15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ханзада мен Ханшайым
Ханзада мен Ханшайым
Жүргізуші:
Қайырлы күн,ақ жаулықты әжелер,аяулы аналар,ару қыздар.Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз аналар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз,әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз жайдарлы болсын.
Ал қонақтар ,қонақтар.
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шығып келеді,
Қол соғып қарсы алайық.
Қездесер сәтте бүгінгі
Жүректер дүрсілдеуде.
Қырандай қанат қағып
Сайысқа келдіңдер ме,
Жүргізуші : Алдымен әділқазылармен таныс болыңыздар
Әділқазы береді
Өздеріңе билікті
Сайыста кім жеңеді
Сол алады сыйлықты - дегендей бүгінгі күннің әділқазыларымен
таныс болыңыздар :
1 . б/б әдіскері Асылай Мұхаметқызы
2 . б/б психологі Зоя Өтеуқызы
3 . Қарлығаш тобыңын ата- анасы Айнаш апай Рауль Мерует әжесі
Сайыс 6 кезеңнен тұрады
1. Таныстыру
2. Өз өнері
3. Сән үлгісі
4. Қол өнер
5. Ас мазірі «Ас-адамның арқауы»
6. Сұрақ –жауап.
1 Кезең « Өзін-өзі таныстыру»
Ханзада мен Ханшайым келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппенен, ізетпен танысуға.
1. Рауль Мерует пен Тлеген Әкежан
2 Ғабит Айзере мен Нұрдаулет Алихан
3 . Асылбекқызы Камила мен Қайыржан Асылхан
4. Қуандық Назгул мен Асқаров Мансур
5. Шоқпарова Нурай мен Қанатұлы Нартай
6. Сырым Қорлан мен Төлес Даулетхан
2 кезең « Өз- Өнері»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бүгінгі сайысымызға бәйге алуға
Жігіттер аянбай –ақ жан салыпты.
3 кезең « Сән үлгісі»
4 кезең «Қол өнер»
Өздерінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген,мығым қылық.
Келесі бүл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге шеберлілік.
5 кезең «Ас мәзірі»
Жүргізуші :
6 кезең «Сұрақ – жауап»
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер
Келді кезек оқу менен білімге
Бұл сыннан да өтсеңегер сұрінбей
Жүлде саған қуана бер, күлімде
Жүргізуші: Әділқазы баға бергенше кезекті балаларға берейік.
Той тойлап дала мен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін, құттықтауға келе жатыр балаларың!
Ортаға бір топ қыздар :
1 Назгүл:
Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама
Әжесіз өмір болама
Айтыңдаршы , баршаң да?
2.Қорлан:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болса бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес балада
3. Айзере:
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
4. Мерует:
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
5. Нурай:
Мамочка любимая
Праздник у тебя
Будь же ты красива и счастлива всегда
6.Камила:
Әжемнің жұлдызы,
Анамның құндызы,
Қазақтың бір қызымын
Жүргізуші:
Соңғы кезде көбейді,
«Жігіттер» биі тамаша.
Оны қазір билейді,
Балаларымыз жарыса.
Енді кезекті балаларымызға берейік:
1.Бекарыс:
Анашым менің анашым
Мәпелеп өсірген сен едің
Мейірімің қандай керемет?
Анашым менің анашым
2.Нартай:
Анашым аяулым сен едің
Серігі болған біздердің
Түн ұйқысын төрт бөлген
Қамқоршы менің анашым
3.Әкежан:
Әже біздің күніміз
Әже біздің гүліміз
Бізді әже қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
4.Мансур:
Анашым асыл сен едің
Бізднрді бесігіңме тербеткен
Аямаған біздерден
Ардақты анашым сен едің
5.Ибрахим:
Ақылшымыз данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Аодымызда жүріңіз
Ортада «Көңілді би» қыздарымыздың орындауында.
Жұргізуші:
Асыл әжем мақтанышым менің де ,
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
«Әже» әні Рауль Меруеттің орындауында
Тақпақтар :
1.Асылхан:
Тәттілерін сақтайды
Асылханға берем деп
Мен тілеймін әрқашан
Әжем аман болсын деп
2.Самирхан:
Я желаю чтоб улыбка
На лице твоем цвела
Чтоб ты мама, не болела
Чтоб здоровою была
3.Дәулетхан:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасың сағынам
4.Әмір:
Жақсылыққа шақырып
Жамандықтан тияды
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құйяды
5.Әлихан:
Мен мұғалім анамның
Өнегесін аламын
Ертең менде анамдай
Оқытушы боламын
Жүргізуші:
Біздің топтың ұлдары
Шет-шетінен ақылды-ақ
Мен қазақпын деп ән айтып
Өлең айтар тақылдап
Ән «Мен қызықпын» орындайтын Дәулетхан .
Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен сайысымызды аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадымыңа – деп отырып бүгіегі шарамызды аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген