Материалдар / Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер)

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер)

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер)ҚМЖ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны.

(тұтас жеңдер)

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.4.2-Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау

8.1.3.1-Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

- әртүрлі мәдениетте пайда болған киім модельдерін салыстырады;

- киімдегі әртүрлі тұтаспішімді жең түрлерінің ерекшеліктерін салыстырады;

  • - киім дайындаудың өндірістік процесін зерттейді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар


Басталуы




  1. Ұйымдастыру кезеңі:

- мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

-оқу барысында ынталандыру үшін «Анықта» тәсілі арқылы жағдай жасайды. Оқушылар кез келген тәсілмен топтарға бірігеді, одан соң әр топқа ұлттық костюмдердің төрт түрлі кеудеше суреттерінің бөлігі таңдау бойынша ұсынылады. Топтар осы берілген сурет бөлігі немесе элементтің қай кеудешеге тиесілі екенін анықтайды.

2. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім ұлттық костюмдердің әртүрлі бөліктері бейнеленген әртүрлі карточкаларды сынып тақтасына орналастырады, бірлескен әңгімеде оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау ұсынылады.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Ұлттық костюм элементтері немесе сурет бөліктерімен карточкалар.

Электронды презентация

1слайд


Ортасы





3. Миға шабуыл

Оқушылардың топта ойланып, сұрақтарға жауап бере отырып, әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдерінің ерекшеліктерін еске түсірулері тиіс.

  • Халықтық ұлттық костюмдері қандай элементтерден құралады?

  • Халықтық пішім негізінде халықтық костюмдердің конструкциялық ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?

  • Халықтық костюмдердің жеке элементтерінің функционалдық ерекшеліктерін атай аласыңдар ма?

  • Оларды дайындау және сәндеу үшін қандай материалдар пайдаланылғанын сипаттаңдар.

Бұл сұрақтардың ішінен топтардың әрқайсысына біреуін таңдап алуды ұсынуға болады.

4.Ақпаратпен жұмыс

Дәстүрді терең біліп алмай заманауи өнердің кез келген түрі мен жанрының дамуының алға басуы мүмкін емес.Халықтық костюм – бұл ғасырлар бойы жинақталған, халық мәдениетінің ажырамас құнды мұрасы. Халықтық пішім негізіндегі халықтық киім, өзінің өткен даму барысында,оны жасаушылардың эстетикалық көзқарасымен және тарихпен тығыз байланысты. Заманауи костюм өнері ұлттық, халықтық дәстүрден бөлек дамуы мүмкін емес.

Дайындалған материалына, пішіміне, ұлттық костюмдердегі ою-өрнектердің ерекшеліктеріне географиялық орта мен климаттық жағдай, өндіруші күштердің дамуы, шаруашылық құрылыс пенөндіруші күштің даму деңгейі әсер еткен.Ұлттық өнер мотивтерін қолдана отырып киімді модельдеу және отандастарымыздың жетістігі және көркемдік шетелдік мәдениеті біздің еліміздегі көптеген мамандар ұжымының шығармашылық тәсілі болып табылады. Бұл салада аз жұмыс жасалған жоқ, бұған біздің елімізде және шет елдердегі өткізіліп жатқан киім көрсетілімдері айғақ. Әртүрлі модельдеуші ұйымдардың жасы үлкен суретшілері мен дарынды жастары халық шығармашылығына – ұлттық дәстүр мен мәдениетіне жоғары қызығушылықпен қарайды.

Ұлттық шығармашылық материалы негізінде сән бағытын анықтайтын, әртүрлі жинақтама түрлері жасалған Суретші сәнгерлердің кәсіби шығармашылығы оқушыларды киім үлгілерін өздігімен модельдеуге ынталандырады.

5. Бейне ақпарат көру

Киімді модельдеу – адамның сыртқы келбетін қалыптастыратын, материалдық көркем қабат, әртүрлі модельдер жасаудағы шығармашылық жұмыс.

Шығармашылық үшін суретшінің фантазиясын жандандыруға негіз болатын, көркемдік идея дереккөздерінің маңызы жоғары. Ол айналадағы қызмет – табиғат, өндіріс, өткен уақыт пен бүгінгі күннің мәдени өмірі мен қоғамдық оқиғасы болып табылады. Мұғалім оқушыларға бейне ақпаратты, 4 елдің: Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстанның жас сән кутюрьелері жиналған, «Өткен дәстүрден бүгінге дейін» тақырыбындағы Қазақстандық және шет елдік дизайнерлердің сән топтамаларының көрсетілімін көруді ұсынады. Олардың әрбір топтамасы түркі әлемі халықтарының ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген.

Мұғалім қажеттілігіне қарай басқа ақпаратты немесе басқа үлгіде, мысалы, суреттер немесе осы тақырыптың тапсырмасына байланысты деректі фильмдер көрсетуіне болады.

6. Бірлескен әңгіме.

Мұғалім оқушылармен кеудеше сияқты ұлттық костюм элементіне атап айтқанда, ненің тән екендігін талқылауы қажет.

  • - конструкциясының ыңғайлылығы, белгілі ендегі қолдан тоқылған кенеп, адам денебітімінің құрылысы, бұйымның тұрмыста қолданылуы;

  • - конструкциялық сызықтары мен әшекейінің орналасуы (кесте, ызба және т.б.);

  • - белгілі түстердің үйлесімді гаммасы (қызыл, ақ, көк, жасыл, әртүрлі реңктегі сары, сарғыш, қызылкүрең, қызғылт және т.б.);

  • - шиеленіскен сәнділік;

  • - дәстүрлілік;

  • - функциональдық пен мақсаттылық, тәжірибелік пен әсемділік бірлігін түсінуі өте маңызды.

Суретші-сәнгерлер үшін аталған барлық ерекшеліктердің маңызы жоғары, шығармашылықта басшылыққа алатын басты қағидасы. Оқушыларға топтарда берілген ақпаратты талқылап қана қоймай, киім сән үлгілерінің көрсетілімі тақырыбында ғаламтор-сайттардағы сән үлгілерінің шығарылымы және сән журналдарынан алынған әртүрлі қиындылар мен ақпаратқа сүйене отырып, мысалдар келтіру ұсынылады. Әңгіменің маңызды тұстарын, оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады. Бұл ақпарат оларға жобалық сәнді бұйым жасау барысында қажет болады.

7. Шығармашылық жұмыс

Оқушылар ұлттық киім дайындау бойынша шакырылған дизайнер-модельерден сұхбат алу үшін сұрақтар дайындаулары қажет.

Оқушылар қонақтан сұралатын өзекті мәселелерді жазады. Олар төмендегідей ақпараттарды қосуларына болады.

  • Сіздің топтамаңыз қалай және қандай конструкциялық идея негізінде құрылды?

  • Сіздің жұмысыңызға кім және не әсер етті?

  • Сіздің дайындаған киіміңіз ыңғайлы ма?

  • Сіздің бұйымдарыңызды дайындау үшін қандай материалдар ыңғайлы?

  • Кеудешенің қандай түрлері көбіне функционалды және сәнді болып саналады?

Жергілікті дизайнер өзі жасаған киім және аксессуар үлгілерін көрсетуіне болады. Оқушылардың сұрақ қоюларына, фотосуреттер немесе нобай салуына, сонымен қатар жазып алуына болады. Егер жергілікті сән дизайнері кездесуге келе алмаса, онда оқушылар ғаламтордағы дизайнер жұмыстарына талдау жасауларына болады.

8. Қорытындылау.

Мұғалім оқушылардың назарын халықтық пішімге, жеңі тұтаспішімді бұйым -жилетке аударып және олардың жобалық бұйымдарының қолтық ойындысы осындай болатынын ескерте отырып,жұмысты қорытындылауы қажет. Сонымен қатар халықтық пішімнің мақсатты пішімімен ерекшеленетініне назар аударуға болады. Көп жағдайда ол қарапайым, ыңғайлы, өйткені белгілі ендегі қолдан тоқылған кенеп, адамға пішінін ыңғайлы жасауға жәнематаны толық пайдалануға талпынады.Мұндай кеудеше еркін қозғалуға, ауыр жұмысқа әрі мерекеге де киюге ыңғайлы.

Халықтық киімде тік пішімді және қиғаш қиықты пішіндегі киімдер кесдеседі. Мысалы, киімнің негізгі бөлігі, көптеген халықтардың жейдесі тікбұрышты мата кесегінен пішілген. Оның пішіні, жеңі, қолтық астындағы ендірме (көйлектің қолтығына қойылатын қиынды)және иығы әртүрлі ұзындық пен ендіктегі тікбұрыш болып келеді. Әсіресе бұл қиықсыз және бүрмесіз туника тәрізді, халықтық киімнің ең ежелгі пішініне тән

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

сәнді бұйым жасау процесі мен көрсетіліміне зерттеу жүргізеді;

оқыған материалын талдайды.



1 қосымша

Электронды презентация

2 слайд

2 Қосымша.

Электронды презентация,

слайд 3

Дереккөздер: https://24.kz/ru/news/culture/item/157380-dizajnery-

proizveli-furor-na-pokaze

Ақпарат және сән журналдарының іртүрлі қиындылары, интернет-сайттардағы сәнді киім тақырыбындағы шығарылымдар, альбом немесе жұмыс дәптері.



Аяқталуы




Рефлексия

Оқушыларға қол шапалақтау ұсынылады, егер оларға сабақ ұнаса, шапалақ қаттырақ шығады, онда сабақтың қызықты болғаны.

Оқушылар сабақты қандай деңгейде түсініп, білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.





Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:






















Ресурстар





Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





https://www.youtube.com/watch?v=thMtPbqmSno

Жейдені қайта жөндеу

Материалдар мен құралдар: қарындыш, сызғыш, өшіргіш, фломастеры, желім қайшы т.б)












Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:




08 Сәуір 2025
97
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі