Хаттама №1

Тақырып бойынша 20 материал табылды

Хаттама №1

Материал туралы қысқаша түсінік
«4-5 жастағы балалардың даму ерекшелігі» Күні: 19.09.23 ж. Уақыты: 17:25 «Құлыншақ» ересек тобындағы ата - ана жиналысының №1 Хаттамасы Қатысқан ата - аналар саны: 14 Қатыспағандар: 20 Күн тәртібінде: 1. Тренинг «Менің балам» 2. 2023- 2024 жаңа оқу жылының іс - жоспарымен таныстыру. Балабақшаның күн тәртібі. «Үлгілік оқу» бағдарламасы бойынша нені білу керек және үйірме жоспарымен таныстыру (балабақшаның күн тәртібі, сабақ кестесі, (презентация) Тәрбиеші: Тилейхан Катила 3. Медбикенің балабақша ішіндегі жұмыс жоспары. Балабақшаның «Ас мәзірі». Балабақшаға қабылдануы (Фильтрация). Баланың жеке паспорты. Тұз бөлмесіне ақпарат. Жұқпалы аурулардың алдын алу. Карантин шаралары. (15 мин) Балабақша медбикесі Окасова К.А. 4. Сергіту жаттығуы «Қимылды қайтала» Тәрбиеші: Даңғыл Зирагүл. 5. «4-5 жастағы балалардың даму ерекшеліктері» атты баяндама (презентация). Балабақша психологі: Ақатаева Е.Қ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

«Успех GOLD-8» ЖШС

«Асыл Бесік» балабақшасының

меңгерушісі

_____________ А. Мамырбаева

«___»____________2023ж










2023-2024 оқу жылына арналған

«4-5 жастағы балалардың даму ерекшеліктері» атты

«Құлыншақ» ересек тобының ата-аналарымен

жүргізілген жиналыстың

1 ХАТТАМАСЫ










Тәрбиешілер: Тилейхан К

Даңғыл З













Өскемен қаласы,

2023-2024 оқу жылы

«4-5 жастағы балалардың даму ерекшелігі»

Күні: 19.09.23 ж.

Уақыты: 17:25

«Құлыншақ» ересек тобындағы ата - ана жиналысының №1 Хаттамасы

Қатысқан ата - аналар саны: 14

Қатыспағандар: 20

Күн тәртібінде:

  1. Тренинг «Менің балам»

  2. 2023- 2024 жаңа оқу жылының іс - жоспарымен таныстыру. Балабақшаның күн тәртібі. «Үлгілік оқу» бағдарламасы бойынша нені білу керек және үйірме жоспарымен таныстыру (балабақшаның күн тәртібі, сабақ кестесі, (презентация)

Тәрбиеші: Тилейхан Катила

  1. Медбикенің балабақша ішіндегі жұмыс жоспары. Балабақшаның «Ас мәзірі». Балабақшаға қабылдануы (Фильтрация). Баланың жеке паспорты. Тұз бөлмесіне ақпарат. Жұқпалы аурулардың алдын алу. Карантин шаралары. (15 мин)

Балабақша медбикесі Окасова К.А.

  1. Сергіту жаттығуы «Қимылды қайтала»

Тәрбиеші: Даңғыл Зирагүл.

  1. «4-5 жастағы балалардың даму ерекшеліктері» атты баяндама (презентация).

Балабақша психологі: Ақатаева Е.Қ.

  1. Ата - аналар комитетін сайлау

  2. Әр түрлі мәселелер. Балалардың оқу-құралдарының және портфолиоларының болуы. Сұрақ-жауап алмасу.

  3. Ата-аналар жиналысының шешімі.

  4. Қорытындылау.

Топ тәрбиешілері


Жиналыстың мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.  Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру.

Бірінші ата-аналар «Менің балам» тренингі боынша бірінің артында бірі тұрып, кезекпен өздеріне ұнаған амандасуға байланысты суретті таңдап, тәрбиешімен, мамандармен амандасып 6 қадамды аттай отырып баласының басқы әрібін сын есіммен байланыстырып, орындарына отырды. «Келіңіз, танысайық».

Мақсаты: тәрбиешілер мен ата-аналар және балалар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру. Балалардың боындағы жақсы қасиеттерін айқындау.

Екінші мәселе бойынша жаңа оқу жылының оқу-жоспарымен таныстырдық. 2023-2024 оқу жылында балабақшаның 4 жас аралығындағы «Құлыншақ» ересек тобын қабылдап алдық. Жаңа оқу жылында барлығы 35 бала қабылданды. Басқа ұлт өкілдері жоқ. Оның 17 қыз бала және 18 ұл балалар. Былтырғы 2-3 балаларымыз белгілі бір себептермен шығып кетті. Жаңадан 4 бала қабылданды. Кейбір балалармыз бір себептермен шығып кетті.

Биыл үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ең алдымен балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді ұйымдастыру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайту. Осыған байланысты бағдарлама 5 сала арқылы іске асады. Олар: шығармашылық, таным, қатынас, денсаулық және әлеуметтік.

Таным бойынша: кеңістікті бағдарлау, 5 көлеміндегі сандар мен цифрларды білу, заттарды топтастыру, салыстыру және теңестіру; үлкен және кіші ұғымдарын ажырату, тәулік бөліктерін білу ( таңертең, күндіз, түс, кеш; бүгін, кеше, ертең және жылдам баяу түсініктерін қалыптастыру).

Қатынас саласы бойынша: Ертегіні айта алу, суреттер арқылы 2-3сөйлем құрап айта алу, тақпақтарды мәнерлеп, жатқа айту, Ойыншықтар туралы шағын әңгіме құрастыру. Ана тілінің барлық дыбыстарды айту, дауыстау. Сол дыбысқа байланысты сөздерді айтып үйрену.

Денсаулық саласы бойынша: гигиеналық шаралардың орындалу ретін білу, сапқа тұру (бірінің артында бірі тұру), жүру, жүгіру, өрмелеу және ойын ойнағанда ойын ережесін сақтауға үйрету.

Шығармашылық саласы бойынша: дауыс тембрін ажырату, сөздерді анық айту, сөздерді созып айту, би, музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау.

Әлеуметтік саласы бойынша: Адамгершілік нормалары мен мінез -құлық нормаларын сақтау, ересектермен және достарымен қарым-қатынас орнату, айналасындағы жақын адамдарға қамқорлық көрсету.

Сонымен қатар балабақшада күрес, вокал, логопед және би үйірмелері бар екендігі, оған ата-аналар балалар қатыстырып жүргендігі, алдын ала ақпарат берілгендігі айтылды.

Шешім: 2023–2024 оқу жылының іс - жоспары бір ауыздан мақұлдансын.

Жауаптылар: «Құлыншақ» тобының тәрбиешілері – Тилейхан Катила және Даңғыл Зирагүл.

Мерзімі: Келесі ата - аналар жиналысына дейін

Үшінші сұрақ бойынша балабақшамыздың медбикесі Окасова К.А. сөз сөйледі. Медбике балабақша ішіндегі өз жұмыс жоспарын таныстыра отырып, балабақшаның «Ас мәзірі» және балалардың балабақшаға қабылдануы (Фильтрация) жайлы айтты. Баланың жеке паспорты туралы айтылды. Осыған орай ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды.

Сұрақ: Адеш Жадыра Кенжетаевна: 4 жас кезіндегі баланың салмағы мен бой өлшемі талапқа сай келе ме?-деп сұрақ қойды.

Жауап: Балабақша медбикесі Окасова К.А. Жаңа оқу жылы басталысымен топтағы барлық балалардың бойы, салмағы өлшенгендігін, соған сай балалардың салмағы мен бойы жастар»ына, нормасына сай екендігін айтты.

Тұз бөлмесіне қажетті ақпараттармен бөлісті. 1-курс 10 күн болатындығын айтты. Арнайы киімдері футболка, шорты және жұқа шұлық, қолға арналған шыт, бастарына 1 реткі арнайы бас киім мен ақтарына тұз кірмеу үшін бахила болу керектігі айтылды. Жұқпалы аурулардың алдын алу жайлы да айтты. Карантин болған жағдайда тәрбиеші мен ата-ананың және медбикенің алдын алу шараларымен таныстырды.

Сұрақ: Сейтханов Қанат Даутханович: Тұздың курсы қанша? – деп сұрақ қойды.

Жауап: Кенжетай Абдрасуловна: 1 курс 6000тг. 1 күні 600тг екендігін айтты.

Сұрақ: Кабенов Әсет Манарбекович: 2-курсты қашан бастауға болады?– деп сұрақ қойды.

Жауап: Кенжетай Абдрасуловна: 2-курсты 2 ай уақыт өткеннен кейін ғана бастау керек. 2-курсқа дейін 2 ай үзіліс жасау керектігі айтылды.

Шешімі: Баяндама бір ауыздан мақұлдансын.

Жауаптылар: Балабақша медбикесі, ата - аналар мен тәрбиешілер, тәрбиеші көмекшісі.

Мерзімі: Келесі ата - аналар жиналысына дейін.

Төртінші Сергіту сәті. Қимылды қайтала. (музыкамен)

Бесінші балабақша психологі Ақатаева Е.Қ. «4-5 жастағы балалардың даму ерекшеліктері» атты баяндамасын оқыды. /презентация негізге алынды/.

Алтыншы сұрақ бойынша ата - аналар комитетіне былтырдан өз жұмыстарын аса жауапкершілікпен орындап келе жатқан ата-аналарымызды қайтадан ұсындық.

Сұрақ: Қарсылық танытатындар бар ма? (тәрбешілер)

Жауап: Жоқ. (ата-аналар)

Шешімі: ата - аналар комитетінің төрайымы: Айшабекова Динара Болатбекқызы және көмекші: Нарбинова Асем Галимовна және хатшы: Ақанова Ғазиза Болатханқызы сайлансын.

Жауаптылар: Ата - аналар комитетінің төрайымы мен мүшелері.

Мерзімі: жылдың соңына дейін.

Жетінші сұрақ бойынша «Балабақшадағы бала қауіпсіздігі» атты баяндаманы оқып, мәлімет беру керек болатынмын. Балабақшамыздың әдіскері Еркешева Ж.К. сөз сөйлеп, қауіпсіздік жайлы толық мағлұмат берілді. Бұл баяндамада балалар моншақтары, жылтыры бар киімдер кимеу керекті; балабақшаға ұсақ ойыншықтар, жалпы ойыншық әкелмеу керектігі; ата-анасынан басқа адамға балаларды берілмейтіндігі туралы айтылды. Тек сенімхат арқылы 18 жасқа толған жақын адамдарына ғана берілетіндігі ескертілді. /презентация негізге алынды/

Шешімі: Баяндама бір ауыздан мақұлдансын.

Жауаптылар: ата - аналар мен тәрбиешілер.

Мерзімі: Келесі ата - аналар жиналысына дейін.

Сегізінші мәселе бойынша тәрбиешілер әр түрлі мәселерді ортаға салды. Оқу-құралдарын, балалардың әр біреуінде жеке портфолио болу керектігі туралы, жаңадан келген балалардың портфолиосын толық әкелулерін талап етілді. Балалардың тазалығын, балабақшадан себепсіз қалдырмай, кешікпей келуін, төлемақысын әр айдың 10-на дейін уақытылы төлеу қажет екендігі айтылды.

Сұрақ: Каментай Айым Асхатовна: - Балаларда жеке денешынықтыруға барғанда қандай киім киеді?

Жауап: Тәрбиеші Тилейхан Катила денешынықтыруға барғанда арнайы формаларының болуы керек, яғни көк футболка, қара шорты және чешки. Денешынықтыру болатын күні таңертең ерте балаларға формаларын кидіріп кетесіздер. Денешынықтырудан келгеннен кейін өздері ауыстыратындығын айтылды.

Шешімі: «Құлыншақ» ересек тобындағы кезекті ата - аналар жиналысында қаралған мәселелерді бір ауыздан мақұлдансын. «Құлыншақ» ересек тобының балалары жаңа оқу жылына толық дайындықпен қатыссын.

Жауаптылар: Әкімшілік, барлық ата - аналар мен топ тәрбиешілері.

Мерзімі: келесі ата - аналар жиналысына дейін.

Дауыс беру нәтижесі: «иә»



Келісілді:

«Успех GOLD-8» ЖШС

«Асыл Бесік»

балабақшасының әдіскері:

____________ Еркешева Ж.К.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2025
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі