400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хан Абылай

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: 2

Мектеп: Бозтал орта мектебі

Күні: 14.02

Мұғалім: Қолғанат Ақгүл

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Сабақтың тақырыбы: Хан Абылай

Оқу мақсат:

3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу;

3.1.4.1 – сөйлеу барысында суреттерді (қиялындағы) қолдану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіндерді түсінеді

Көпшілігі орындай алады:

Өз сөздерінде мәтіндегі ақпаратты пайдаланады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қорытынды ойды таба алады.

Ойлау дағдылары

Айтылым

Бағалау критерийлері

Тақырыпты болжайды, өлеңдердегі негізгі ойды түсінеді

Құндылықтарды игерту:

Елжандылық

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, математика


Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер, сызбалар,

Осыған дейін меңгерілген білім

«Сағыныш сазы» (әл-Фараби) (аңыз)

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


10 мин






















Сәлемдесу

Үй тапсырмасын тексеру

Миға шабуыл

Әл – Фараби қай дүниеге келді?

Әл-Фарабидің қандай еңбектерін білесіңдер?

Әл – Фараби неше тілді білді?

Оның шын аты кім?

Ол қандай пәндерді дамытуға үлес қосты?

Аңыздың аты қандай?

Аңызда кім туралы айтылған?

Аңыздың негізгі ойы қандай?

Адамның бойындағы жақсы қасиеттерін ата?

Адам бойындағы жаман қасиеттерді ата

Қызығушылықты ояту.

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Ойсергек.

Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Ойқозғау.

Сурет бойынша әңгіме құрайды.

Ол үшін төмендегі сұрақтарды пайдаланады:

Суретте кімдер бейнеленген?

Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардың?

Суреттегі ақ боз атқа мінген батырды кім дер едің?

Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?

Мағынаны ажырату.

Тақырып болжау.

Ел басына күн туғанда халықты жаудан қорғаған батырларымыз бар екені айтыла отырып, бүгінгі сабақтың ұраны елдік, ерлік екені болжанады


Интербелсенді тақта
























Сабақ ортасы


25мин









Мақсат, күтілетін нәтиже.

Батырлық. Ерлік. Бірлік. Ел бостандығы.

Тыңдалым.

Абылай хан туралы мәлімет

Абылайдың азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Түркістанды қалмақтар басып алғанда әкесі Уәли қайтыс болып, Әбілмансұр далаға қашып шығады да, аман қалады. Әбілмансұр барған жерінде ататегін жасырып, күн кешеді. Осы «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім бала үйсін Төле бидің қолына келеді. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасаты, ел билеу қабілеті, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. 1730– 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтайшы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің атын өшірмей, жауға «Абылайлап» ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ

даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.

Оқылымалды жұмыс.

Бұқар жырау – Абылай хан тұсында өмір сүрген жырау.

Оқылым. Түсініп оқу.

Оқулықтағы Бұқар жыраудың «Хан Абылай атандың» өлеңі оқылады. 3-тапсырма. Кестемен жұмыс.

Кестедегі өлең жолдары бойынша қандай сурет салатындарын айтады және болжау әдісін қолданып, «Жиналған батырларға Абылай хан не айтты деп ойлайсың?» деген сұраққа жауап береді.

4-тапсырма. Ойтолғау.

Мәтінге сүйеніп, Абылай ханға мінездеме беріледі. Өлеңдегі: «Үш жүздің басын құрадың ... Әділдікпен жүрдіңіз ... Жетім мен жесірге (халыққа) Ешбір жаман қылмадың..., Хан Абылай атандың», – деген сөздер қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау. Топтық жұмыс.

І топ. Өлең жолдарындағы мына үзінділердің мағынасын қалай түсінесің? Үш жүздің басын құрадың _____________________ ______ Әділдікпен жүрдіңіз, Әдепті іске кірдіңіз ..._________________ ____

ІІ топ. Суретке қарап, сұраққа жауап бер.

Суреттегі батырлар қайда аттанып барады? _______________________________________________ _______________________________________________ Cуреттегі оқиғаны дамытып болжап көр. ___________ _______________

ІІІ топ. Суретке қарап, Абылай ханды сипатта.


Интербелсенді тақта







Сурет қиындылары мен интербелсенді тақта








Сабақ соңы

5 мин



Үй тапсырмасы

Кері байланыс. Жазылым.

Абылай неге хан болған?

Қандай қасиеттері үшін?

ЖК: Абылай – жаудан елді қорғаған батыр, үш жүздің басын құраған хан деген жауаптар мақталып, топ алдында оқылады. Рефлексия.

Үй тапсырмасы. Өлеңді түсініп оқу

Карточка

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі