Материалдар / "Ханзада мен Ханшайым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ханзада мен Ханшайым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бақшамызда Жаңа жыл!»

Кейіпкерлер: Кәмпит-жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Қоян

Жаңа жылдық көңілді әнмен балалар залға кіреді, орындарына отырады.

Кәмпит(жүргізуші): (ортаға билеп шығады)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Жаңа-жыл келді бізге, міне,

Далама, қалама, жеріме.

Шатыққа бөлеп әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

Балалар, мен Аяз-атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалған кәмпит боламын. Ал аяз –ата сендерге әлі жеткен жоқ па?

Балалар: Жоқ!

Кәмпит(жүргізуші): Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар.

  • Алло, ата барлық балалар шыршаның қасында сізді күтіп отыр,шырша да жанбаған. Неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?

Аяз-Ата: Алло-алло! Иә- ұмытып кетіппін, қазір жетемін.

Кәмпит(жүргізуші): Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір ән айтайық.

Ән: «______________»

Кәмпит(жүргізуші): -Балалар, Аяз атаға дауысымыздықатты шығарып жол табуына көмектесейік. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).

Әуенмен Аяз ата, Ақшақар залға келеді.

Кәмпит(жүргізуші): Алақай! Аяз-Ата,Ақшақар, армысыз! Жылдағыдай бармысыз?!

Аяз-Ата: Сәлеметсіңдер ме менің кіп-кішкентай балақандарым! Мерекеге жақсы дайындалыпсыңдар!  Шырша неге жанбай тұр? Кәне, шамдарын жағайық.

Қоян кіріп келеді. Жылайды.

Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, мүмкін көмегіміз керек шығар?

Қоян: Қысқа дайындалып, жаңа жылға деп сүйікті тамағым сәбіздерімді жинап, дайындап қойым ем, таба алмай қалдым.

Ақшақар: Қап! Балалар, қалай көмектесуге болады қоянға?

Балалар: Сәбіздерін тауып, жинап берейік.

Кәмпит(жүргізуші): Біздің балалар мейрімді, әрқашан көмекке әзір. Қоян, көңіліңді көтер, балалар ойнап жүріп-ақ тамағыңды тауып, жинап береді.

ОЙЫН: «Сәбіздерді жинау»

Шарты: Ортаға 2 баланы шығарып, алдыларында тұрған корзинаға сәбіздері жабыстыру қажет. Қай бала тез жабыстырып аяқтаса, сол жеңімпаз.

Қоян: Алақай балалар, менің сәбіздерім табылып қуанып қалдым. Көп рахмет сендерге. Олай болса, келіңдер, менімен би билеңдер.

Би: «Аңдар»

Ақшақар:  Аяз ата, көрдіңізбе, балалар өсіп, ақылды,мейрімді болып қалыпты. Енді сіз тақпақтарын тыңдап, кәмпиттерін үлестіріңіз ата!

Тақпақтар:

Кәмпит(жүргізуші): Аяз ата! Балалар тек тақпақ емес ән де әзірледі. Демалып отырып, тамашалаңыз.

Ән: «______________»

Қоян тағы да көңілсіз болып қалады.

Кәмпит(жүргізуші): Қоян тағы не болып қалды? Көңіл күйің неге жоқ?

Қоян: Мен жаңа жылға дайын емеспін, шыршам да жоқ.

Жүргізуші: Қоянжан, еш алаңдама, біз саған береміз шыршаны. Алағой.

Қоян тағы да көңілсіз болып қалады.

Жүргізуші: Қоян, шыршаң бар, енді болып қалды?

Қоян: Шыршаны қалай сәндеймін? Ойыншықтарым жоқ.

Кәмпит(жүргізуші): Ой Қоянжан! Сен біздің балалардан асқан ерке болдыңғой. Шыршаны да, ойыншықтарын да береміз. Бірақ мұңаймашы енді. Біздің балалардан үйрен, қалай сәндеуін де көрсетіп берсін.

Қоян: Распа? Балалар, көрсетіңдерші. –деп секіріп жүреді.

Ойын: «Шыршаны сәндеу»

Шарты: Ортаға 2 баланы шығарып, алдыларына 2 кішкентай шырша қойылады. Мәреде тұрған ойыншықтарды жүгіріп барып әкеліп шыршаға ілу қажет.Қай бала тез әрі әдемі сәндесе, сол жеңімпаз.

Қоян: Алақай! Балалар рахмет, жаңа жылға дап дайынмын. –деп қуаныштан билейді.

Ақшақар: Қоян, тоқта-тоқта, сен шаршап қалаларсың, оданда біздің қыздарымыз тамаша би билеп берсін.

Би: «Тәтті кәмпиттер» (қыздар)

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балалар! Әр қайсыңды көріп, бақылап, көзім жетті. Сендер расымен өсіп, ақылды болыпсыңдар. Мен отырып шаршады, сендермен жаңа жылдық хоровод жасағым келіп тұр. Келіңдер маған.

Хоровод: «Кішкентай шырша»

Ақшақар: Аяз ата! Біздің баратын жерлеріміз өте көп, кешікпей жетейік.

Қоян тағы да көңілсіз болып қалады.

Ақшақар: Қоян жан-ау! Не болып қалды тағыда? Неге көңілсіз болып қалдың?

Қоян: Менде сендермен жаңа жылды тойлауға барғым келеді. Апарыңдаршы мені де.

Кәмпит(жүргізуші): Қоянжан, сен ғана емес, біздің де балалар мерекеде Аяз атамен тойлағысы келеді. Олай болса қазір бәріміз жақсылап би билеп алайық та, жолға шығайық.

Би: Кішкентай аяз аталар (ұлдар)

Кәмпит(жүргізуші): Осымен біздің балбақшамыздағы жаңа жылдық ертеңгілігіміз өз соңына жетті. Енді Аяз ата, ақшақар, Қоян бәріміз әрі қарай көңіл көтеруге жолға шығамыз. Сау болыңыздар құрметті қонақтар. Жаңа жыл мейірім, махаббат, бар жақсылығын ала келсін.

Аяз атаның соңынан барлығы еріп шығып кетеді.





































42 «Айналайын» МДҰ



















Ортаңғы топ балаларына арналған

«Бақшамызда Жаңа жыл!» атты ертеңгілік сценарийі







Музыка жетекшісі: Муканова Т.И.













Ақтөбе-2023

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!