Материалдар / Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып:7 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау.


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.1-Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • иық бұйымын дайындау үшін өлшем алу ережелерімен танысады;

  • қажетті өлшемдерді алады;

  • таңдаған материалдарын, тәжірибелік жұмыста қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;

  • масштабта бұйымның графикалық сызбасын сызады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • «Жина» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін жағдай жасайды.

Оқушылар белгілі бір сөз немесе сөйлем құраулары тиіс (мұғалім ұсынған әріптер немесе сөздер бейнеленген карточкалардан).

  1. Мақсатты тұжырымдау

Мұғалім сынып тақтасына оқушылардың карточкадан құраған сөздеріненсабақ тақырыбын бекітеді. Оқушылар тақырып жанына жазылған сабақ мақсатын қарастырады және оның мәнін түсіндіреді.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Таныстырылым, оқу жоспары

11-20 мин




  1. Миға шабуыл

Оқушылардың кез келген тәсілмен бірнеше топтарға бірігуі қажет. Әр топқа тігін бұйымын тігуге қажетті өлшем алу үшін адам денебітімінің ерекшеліктері туралы жалпы мәтіндік ақпарат салынған конверт ұсынылады:

Әйелдер денебітімінің типтері:

  • Құм сағат – кеуде мен мықын көлемі жағынан бірдей, белі жіңішке.

  • Төртбұрыш (банан) – кеуде, белі мен мықын көлемі жағынан бірдей, іші аздап шығыңқы.

  • Үшбұрыш (алмұрт) – кеуде көлемі жағынан шағын, мықыны жуан.

  • Төңкерілген үшбұрыш – үлкен иықты, белі жіңішке,мықыны шағын.

  • Сопақша (алма) – кеуде мен мықын көлемі жағынан шағын, арқасы мен белінде майлы қабат қалыптасқан.

  • Ромб – кеуде мен мықын көлемі жағынан шағын, белі жуан, бүйірінен майлы қабаты бар.

Ерлер денебітімінің типтері:

  • Трапеция – кең иықты және мықыны аздап жіңішке.

  • Төртбұрыш – кеуде бөлігі, белі мен мықынының көлемі жағынан бірдей.

  • Үшбұрыш – иығы шағын, белі мен бөксесі жуан.

  • Төңкерілген үшбұрыш – кең иықты, белі мен бөксесі шағын.

  • Сопақша – иығы шағын, бөксесі өте кең емес.

Әрбір топ жұмыс кезінде танысқан жалпы жаңа ақпараттарын сыныптағы басқа топтарға таныстырады.


Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

- өлшем алу ережесінің ерекшелігін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Электронды презентация 2слайд

Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y

Жеңі тұтаспішімді иықты бұйым негізіндегі сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo

Сайт «Калькулятор» -

https://beregifiguru.ru/%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8F%D1%82%D0%BE%D1%80%D1%8B/%D0%A2%D0%B8%D0%BF-%D1%84%D0%B8%D0%B3%D1%83%D1%80%D1%8B


5 мин

  1. Шығармашылық жұмыс

Тігін бұйымдарын тігу үшін оқушылар өз денебітімінің ерекшеліктерін білуі тиіс. Бұл үшін қажетті әртүрлі визуалды суреттерді зерделеу қажет, өз денебітімдерінің типін анықтауға түрлі сайттарды пайдалануға болады. Оқушылар мұғалім ұсынған ақпараттық суреттерді қарастырады немесе «Пропорция калькуляторы» сайтын пайдаланады. Ол кеуде, бел, бөксе айналымының параметрі бойынша денебітім түрін анықтауға көмектеседі.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен қажетті өлшемдерді алып, калькулятор жиегіне сәйкес енгізіп, өз денебітімінің түрін біледі.






  1. Жаңа ақпарат. Иықты киімдерді тігуге арналған өлшем алу тәсілдері.

Өлшем дененің оң жағынан сантиметрлік таспамен алынады, алдымен айналым өлшемдері, одан соң ұзындық өлшемдері өлшенеді.

Жеңі тұтаспішімді бұйым сызбасын сызу үшін өлшемдер мен конструктивті қосымшалар қажет. Жеңі тұтаспішімді бұйым сызбасының құрылымына, иық айналымына (Қ и.а) және жартылай мықын айналымына (Қм) қосымша беріледі.

Сызба қажетті өлшемдерді, белгілі бір графикалық құрылым реттілігінің есептеу формуласын қолдана отырып, сызылады.

Сызба тік бұрыш сызудан басталады, сонан соң оның жан жағынан конструктивті кесіндіге сәйкес ұзындығы мен енін анықтайтын, жеке денебітімнің өлшемдері белгіленеді. Сызба конструкциясының барлығы тігіске және етек бүктемесіне қосымшасыз сызылады.





Ортасы

21-35 мин



Өлшем атауы

Өлшемнің белгіленуі

Өлшемнің қолданылуы

Өлшем алу ережесі

1. Мойынның жарты айналымы

ЖМойа

Мойын ойындысы мөлшерін анықтау

Мойын негізі мен жетінші мойын омыртқа және алдыңғы тамақ ойындысы арқылы

2. Кеуденің бірінші жарты айналымы

ЖКаІ

Бұйым енін және бүкпе ендігін анықтау

Артқы жағынан жауырынның астын ала, қолтықтың астымен, ал алдыңғы жағынан кеуде безі үстімен

3. Кеуденің екінші жарты айналымы

ЖКаІІ

Бұйымның енін, көйлек өлшемін анықтау

Артқы жағынан ЖКаІ өлшеміне ұқсас, ал алдыңғы жағынан кеуде безінің шығыңқы нүктесі тұсынан

4. Белдің жарты айналымы

ЖБа

Бұйымның бел тұсының енін анықтау

Бел бойымен көлденеңінен белдің ең жіңішке жерінен өлшенеді

5. Мықынның жарты айналымы

ЖМа

Бұйымның мықын сызығы бойынша енін анықтау

Бөксенің томпақ нүктелері деңгейімен көлденең, іштің ең шығыңқы жерімен өлшенеді

6. Кеуде биіктігі

Кб

Кеуде бүкпесінің ұзындығын анықтау

Алдыңғы жағынан мойынның иық ылдиы бойымен кеуде безінің шығыңқы нүктесіне дейін

7. Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі ұзындығы

Албұ

Алдыңғы бойдың жоғары нүктесінен бел сызығына дейінгі ұзындығын анықтау

Кб ұқсас өлшенеді, бірақ бел сызығына дейін

8. Артқы бойдың бел сызығына дейінгі ұзындығы

Арбұ

Бел сызығының орнын анықтау

Артқы жағынан мойынның иық ылдиы бойымен бел сызығына дейін

9. Артқы бой ені

ЖАрбе

Арқа енін анықтау

Жауырынды бойлай, қолтық асты шұңқыры бұрыштары аралығы

10. Иық ені

Ие

Бұйымның иық енін анықтау

Мойын мен иық қиылысының басталған жерінен иықтың шеткі нүктесіне дейінгі аралық

11. Бұйым ұзындығы

Бұ

Бұйым ұзындығын анықтау

Мойынның басталған тұсы жобаланған иық тігісінен қалаған ұзындыққа дейін, бұл кезде омыртқаның иілуін де есепке алу керек

12. Жең ұзындығы

Жұ

Жең ұзындығын анықтау

Иық нүктесінен аздап бүгілген шынтақ арқылы қалаған ұзындыққа дейін





  1. Шығармашылық жұмыс (қосымша)

Өлшемді анықтайтын әртүрлі кестелер болады. Оқушылар мұғалім ұсынған киім өлшемдері кестесімен танысып, өзінің иықты киімінің өлшемін анықтауы қажет.

Ары қарай – оқушылар қажетті өлшемдерді алады, мойын, мықын, қол, артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы өлшемдерін жазады.

7. Тәжірибелік жұмыс

1 кезең. Оқушылар жеңі тұтаспішімді иықты бұйымның сызбасын сызу кестесімен танысады және кестеге өз денебітімінен алынған өлшемдерді, есептеу формулалары мен өлшем көрсеткіштерін енгізеді.

Қажеттілігіне қарай мұғалім сызба сызу реттілігін: сызба торы, мойын, кеуде, бүйір, етек сызықтарын көрсетеді.

2 кезең. Иық бұйымын М1:4 масштабта орындайды, мұғалімнің көрсетуімен бірге немесе кесте бойынша өздігімен.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға иықты бұйым сызбасын өз өлшеміне сәйкес, шынайы өлшемде сызып келуді ұсынуға болады.

  1. Бағалау

  1. Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмысын ерекшеліктерін түсіндіре отырып, бір-біріне көрсетеді.




5 мин

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.

(Қ) Сабақтың соңында оқушылармен бірге орындалған жұмыстардың көрмесін өткізіп, талдау

«Қолмен белгі беру» әдісін қолдану.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:




ЖИ арқылы жасау
08 Сәуір 2025
126
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі