|
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: оқушыларға «руханилық»,
«даналық» ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, қарапайымдылық қасиеті
туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларды халық даналығымен
сусындауға ізденімпаздық қасиеті арқылы
баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды халық даналығының
негізінде бірлікке тәрбиелеу
|
Ресурстар:
АКТмаркер, даналық сөздер,
постер, оқулық. Мұғалімге арналған
нұсқаулық.
youtube.com›watch?v=NEoQXlYw-Y4
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі
Топқа
бөлу. Мақалдар арқылы
бөлу.
Оқушыларды
түгендеу.
«5-Т» еске түсіру (тәртіп,
талап, тазалық, татулық, тыныштық)
Тыныштық сәті.
«Нұрға
бөлену»
2.Үй тапсырмасын
тексеру
Дәйексөз
«Халық пен халықты, адам мен
адамды теңестіретін - білім»
|
Дәйексөзді бірінші
кезекте ұл балалар қайталап оқиды.Содан соң қыз балалар қайталап
айтады.
|
|
Үй тапсырмасын
тексеру.
«Талаптың тұлпарын ерттеген
шақ» әңгімесі Талдау сұрақтары:
Шоқанның бойынан қандай жақсы
қасиеттерді байқадыңдар?
«Оқымаған бір бала, оқыса екі
бала» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Білім адамды қандай
мақсат-мұраттарға жеткізеді?
Өзің қандай кітаптарды оқып
жүрсің? Неліктен?
Мұғалімнің
сыйы
Білім мен
байлық.
Білім мен байлықтың қайсысын
таңдарын білмей жол айырығында бір бала ғұламаға келіп, ақыл
сұраған екен. Сонда ғұлама білімнің артықтығын әртүрлі дәлелмен
дәлеледепті. Білім-даналардан қалған мирас, білім сені бағады, ал
байлықты сен бағасың. Білім досыңды көбейтеді, ала байлық
дұшпаныңды арттырады. Білім іздеген сайын көбейе береді, молая
береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды, кемиді
жойылады. Білімің көп болса, ол сені құрмет тұтады, ал байлығың мол
болса қызғанады. Білімге есеп –қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды
күнде есептеп отыруың қажет. Білім қаншама көп болғанымен іріп
шірімейді, бүлінбейді, ал байлық бір жұттық өледі, жоғалады. Білім
жан дүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды шектейді,
тура жолдан тайдырады. Білімді адам мәдениетті, әдепті
адамгершілкті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге
астамшылық көрсетеді. Таразының қай басы аур тартқанын өздерің
бағамдай жатарсыңдар.
Баланың орнында сен болсаң
білім мен байлықтың қайсысын таңдар едің?
Білім адамға не үшін
қажет?
Адамға ең алдымен қандай білім
қажет?
Өзің білім алу үшін қандай іс
–әрекеттер жасар едің?
|
Оқушылар әңгімелеп,
жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
|
|
Шығармашылық
жұмыс:
1.Өздеріңіз білетін білімді,
атақты адамдар адамдар тізбесін жасау .
2. «Оқу инемен құдық
қазғандай» мақалын талдау
3. Білімді болу
дегеніміз не? Балалар өз ойларымен толықтырып
,қорғайды.
|
Оқушылар берілген
тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін
кеңейтеді, бекітеді.
|
|
Топпен ән
айту
Балдәурен( музарт
тобы)
Балдәурен көктем, асығып
жеткен,
Шағала
күндер.
Базарлы маусым, шырқалған
даусым,
Тамсанып
әсем.
Балауса балғын, көк майса
шалғын,
Барады
күндер.
Тербеліп билеп, жайқалып
билеп,
Ән салып
әсем.
Қайырмасы:
Балдәурен, бақытты ән
дәурен,
Келеді қанатын
самғаумен.
Көңілдің ұшырып,
аққуын,
Балауса, бал бұлақ, бал
дәурен.
Жаныма жылы, жүрекке
ыстық,
Көңілге
сұлу.
Тоя ма көзің, балдәурен
кезің,
Бақыт-ау,
бақыт?
Даламдай дархан, тауымдай
биік,
Өмірге
сұлу.
|
Әнді ерекше көңілмен
айтып, сергиді
|