Материалдар / "Халықтың сүйікті әншісі Димаш"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Халықтың сүйікті әншісі Димаш"

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайдаңызға жарасын!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2023
269
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халықтың сүйікті әншісі - Димаш


Ән десе жанын берер өнер сүйер халықпыз.Иә, қазақ халқы ежелден ән мен өнерді сүйіп көрген тіпті өнерді басты құндылықтары ретінде көріп жүрген кемеңгер халық .Осындай, өнерін паш етіп, күллі әлемді мойындатып жүрген асыл да ардақты өнер иелеріміз қаншама десеңізші.Сол ардақты өнер иелерінің бірінде күллі әлемді мойындатқан,өзінің әсем де , бой түршіктіретін дауысымен талай адамды таңғалдырған Ақтөбелік жерлесім - Дінмұхамед Құдайбергенді атамасам болмайды.

Димаш атты есімімен танылған қазақстандық әнші 1994 жылы 24 мамыр күні құтты мекен- Ақтөбе қаласында дүние есігін ашқан болатын.Димаштың отбасы өнер мен шығармашылыққа тұнып тұрған беделді адамдар . Әкесі - Қанат Айтбаев пен анасы- Света Айтбаева халық аузында жүрген асыл тұқымды жандар.Әкесі Қанат Димаш музыка саласында белгілі жетістікке жеткен сәтінен жеке продюсері болып та қызмет атқарды. Димаштың тіпі ата-әжесі де өнерге жақын . Бірі домбырада ән салуға құмар болса, бірі ән айтуға бейім.Димаштың Раушан есімді көрікті қарындасы мен Мансур есімді інісі бар. Бауырлар бірін-біріне ерекше құрмет көрсетіп, әрқашан қолдау көрсетіп жүреді.

Әншінің айтуынша ол балалық шағын бақытты өткізген.Аталмыш әнші өз сұхбатында "Балалық шақты бақытты өткіздім. Кішкене кезден таэквондомен айналысып, суға жүздім, вокалымды күшейтіп, фортепианода ойнадым. Қарапайым көп баланың бірі болдым. Музыка мектебіне барып, спорттық үйірмелерден қалмайтынмын" деген екен.Димаштың айтуынша өзге балалар 2-3 жасынан бастап түрлі көліктердің суретін салса ,әнші түрлі компьютерлердің , студияның,микрофонның суретін салған екен.Жұлдыздың бұл сөздерінен әнші балалық шағынан музыкаға, ән айтуға жақын болғаны анық көрініс табады.Димаш бала кезінен үйірмелерге қатысып, көптеген салаларға қызығушылық танытқан көрінеді.Сонымен қатар, Димаш өзінің алғашқы жеңісі туралы айтып өткен болатын.Республикалық деңгейдегі "Айналайын" конкурсына қатысып, бес жасында лауреат атанған және сол сайыстан алғыс хат пен 1000 теңге ұтып алып,алғаш марапатын әжесіне табыстамақ болғанын ерекше сезіммен айтып өткен еді.Міне керемет десеңші! Кішкентай Димаш әжесін өте қатты жақсы көреді екен.Әжесінің мейірімі мен ыстық ықыласына бөленіп өскен бала Димаш әжесін қалай жақсы көрмесін?

Әншінің балалық шағымен таныстық. Ал күллі әлемді мойындатқан әнші өнер жолын қалай бастады екен?Димаш музыкамен сәби кезінен бастап айналыса бастады деуге болады.Ол 2 жасынан бастап театр сахнасында өзін еркін, сенімді ұстап, театр белестерін де бағындырған .Ал , бес жасында Димашты музыкалық студияға алып барған екен. Онда ол фортепиано мен вокалмен айналысқан.Осы жасында Димаш әнші ретінде сахнаға шығып, талай адамдарды өзінің даусымен жүрегін жаулап алған.Бұдан кейін Дінмұхамед түрлі жарыстардан шақырту алып тіпті өзін 10 жасында жүргізуші ретінде де сынап көрген.Кейін 2010жылы Байқоңырдың әсем дауысы” халықаралық фестивалінің жүлдегері болып одан сон 2012 ж. ”Жас қанат” республикалық жас ән орындаушылар байқауының Грант- при иесі атанды.2013 ж. ”Мейкин Азия” бірінші халық аралық фестивалінің жеңімпазы . ”Славян базары -2015” байқауындағы грант при жүлдегегері. ”Васточный базар” халықаралық байқауында бірінші жүлде иегері.Көріп тұрғанымыздай Димаштың бойына тұнған өнері біраз белестерге жетелеген және бұл аяғы емес екендігіне біз де сіз де сенімдіміз.Кейін Димаш Ақтөбе қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбына түсіп, 2014 жылы колледжді тәмамдайды.Димаш өзінің оқуын жалғастырмақ болып, музыкалық бағытта Қазақ Ұлттық өнер университетін “Эстрада вокалы” мамандығы бойынша университетті де аяқтап шығады.

Ал,ендігі кезекті Димаштың даусына беретін болсақ, әншінің даусы көптеген адамдарды таңғалдыруда . Шындығына келсек Димаштың даусы бас, баритон, тенор, контртенор, сопрано және дискант.( сирек кездеседі ).Димаш: ердің,әйелдің және баланың ең жоғарғы дауысында ән айтуды меңгерген.Димаштың даусы өте ерекше әрі өзгеше ал оның күрделі ноталармен жұмысы одан сайын таңғалдырады және танымал әнші Витастың орындау мәнеріне ұқсас. Әрине бұл мағлұмат адамды таңдандырады бірақ бұл шындық .

Димаштың баға жетпес жетістіктері туралы айта берсек өте көп.Бірақ соның ішіндегі Димаштың танымалдығын арттырған Қытайдағы "I am a singer" жобасы туралы айтып өтсем деймін.Осыдан бірнеше жыл бұрын барлық қазақстандықтар Димаштың жобада көрсеткен өнеріне тәнті болдық емес пе ?! Сол жылдары Димаш тек Қазақстандықтардың жүрегін жаулап қана қоймай,Қытай халқының да ыстық ықыласына бөленген еді.Естеріңізге сала кетсем,бұл жобада Димаш 2- орынды лауреат атанған болатын.

Атағы жер жарған әншінің теңіздей тасыған шығармашылығы, өрге басқан өнері туралы көп айтсақ ауыз талады.Димаш өзін барша әлемге танытты және дәлелдеді.Сондықтан да, келесі кезекті Димаштың адами болмысына және халқына жасаған ізгі істеріне бергім келеді.

Иә,Димаш тек өнер әлемімен тығыз байланыста болған жоқ,ол халқының жағдайын ойлап, көптеген жандарға көмек қолын берді.Жұқпалы дерт коронавирус кезінде де біраз адамдарға материалды көмек көрсетті . Жағдайы төмен отбасыларға 5 тонна азық-түлік өнімдерін жіберді.Тіпті қайырымдылық концерттерін де өткізіп, жиналған қаражатты медициналық құралдар мен аппараттар алуға табыстады.Сонымен қатар, Индонезия еліне де өз көмегін аямай жанашырлық танытты.Жақсының соңынан көп ереді дегендей Димаштың арқасында біраз адам қайырымдылықпен айналыса бастады. Халық Димашты қолдап , қолпаштап ыстық ықыластарына бөлетті.

Қазіргі таңда Димаш немен айналысып жүр? Болашақта қандай жоспарлары бар? Димаш кезекті сұхбатында өзінің болашақта көп жоспары бар екендігін айтып өткен еді.Жұлдыздың айтуынша ол сахнада әлі біршама жұмыс жасағысы келеді. Өзін әрмен қарай дамытумен айналысқысы келетінін айтқан еді.Осыдан бірнеше жыл бұрын Димаш өзінің шағын бизнесін ашқан болатын.Ол ,өз шай топтамасы мен шоколадын шығарғарды және бұл бизнесі Қазақстанда ,АҚШ-та , Европада, Латын Америкасында жылдам таралып кетті.

Ал, қазір Димаш өз өмірін сүруде. Осыған байланысты әншіге ең алдымен шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілегім келеді.Өйткені Димаштай азаматтар мен азаматшалар біздің еліміздің бүгінгі мен ертеңі, тарихы, мақтанышы!Сегіз қырлы, бір сырлы сері Димаш біздің мәңгілік жадымызда қалады және біз Димашты соңына дейін қолдаймыз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!