|
Империя (латын. іmperіum – билік, үстемдік) – 1) император
басқарған монархиялық мемлекет құрылымының түрі; 2) жер жүзінің әр
түрлі бөліктерінде кең-байтақ аумақтарды басып алған ірі отаршыл
мемлекет. Хаммурапи заңдары мен
ҚР Конституциясын олардың мағынасын айтпастан көрсету. Екі суреттің
арасындағы байланыс және заңдардың мемлекет үшін маңызы жайлы
оқушылардың пікірін тыңдау
Тақырыпты (оқушылар жазып алады) және сабақ мақсатын айту
(1 минут).
Қ Р— Қазақстанның ата заңы. Конституция 1995
жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум
негізінде қабылданды және
5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 99 баптан
тұрады.
Хаммурапи
заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл
заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан
бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы
құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып
есептеледі.
Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың
мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде
табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса
керек. Хаммурапи заңдары қазіргі
кезде Луврда сақтаулы тұр.
Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282
баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің
салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен
баяндалған заңдар
Империя (латын. іmperіum – билік, үстемдік) – 1) император
басқарған монархиялық мемлекет құрылымының түрі; 2) жер жүзінің әр
түрлі бөліктерінде кең-байтақ аумақтарды басып алған ірі отаршыл
мемлекет.
Саргон I патшаның Аккад империясы тек 200 жыл ғана өмір
сүріп, Месопотамияға басқа империялардың бақылау орнатқандығын
түсіндіру. Бірінші Вавилон, Хетт, Ассирия, Екінші Вавилон және
Парсы патшалықтары бейнеленген уақыт сызығын көрсету. Аталған
империялардың басшылары өз елдерін келесідей нәрселерге негізделе
отырып басқарғандығы жайлы
әңгімелеу:
Оқушыларға келесі нәрселерді
айту:
(Зерттеу нәтижесінде оқушылар келесідей тоқтамға келуі
керек: Хаммурапи империясының жетістікке жетуі оның шығарған
заңдарының арқасында орын алды) (5
минут).
Топтық жұмыс. Тапсырма:Әрбір топ зерттеу
жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап берулері
қажет:
-
Хаммурапидің заңдары қаншалықты әділ
болды?
-
Заң алдында бәрі тең бе
еді?
-
Бұл заңдарда діни сенім көрініс тапқандығы жайлы қандай
дәлелдер бар?
(15 минут).
-
Хаммурапидің заңдарына сәйкес, қайсы қылмыс ауыр, қайсысы
жеңіл болды?
-
Оқушылар бұл туралы қайдан
білді?
(5 минут).
Вавилон империясы ұзақ өмір сүрмегендігін, бірақ оның
заңдарының біразы сақталып қалып, оларды Хетт және Ассирия сияқты
кейінгі патшалықтар пайдаланғандығын түсіндіру (1
минут).
|