400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Халықтың ұлттық діни құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы халықтардың ұлттық және діни құрамы жөнінде түсініктері бар Халықтың ұлттық құрамын, қазақ халқының үлес салмағының жылдар бойынша өзгеруін түсінеді Қазақстанның ұлттық құрамы, ұлттар бірлігі және ұлтаралық қатынастарға сипаттама жасай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Күні:9.10.2017

Сынып:9

Мектеп:№14

Мұғалімнің аты-жөні Елбасы.Ғ

Қатысқандар:25

Сабақтың тақырыбы:

Халықтың ұлттық діни құрамы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Қазақстандағы халықтардың ұлттық және діни құрамы жөнінде түсініктері бар

Халықтың ұлттық құрамын, қазақ халқының үлес салмағының жылдар бойынша өзгеруін түсінеді

Қазақстанның ұлттық құрамы, ұлттар бірлігі және ұлтаралық қатынастарға сипаттама жасай алады

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың ойлау әрекеттерін әрі қарай дамыта отырып, халықтың ұлттық құрамы жөнінде түсінік қалыптастырып, өз дінін, халқын құрметтеуге тәрбиелеу

Бағалау критерийі

Түсіну: Халықтың ұлттық құрамы олардың белгілі бір этностық белгілері бойынша ажыратады.

Қолдану: Қазақстанның ұлттық құрамы, ұлттар бірлігі және ұлтаралық қатынастарға сипаттама жасайды.

Талдау: Қазақ халқының ұлттық , діни құрамы және қазақ диаспорасы елдер бойынша қазақ ұлтының орнласуына талдау жасайды

Жинақтау: Дүние жүзіндегі қазақ диаспорасының таралу ерекшеліктеріне сипаттама береді.

Тілдік мақсат

Мәтінді оқып, сабақта кездесетін жаңа терминдерді үйреніп, «депопуляция», «диаспора», «этнография» айта алады

Пәнаралық байланыс

Тарих, математика

Алдыңғы білім:

Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар,

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Деректер, ресурстар

Басталуы: 5минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себетпен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3топқа бөлініп отырады.

1топ: «Халықтың ұлттық құрамы»

2топ: «Дүниежүзіндегі қазақ диаспорасы»

3топ: «Халықтың діни құрамы» (Постер)

Оқушылар топқа бөлінеді.

1топ: «Сары кәмпиттер»

2топ: «Көк кәмпиттер»

3топ: «Қызыл кәмпиттер»

Постер қорғау. Маркер А4 парағы, карта

Ортасы

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3мин «Қызыл гүлім-ай»би

Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

Кім жылдам?

1. Қазақстанда ............................ ұлт өкілдері тұрады.

2. Депопулация ................................................................. .

3. Қазақстандағы ірі ұлт өкілдері ..........................., ..........................., ..................., ........................... , ..............................., ........................., ................................ .,

4. Диаспора дегеніміз .....................................................

5. Этногенез .................................................... .......... .

6. Этнография .......................................................

7. Дүниежүзілік діндер .........................., .......................,

8. Ұлттық діндер ..........................., .........................

Қазақстандағы басым таралған діндер ..................... , ..................... .

Картамен жұмыс

Видио көрсетіп Қазақстан аумағында еңбек ресурсымен қамтамасыз етілуін талдау.

Сергіту сәті

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

Соңы

Сабақтың соңында оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады.

-Бүгінгі тақырыпқа байланысты...

-Елімізде қалыптасқан діни ұйымдар туралы көз қарастарың қалай?

-Елімізге оралған отандастарымызға жасалып жатқан әлеметтік қолдау туралы пікірлерің қандай?

-Қазақстандағы ұлтаралық қатынасқа сипаттама беру

Планшет

АКТ-ны пайдалану

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Жигсо»әдісі бойынша қосымша көмек көрсету үшін оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылад, тапсырманы топ ішінде отырғызып топпен талқылайды. Топ ішінен қабілеті жоғары бір сарапшыны тағайындап, басқа топтарға түсіндіреді, қайтадан өз топтарына барып түсінгендерін түсіндіреді

Бағалу критери

Дескриптор


Қазақстандағы халықтардың ұлттық және діни құрамы туралы түсіне алады.

Халықтың ұлттық құрамын, қазақ халқының үлес салмағының жылдар бойынша өзгеруін түсіне алады.

Қазақстанның ұлттық құрамы, ұлттар бірлігі және ұлтаралық қатынастарға сипаттама жасай алады

Қазақ халқының ұлттық , діни құрамы және қазақ диаспорасы елдер бойынша қазақ ұлтының орнласуына талдау жасай алады.

Дүние жүзіндегі қазақ диаспорасының елдер бойынша таралуын анықтай алады.


Қазақстандағы халықтардың ұлттық және діни құрамы туралы түсіндіреді


Халықтың ұлттық құрамын, қазақ халқының үлес салмағының жылдар бойынша өзгеруін түсіну туралы түсіндіреді.


Қазақстанның ұлттық құрамы, ұлттар бірлігі және ұлтаралық қатынастарға сипаттама жасайды.


Қазақ халқының ұлттық , діни құрамы және қазақ диаспорасы елдер бойынша қазақ ұлтының орнласуына талдау жасайды.


Дүние жүзіндегі қазақ диаспорасының елдер бойынша таралуын анықтайды.


Сабақ бойынша рефликация

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахууал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау жоспарлары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі