жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Халықаралық зерттеу есептері
Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.
Хаттама №1 07.02.2018 ж
Құрастырушылар: Ж.А.Кошкарова №42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты математика пәні мұғалімі
Г.Т.Мұқтарова №42 «Ақ ниет» гимназиясының І санатты математика пәні мұғалімі
Рецензенттер: Ш.Д.Махмудова
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ политехникалық факультеті, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы, физика және математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Г.С.Адылгазина
№42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты математика пәні мұғалімі
TIMSS халықаралық зерттеуі математика бойынша оқушылардың қабілетін анықтайтын тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді.
Оқушылар математикадан дайындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындауда берілген бірқатар тақырыптарды жеткілікті меңгергенін өз білімін натурал сандарды бөлуге қатысты есептерді шешуде қолдана білу құзыреттілігін толығымен көрсете алуы тиіс.
Математика бойынша мазмұнды тараулары:
Сандар
Геометриялық пішіндер мен өлшемдер
Мәліметтерді ұсыну
Есептер жинағы оқушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындау мақсатында әзірленген. Жинақта тапсырмаларды орындауға нұсқау мен математикалық сауаттылығы бойынша тапсырмалардың шығару жолдарының үлгілері келтірілген.
Түсінік хат
«Халықаралық зерттеу есептері» оқушыларды өмірге байланысты есептер шығаруды үйретіп, логикалық есептерге теңдеу құрып, оны шешу, талдау жасауда оқушылардың сыни көзқарасы мен таным белсенділігін арттырады. Сыни ойлаудың белсенді әдістері арқылы логикалық ойлауы мен қарым-қатынас құзіреттілігін дамытады. Халықаралық зерттеу есептері, логикалық тапсырмалар арқылы есеп мәтінін толық түсінуге, берілген шарттарға сай талдау жасай білуге үйретеді. Өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері артады.
Жиілігі: Курс бағдарламасы 8 сынып оқушылары үшін аптасына 1 сағатқа есептеліп, барлығы 34 сағатқа жоспарланған.
Өзектілігі: Курс бағдарламасы оқушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындау мақсатында әзірленген. Жинақта тапсырмаларды орындауға нұсқау мен математикалық сауаттылығы бойынша тапсырмалардың шығару жолдарының үлгілері келтірілген.
Мақсаты мен міндеттері: Халықаралық PISA мен TIMSS зерттеулері тапсырмалары арқылы алған білім, білік және дағдыларын өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларды шешуде қолдана алуларын, сонымен қатар түрлі мәтіндерді оқып және түсінулерін салыстырмалы бағалауға үйрету.
Функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгерту болып табылады.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, геометрия, тарих, әдебиет.
Тапсырмалар типі: Жауапты таңдаумен, еркін-құрылған қысқа жауаппен, еркін-құрылған ашық жауаппен;
Математикалық білімді қолданатын жағдайлар: Жеке өмір, оқыту, кәсіби қызмет, ғылыми қызмет, қоғамдық өмір.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыра білу деңгейінің жоғарылауы;
Проблеманы ойлау, пайымдау, дәлелдеу, еркін ашық пікір білдіру мүмкіндігіне ие болуы.
Мазмұны: |
Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция |
Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; өрнектер/теңдеулер және функциялар |
Геометрия: геометриялық өлшеулер; геометриялық фигуралар; фигуралардың орналасуы мен қозғалысы |
Мәліметтер және ықтималдық: Мәліметтермен жұмыс; мәліметтерді беру |
Сандар бөлімі натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция ұғымдарын түсінумен қатар оларды түрлі есептерді шығаруда қолдану біліктігін қамтиды.
Алгебра бөлімінің сұрақтары математикалық ситуациялық есептерді шығару кезінде заңдылықтарды анықтау мен алгебралық символдарды қолдануға бағытталған.
Геометрия бөлімінің тапсырмаларын орындау барысында оқушылар жазықтықтағы және кеңістіктегі фигуралардың, қабырғалардың ұзындықтарының, бұрыш өлшемдерінің қасиеттеріне талдау жүргізе білуі керек.
Мәліметтер және ықтималдық бөлімі график және кесте түрінде берілген мәліметтері бар тапсырмалардан тұрады.
Тапсырманы орындағанда төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу ұсынылады:
1. Тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.
2. Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.
3. Есептің шығарылуын жеңілдететін ықшамдалған сөйлемдерді құрастыру қажет.
4. Қажеттілігіне қарай схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз.
5. Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы.
6. Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.
Такырыбы : Халықаралық зерттеу есептері
8 сынып
№ |
Тақырыбы |
34 сағат |
Күні |
|
Сандар |
10 |
|
1 |
Натурал сандар; |
1 |
|
2 |
Жай және ондық бөлшектер; |
1 |
|
3 |
Бүтін сандар; |
1 |
|
4 |
Нақты сандар |
1 |
|
5-7 |
Қатынас, пропорция |
3 |
|
8-10 |
Пайыз |
3 |
|
|
Алгебра (өзгеріс және қарым-қатынас) |
10 |
|
11 |
Тәуелділік |
1 |
|
12-13 |
Алгебралық өрнектер |
2 |
|
14 |
Өрнектер |
1 |
|
15-17 |
Теңдеулер |
3 |
|
18-20 |
Функциялар |
3 |
|
|
Геометрия (кеңістік және форма) |
6 |
|
21-22 |
Геометриялық өлшеулер |
2 |
|
23-24 |
Геометриялық фигуралар |
2 |
|
25-26 |
Фигуралардың орналасуы мен қозғалысы |
2 |
|
|
Мәліметтер және ықтималдық бөлімі |
8 |
|
27-28 |
Мәліметтермен жұмыс |
2 |
|
29-30 |
Кестемен жұмыс |
2 |
|
31-32 |
Графикпен жұмыс |
2 |
|
33-34 |
Тестпен жұмыс |
2 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы. PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал. – Астана. 2013, - 121 б.
TIMSS ЖӘНЕ PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
TIMSS халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал – Астана, 2012, ҰББСБО. - 77 б.
Тердікбай Күшай. Олимпиадалық математика және ой дамыту
V-VIII.Оқу әдістемелік құрал.- Астана, 2012ж.
Т.И.Қуанышқалиев. Негізгі мектепте олимпиада есептерін шығару арқылы оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту. Орал, 2008 ж.
Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау қабылдау емтиханына дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.
Основные результаты международного исследования качества математического и естественнонаучного образования TIMSS-2003.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген