400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Have cөзін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Have етістігінің қолдану түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

HAVE сөзін қолданып үйренеміз

Бірнеше мағынасы бар,әр мағынасына тоқталып шығайық.

  1. Бар болу

I have- Менде бар

You have- Сенде,Сізде бар

We have- Бізде бар

They have- Оларда бар

I have a cat- Менде мысық бар



HAS

Осы шақта he,she,it есімдіктеріне `s жалғанып, has болады. Мысалы:

He has a phone

She has a sister

He has a job

She has a dream



HAVE<HAS

  1. Келбет сипаты

Менің көзім қоңыр, Оның шашы сары сияқты сөйлемдерді қалай аударар едіңіз?

Осындай сияқты сөйлемдерді айту үшін Have,Has етістігін қолданамыз

Мысалы:

Менің көздерім қоңыр- I have brown eyes

Сенің шашын ұзын- You have long hair

Оның шашы қызыл- She has red hair

Оның көздері әдемі- She has beautiful eyes





HAVE TO<HAS TO

  1. «Жасау керек» деген мағына

Have+To= керек

Have етістігіне TO жалғауы жалғанса, ол бар болу мағынасынан керек мағынасына ауысады

Бірақ,алдыңғы тақырыпта біз «жасау керек» деген сөйлем құрау үшін SHOULD модальды етістігін қолданамыз деп үйренген болатынбыз.

Екеуінің айырмашылығы неде?

Should- кеңес ретінде,ненің дұрыс екенін айтқан кезде қолданамыз.

Have to- белгілі бір жағдайға байланысты айтылады.

Мысалы:

I have to go- Маған кету керек ( яғни,солай жасауға жағдай талап етіп тұр)

My work starts at 8 00. I have to get up early

Children have to go to school

She has to study a lot

He has to write an article

( яғни,не болса да, солай жасауға жағдай талап етіп тұр)- осындай кездерде Have to,Has to етістігін қолданамыз.



HAVE|HAS

  1. Тұрақты мағына-тура аударылмайтын, қатып қалған форма

Тамақ ішу,кофе ішу,таңғы ас ішу, түскі ас ішу осындай сияқты сөйлемдерді құрау үшін, HAVE\HAS етістігін қолданамыз.

Көбісі тамақ ішу деген сөзді

Eat food деп тура аударады

Бірақ,дұрыс вариант:

Have a meal болады

Тамақ ішу- Have a meal

Have breakfast,Have lunch, Have dinner

Cонымен, ішу жеу деген сөздерді Have етістігін қолданып айтуға болады;

Have a sandwich

Have pizza

Have coffee

Have tea

Тек тамаққа қатысты емес, басқа да тақырыптарда Have тұрақты етістігі қолданылады.

Have a rest- демалу

I am having rest now- Мен қазір демалып отырмын

Have a talk- сөйлесу

We can have a talk about it- Біз бұл туралы сөйлесе аламыз


Have cөзімен қолданылатын барлық тіркестерді карточка ретінде Quizlet қосымшасына жүктеп қоятын боламын.

Have\Has cөзі тұрақты тіркес болғанда тура аударылмайды.жай ғана берілген мағынасымен жаттап алыңыздар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі