Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Халықтар достығы – тілдер достығы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Екібастұз қаласы білім бөлімінің
ҚМҚҚ № 21 «Кішкентай данышпандар» ресурстық орталық»
«Халықтар достығы – тілдер достығы»
«Дружат люди – дружат языки»
атты тілдер апталығының жоспары
№ |
Тақырыбы |
уақыты |
қатысушылары |
жауаптылар |
1 |
«Халықтар достығы – тілдер достығы» атты апталықтың ашылу кеші. |
16.09. |
|
Тіл мамандары, музыка маманы, топ тәрбиешілері |
9.15 |
Ортаңғы топтары: 5гр,7гр |
|||
9.50 |
1гр,10гр,13гр. |
|||
10.20 |
Ересек топтары: 3гр,8гр,9гр. |
|||
10.50 |
6гр. Мектепалды топтары: 11гр,12гр. |
|||
2 |
«Ертегілер әлемі» атты қазақ ертегі кейіпкерлері суретінің көрмесі. «Мир сказок» выставка детских рисунок по сказкам казахского народа. Балабақша қызметкерлеріне арналған викторина. |
17.09 13.30-14.15 |
Ортаңғы топтары Ересек топтары Мектепалды топтары Балабақша қызметкерлері |
ИЗО мамандары, топ тәрбиешілері тіл мамандары |
3 |
«Кел, ойнайық!» атты топ ішінде ұлттық ойындар өткізу. Национальные игры в группах. |
18.09 |
Ортаңғы топтары Ересек топтары Мектепалды топтары |
Дене шынықтыру мамандары, топ тәрбиешілері. |
4 |
«Дәстүрі жараспағанның Дәм-тұзы жараспайды» атты әр елдің салт-дәстүрін көрсету. Показ обычаи и традиции разных народов. |
19.09 10.00 |
Ересек топтары: 6,8 Мектепалды топтары: 11,12 |
Тіл мамандары, топ тәрбиешілері |
5 |
«Халықтар достығы – тілдер достығы» атты апталықтың жабылу кеші. |
20.09 15.00 |
Мектепалды топтары: 6,11,12 |
Тіл мамандары, музыка маманы, топ тәрбиешілері |
Екібастұз қаласы білім бөлімінің
ҚМҚҚ № 21 «Кішкентай данышпандар» ресурстық орталық»
«Халықтар достығы – тілдер достығы»
атты апталықтың ашылу кеші
(Ортаңғы, ересек,
мектепалды топтарына арналған)
Қазақ тілі мұғалімі: А.Б.Мухамеджанова
«Халықтар достығы – тілдер достығы»
атты апталықтың ашылу кеші
Мақсаты: балалардың мемлекеттік тілге және ана тіліне, еліне деген құрмет-сезімін ұлттық педагогика негіздері – мақал-мәтелдер мен салт-дәстүрлерді пайдалана отырып қалыптастыру. Тақпақтар оқу, ауыз әдебиеті үлгілері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту. Мемлекеттік тіл мәртебесіне, халықтық дәстүрге деген құрмет патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шарлар,
Барысы:
-Сәлеметсіздер ме!
-Здравствуйте!
-Hello!
Жүргізуші:
-
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Құрметте қонақтар, балалар! Сіздерді келе жатқан 22-қыркүйек ҚР Халықтарын тілдер күнімен құттықтаймыз. Тіл – қатынас құралы. Адам өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Әр ұлттың өз тілі бар, қазақ елінің ұлттық тілі – қазақ тілі, қазақ халқы өз тілін ана тілі деп атаған. Тілге құрмет – елге құрмет.
-
Сегодня мы отмечаем праздник «День языков народов Казахстана». В Республике Казахстан проживают более 130 национальностей. Все они говорят на родных языках и в то же время дружат между собой. Все люди нашей страны общаются на казахском и русском языках. Казахский язык является государственным языком, а русский – языком межнационального общения.
Родной язык! Он с детства мне знаком.
На нем впервые я сказала «мама»,
На нем клялась я в верности упрямой,
И каждый вздох понятен мне на нем.
Родной язык! Он дорог мне, он мой!
Звучит Гимн РК.
Жүргізуші: - Балалар , жер шарында тілдер өте көп. Соның ішінде әлемдік 6 тіл әр елдің халықаралық қатынас құралы болып табылады. Олар: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз тілдері.
Ведущая: - На земном шаре много языков. Особую роль в развитии человечества сыграли мировые языки. Таких языков шесть: англиский, французский, русский, арабский, китайский, испанский. Мировые языки являются средствами межнационального общения народов, населяющих разные страны.
(Есік қағылады. Дымбілмес есік қағып кіреді)
Дымбілмес: - Здравствуйте!
Ведущая: Здравствуй, ребята кто это? Узнали его?
Все: - Незнайка!
Дымбілмес: - Куда я попал?
Ведущая: - Это - детский сад. У нас сегодня «День Языков народов Казахстана»
Жүргізуші: - Қош келдің, Дымбілмес!
Дымбілмес: - Да, а я кроме русского языка не знаю других языков. Ведущая: - А наши дети знают стихи на казахском и на англиском.
Дымбілмес: -Какие они умные! Можно я их послушаю.
Жүргізуші: - Олай болса, құрметті қонақтар, балалар! Сіздердің назарларыңызға тіл туралы тақпақтар ұсынылады. (5гр,7гр; 1гр,10гр,13гр; 3гр,8гр,9гр; 6гр, 11гр, 12гр. топтары қазақша тақпақтар оқиды)
Әркім тілін сүйеді,
Қадірлейміз мұны біз.
Қазақ тілі киелі –
Мемлекеттік тіліміз.
(Мадина 5гр)
Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
(Камила 5гр)
Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым.
(Нурислам 7гр)
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған. (Әділ 7гр)
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. (Тамерлан 7гр)
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. (Гордей 1гр)
Қазақ тілі – ана тілім,
Тамыры терең баба тілім.
Құтты болсын мереке,
Бал татыған бала тілім.(Белла 1гр)
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышым, елдігің.(Миша 13гр)
Жанымнан қымбат,
Ана тілім маған,
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі-өнеге алам. (Эльвина 13гр)
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған жаным.(Варвара 13гр)
Отан менің – ата-анам
Отан- досым бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым. (Расул 9гр)
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім. (Арлан
9гр)
Қазақстан халқының
Қазақ тілі – тірегі.
Ана тілде айтылар,
Ән ұраны – жүрегі.( Арияна 3гр)
Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
(Дарина 3гр)
Ен даласын
Егін жапқан
Бақыт тапқан
Менің жерім,
Туған елім –
Күн сәулесі Қазақстан!
(Мөлдір 6гр)
Өсірген ой, білімді,
Сүйемін туған тілімді,
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді. (Каусар 11гр)
Туған тілім-бабам тілім-өз тілім
Туған тілім-анам тілі-өз тілім
Туған тілім-далам тілі-өз тілім
Туған тілім-адам тілі- өз тілім. (Мансур 12гр)
Қазақстан халқының
Қазақ тілі – тірегі.
Ана тілде айтылар,
Ән ұраны – жүрегі.
(Сұлтанали 12гр)
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып алыңдар.
(Тая 12гр)
Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт-береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат. (Диана 12гр)
Жанымнан қымбат,
Ана тілім маған,
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі-өнеге алам.
(Валера 12гр)
Дымбілмес: - Оо, какой красивый казахский язык! И дети так отлично рассказали стихи! Молодцы!
Ведущая: - У казахского народа есть веселая национальная подвижная игра, называется он – «Арқан тарту» (перетягивание каната). По играем!
(Англиская разминка В.Василевна)
Жүргізуші: - Өте тамаша! Енді ағылшын тілінде балалар қалай сөйлейді екен. Қарсы алайық!
(ағылшынша тақпақтар оқылады)
Дымбілмес: -Вот ребята молодцы и на англиском, и на казахском хорошо стихи выучили!
Ведущая: - Ты незнайка садись дальше еще интересней будет.
Жүргізуші: - Кәне, балалар, сендермен енді бой жазып, қонақтардың көңілін көтеріп, «Қара жорға» биін билейік. Дымбілмес сіз де бізбен бірге билеңіз!
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: - Балалар бізге тағы бір қонақ келді.
Ведущая: - Ребята, к нам еще один гость пришел.
(Алдаркөсе заходит)
Алдар: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Здравствуйте дети! Hello! Мен сіздерге тіл мерекесіне қарсы келдім. Мереке құтты болсын!
Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе, Алдаркөсе! Рахмет! Алдаркөсе, сіз ел, жер аралап, әр елдің тілімен, салт-дәстүрімен таныс боларсыз?!
Ведущая: - Да, Алдаркосе вы бывали в разных странах и народах, наверно знаете не мало языков. Что вы приготовили для нас?
Алдар: - Я хочу проверить на сколько дети знают казахские пословицы. Сейчась буду играть игру «Мақалды аяқта» - «Доскажи пословицу». Началу пословицы говорить буду я, а вы дети будите досказывать его. Готовы? Начали! (ойын: «Мақалды аяқта»)
-
Бас кеспек болса да, ...(тіл кеспек жоқ)
-
Ана сүті бой өсіреді, ...(ана тілі ой өсіреді)
-
Тіл тас жарады ... (тас жармаса бас жарады)
-
Жақсы сөз ... (жарым ырыс)
-
Тіл – адам ойының ... (айнасы)
-
Тіл қылыштан... (өткір)
-
Бал тамған тілден ... (у)тамар
Жүргізуші: - Бәрекелді! Біздің балалар әртүрлі тақырыптардағы мақал-мәтелдерді