400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Хаттама өзін өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Шиен орта мектебі Қоғамшыл бастауыш мектебі және мектеп жанындағы интернатымен» КММ –сі

Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясында«Сүйіспеншілік – әрбір жүректе » атты іс – шара есебі

2018-2019 оқу  жылының 23 қараша күні 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен  «Өзін-өзі тану» пәнінің «Сүйіспеншілік – әрбір жүректе» атты тақырыбында біркүндік өткізілді.

Мақсаты:

- Жалпыадамзаттық құндылықтар аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- Оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі - Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі - Адам болып қалыптасуының алғы шарты. Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту осы пәннің еншісіне тиді. Мектеп мұғалімдері мен оқушыларын ертеңгілік қарсы алу сәті ұйымдастырылды. Осы орайда мектеп тақырыпқа сай безендіріліп, музыкамен келген адамдарды қарсы алу рәсімі сәтті болды. Әр қайсысына жүрекшелер мен тәтті конфеттер таратып, жақсы тілектер мен жылы лебіздер білдіріп қарсы алдық. Таратылған жүрекшелерге өз қалауындағы адамдарға тілек жазып, жүректен –жүрекке жәшігіне салу ұсынылды. Соңынан жәшіктегі ізгі тілектер жазылған жүрекшелер өз иелеріне тапсырылды.





7 «Б» сынып оқушылары тақырыптық лездеме өткізіп, адам бойындағы 5 құндылықты мектеп оқушыларына таныстырып өтті. Лездеме соңында мектеп оқушыларының қатысуымен 5 құндылық бойынша рөлдік ойындар ойнатылып, әртүрлі сыйлықтармен марапатталды.

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдері Л.Хамыткожаева, М.Сабденбекова және Ж.Арыкбаева мектеп оқушылырымен «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» атты шаттық шеңбері, әңгімелесулер өткізді.

« Жүрек қуанышы» атты оқушылардың шығармашылық жұмыс көрмесі ұйымдастырылып, жеңімпаздар әртүрлі сыйлықтармен марапатталды.

Мектеп ұстаздары мен интернат тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Үлгі болу – қызмет етудің ең тиімді жолы» атты тимбилдинг ұйымдастырылды. Тимбилдинг барысында табиғат аясында ұлттық ойындар ойнап, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Тимбилдинг нәтижесінде оқушы мен ұстаздар арасындағы қарым – қатынас нығая түсті.

Директордың тәрбие ісі орынбасары мен мектеп психологының ұйымдастыруымен « Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында ата-аналармен жұмыс өткізіліп, әртүрлі тренингтер ойнатылып, ән айтып, топтық жұмыстар жасалып, жиналыс соңында ата – аналар ризашылықтарын білдірді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясындағы іс – шаралар нәтижесі өте әсерлі және құнды болды.




Орындаған: «Өзін – өзі тану» пәні мұғалімдері

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.02.2019
2173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі