«Халықтар достығы күні»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Халықтар достығы күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,

Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мекетбінің

жанындағы «Ақниет» шағын орталығының

тәрбиешісі Карарова Жулдызай Балтакожаевна



«Халықтар достығы күні»

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.

(Гимн орындалады.)

Жүргізуші:Бірлік пен ынтымағы халықтың -

Көгімізде жарасқан жарық күн!

Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!

-    дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Халықтар достығы күні» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші:

Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.

Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

«Елім менің» атты ән орындалады»

Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, шеруге шығады. (Монтаж)

Арон:Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер-дүние тербеліп,

Дала, қала құлпырды.

Медина:Болсын жер мен су да ортақ.

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Мақсат:Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Біз Отанда тұрамыз,

Біз мектепке барамыз.

Алмат:Алтай, Кавказ ұласып,

Бауырайы кең жатыр.

Бақытты әні асқақтап,

Құлаққа даусы кеп жатыр.

Жансая:Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.

Інжу:Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Инабат:Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала тауымыз.

Расул:Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Хормен:

Отан ортақ,

Жер ортақ,

Еңбекпен қостық тағдырды.

Нұрмұхаммед:Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,

Дос байыса қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.

Ермұхаммед:Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт өмір сүреді.

Дария:Бір-бірімен тату тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан - тұрағы.

Туған жерге тебіренген сәттерде.

Ағаларды өлең-жырдың бұлағы.

Айша:Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!

Би: (Орыс биі)

Жүргізуші:Отаным ордасы ғой игіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.

Шаңырағы кң биіктен Отанымның,

Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!

-демекші біздің Республикамызда әр ұлшттың өкілдері тұрады.

Жүргізуші:Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

-    дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

Ән «Атамекен»

Жүргізуші:

Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында:

«Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшына алу керек» делінген.

Би: «Достық»

Жүргізуші:Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Айнала жасыл кілем жамылған жай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.

Күй толқын көңіліне жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,

Секілді адамзаттың ынтымағы.

Жүргізуші:Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.

Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.

Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,

Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші:

Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады».

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,

Биік ұшып самғасын.

Тілегімізді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын.

Ән: «Ақ көгершін»

Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру. Барлық қатысушылар бірге шығып, көрермендермен қоштасады.

Жүргізуші:Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
782
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі