400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықтың тығыздығы, орналасу ерекшеліктері мен қозғалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек сабақ өткізгенге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс

I

Топ

С-12

Сабақтың №

4

Мамандығы-біліктілігі:

Мамандық: 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша)

Біліктілігі: жоғары деңгей 1114042- «Электргазымен дәнекерлеуші

Орта буын маманы: 1114063- Техник-механик


Модульдің атауы

География


Сабақтың тақырыбы

Халықтың тығыздығы, орналасу ерекшеліктері мен қозғалысы

Күні


Ұзақтығы

2 сағ. /90мин/

Сабақтың мақсаты:

Жер бетіндегі халық, олардың таралу аймақтары, тығыздығы мен демография туралы түсінік беру. «Халық» сөзі жайында білім қалыптастыру.

Білімділік:

Саяси картамен жұмыс жасай білу икемділік дамыту. Халықтар жайында мәлімет бере отырып, оқушының қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:

статистикалық мәліметтерді өңдеу, оны практикада пайдалану және сандық мәліметтермен жұмыс.

Тәрбиелік:

қушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

• Дүниежүзінің халықының орналасуының ерекшеліктерін біледі;
• Мемлектердің халық санын және тығыздығы бойынша мағлұматпен жұмыс жасай алады;
• Халық көші-қон түрлерін ажыратады;
• Мәтіндегі негізгі ойды айта алады; 
• Оқушылар бірін-бірі оқытуға үйренеді;
• Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады.

Сабақтың түрі:

аралас

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар:

Проектор , саяси карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.

Қосымша әдебиетттер:

Бейсенова Ә., Каймулдинова К., Әбілмажінова С., Баймырзаев Қ., Достай Ж., География. Дүниежүзіне жалпы шоу. ТМД елдері, Алматы,2014 жыл.



Сабақтың конспект-жоспары

Сабақтың барысы

Уақыты (мин.)

Іс-әрекет түрлері

Оқу ресурстары мен

материалдары

1. Ұйымдастыру кезеңі:


2 мин.

Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу.


2.Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап:

Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым (антропология)

Алғашқы халық санақтары қай кезеңде жүргізіледі ( б.з.д. 3 мың Ежелгі Қытай мен Египет)

Табиғи өсу дегеніміз (туу мен өлудің арақатынасы)

Халықтың ұдайы өсуінің типтерін ата ( дәстүрлі, өтпелі, қазіргі)

Қазіргі халықтың саны (7,3 млрд адам)

20 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,

2) баяндама қорғау арқылы,

3) карточка арқылы,

4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы.

Жаңа сабақ:

Жоспар:

1. Халықтардың қоныстануы және тығыздығы

2.Халықтың көші-қоны

1. Халықтардың қоныстану географиясы – Жер шары бойынша халықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, экономикалық географияның бір саласы. Әр түрлі әлеуметтік, экономикалық, тарихи және табиғи жағдайлардағы халықтың құрамын, елді мекендердің қалыптасуы мен дамуының кеңістіктегі ерекшеліктерін қарастырады.

Халықтардың қоныстану географиясының зерттейтін бағыттары: халықтың табиғи қозғалысының, демографиялық құрылымының аймақтық ерекшеліктерін; халықтың әлеуметтік және этникалық құрамын;

еңбек ресурстары мен оларды пайдалануды; көші-қон бағытын, қарқыны мен құрамын; халықтың тығыздығын және аумақ бойынша қоныстануын зерттейді.

2. Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді.


50 мин.

Жаңа сабақты түсіндіру

Дәптермен жұмыс

Саяси картамен жұмыс



























































Тақырып бойынша талдау жасау

Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу

4. Алған білімдерін бекіту:

Сұрақ-жауап:

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап:

1. Павлодарлық тұрақты тұру үшін АҚШ-қа қоныс аударды. Американдықтар оны қалай атайды? Қазақстандықтар ше?

2. Колледж түлегі Чехияда оқиды. Ол қандай көші қон түрін жүзеге асырады?

3. Қазақстанда жыл сайын егін жинау жұмыстарында 80 мыңдай Қырғызстан азаматы еңбек етеді. Бұл көші қонның қай түрі?

4. Отандасымыз тұрақты тұруға Германияға көшіп кетті? Бір жылдан кейін Қазақстанға қайта оралды. Қөші қон тұрғысынан алғанда ол кім?

5. Семейлік Павлодарға көшіп келді. Көші қон бағыты?

6. Екібастұз кен орнында Майқайыннан келген кеншілер жұмыс істейді. Олардың ауысымы 15 күнге созылады. Көші қонның қай түрі?

7. Өзбекстаннан келген қазақ отбасы Қазақстанға қоныстанды. Елімізде бұндай иммигрантты қалай атайды?

8. Лицей оқушысы Кенжекөл ауылынан күнделікті барып келіп оқиды. Көші қон сипаты?

10 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,;

2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды;

3) тақырып бойынша кесте толтырады;


7. Үйге берілген тапсырма:





3 мин.

Жаңа тақырып бойынша реферат, баяндама немесе шағын конспект әзірлеу.

8.Сабақты қорытындылау.

5 мин.

Студенттердің білімідерін бағалау



Пән оқытушысы қолы_________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 маусым
1179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі