400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Хан мен қыз." дәстүрлі сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға аңыз-әңгімелер жайлы мәлімет беріп, меңгерту. «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын, онда не жайлы айтылған оқушыларға түсіндіру. Сөздіктегі сөзді дұрыс айтуға, жазуға баулу. Сөздік қорын молайту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Хан мен қыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға аңыз-әңгімелер жайлы мәлімет беріп, меңгерту. «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын, онда не жайлы айтылған оқушыларға түсіндіру. Сөздіктегі сөзді дұрыс айтуға, жазуға баулу. Сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік : Өмірдегі түрлі қиын жағдайлардан , дау-дамайлардан шыға білу үшін ақылды, тапқыр, сөзге шешен, өнерлі болу керектігіне тәрбиелеу;
Дамытушылық: Өткен сабақта алған білімдерін ұштастырып, білімдерін байытып, дамыту. Сөздік қорларын толықтыру. Актерлік қабілеттерін жетілдіру. Есту және көру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың түру:
Жаңа сабақ.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар!Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Рахмет, отыра ғой.
ІІ.Оқушының білімін тексеру.
- Оқушылар сендерге үйге не беріліп еді? Үй жұмысын кім айтады?
ІІІ. Жаңа сабақ мақсаты.
Ал, енді бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы аңыз- әңгімелер. «
Хан мен қыз» әңгімесі.
Аңыз-әңгімелер өте ертеден басталады. Мұнда көбінесе өмірде болған
оқиғалар суреттелініп, оларға қызықты, жағдайлар қосылып айтылады.І.

IV.Жаңа сабақ

«Қалың мал» (дәстүр, кәде). «Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» днп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», « отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», « жиырма жеті», « он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты.
Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).

V.Жаңа сабақ түсінгенін тексеру
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Аңыз-әңгімелерде қандай оқиғалар суреттелінеді?
2. Аңыз- әңгімелердің кейіпкері кімдер?
3. Жиренше қандай адам болған?
4. Хан Жиреншені үйіне не үшін шақырды?

VI.Бекіту.

Shape1



VII.Үйге тапсырма.Мазмұнын айту



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі