400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Халықтар географиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтар географиясы тақырыбындағы қмж. Пəн мұғалімдері мен оқушыларға əдістемелік көмек құралы. Халықтың таралуы, демография, халықтың орташа иығыздығы, демографиялық саясат туралы қысқаша түсініктер келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адам. Жер. Ғалам



құрылыстарын қозғалысын




тұрақты даму

Мектеп: Целиноград ауданы, Қараөткел 2 ОМ






Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каким Б.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны: 20


Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Халық географиясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау


Сабақтың мақсаты














Барлық оқушылар: Халықтың қоныстану заңдылықтарын біледі.

















қозғалысын қозғалысын Экологиялық факторлар туралы біледі және







түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Халықтың жер бетінде таралуы мен қоныстану заңдылықтарын меңгереді


Бағалау критерийі

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

  • Халықтың қоныстану заңдылықтарын біледі

  • Дүниежүзіндегі халықтар мен олардың санын біледі

  • Халықтың тығыз орналасқан аймақтарымен танысады

Тілдік мақсат

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар: Өз ойларын ауызша және жазбаша жеткізе білуге, мәтіннің мазмұнын әңгімелеуге үйрету.

Оқылым: халықтың қоныстану заңдылықтарын оқып, меңгереді.

Тыңдалым: тақырып бойынша айтылған мәліметтерді талқылайды, шағын топтарда бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Халықтың қоныстануы мен таралуын анықтап, жазбаша сипаттайды.

Негізгі терминдер мен ұғымдар: демография, демографиялық жарылыс, демографиялық саясат, этнос, нәсіл

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:

«қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «ынтымақтастық»

«өмір бойы білім алу».

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, тарих

Алдыңғы білім

Алдыңғы сыныпта өткен дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтайды

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Дереккөздер, Ресурстар

Сабақтың басы




Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында сыныпты «От», «Су», «Күн» суреттері арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп орындықтарға орналасқаннан кейін психологиялық мінездеме беру.

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

-Оқудан күтілетін нәтижелерді белгілеу. Табыс критерийлері: -нақтылық;

-белсенділік;

-бірлескен жұмыс;

-уақыт сақтау;

«Өткенге шолу»-Белсенді әдіс «Сәйкесін тап» стратегиясы арқылы материктер мен мұхиттарды сәйкестендіру.

Оқушыларды жауаптарының дұрыстығына қарай жетондар арқылы бағалау.

Суреттер



















Түрлі-түсті қағаздар

Сабақтың ортасы














Интербелсенді тақтадан әртүрлі халықтардың, нәсілдердің суреттерін көрсетемін. Көру, талқылау арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру.

1 тапсырма. Мәтінмен жұмыс

І - топ: Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі

ІІ - топ: Халықтың тығыздығы

ІІІ - топ: Демографиялық саясат

Әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігін бөліп алып дайындалады. Әр оқушы берілген тақырыпша бойынша өзіне тиесілі мәтінді оқиды.

Смайликтер арқылы бағалау

2 тапсырма. "Көршіме айтамын"

Оқушылар отырған орындарында бір - бірімен жұп құрайды. Жұптағы бір оқушы конверттен берілген сұрақты оқып, белгілі уақыт ішінде ол сұраққа дайындалады. Белгі берілгенде жауап беруші көршісіне сұрағының жауабын айтып, талдайды.

3 тапсырма. Географиялық диктант

1. Жер шары халқының саны ..... қарқынды өсті.

/ ХХ ғасырда /

2. Халық санының қарқынды өсуі....... деп аталады.

/Демографиялық жарылыс /

3. Қазақстандағы алғашқы халық санағы...... жүргізілген.

/1897 жылы /

4. Халықтың ұдайы өсуін.... ғылымы зерттейді.

/. Демография /

5. Жер шары халқының бір шаршы шақырымға орташа тығыздығы .... келеді.

/. 40 адамнан /

6. Халық санын реттеу мақсатында.... жүргізіледі.

/. Демографиялық саясат /

7. Демографиялық жарылыс дегеніміз......

/Халық санының қарқынды өсуі/

8. Халық саны..... арқылы анықталады

/Халық санағы /

9. Демография...... деген мағына береді.

/. Халықты сипаттап жазамын/

10. Қазақстанда тәуелсіздік алғалы......... халық санағы жүргізілді.

/1999 жылы және 2009 жылы /

Бағалау: "От шашу" әдісі арқылы


Интербелсенді тақта



Суреттер

Оқулық 6 сынып

Постер



Қима қағаздар









Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы




Кері байланыс. "Бағдаршам әдісі"

Бұл әдіс бойынша оқушыларға үш түрлі стикер таратылады. Сол бойынша оқушылар сабақты түсінген, түсінбегендерін білдіреді. Жасыл – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын

Сары – мен түсінемін, бірақ барлығын емес.

Қызыл – мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым.

Оқушыдан интервью алу парағы

Оқушының аты - жөні:

Талқыланатын сабақ тақырыбы:

Сұрақтар

Оқушының жауаптары

1.сабақ сізге ұнады ма? өз пікіріңізді дәлелдеңіз.

2.сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?

3. Сабақ тақырыбының сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

4. Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?Неліктен?

5.Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?

6. Сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?

7.Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?Неліктен?

8.Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?






Түрлі - түсті қағаздар









Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар.
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
АКT-ды қолдану

"Сәйкесін тап", "Постер", "Географиялық диктант" әдістері арқылы оқушылардың білім - білік дағдыларын дамыту. Қабілеті жоғары оқушылар салыстырады, талдайды, қорытынды жасайды. сондай-ақ шығармашылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мəселенің бірегей шешімдерін табады.


  • Сұрақ-жауап;

  • Кестемен жұмыс;

  • Мәтінмен жұмыс;

  • Кері байланыс.

қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер.

АКТ-ны пайдалану ережесін таныстыру.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Оқушылар халықтың қоныстану заңдылықтарын білді

Сабақ қалыпты деңгейде өтті.

Оқу мақсаты орындалды,оқушылар жаңа тақырып бойынша көптеген мағлұматтар алды.

Тапсырмалар сәйкес болды.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын.

Қорытынды бағалау

1. Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Белсенді әдістер қолданды.

2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?

2: Оқушылардың деңгейлеріне байланысты тапсырмалар берілді.

3: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, /қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

3. Сыныптың топпен, жұппен, жеке жұмыс жасау дағдыларының қалыптасқандығы. Берілген тапсырманы бірлесіп орындауы.

Қосымша мәліметтер беру.

1: Халық саны бойынша алдыңғы орындағы елдер.

2: Халықтың ең тығыз орналасқан аймақтары.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін білдім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
1162
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі