400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хан-Тəңірінің өткені мен бүгіні

Материал туралы қысқаша түсінік
Хан-Тəңірі жайлы толық ақпарат, онын зертелуімен ашлуы зертеліп толық ақпарат жиналған .Менім ашқан жаңалығым
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы облысы Талғар ауданы

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 36 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі













Тақырыбы:Хан Тәңірінің өткені мен бүгіні











Аты-жөні: Нұрғанат Тимур

Сыныбы: 9 «Ә»

Бағыты:география

Ғылыми жетекші: Талғарбекова Г



2017-2018 оқу жылы





Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты: Хан Тәңірінің жалпы тарихына шолу жасап, ол туралы аңыз-әңгімелерге сүйеніп , Хан Тәңірімен тұстасқан қазақ халқының ұлы тұлғаларының және  оған тиесілі ру­ха­ни құндылығын ұрпақ санасына сіңіру

Жұмыс кезеңдері:

I-кезең. Кіріспе бөлімінде тақырыптың мақсаты мен міндеттері, зерттелу деңгейі, ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәніне тоқталған.

II-кезең. Хан Тәңірі шыңының тарихы және  оған тиесілі рухани құндылықтары сонымен қатар Хан Тәңірімен тұстасқан қазақтың бірегей тұлғалары мен мифологиясына өткені мен бүгініне тоқталып өткен.

III-кезең.Жобаның қорытынды бөлімінде жалпы Хан Тәңірі туралы айта келе бұл тақырыптыңтың зерттеушілер тарапынан кезек күттірмес мәселе екендігіне тоқталады.

Зерттеу әдістері: табиғи аумақтың кешенінің (ТАК) кеңістік уақыттық құрылымын зерттеу,картографиялық зерттеу әдістері, экономикалық- географиялық зерттеулер.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: География пәні бойынша «Хан тәңірінің өткені мен бүгіні » туралы ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілді. Оқушылары ғылыми зерттеу жұмыс жүргізуге баулу жұмыстары арқылы жас зерттеуші деректерді жинақтап, топтап, талдау, зерттеу әдістерін пайдаланып өз бетінше зерттеуге үйренді. Жан-жақты деректермен, зерттеулер арқылы бұл жұмысты жинақтап оқырманға ұсынуға болады.















МАЗМҰНЫ

Кіріспе....................................................................................................3

1. Хан Тәңірі шыңымен байланысты тарих және  оған тиесілі рухани құндылық.................................................................................

2.Хан Тәңірімен тұстасқан қазақтың бірегей тұлғалары мен мифологиясы.......................................................................................

3.Хан Тәңірінің өткені мен бүгіні ....................................................

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

































Аннотация

















































Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Хан тәңірі – қазақ жерінің ең биік нүк­тесінің бірі. Тек қазақтың емес, солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте. Фудзияма – жапон елінің нышаны, жапондардың қасиет тұтатын тауы болса, Хан тәңірі шыңын да қазақ қашаннан қасиет тұтқан. Хан тәңірі деген ұғымның мағынасы «Рухтар әміршісі, құдайлар патшасы, аспан әміршісі» деген мағынаны білдіреді. Жыл сайын ондаған мың адам көтерілетін Фудзияма –Жапо­ния­ның ең биік жері (3776 м). Хан тәңірінің биік­тігі 7120 метр деп белгіленген. Тянь-Шан­­­ның ең биік шыңы – 7439 метрлік Жеңіс шыңы анықталғанға дейін Хан тәңірі ең биік шың саналып келді. Хан тәңірін де жапонның Фудзияма шыңы сияқты үнемі ба­сын бұлт бүркеп тұрады, көзге сирек ша­лы­нады. 1857 жылы Семенов–Тянь-Шанс­кий Тянь-Шань биік таулы тобын зерттей келе былай деп жазып қалдырыпты: «Біз күн­дізгі сағат бірлер шамасында таулы өткел үсті­не жеткенімізде көз шағылысардай күт­пеген көрініске тап болдық. Біздің тура оң­түстігімізден өз басым бұрын-соңды көр­меген ең үлкен жотаны көрдім. Жотада тө­бе­сін қар басқан оқшау алыптар жатыр. Со­ның ішінде пирамида тәрізді үшкіл ақ бас­ты шың басқалардан екі есе биік кө­рінді…». Бұл, әрине, аңызға айналған Хан тәңірі шыңы болатын.

Тәңір, Құдай, Алла – түркі халықтарымен қатар басқа халықтардың сенім, нанымымен тікелей байланысты жатады. Қытай тіліндегі Тянь-Шань атауының ескі қазақ тілінде Еренқабырға аталғаны белгілі болса, кейініректе Тәңіртау аталуын Қытай жеріндегі қазақ ағайындардан естиміз. Осы Тәңіртауының ең биік тауының Қантау аталуы, оның қалқасындағы найзадай шаншылып, төбесі сүйірлене келіп, аспанмен тіркескен тауды Хантәңірі тауы деп атауы көп замандар бойы барлық жұртты қызықтырып та, мән-мағынасын білуге ынтықтырып келді. Зерттеушілер Хантәңірі – «аспан әміршісі», «аспан тау», «құдайлар тауы» деген тұжырымға тоқтады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Хан Тәңірінің жалпы тарихына шолу жасап, ол туралы аңыз-әңгімелерге сүйеніп , Хан Тәңірімен тұстасқан қазақ халқының ұлы тұлғаларының және  оған тиесілі ру­ха­ни құндылығын ұрпақ санасына сіңіру

Зерттеудің міндеттері:кіріспе бөлімінде тақырыптың мақсаты мен міндеттері, зерттелу деңгейі, ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәніне тоқталу. Негізі бөлімінде Хан Тәңірі шыңының тарихы және  оған тиесілі рухани құндылықтары сонымен қатар Хан Тәңірімен тұстасқан қазақтың бірегей тұлғалары мен мифологиясына өткені мен бүгініне тоқталып өткен.Жобаның қорытынды бөлімінде жалпы Хан Тәңірі туралы айта келе бұл тақырыптыңтың зерттеушілер тарапынан кезек күттірмес мәселе екендігіне тоқталады

Күтілетін нәтиже: ғылыми жоба ұрпақтарымызға сан ғасырлық тарихымыздағы халқымыздың киелі мекеніне, қасиетті тауына айналған Хан Тәңірі шыңымен байланысты тарих және  оған тиесілі рухани құндылық тарын сіңіріп, жинақтаптап, топтау, талқылау арқылы болашақ ұрпаққа жеткізу.

Зерттеу әдістері: табиғи аумақтың кешенінің (ТАК) кеңістік уақыттық құрылымын зерттеу,картографиялық зерттеу әдістері, экономикалық- географиялық зерттеулер.

Зерттеудің тероиялық мәні: Хан Тәңірі – қазақ жерінің ең биік нүк­тесінің бірі. Тек қазақтың емес, солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте. Хан тәңірі шыңын да қазақ қашаннан қасиет тұтқан. Хан тәңірі деген ұғымның мағынасы «Рухтар әміршісі, құдайлар патшасы, аспан әміршісі» деген мағынаны білдіреді. Жыл сайын ондаған мың адам көтерілетін Хан тәңірінің биік­тігі 7120 метр деп белгіленген. Тянь-Шан­­­ның ең биік шыңы – 7439 метрлік Жеңіс шыңы анықталғанға дейін, Хан тәңірі ең биік шың саналып келді. Хан тәңірі шыңын үнемі ба­сын бұлт бүркеп тұрады, көзге сирек ша­лы­нады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: География пәні бойынша «Хан тәңірінің өткені мен бүгіні » туралы ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілді. Оқушылары ғылыми зерттеу жұмыс жүргізуге баулу жұмыстары арқылы жас зерттеуші деректерді жинақтап, топтап, талдау, зерттеу әдістерін пайдаланып өз бетінше зерттеуге үйренді. Жан-жақты деректермен, зерттеулер арқылы бұл жұмысты жинақтап оқырманға ұсынуға болады.





1. Хан тәңірі шыңымен байланысты тарих және  оған тиесілі рухани құндылықтар

Хан тәңірі шыңымен байланысты тарихты және  оған тиесілі рухани құндылықты сөз еткелі отырмыз.

– Хан тәңірі – бұлт жамылып, мұз киген,
Хан тәңірі – көкті құшып, күн сүйген,
Хан тәңірі жерге басын имеген,
Хан тәңірі – көк әлемін билеген.
Хан тәңірі – қаһарынан қайтпаған,
Хан тәңірі – ешкімге сыр айтпаған.
Хан тәңірі – ешкімге бой бермеген,
Хан тәңірі – еш бағынып көрмеген.
Хан тәңірі – қабағынан қар жауған,
Хан тәңірі – балағынан қан тамған,
Хан тәңірі – бағынбасқа серт қылған,
Хан тәңірі – қарсылассаң, мерт қылған, –
деп қыран ақын Қасым Аманжолов жырла­ған­дай, Хан тәңірі – қазақ жерінің ең биік нүк­тесінің бірі. Тек қазақтың емес, солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте. Фудзияма – жапон елінің нышаны, жапондардың қасиет тұтатын тауы болса, Хан тәңірі шыңын да қазақ қашаннан қасиет тұтқан. Хан тәңірі деген ұғымның мағынасы «Рухтар әміршісі, құдайлар патшасы, аспан әміршісі» деген мағынаны білдіреді. Жыл сайын ондаған мың адам көтерілетін Фудзияма –Жапо­ния­ның ең биік жері (3776 м). Хан тәңірінің биік­тігі 7120 метр деп белгіленген. Тянь-Шан­­­ның ең биік шыңы – 7439 метрлік Жеңіс шыңы анықталғанға дейін Хан тәңірі ең биік шың саналып келді. Хан тәңірін де жапонның Фудзияма шыңы сияқты үнемі ба­сын бұлт бүркеп тұрады, көзге сирек ша­лы­нады. 1857 жылы Семенов–Тянь-Шанс­кий Тянь-Шань биік таулы тобын зерттей келе былай деп жазып қалдырыпты: «Біз күн­дізгі сағат бірлер шамасында таулы өткел үсті­не жеткенімізде көз шағылысардай күт­пеген көрініске тап болдық. Біздің тура оң­түстігімізден өз басым бұрын-соңды көр­меген ең үлкен жотаны көрдім. Жотада тө­бе­сін қар басқан оқшау алыптар жатыр. Со­ның ішінде пирамида тәрізді үшкіл ақ бас­ты шың басқалардан екі есе биік кө­рінді…». Бұл, әрине, аңызға айналған Хан тәңірі шыңы болатын.
Хан тәңірінің қырғызша атауы Кан-Тоо, яғни «Хан тауы» немесе «Қанды тау». Қыр­ғыз орфографиясында «қ» әрпі жоқ, сондық­тан «кан» деп жазылады да «қан» деп айтыла­ды. Семенов-Тянь-Шанскийдің жазуына қа­ра­ғанда, жергілікті тұрғындар шыңның бір жақ шекесінің батар күннің шұғыласына бөленіп, оттай лаулап қызаратынына бай­ла­нысты «қанды тау» атап кеткен көрінеді. Кө­зімен көргендердің айтуы бойынша, шы­нында да, күн ұясына қонарда кешкі шапақ­пен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген алакөбең бұлт көлеңкелерімен құ­бы­лып, қып-қызыл қан шапшып тұрғандай кө­рінеді.

Шыңның осы қырғызша «қанды тау» атын табиғаттың осы тосын көрінісімен бірге Шыңғыс ханға апарып телитіндер де бар. Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де , тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде – біреуінің дәл қағандікіндей аса мол құпиясы қалған жоқ . Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірегейі – Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді.Ол өте сұңғыла ақылды адам болған. Шыңғыс хан аса құпия жағдайда жерленгендіктен , күні бүгінге дейін оның моласы беймәлім. Осының төңірегінде кейбір деректер мен ел аузында әр түрлі аңыздар бар. Онда Шыңғыс хан Хан Тәңірінің етегінде Байынқол өзенінің жағасында жерленген деседі. Сол аңызға сәйкес фото суреттер табылып, жорамалданған.













2.Хан Тәңірімен тұстасқан қазақтың бірегей тұлғалары мен мифологиясы

Ежелгі заманда адамдар Хан тәңірінің тү­біндегі көлге келіп, Тәңір тауына арнап құр­бандық шалатын болған-мыс. Хан тәңі­рінің қанды тау атын шыңды бағын­дыру­шы­лардың қазасымен байланыстыратындар да бар. Соңғысына сүйенсек, бұрынғыларын қос­пағанның өзінде, тек соңғы жылдардағы Хан тәңірінде болған адам өлімдерінің өзі шың­ның шынында да, осы «қанды тау» атын ақтағандай көрінеді. Мәселен, 1986 жылы Хан тәңірінде альпинистер Юрий Фили­мо­нов, Александр Шербаков және Албар Алпа­ров қар көшкініне тап болып, көз жұмды. 1993 жылы ішінде құрамында еңбек сіңірген спорт шебері, Эвересті бағындырған Вале­рий Хрищатый бар екі алматылық және үш ағыл­шын альпинисі шыңға шығар жолда қайтыс болды. 2000 жылы тамыз айында Хан тәңірін бағындыру жолында екі ресейлік және бір белорус альпинист қар көшкініне тап болып, қаза тапты. 2001 жылы 5 тамыз күні шыңда жорықта жүріп Иван Москалев көз жұмды. 2003 жылы тамызда Хан тәңі­рін­де 22 жастағы польшалық альпинист Ануш Прохожко опат болды. 2004 жылы тамыз айында шыңды бағындыру жолында жеті чех азаматы опат болды. Бұл тізімді жалғастыра берсек, созылып кетуі мүмкін.
Аспантаудың алып шыңдарының бірі Хан тәңірі үш мемлекеттің: Қазақстан, Қыр­ғыз­стан және Қытайдың шекарасында ор­наласқан. Қазақстанға таудың солтүстік бөлігі қарайды.
Қазақ жерінің ең биік нүктесінің бірі – Хан тәңірі (6995 метр; басқа дерек бойынша – 7010 метр) жайындағы тұңғыш мәлімет бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрынғы Қы­тай жылнамаларында кездеседі. Бірақ шың­ның тұңғыш рет ғылыми түрде ашылған кезі – ХIХ ғасырдың ортасы. 1856-1857 жыл­дары Тянь-Шаньға жасаған атақты сапа­рын­да белгілі орыс географы және саяхатшысы Се­менов-Тянь-Шанский Хан тәңіріне бай­ланысты көрген-білгенін алғашқы болып хатқа түсірді.
Осы жарық көрген ғылыми мәлімет орыс және шет елдің көптеген зерттеушілері мен аль­пинистерінің шыңға деген ынта-ықыла­сын аударды. Сөйтіп, 1864, 1876, 1886 жыл­дары орыс және шет ел оқымыстылары мен шың бағындырушыларының Хан тәңіріне бірнеше мәрте экспедиция ұйымдастыруына түрткі болды. Бірақ ХХ ғасырға дейін атақты шыңды бағындыруды ешкім қаперіне алған жоқ.
Жоғарыдағы от бүркіп, шоқ шашқан Қа­сым ағасының жолын қуған ақиық ақын Мұ­қағали Мақатаев та «Хан тәңірі» жырын­да:
– Шыңның мен танымаймын аласасын.
Төбеде аласамен таласасың.
Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хан тәңірімен жанасасың?
Шыңның мен ұнатамын биіктігін,
Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.
Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,
Қанеки, Хан тәңірінен иықты кім?!
Егерде құдірет болса, бөлшегіндей
(Алдында құдіреттің көр шегінбей.)
Шаншылып әнеу тұрған Хан тәңірі –
Шапшыған Тянь-Шаньның емшегіндей, –деп суреттеген Хан тәңірінің биіктігін өлшеу та­лай саяхатшы мен ғалымның арманы бол­ған.
Мұқағали Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны – жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғаттың асқақ жыршысы болды. Бұл егіз тақырып ақын шығармашылығында ажырамастан біте қайнасып, кереметтей сіңісіп кеткен.

Таулар менің таусылмайтын бақытым,

Ал, ырысым ұлан-ғайыр кең далам,- деп жырлайды.

Ақын суреттеуінде дала дидары әр қырынан жақсы жадырап ашылады.

Мұқағали бейнесі





Мұқағали шыңы





Өлгендер қайтіп келмейді романына арқау болған «Жарқұлақ » кен орны орналасқан. Рудасын 50-60 кг қаппен төмен қарай тасыған деседі. Сонымен қатар Бердібек жотасы орналасқан

Жарқұлақ алтын кен орны





Бердібек жотасы























3.Хан тәңірінің өткені мен бүгіні

1900 жылы италиялық княз, географ жә­не шың бағындырушы Ч.Боргезе мен М.Цурбригтен бірінші болып Хан тәңірінің ба­сына шығуға талпыныс жасағанмен, орта жол­дан қайтуға мәжбүр болды. Олар жет­кізген мәлімет бойынша, 1902 жылы неміс геог­рафы және альпинист Мерцбахер на­рын­қолдық аңшы Н.Нобаковты жолбасшы етіп алып, таудың 5500 метр биігіне дейін кө­терілді.
Бірақ жып-жылтыр мұздан жасалған пи­ра­мида іспетті Хан тәңірінің сұсты бейнесіне көз жүгірткен сайын, ары қарай жүруге жү­ре­гі дауаламай, шыңды бағындыру үмітін үзуі­не тура келді. Сөйтіп, өзінің күнделігіне: «Тянь-Шань – альпинистер қызығатын орын емес» деп жазып қалдырды. Дегенмен Мерцбахердің Хан тәңірінің орналасқан жерін анықтаған сызбалары көп жылға дейін картографиялық құнды құжат ретінде маңыз­ды рөл атқарды. География ғылымы не­містің осы айтулы азаматына таудың биік­тігін анықтап бергені үшін де қарыздар. Сол кездегі прибордың көрсетуі бойынша, Хан тәңірінің биіктігі 7000 метрге жуық. Мерц­бахерден кейін Хан тәңіріне 27 жылдан кейін ғана жол түсті. 1929 жылы мәскеулік жас аль­пинистердің шыңды бағындырмақ бол­ған әрекеті қайғылы түрде аяқтала жаздап, жорықшылар келген ізімен кері қайтуға мәж­бүр болды. Дәл осы жылы Орталық Тянь-Шань тауларын тыңғылықты түрде зерт­теуді қайтпас қайсар украиналық сая­хатшы-альпинист Т.Погребецкий қолға ал­ды.
Ол басқарған экспедицияның іргелі зерт­теуі нәтижесінде Тянь-Шань туралы география ғылымы соны деректермен бір­шама молыға түсті. 1931 жылы Погребецкий өзі басқарған жорықшылар алдына Хан тәңірін қалай да бағындыру мақсатын батыл қойды. Сөйтіп, бөгет болар небір табиғи қиыншылықтарға және қазіргідей жетілген құрал-жабдықтың жоқтығына қарамай, шың басына оң жағынан беттеген экспедиция көп ұзамай жердегі әлеммен байланысты жоғал­қанына қарамастан, көздеген мақсаттарына жетті. 1931 жылы 11 қыркүйек күні жаужүрек Ми­хайл Погребецкий, Борис Тюрин және Франц Зауберер Хан тәңірінің ұшар басында тұрды. Бұны Ұлы Жеңіс деп атауға болатын. Шың басына апарған осы жол әлі күнге дейін ең оңтайлы классикалық маршрут са­на­лады. Погребецкий бастаған топ шыңның биіктігін теңіз деңгейі бойынша анықтады.
Ол бойынша Хан тәңірінің биіктігі 6995 метр болып белгіленді. Ал бүгінгі өлшем бұ­дан басқаша, 7000 метрден асады. Мұны кей­біреулер коммерциялық қызығушы­лық­тан туған өлшем, себебі туризм – ең көп тү­сім түсіретін бизнес, сондықтан бұл жерде на­рықтық экономика басты рөл ойнауы мүм­кін деседі. Кім білсін…
Соғысқа дейін адамдар Хан тәңірінде та­ғы да екі рет болып қайтты. 1936 жылы 12 адам­нан құралған алматылық альпинистер то­бы шыңға батыс жағынан өрледі. Сөйтіп, олар­дың ішінен үш адам: Колокольников, Тю­тенников және Кибардин ғана шың ба­сына көтерілді. Алматылықтардың ізімен іле-шала аттанған мәскеулік альпинистер тобының талпынысы сәтсіз аяқталып, бір адам­ның өліміне әкеп соқты. Қалың қар көш­кініне тап болған мәскеулік топтың біра­зы үсіп қалып, ұшақ арқылы әрең құт­қарылды.
1964 жылы мәскеулік альпинистер К.Ку­зьмин мен Б.Романов Хан тәңіріне сол­түстік және оңтүстік жағынан жаңа бағыт сал­ды. 1964 жылы «Труд» командасы құра­мын­да Лидия Романова әйелдер арасынан тұңғыш рет Хан тәңірі шыңын бағындыруға қатысты. 1970 жылы «Локомотив» және «Труд» атымен белгілі альпинистер тобы шың­ға көтерілді. 1974 жылы шыңның сол­түстік қабырғасын Э.Мысловский мен Б.Сту­денин бағындырды. Хан тәңірін 1988 жы­лы Е.Дармин мен А.Савин шығыс жа­ғынан шығып бағындырды. 1989 жылы шың­ды алматылықтар тағы да бағындырды. 2015 жылы 15 тамызда пайғамбар жасындағы Глеб Соколов Хан тәңірі шыңына 33 рет шығып, рекорд жасады. Қазақ халқының аты­нан Мақсұт Жұмабаев Хан тәңірі шыңын тұң­ғыш рет 2012 жылы бағындырды.
Қазақ жерінің коды саналатын қасиетті шыңды әлі де терең зерттеп, тарихы мен ру­ха­ни құндылығын ұрпақ санасына сіңіру – ал­дағының міндеті. Хан тәңірінің әзірге біз білетін сыры осындай…






















Қорытынды

Қазақстанның табиғаты аса көркем әрі бай. Кең байтақ жерімізде тау, орман да, төбелер мен жазықтар да бар. Қазақ жерінің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995м жоғары (кейбір деректерде7010 метр деп көрсетіледі ).
Хан Тәңірі… десе, Шер-ағамыздың «Бір кем дүниесі» еріксіз еске түседі. Неге десеңіз, бұл шың бар-жоғы бес метрге «бойын» ұзартса, «жетімыңдық» шыңдардың жампозы болғалы тұр еді. Қайтесіз, бір кем дүние… Енді бір есеп-қисап бойынша, оның биіктігі 7010 метрден де асып жығылатын көрінеді. Қалай болса да, Аспантаудың (Тянь-шань) алып шыңдарының бірі — Хан Тәңірін (Тәңір тауы немесе «қанды тау» деп те аталады) білмейтін жан жоқ. Қызық болғанда, шың Қазақстан, Қырғызстан және Қытай секілді үш мемлекеттің шекарасын түйістіріп тұр. Бізге қарайтыны — оның солтүстік бөлігі. Шыңның ерекшелігі неде десеңіз, оның жып-жылтыр мұздан жасалғандай үшкір пирамида пішіндес болып келуі, әрі жапонның Фудзияма шыңындай басын үнемі тұман бүркеп тұруы оның төңірегінде талай аңыз-әфсананы туғызған. Мысалға, көзкөргендердің айтуынша, күн ұясына қонарда кешкі шапақпен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген ала көбең бұлт көлеңкелерімен құбылып, қып-қызыл қан шапшып тұрғандай көрінеді екен. Осыдан да Хан Тәңірі шыңын «қанды тау» деп атап кеткен деседі. Ең алғаш қазақ жерінің ең биік нүктесі турасындағы мәліметтер бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрын Қытай жылнамаларында кездессе керек. Алайда, шыңның алғаш рет ғылыми түрде ашылған кезі — XIX ғасырдың ортасы, 1856-1857 жылдары Тянь-Шаньға жасаған атақты сапарында орыс географы және саяхатшысы Семенов Тянь-Шаньский Хан Тәңіріне банланысты көрген-білгенін бірінші болып хатқа түсірді. Жауһарларымызды бағалай білейік, !

Пайдаланған әдебиеттер


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 сәуір
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі