Халықаралық зерттеулер тапсырмаларының мысалдарын пайдалана отырып функционалдық сауаттылық пен креативті ойлауды қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықаралық зерттеулер тапсырмаларының мысалдарын пайдалана отырып функционалдық сауаттылық пен креативті ойлауды қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізгі болып табылады. Математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан оқушылардың даярлығы, математикалық ұғымдарды қолдана білу деңгейлері стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері, ол білімдерді қолдану деңгейлері әр түрлі болады. Осы орайда математикалық сауаттылық моделін қарастырған жөн. Математикалық сауаттылық моделі шынайы әлем проблемаларын математикалық әлеммен ұштастыруға, тәжірибедегі мәселелерді пайымдай отырып, оның математикалық моделін құруға алғы шарт болып табылады .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің

«№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ







Халықаралық зерттеулер тапсырмаларының мысалдарын пайдалана отырып функционалдық сауаттылық пен креативті ойлауды қалыптастыру



Заманбекова Айнаш Амантайқызы

Математика пәні мұғалімі















2024-2025

         Оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізгі болып табылады.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 

        Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз­­ ­- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

      -белсенділік;

      -шығармашылық тұрғыда ойлау;

      -шешім қабылдай алу;

      -өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

      -өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан оқушылардың даярлығы, математикалық ұғымдарды қолдана білу деңгейлері стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері, ол білімдерді қолдану деңгейлері әр түрлі болады. Осы орайда математикалық сауаттылық моделін қарастырған жөн. Математикалық сауаттылық моделі шынайы әлем проблемаларын математикалық әлеммен ұштастыруға, тәжірибедегі мәселелерді пайымдай отырып, оның математикалық моделін құруға алғы шарт болып табылады .

PISA-ға дайындық жұмысының тиімді әдісі ретінде мен әр сабақта оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып оқушыларды дайындаймын.

Сабақтарды дайындау және өткізу кезінде (әсіресе әлсіз оқушылар үшін) нәтижеге әсер ететін көптеген ұсақ факторлар ескеріледі: оқушының білім көлемі, оның физиологиялық ерекшеліктері, есте сақтау ерекшеліктері, зейіні, сонымен қатар ақпаратты өңдеудің белгілі бір жылдамдығына қабілеттілік ретінде. Сабақтың әрқайсысы теориялық бөлімге негізделген, әр балаға арнайы бейімделген, оның біліміндегі олқылықтардың масштабын, қазіргі мектеп бағдарламасының мазмұнын, сабақтың астрономиялық уақытын, олардың жиілігін ескереді.

Әр сабаққа арналған жаттығулар жүйесі қолда бар дағдыларға, бұрын жіберілген қателіктерге, мектептегі сабақтан босатылуына, оқушының жұмысқа орналасу деңгейіне, мектептегі үй тапсырмасының көлеміне және т.б байланысты жеке таңдалуы керек. Есте сақтауды жеңілдету, уақытты қысқарту әдістері қолданылады, зейінді ауыстыру үшін.

Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық сызбаларымен қосындыларын жинақтауда. Педагогика тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Педагогикалық ой-пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс проблемасы көптеген прогресшіл педагогтарды толғандырған. Яғни пәндердің өзара байланысы туралы пікір он сегізінші ғасырда пайда болған.

Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін-бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлінеді. Осы аралықта 5 сыныпқа арналған «Логикалық математика», 9-11 сыныптарға арналған «Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курстарның көмегі тиеді. Тәжірибеге сәйкес оқушылардың төмендегідей есептерді шығару барысында функционалдық сауаттыллықтары дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады.

Әр түрлі қызықты есептер адай ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Оның ішінде салу есептерінің де маңызы зор. Осының дәлелі ретінде төмендегідей бірнеше есептерді орындап, ойлау қабілеттерін тексеруге болады.

1-тапсырма. Сіз қайықпен саяхатқа аттандыңыз. Төменде көрсетілген теңдеуді пайдалана отырып, тапсырманың текстің құрыңыз? 

Сонымен, қазіргі уақыт жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті талап етеді. Мұғалімнің негізі міндеті – оқушыларға терең де, тиянақты білім беру.

Білім беру маңызы жаңартылған сайын, әрбір пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері туындауда. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттілігі күн санап арта түсуде.

Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса, «Математиканың қорғаның тек күштілер мен батырлар ғана бұза алады» деген ұранды ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшін аянбай еңбек ету керек.

       Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының  алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.

 



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

  2. Н.Ә.Назарбаевтың сөзі Егемен Қазақстан газеті 2006 жыл № 115 

  3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

  4. Баяндама «Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын арттырудың тиімді жолдары», Утекова Н.С.

  5. Баяндама «Математика сабағында оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары», Есенбаева Э.А.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.01.2025
171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі