтижелі шараларды анықтау және орындауы тиіс.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі