400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Хаттама ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн тәртібіндегі мәселелер шешім бәрі қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Баланың бас ұстазы ата-ана» атты ата-аналар жиналысының хаттамасы. №1

Класы: 6 «Ә»

Қатысқандар: 13 Қатыспағандар: 7

Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту.

Күн тәртібінде қарастырылыған мәселелер:

  1. Баланың бас ұстазы ата-ана

  2. Оқушылардың сабақ үлгеруіне ата-ананың рөлі.

  3. 2023-2024 оқу жылындағы өзгерістер

  4. Ата-аналар комитетін сайлау.

1-мәселе бойынша ең бірінші ата-аналар баяндама тыңдады. Сол арқылы ата-аналарға құқықтары мен міндеттеріне тағы да бір шолу жасады. Әрі қарай жылы лебіз арқылы балаларына жаңа оқу жылына тілек айтылып, өзекті мәселерлерге тоқталды.

2 – мәселе бойынша Ата –аналарға бейнеролик көрсетіліп, бейнеролик қазіргі таңда балалардың оқуға емес, көгілдір экранға әуес болып бара жатқаны туралы болды. Осы сұрақ төнірегенде Абдихалыкова Айнур өз ойын ортаға салды. –Мен, балам мектептен келген уақытта телефонмен емес, керісінше далаға көбірек шығып физикалық тұрғыда шаршағанын қалаймын. Күнделікті сабағын қатаң түрде бақылап отырамын. Телефонды демалыс күндері пайдалады. Ал былай күндері сабақ кестесін қарауға қолданады-,деді. Ата-ана баласының бос уақытында қандай жұмыстар жүргізіеді? немесе қалай тиімді пайдалануға жағдай жасайды? деген сұрақтар талқыланып, ата-аналар өз ойларымен бөлісті .

3 – мәселе бойынша 2023-2024 оқу жылындағы мектеп формасында қойылатын талаптар және жаңа оқу жылындағы жаңа мектеп формасымен таныстырды. Мектеп формасының түсі: қою көкшіл . Ата-аналар бір ауыздан жаңа мектеп формасына келісім бергенін және де балалары сол мектеп формасын тастамай, киіп жүргендігі туралы айтылды.

4-мәселе бойынша ата –аналар комитеті сайлау. Ата-аналар комитетінің төрайымы –Карабекова Гүлдаурен Сериковна және мүшесі болып, Искакова Гүлмира тағайындалды. Ата-аналар бір ауыздан шешім қабылдады.

Шешім:

  1. Ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы әрдайым ізденісте болсын.

  2. Оқушылардың сабақ үлгерімі қатаң түрде қадағалансын.

  3. Мектеп формасы күнделікті сақталсын

  4. Ата –аналар комитетінің төрайымы Карабекова Гүлдаурен Сериковна тағайындалсын.



6 «Ә» класс жетекшісі: Ильясова Б.Т









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
30.04.2024
255
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі