жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ханталапай ойыны" - ашық сабақ
«Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі- балабақшасы » КММ
өткен «Ханталапай» (сырттай) республикалық байқауы.
Байқаудың қорытындысы бойынша ақпарат
|
Аудан атаулары (өңірлер атауларын жеке жазу) |
Байқауға қатысқан МДҰ саны |
Байқауға қатысушылар саны |
Жеңімпаз туралы мәлімет (баланың аты-жөні, жасы) |
|
Благовещенка селосы, Жамбыл ауданы Солтүстік Қазақстан облысы |
1. «Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі- балабақшасы » КММ |
4 |
Асылханов Амир Асетович 5 жаста |
|
|
2. «Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі » КММ мектепалды даярлық тобы |
3 |
Айдар Ерасыл Жандос ұлы 6 жаста |
|
|
3.«Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі » КММ «Балдәурен» шағын орталығы |
3 |
Идрисов АсылханАсылбекұлы 5 жаста |
«Ханталапай» ұлттық ойынының сценариі.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын
дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік,
дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал
ету.
Міндеттері: Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық
сезімдерін және Отанға туған, өлкеге деген сүйіспеншілігін
ояту.
Жүргізуші: Армысыздар ата – аналар,
ұстаздар, қонақтар! Олай болса бүгінгі қазақтың ұлттық ойының бірі
-«Ханталапай» ойыны байқауына қош келдіңіздер!
Асық ойындары - қазақ халқының ойындарының бірі. Ұлттық ойындар
көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына,
шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының
ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген.
Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт
ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен
балалар ойының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан
асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан
көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан
жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа,
байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынды еңбектеген баладан, еңкейген
кәріге дейін ойнайтын болған. Біз солардың ел есінде сақталған
үлгілерін келтіріп отырмыз. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер,
халық қайраткерлері ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып
өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары
осылайша атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып
отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі
мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды. Ұлы ақын Абай атамыз да
асық ойыны, яғни «Ханталапай» ойынын жақсы ойнаған. Бүгінгі
байқауымызды ашу үшін сөз кезегін мектеп-балабақша директоры
Умарова А.Т.береміз.
Алдымен әділқазы мүшелерін сайлаймыз:
1) мектеп директоры Умарова А.Т.
2) балабақша медбикесі Бектемирова К.К.
3) Есепші Шаукерова Е. М.
Жүргізуші:Ол ойын «Ханталапай» деп аталады. Қанеки сендер шеңбер
болып отыра қойыңдар.
Ойын
барысы:
Шаттық шеңбер:
Аспан түрді түндігін,
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн болсын!
Жүргізуш: Ойынды бастар
алдында
«Талапай - ау, талапай»
Табылды ойын алақай деп айтады. Балалармен бірге қайталайды,
қоржындағы асықтарды, отырған балаларға шашады.
Балалар: Жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп
алады. Жинаған асықтарын санай бастайды, әр бала жинаған асықтарын
тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына түскен бала
ойынды бірінші бастайды. Тигізген асықтарды ұтып
алады.
Тигізе алмай қалған жағдайда
ойын жүргізушінің тапсырмасын орындайды.
Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес интелектуалдық
тапсырмалар алдын ала дайындалады.
Сұрақтар:
1) Төрт – түлікті ата?
2) Сүт тағамдарын ата?
3) Жылқының сүтін не деп атайды?
4) Қазір жылдың қай мезгілі?
5) Көктем мезгіліндегі мерекелерді атаңыз?
6) Қазақтың ою - өрнектерін
ата?
Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз. Балалар, сендер асық атауларын білесіңдер ме?
Балалар асық атауларын бүк, шік, тәйке, алшы –деп атайды.
Тапсырмаға дұрыс жауап берсе келесі асықты атады. Екінші рет тизіге
алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер
бала тапсырмаға жауап бере алмаса басқа балалардың жауап беруіне
болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға
беріледі. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында әр бала ұпай
асықтарын санайды.
Әділқазы әділ төрелігін айтқанша «Балдәурен»
тобының балаларының өнерлерін тамашалаңыздар.
Ән: «Қос бәйтерегім »
Қантарова Сезімнің орындауында қабыл
алыңыздар.
Ата балаларға «Епті бала», «Мерген бала», «Жеңімпаз бала», «Зерек
бала», «Алғыр бала», «Шапшаң бала» деген атақтарды атай отырып,
бата беріп.
Қазақтың ұлттық ойынын еске түсіріп, жаңғыртып, нақышына келтіріп ойнаған «Балдәурен» шағын орталығы, мектеп-балабақша ,мектепалды даярлық топ бүлдіршіндерінің ойынын тамашалаңыздар. Келесі жылы да осы қазақтың ұлттық ойындарын үрдіске айналдырып, жалғасын таба берсін. Жылдан – жылға аман - есен, жете берейік. Қош сау болыңыздар!
Ойын барысынан көрініс




Идрисов АсылханАсылбекұлы
5 жаста
«Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі » КММ «Балдәурен» шағын орталығы

Айдар Ерасыл Жандосұлы
6 жаста
«Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі » КММ мектепалды даярлық тобы

Асылханов Амир Асетович
5 жаста
«Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі- балабақшасы » КММ


«Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі- балабақшасы » КММ
қазақ тілі мұғалімі Шалабаева Альфия Қанатқызы

«Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі » КММ мектепалды даярлық тобы
тәрбиеші Садуева Гүлсара Еркебұланқызы

«Благовешенка жалпы орта білім беру мектебі » КММ мектепалды даярлық тобы
тәрбиеші Касенова Бейнегүл Қирашқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген