Материалдар / Ханзада мен ханшайым 8- Наурыз

Ханзада мен ханшайым 8- Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ханзада мен ханшайым" атты аналар мерекесіне арналған сценарий МАД топтары мен сыныптарына арналған. Ертеңгілікте ертегі желісі бойынша аналар мерекесіне арналған қойылым қойылады. Ертеңгілікте ән, тақпақ, би, ойын, көріністер араласып ретімен сценарий бойынша жүреді.. ертеңгңлік қызықты өтеді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Аналар мерекесі. Ханзада мен ханшайым

Бастаушы: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты аналар, әжелер, ұстаздар, қызғалдақ қыздар. Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын!

Ортаға екі бала шығады. 1 бала: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Раяна Ана дейді жас сәбиде жарқылдап. Ана-деген бәйтерегі өмірдің Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

2 бала: Той пердесін ашайық Қазыбек Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Мерекесін бастайық.

-Қазыбек, сен білесің бе? Дүниедегі ең қымбатты жан кім? -Әрине, ол-Ана! Ал дүниедегі ең жұмсақ не? -Ол-ананың аяулы алақаны. -Ал дүниедегі ең тәтті не? -Ол ананың ақ сүті. -Ана- ештеңеге айырбастамайтын ардақты да, қадірлі жан. Ананы құрметтеп, сыйлап, айтқанын бұлжытпай орындау қажет. -Ендеше аналарымызға жырдан шашу шашайық.

Бүгінгі көктем күнінде, Ғұламжан Барлық адам қуанар. Аналарды мейраммен Құттықтайды балалар.

Жамандықтан сақтандырып Әсем Жақсы есімді мақтан қылып. Мәпелеген ақ мамамды, Жүрсем деймін шаттандырып.

Келбетіңде ұлылық, Асылхан Даладай кең пейілің. Ана деген- жылылық, Ана деген- мейірім.

Ақыл құйған санама, Күннен де артық расында. Алиасқар Күн алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда.

Қандай бала болмайық Анамызға балдаймыз. Қасиет Көтерейік көңілді, Ән салайық бәріміз.

Ән: «Ақ мамам»

-Қазыбек, бізді арқашан еркелететін, шаң жуытпай өсіретін, барған жерінен кәмпит әкелетін асыл жан кім деп ойлайсың? -Ол әрине, біздің сүйікті әжелеріміз ғой. -Әжелерімізге де ыстық лебіздерімізді білдірейік.

Әжемді мейрамымен құттықтаймын, Аяжан Айтатын ән, беретін гүлім дайын. Әжетай сені жақсы көремін деп Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Әжем менің әлі де М. Арсен Ұқсамайды кәріге. Шай қайнатып береді, Біздің үйдің бәріне.

Өзің мені өсірген, Нұрай Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген, Шөлдедің бе. дана әжем.

Шай қайнатып берейін Т. Арсен Шекер қосып бал әжем Өзім құйып берейін, Балдай тәтті бал әжем.

Сөзімді дұрыстайтын әже, Амина Айғайлап ұрыспайтын әже. Қыдырса ерте кететін әже, Ылғи да еркелететін әже. Алысқа кетпе дейтін әже, Келмесем өкпелейтін әже. Бәрі де есімде жүреді әже, Ойынға досым шақырып тұр Апама айтпай жібересің бе әже?

Ән: «Әжетайым»

-Қазыбек, дүниедегі ең керемет асыл жандарды бүгін қалай қуантсақ болады?

-Раяна, қуантудың жоддары көп қой, әнмен, жырмен, бимен.

-Қазыбек, біз аналарымызға бір қызықты ертегі айтып берсек, оған қалай қарайсын?

-Дұрыс айтасың, Раяна. Біздің де аналарымыз ұйықтар алдында бізге ертегі айтып береді емес пе? Ендеше «Түймеқыз» атты ертегіні қабыл алыңыздар!

-Балалар, ертеде бір әйел болыпты. Ол ана болуды армандап жүрген екен. Бір күні ол жолға шығады. Келе жатып құмыра тауып алады.

Әйел: Әсем

-Бұл не қылған құмыра, ішінде ештеңе жоқ. Мүмкін бұл құмыраның бір сиқыры бар шығар. Кәне қозғап көрейінші. (Қозғайды)

Музыкамен сиқыршы шығады.

Сиқыршы: Арсен Менің қандай көмегім қажет, қожайын? Әйел: Менің арманым-ана болу.

Сиқыршы: Арманыңыз орындалады, қожайын. Мына дәнді алып құмыраға егіңіз. Күніге суарып, күтіп баптаңыз. Сонда ғана арманыңыз орындалады.

Әйел: Рахмет, сізге! Айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын.

-Шіркін, кіп-кішкентай қызым болса, арманым болмас еді. Қызымның атын Түймеқыз деп қояр едім, алақаныма салып, аялап өсірер едім. А! Ұмытып кетіппін ғой, дәнді егейін. (кетеді)

Би: «Гүлдер»

Гүлден Түймеқыз шығады, құстар үні естіледі. Сабина

Түймеқыз: (Жан-жағына қарап) Қандай әсем табиғат. Сайраған құстар керемет! Барып серуендеп келейін.

Қары еріп даланың, Бибігүл Арықтардан су ақты. Ақ жүзіндей ананың, Көктем келді шуақты.

Көктем келді далаға, Інжу Құлпырады айнала. Қызыл, жасыл гүлдерге Бөленеді баулар да.

Құстар қайтты еліне, Шыңғыс Туған жердің төріне. Табиғаттың келбеті, Ғажайып қой бүгін де.

Көктем қандай көңілді, Еркеназ Көктен жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, Күннің көзі көрінді.

Көктем, көктем көктемде. Томирис Құстар келіп жеткенде. Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз.

Ән: «Көктем келді»

(Түймеқыз шығады) -Ох, шаршағаным-ай! Кішкене ұйықтап алайыншы. (Қауызға кіреді)

Бақа шығады: Бекнар

-Мыны қыздың әдемісін-ай! Өзі кіп-кішкентай. Маған қыз болуға жарап қалар. Мен бұл қызды үйге әкетейін.

Қазыбек: Мерекені жалғастырайық, ән мен жырдан шашу шашайық!

Ағылшын тақпақ, ән.

Раяна: Бақа Түймеқызды үйіне апарып келе жатса қоңыз кездеседі.

Бақа: Амансың ба, қоңыз досым! Бекнар

Қоңыз: Есенбісің, бақа? Димаш

Бақа: Ия, қандай шаруамен жүрсің?

Қоңыз: Бақа қызды болды деп, Жәндік біткен шулап жүр. Қызыңызды көрейік, Көріндігін берейік.

(Бақа қызды ертіп келеді)

Бақа: Бекнар Кіп-кішкентай бойы бар, Түймеқыз деген қызым бар.

Қоңыз: Димаш Пай-пай шіркін нәзік қой, Үзіліп түскен гүлдей гой. Қоңыздар, кел ортаға, Бізде де өнер баршылық.

Би : «Қоңыздар»

Қоңыз: Түймеқыз маған да ұнап тұр. Үйіме алап кетейін.

Бақа ортаға шығып оларды іздейді, таппай қалады.

Ойын: «Гүлді топтау»

Қоңыз Түймеқызды алып шығады: Димаш:

-Қызым, үйден шықпағын, Ешқайда сен бармағын. Мен орманға кетемін, Қорек жинап келемін. (кетеді)

Түймеқыз: Хош иісті әсем гүлдер, Көңілсізсің неге сендер? Шөлдесеңдер суғарайын, Күтіп баптап қарайын.

Сиқырлы әуенмен Ханзада шығады: Ади

Көркіне көз тоймайтын, Елжіретпей қоймайтын. Кіп кішкентай айдай қыз, Атыңызды айтсаңыз.

Түймеқыз: Сұрасаңыз айтайын, Жарып шыққан қауызын. Жұпар иіс шашатын, Мен Түймеқыз боламын.

Ханзада бір рет гүлді айналып шығады:

Түймеқыз енді емессің, Сабина сенің есімің. Әсем гүлдер патшайымы, Қарсы алыңдар ханшайымды.

Би: «Минуэт»

Раяна: Осылайша Түймеқыз гүлдер патшайымына айналды.

Қазыбек: Ал, енді мерекемізді жалғастырайық.

Жалықпастан үйреніп, Ф. Кәусар Бірнеше тіл білеміз. Сүйікті ана туралы Тақпақ айтып береміз.

Орысша тақпақ ән.

Бүгінгі құтты болсын, Ә. Кәусар Мереке күндеріңіз. Сыйланар тек сіздерге, Қызғалдақ гүлдеріміз.

Бақыттың бақшасында, Шаттанып күліңіздер. Бекнар Көтемнің күніндей боп, Күлімдеп жүріңіздер.

2 жүргізуші:

-Көктемменен қатар кеп, Аналардың мейрамы.

-Көрсетіп көп өнерді . Қуанта алдық сіздерді.

Екеуі: Мерекемен тағы да, Барлығы: Құттықтаймыз сіздерді!



28 Қаңтар 2025
198
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі