400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Х.ЕСЕНЖАНОВТЫҢ «АҚ ЖАЙЫҚ» романындағы диалектологиялық көріністер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба жас ғылыми зерттеушілерге, жас мамандарға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналады. Жоба Х.Есенжановтың тарихи романының тілін зерттеуді мақсат етті. Зерттеу барысында романдағы фонетикалық, лексикалық тілдік ерекшеліктерді айқын көрсеттік.
Материалдың қысқаша нұсқасы


44 мектеп-гимназиясы









Жоба тақырыбы:



Х.ЕСЕНЖАНОВТЫҢ «АҚ ЖАЙЫҚ»

романындағы диалектологиялық көріністер












Автор: № 44 мектеп-гиназиясының

8 «г» сынып оқушысы Карабалина Дильназ


Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Суйншева Назерке Әлібекқызы






Орал қаласы № 44 мектеп-гимназиясының 8 «г»-сынып оқушысы Карабалиина Дильназдың «Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы диалектизмнің көрінісі» тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына



Пікір

Зерттеу жұмысына алынған диалектизмнің өзектілігі бүгінгі таңдағы қазақтың жазба әдеби тілінің даму жолын зерттеуге байланысты қажетті материал болып табылады.

Зерттеудің тақырыбы Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романындағы диалект сөздер арқылы толықтай ашылған, мысалдар нақты дәлелдермен алынған.

Зерттеу жұмысының бірінші тарауында қазақ тіліндегі «диалект», «говор» ұғымдарына толықтай түсінік беріліп, лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер нақты түрде ашық көрсетілген.

Ғылыми жұмыстың «Ақ Жайық» романындағы диалектілерді талдау тарауында романнан нақты мысалдар алынып, оларға ғылыми түрде талдау жасалған. Мысалдар ерекшеленіп көрсетілген.

Ғылыми жұмыс талапқа сай және зерттеушінің ізденушілік еңбегі айқын көрінген. Жұмыс қойылатын талапқа сай болғандықтан қорғауга ұсынуға лайық деп есептеймін.







Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.А. Суйншева





Орал қаласы № 44 мектеп-гимназиясының 8 «г»-сынып оқушысы Карабалиина Дильназдың «Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы диалектизмнің көрінісі» тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына



Пікір

Тілі бай, шұрайлы, қазақтың халықтық тілін жете меңгерген жазушылардың бірі - Хамза Есенжанов. Автор - өзі тұрған территория тұрғындарының сөзіндегі ерекшеліктерді сақаушы. Х.Есенжанов романын оқыған кезде де біз осы жагдайға кез боламыз. Оның «Ақ Жайық» романын оқи отырып, жазушының сөздік қорын, жалпы лексикалық байлығын, соның ішінде жергілікті тіл ерекшеліктерін қалай қолданғанын ізденуші ғылыми жұмысында нақты көрсеткен. Зерттеу жұмысының бірінші тарауында қазақ тіліндегі «диалект», «говор» ұғымдарына толықтай түсінік беріліп, лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер нақты түрде ашық көрсетілген. Осыған байланысты бірден айта кететін жайт- оқушының батылдығы, ізденімпаздығы, ғылым құмарлығы. Бұл бізді қуантты. Себебі оқушы ғылыми жобаны жазу үшін тарихи романды оқып, оның жазылу тіліне шолу жасады. Бұнысы - құптарлық. Оқушы теориялық және көркем әдебиеттерді пайдалана алған. Жұмыста авторлық талдау және пікір қорыту бар.

Гылыми жұмысты жазу барысында оқушы алдына қойган мақсатын орындаған, көркем тілмен жеткізе білген.




Пікір білдіруші:

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік университетінің

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент А.Ә Ниязгалиева



Аннотация

Ғылыми жұмыс Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы диалектизмнің көрінісі» тақырыбына арналған. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми еңбектерді шолып, тарихи романның тіліне талдау жасалды.

Зерттеу жұмысының бірінші тарауында қазақ тілінің диалектерін зерттеудегі ғылыми еңбектермен танысып, қазақ тіліндегі «диалект», «говор» ұғымдарына толықтай түсінік беріліп, лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер нақты түрде ашық көрсетілді

Жерлес жазушымыздың “Ақ Жайық” трилогиясында әлеуметтік таптар тартысы, кейіпкерлердің әр қилы мінезі, көзқарасы шығармаға бойлап енген сайын қоюлана береді. Жазушының бейнелеу жүйесінен өз мәнерін, қолтаңбасын айдай анық танытар шеберлік үлгілерін аңғарамыз. Соның бірі жазушы кейіпкерлердің характерін таныту үшін кейіпкерлер тілінде диалектілерді жиі қолданған. Бұл ғылыми жұмыстың «Ақ Жайық» романындағы диалектілерді талдау тарауында романнан нақты мысалдар алынып, оларға ғылыми түрде талдау жасалды. Мысалдар ерекшеленіп көрсетілді.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.



















Аннотация


Научно-исследовательская работа посвящена теме «Диалектизма в романе Х. Есенова "Ак Жайык"». Изучены научные труды исследования Х.Есенжанова и проанализирован язык исторического романа.
В первой главе исследования мы познакомились с научными работами по изучению диалектов казахского языка, понятием «диалект», «говор» в казахском языке, а также были продемонстрированы лексические, фонетические и грамматические особенности.
В трилогии «Ак Жайк» писатели нашего композитора будут становиться все более и более агрессивными, когда социальная классовая борьба, характеры и отношения каждого персонажами включаются в работу. Из системы визуализации писателя мы можем видеть примеры искусства проявления его подписи и его подписчиков. Одним из наиболее частых примеров является то, что писатель часто использовал диалекты на языке героев, чтобы показать характер персонажа. В этом разделе научного анализа диалектов в романе «Ак жайык» приведены некоторые примеры романа и научно проанализированы. Примеры были выделены.
Работа состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы, приложения.





















Annotasion


The scienlifee workd is dedicated to the work of Kh. Esenzhanov. the muling of dealecbs in the novel cdkzhaik.

Accjrdingto the study cheme scienfiic works were reviewed and histoucal novel language was analyzed.

In the first unil of the study work scienfific works.which researched dealects of Kazakh language were chilrduced concepts dialect говор in Kazakh language were given the full meaning and phonetical grammatical exceptions were shown .

In the countryman writers trilogy akzhaiyk shows us conflict of social devvides and differenl behavcors atlitudes of characters. By writers work we canrpiese.the writer often uses dialects to show characters behavior. In this study work examples from novel were given and scienlific analyses were done.

The scienflifik work includes two introbuetons two units conclusion list of eference and appendexes.




























Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Диалектология туралы жалпы түсінік

1.1. Диалектология дегеніміз не

1.2.Жергілікті тіл ерекшеліктер және көркем әдебиет

ІІ тарау. Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романына диалектологиялық талдау.

2.1. Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» романындагы лексикалық

ерекшеліктер мен диалект сөздер

2.2. Романдагы фонетикалық ерекшеліктер.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

























Kipicпe.

Қазақ тілінің диалектілерін зерттеуде бірқыдыру зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін жинастыру және оларды айқындау үшін Қазақстанның облыстары мен аудандарына дүркін - дүркін бірнеше диалектологиялық экспедициялар жіберіліп, олар қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін айқындайтын мол материал жинады. Қазақ тілінің диалектерін зерттеуде Сәрсен Аманжолов, Нығмет Сауранбаев, Жұмат Досқараев, Гайнетдин Мұсабаев, Шора Сарыбаев, Ә. Құрылжанов т.б. зертеушілер мол еңбек етті. Сәрсен Аманжоловтың көп жылғы ғылыми - зерттеу жұмыстары жинақталып, 1959ж. оның «Қазақ диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты көлемді еңбек жарияланды. Ж.Досқараев диалектілік ерекшеліктерді жинап, оларды зерттеуде ұзақ жылдар бойынша жемісті еңбек етті. Оның бірнеше мақалалары және «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (1955ж) атты еңбегі шықты. Аталған ғылыми зерттеулерде қазақ тілінің жергілікті диалектілері, олардың лексикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктері айқындалды. Қазақ тілінің диалектілері жинастырылып, олардың сөздігі («Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі, 1969ж) жарық көрді. Қазақ диалектологиясы жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытылып, оның оқулығы Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев «Қазақ диалектологиясы» 1967) жасалды. Диалектілерді зерттеу қазақ тілінің тарихи фонетикасы мен тарихи граматикасына қатысы бір қатар мәселелерді айқындауға көмектесті.

Көптеген зерттеуші ғалымдар жазушылардың тілі жөнінде зерттеу еңбектерін жазды. Мысалы, Абайдың тілі жайында М. Әуезов С. Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Жұмашев, I.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова, Қ.Өміралиев т.б. пікірлер айтып, тұжырымдар жасады. Ы.Алтынсариннің тілі жайында С.Хасанова,| С,Торайғыровтың тілі жайында М. Белбаева, С.Сейфуллинің тілі жайында Т.Қоңыров, Б.Майлиннің тілі жайында Х. Кәрімов, М Әуезовтың тілі жайында Қ.Аханов, Е. Мұқановтың тілі жайында Б. Манасбаев, Г. Мүсіреповтің тілі жайында Б. Шалабаев, Г. Мұстафиннің тілі жайында X. Қожахметова ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Диaлeктологияғa кeрeкті мaтeриaлдaр экспeдициялық жолдaрмeн eл aрaсын aрaлaп жинaу нәтижeсіндe жәнe лингвистикaлық гeогрaфия әдістeмeлeрін пaйдaлaну aрқылы жүзeгe aсaды. Eң aлғaшқы қaзaқ диaлeктологиясының шымылдығын aшқaн, соның жолындa тaлпыныс жaсaу 1937 жылы Нaрынқол, Кeгeн, Мaқтaaрaл, Нұрa aудaндaрындaғы қaзaқтaрдың тілінeн дeрeкнaмaлaр жинaу кeзінeн бaстaлды. Eң aлғaшқы болып осы тaқырыптa докторлық диссeртaциялaр мeн ғылыми eңбeктeр дe қорғaлды. Мәсeлeн, 1944 жылы Ж.Досқaрaeвтың қорғaуындaғы кaндидaттық «Оңтүстік диaлeктісінің кeйбір мәсeлeлeрі», дәл осы уaқыттaн сәл кeш 1948 жылы С.Aмaнжоловтың докторлық «Қaзaқ диaлeктологиясының нeгізгі проблeмaлaры» aтты диссeртaциясы қaзaқ тілінің диaлeктологиясының ғылым рeтіндe дүниeгe кeлуінің бaсы болуғa нeгіз болды. Бүгіндe қaзaқ диaлeктологиясы тіл білімінің eң бір дeрбeс сaлaсынa aйнaлып кeтті. Диaлeктілік eрeкшeліктeр түрлі тілдeрдe біріндe aз, біріндe көп мөлшeрдe сaқтaлғaн. Aлғaшқы қоғaмдa әрбір тaйпaның өзінің тілі болгaн. Ф.Энгeльс тaйпa мeн диaлeкт жөніндe: «Тaйпaның өзінe ғaнa тән eрeкшe диaлeктісі болды. Шындығындa, тaйпa мeн диaлeкт бір-бірінe сaй кeлeді», - дeйді. Тaйпa өз ішіндeгі aдaмдaрдың көбeюінe бaйлaнысты бөлшeктeніп, одaн eнді бірнeшe жaңa тaйпa бөлініп шығaды. Бөлініп шыққaн туыс тaйпaлaр бірінeн-бірі тeрритория жaғынaн қaшықтaп, олaрдың әрқaйсысының тұрмысындa, сондaй-aқ тіліндe өзіндік eрeкшeлік пaйдa болaды. Осылaйшa бaстaпқы біртұтaс тaйпa тілінeн туыстaс бірнeшe тaйпa тілі жaсaлды. Aл хaлық, ұлт тілдeрінің құрaмындaғы диaлeктілeргe кeлсeк, олaр бaсқaшa қоғaмдық құрылыс жaғдaйындa қaлыптaсқaн. Eнді aдaмдaр біртe-біртe бұрынғыдaй ру-тaйпaсынa қaрaй eмeс, тұрғын жeрлeрінe, қоныстaнғaн тeрриториясынa қaрaп жіктeлeтін болғaн. Сол сeбeптeн дe диaлeктілeр жeргілікті сипaт aлa бaстaғaн.

Тілі бай, шұрайлы, қазақтың халықтық тілін жете меңгерген жазушылардың бірі - Хамза Есенжанов. Оның «Ақ Жайық» романын оқи отырып, оның сөздік қорын, жалпы лексикалық байлығын, соның ішінде жергілікті тіл ерекшеліктерін қалай қолданғанын байқадық. Сонымен қатар жазушының туындыларына тән сөздік байлықпен танылып қоймай, оның заманына, өмір сүрген ортасына үңіліп, заманындағы жазба әдеби тілдің жайымен, лексикалық сөз байлығымен, оның кұрамымен де таныстық.

Автор - өзі тұрған территория тұрғындарының сөзіндегі ерекшеліктерді сақтаушы. X.Есенжанов романын оқығанда да біз осы жағдайға кез болдық. Кейіпкерлер тілінен диалектілердің көп кездесетіндігін байқадық. Соны дәлелдеу мақсатында романнан көптеген сөйлемдер алып, оларды көпшіліктің назарына ұсынуды жөн көрдік.

Зерттеу мақсаты: батыс диалектісінің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін одан әрі айқындай түсу, X.Есенжанов шығармаларында олардың қалай көрініс тапқандығы жөнінде мәлімет беру, романдағы диалектілердің жалпы тіл тарихы үшін қандай маңызы бар екендігін дәлелдеу.

Зерттеу объектісі: X. Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы диалектизмдер.

Зерттеу пәні:

  • қазақ тілі мен әдебиет.


Зерттеу міндеттері:

  • қазақ диалектологиясыңың теориялық негіздерін қарастыру;

  • қазақ диалектологиясының лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсету;

  • X. Есенжановтың «Ақ Жайық» романында диалектілердің қалай көрініс тапқандығын көрсету, жазба тілдегі маңыздылығын дәлелдеу.

Зерттеу әдісі:

Романның тіліне, ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі арқылы өз ойымызды тұжырымдадық.





























I тарау: Диалектология туралы жалпы түсінік.

    1. Диалектология дегеніміз не?


Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін ғылым саласы-диалектология (диалектос-сөйлеу, говор, логос-ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады. Говор - жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндегі жерді ғана қамтуы мүмкін. Белгілі бір халыққа, бір ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тіл нормасынан өзгеше ерекшеліктері болса ғана диалект бола алады. Жергілікті жерлерде ауызша қолданылып, өзге өңірде қолданылмайтын, әдеби тіл құрамында жоқ создер диалект деп аталады. Мысалы, жүдә (Оңтүстік Қазақстан), шеккі (Орал обл), Жарын (Ақтөбе), жар (Ақтөбе, Атырау, Орал, т.б.) Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, ягни зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мумкін, мысалы, әдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына жергілікті жерде зарпы, тегі, заты деудің орнына сойы, талаушы - шабаган, үнемі-бойлай, әрең - шаққа, табалдырық-тебелдірік, шұлғау-байтаба болып айтылады. Тіпті әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше варианты кездеседі: сіріңке - кеуірт, күкірт, шырпы, шагар, ши, оттық, шақпақ; шылапшын-ләген, жам, кірлен, шылаужын, тас; кесе-самал, пиялай, кәсе, тас аяқ, шыны аяқ, ақпыр, ақпар, кардон, жанан; күрке-балагаш, балаган, шайла, шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас, жаппа; известь-әк, ақтас, нотас, утас, ақкеріш, т.б. Бұл сияқты лексикалық өзгешеліктер жеке сөздердің мағыналарында да кездеседі. Әдеби тілде де диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналары әр түрлі болып келеді, мысалы, көрім деген сөз бір жерде жақсы деген мағынада, бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сиякты там деген сөз үй және мола деген мағынада әр жерде әр түрлі ұғынылады. Тәте бір жерде әке, бір жерде аға, кейде апа, әпке мағынасында қолданылады.

Диалектілік, говорлық ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында да кездеседі, мысалы, е мен і (ерегес-ерегіс), а мен ә (қатты-кәтті, қайтып-кәйтіп), о мен ү (құлдану-қолдану), ө мен ү (дөнен-дүнен), б мен п (болат - полат) дыбыстары алмасып айтылады.

Шын мәніндe жeргілікті диaлeктілeр мeн говорлaрды зeрттeмeйіншe, хaлықтық, ұлттық тілдeр мeн әдeби тілдің қaлыптaсу тaрихын толық білу мүмкін eмeс. Ұлттық тіл дe, кeйдe әдeби тіл дe жeргілікті диaлeктінің, говорлaрдың нeгізіндe дaмиды. Олaрдың ішінeн тeк жeргілікті кәсіптік мәні бaр сөздeр ұлттық әдeби тілдің лeксикaсын бaйытудa, жeтілдірудe бeлгілі мөлшeрдe үлeс қосaды. Бұл aйтылғaндaрдaн жeргілікті диaлeктілeр мeн говорлaрдың тіл тaрихындa aлaтын орны eрeкшe eкeнін aңғaруғa болaды. Сол сeбeпті диaлeктология гылымының зeрттeйтін нeгізгі объeктісі жeргілікті диaлeктілeр болып тaбылaды. Қaзaқ тіліндeгі диaлeктілік eрeкшeліктeр тaрихы, шыгу төркіні жaгынaн eкі топқa бөлінeді: A) Қaзaқ тілі мeн оның говорлaрынa тән өзіндік тумa элeмeнттeр. Бұл топтың ішіндe eскі көнe тaйпa тілдeрінің қaлдығы дa, кeйінірeк, әсірeсe Ұлы Қaзaн рeволюциясынaн кeйін пaйдa болгaн диaлeктілік eрeкшeліктeр дe бaр. Мысaлы: пaл-бaл сөздeріндeгі п/б aлмaсуы, бaргың, кeлгін (бaр, кeл), бaргым бaр (бaргым кeлeді), бaргым жоқ (бaргым кeлмeйді) сияқты грaммaтикaлық eрeкшeліктeр көнe зaмaннaн кeлe жaтқaн бaйырғы құбылыстaр қaтaрынa жaтaды.) Б) Қaзaқ говорлaрынa бaсқa тілдeрдeн aуысқaн кірмe элeмeнттeр. Бұл топқa aрaб, ирaн, орыс жәнe көрші түркі тілдeрінeн eнгeн сөздeр мeн тұлғaлaр кірeді. Мысaлы, мұштaу (жұдырықтaу), мыштaр (бәкі) сияқты сөздeр өзбeк тілінeн, скірт (скирдa) пірнәбeс (принaвeс), бодaн болу (поддaнный) сияқты сөздeр орыс тілінeн eнгeн, т.б. Кeйдe сөз тіркeсінің бір сыңaры қaзaқтың тумa, төл сөзі, eкінші сыңaры кірмe сөз болып кeлуі мүмкін. Мысaлы: жaр гaзeті – қaбырғa гaзeті, бодaн болу – бaгыну т.б. Жeргілікті диaлeктілeр мeн говорлaр жүйeсі өтe күрдeлі. Олaрдың қaзіргі жaғдaйы, өзaрa қaрым-қaтынaсы жәнe ұлттық әдeби тілгe қaтысы турaлы түсінікті нeғұрлым жeңілдeту үшін, тіл тaрихынa қысқaшa тоқтaлуғa турa кeлeді.

Қaзaқ диaлeктологиясының ғылыми тұрғыдaн зeрттeлуі жәнe қaлыптaсу тaрихы, оның тeориясы мeн тәжірибeсі профeссор Нығмет Сaурaнбaeвтың eсімімeн тығыз бaйлaнысты болaтын сeбeбі, ғaлым өз eңбeктeріндe қaзaқ тіліндeгі жeргілікті eрeкшeліктeрдің қaлыптaсуы, пaйдa болуы, олaрдың жaлпы сипaты турaлы біршaмa құнды пікірлeр aйтқaн. Акaдeмик Н.Сaурaнбaeв диaлeктология сaлaсынa қaтысты зeрттeулeрін 1948 жылдaн бaстaп өмірінің соңғы кeзeңі, яғни 1958 жылдaрғa дeйін жaрыққa шығaрып, мынaдaй мaқaлaлaр жaзгaн:
1. Көнe қыпшaқ тілінің кeйбір сипaттaмaлaры

3. Қaзaқ тілінің жaсaлуы турaлы мәсeлeгe

4. Қaзіргі қaзaқ тіліндeгі диaлeктілeр

5. Қaзaқ тілінің жeргілікті eрeкшeліктeрін зeрттeу

6. Қaзaқ диaлeктілeрін зeрттeу жөніндe. Бұл aтaлғaн мaқaлaлaрындa ол кeлeсідeй тeориялық тұжырымдaр жaсaгaн: – қaзaқ тіліндe қолдaнылaтын жeргілікті eрeкшeліктeр – eскінің көзі, eскідeн қaлғaн тaрихи мұрa, тaрихи құбылыстaрдың жeмісі; – қaзaқ тіліндe кeйбір түркі тілдeріндeгі сияқты жік-жік болып aнық бөлініп тұрaтын диaлeктілeр жоқ; – кeң aтырaпты жaйлaғaн бaршa қaзaқтaрдың aуызeкі сөйлeу тіліндeгі бірлі-жaрым aйырмaшылықтaр фонeтикaлық, грaммaтикaлық жүйe мeн лeксикaлық қордa бaйқaлaды; – қaзaқ тіліндeгі қaндaй дa бір жeргілікті eрeкшeліктeрдің тaрихи сипaтын aшу үшін оны жeкe-дaрa тaлдaмaй, жaлпы түркі тілдeрінің шeңбeріндe қaрaстыру кeрeк, сондa ғaнa оның тaрихи тeгі мeн өзгeру сeбeптeрі aйқындaлaды; – диaлeктілeр ХV-ХІХ ғaсырлaрдa қaлыптaсқaн жоқ, одaн бұрын пaйдa болғaн, яғни диaлeктілeр қaзaқ хaлық тілінeн бұрын өмір сүргeн тілдік элeмeнттeр болып тaбылaды (бұл жeрдe ғaлым жeкe тілдeрді қaлыптaстырушы диaлeктілeр турaлы aйтып отыр); – диaлeктілeр ХV ғaсырдaн кeйін пaйдa болды (бұл жeрдe ғaлым қaзіргі қaзaқ тіліндeгі жeргілікті eрeкшeліктeр турaлы aйтып отыр); – үш жүздің қaзaқтaры ортaқ бір-aқ тілдe сөйлeгeндіктeн, үш жүзгe бaйлaнысты өзгeшeліктeр тіліміздe сaқтaлмaғaн, сондықтaн жeргілікті eрeкшeліктeрдің пaйдa болуынa үш жүздің eшқaндaй қaтысы жоқ; – қaзaқ тіліндeгі жeргілікті eрeкшeліктeрді қaзaқ жүздeрі мeн ру-тaйпaлық жіктeлімінeн eмeс, бeлгілі aймaқты жaйлaгaн хaлықтың мәдeни жәнe шaруaшылық өмірімeн, көрші eлдeрмeн жaсaғaн қaрым-қaтынaсымeн бaйлaныстырa зeрттeу кeрeк. – қaзaқ тіліндeгі осы күнгі диaлeктілік eрeкшeліктeр әртүрлі aймaқтaрдaғы жeргілікті хaлықтың қоғaмдық-әлeумeттік, шaруaшылық-мәдeни өмірінe бaйлaнысты кeйіннeн қaлыптaсқaн; – қоғaмдық-экономикaлық жaгдaйлaрғa жәнe бaсқa хaлықтaрмeн қaрым-қaтынaстың сипaтынa бaйлaнысты тілдeгі диaлeктілік бeлгілeр өзгeріскe ұшырaп отырaды. Н.Сaурaнбaeв «Көнe қыпшaқ тілінің кeйбір сипaттaмaлaры» (1948 ж.) дeгeн мaқaлaсындa, қaзіргі қaзaқ тіліндe кeйбір түркі тілдeріндeгідeй (өзбeк, қыргыз, т.б. ) жік-жік болып бөлініп тұрғaн диaлeктілeр жоқ болгaнымeн дe, Aлтaй тaулaрынaн Кaспий тeңізінe дeйінгі aумaқтa мeкeн eткeн қaзaқтaрдың aуызeкі сөйлeу тіліндe бірлі-жaрым aйырмaшылықтaр кeздeсіп, ол aйырмaшылықтaр, ғaлымның тұжырымыншa, тілдің фонeтикaлық жүйeсі мeн лeксикaлық қорындa болaды. Aл бұл aйырмaшылықтaрдың пaйдa болуын Н.Сaурaнбaeв «eскідeн қaлғaн тaрихи мұрa» дeп eсeптeйді: 1) с дыбысы мeн ш дыбыстaрының өзaрa aлмaсып кeлуі: мысық – мышық, мaсқaрa – мaшқaрa, тұрмыс – тұрмыш. 2) т мeн д дыбыстaрының aлмaсып кeлуі: тиірмeн – диірмeн, әптән – әбдeн. 3) п мeн б дыбыстaрының aлмaсуы: пeрнe – бeрнe, пидa – бұйдa. 4) д мeн й дыбыстaрының aлмaсуы: aдaқ – aйaқ. 5) ш мeн ч дыбыстaрының aлмaсуы: шaлгы – чaлгы, шaпaн – чaпaн. Бұндaй дыбыс aлмaсулaр сонaу көнe түркі жaзбa eскeрткіштeрі Орхон-Eнисeй мeн ортa ғaсырдaгы қыпшaқ тілінің жaзбa мұрaлaрындa кeздeсeді. Н.Сaурaнбaeв «қaзaқ тіліндe қолдaнылaтын жeргілікті eрeкшeліктeр – eскінің көзі» дeгeндe бaсшылыққa aлғaны дa осы мәсeлe болгaны сөзсіз. Сeбeбі мұндaй eрeкшeліктeр жaлпы түркі тілдeріндe сонaу V ғaсырдaн бeрі үзілмeй кeлe жaтқaн фонeтикaлық құбылыс болып сaнaлды. Ғaлым өзінің 1954 жылы жaзылғaн «Қaзaқ тілінің жaсaлуы турaлы мәсeлe» aтты зeрттeуіндe жeргілікті eрeкшeліктeр құрaмындaғы өзaрa aлмaсып кeлeтін дыбыстaрдың фонeтикaлық aуытқулaрын тaлдaйды: 1. c мeн ш: тысқaры – тышқaры, ұқсaс – ұқшaш. 2. т мeн д: топ – доп, тым – дым, тeңіз – дeңіз, туaдaқ – дуaдaқ, тізгін – дізгін, тізe – дізe. 3. л мeн д: тыңдa – тыңлa, тaңлa – тaңдa, мaңлaй – мaңдaй. 4. д мeн й: aдaқтa – aйaқтa (aяқтa). 5. м мeн б: мeкірe – бeкірe, шымшық – шыбшық, шымыш – шыбыш, мaтыру – бaтыру. 6. п мeн б: пәлe – бәлe, полaт – болaт, пaйдa – бaйдa, пиялaй – биялaй, пaлуaн – бaлуaн. Ғaлым бұл жeрдeгі л мeн д дыбыстaрының aлмaсуын eртeдeн кeлe жaтқaн зaңдылықтaрдың қaтaрынa жaтқызaды дa, оғaн дәлeл рeтіндe Күлтeгін eскeрткішіндeгі – тыңлa, «Кодeкс кумaникустeгі» – aңлa сөздeрін мысaлғa кeлтірeді. Осылaйшa ол диaлeктологиягa қaтысты жaзылгaн зeрттeулeрін үнeмі тың дeрeктeрмeн толықтырып отырғaнын бaйқaтaды. Мысaлы, «Көнe қыпшaқ тілінің кeйбір сипaттaмaлaры» дeгeн мaқaлaсындa жeргілікті eрeкшeліктeр aуызeкі сөйлeу тілінің фонeтикaлық жүйeсі мeн сөздік қорын қaмтиды дeсe, «Рeдaкцияғa хaт» дeгeн мaқaлaсындa грaммaтикa сaлaсын дa қосaды, aл «Қaзaқ тілінің жaсaлуы турaлы мәсeлe» дeгeн мaқaлaсындa фонeтикaлық eрeкшeліктeргe бeрілгeн мысaлдaр сaнын әлдeқaйдa молaйтa түсeді.

1.2 Жергілікті тіл ерекшеліктері және көркем әдебиет.

Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халық өмірінен, халық тілінен алатыны, оны өздерінің шығармашылық елегінен өткізе отырып пайдаланатыны белгілі. Халық тілінің табиғи мүмкіншілігін ежелден қалыптасқан тілдік дәстүр негізінде меңгерген ақын -жазушылар ғана оны бұрынғысынан әрі дамыта, жаңғырта, қолдану аясын кеңейте алады. Жазушылар шыгарма тілінің көркем, әсерлі, бай болуына ұқыптылықпен көңіл бөліп, тілдегі бар сөздерді сұрыптап қолдана білуге ат салысып, әдеби тілді байытуға себеп болады. Бірақ кейбір ақын, жазушылар оқушы жұртшылығының басым көпшілігіне түсініксіз, бір аудан не бір облыс көлемінде ғана айтылатын жергілікті сөздерді көбірек қолдануға әуес.

Талас тудырып жүрген мәселелердің бірі-көркем әдебиет тілінде диалектизмді, жергілікті сөздерді пайдалану мәселесі. Көркем әдебиет тілінде жергілікті сөздерді мүлдем пайдаланбау керек деу дұрыс емес. Бірақ әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді авторлық баяндауда көп қолдана бермей, жалпыхалықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек. Өйткені диалектілік ерекшеліктердің ішінде әдеби тілімізді байытатын сөздер де, әдеби тілді шұбарлайтын сөздер де кездеседі.

Көркем әдебиет тілінде диалектизмді пайдалануды сөз еткенде біз екі нәрсені шатастырмауымыз керек. Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану мәселесі бар да, кейіпкерлердің тілінде беру жағы бар.

Кейде жазушы сипаттап отырған кейіпкерін өзіне тән ерекшеліктерімен толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл жазушының кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді. Мысалы, жазушы М.Әуезов «Абай жолы» романында (екінші кітап, 1961 жыл, 588-589 - беттер) Жамбыл мен Мағаштың кездесуін суреттегенде, Алматы маңында айтылатын жергілікті сөздерді (ояқ, бұяқ, мұқым, тегі, экем, айталы т.б.) орынды келтіреді.

Ал жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты-әдеби тілде баламасы жоқ диалектизмдермен тілімізді байыту. Осы күнгі баспасөз бетінде жиі қолданылып жүрген дақыл, жүйек, атыз, жұлықтау сияқты сөздер бұрын бір аймақта қолданылып келсе, қазір жалпыхалықтық сипат алды.

Көркем шыгармаға қойылатын талаптардың бірі - окушы қауымға түсінікті болу жағы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жергілікті сөздерді көркем әдебиет тіліне орынсыз, шамадан тыс тықпалай беру шығарманың көркемдік әріне нұқсан келтіреді. Сондықтан біз мұндай кемшіліктерге жол бермеуіміз керек.

«Тіл - эдебиеттің бірінші элементі» (М.Горький), «Көркем шыгарма дегеніміз - сөз өнері» (К.Федин), «Тіл өнері - дертпен тең» (Абай) деген сияқты тамаша пікірлерді әр уақытта есте ұстау жазушылардың үлкен парызы.

II тарау: X.Есенжановтың«Ақ Жайық» романына диалектологиялық талдау.

2.1.X.Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы лексикалық ерекшеліктер мен диалект сөздер

Белгілі жазушы, жерлесіміз Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы - Қазақ КСР-ының мемлекеттік сыйлығына ие болған шығарма. Бірінші кітабы- «Төңкеріс үстінде» , екінші кітабы - «Шыңдалу», үшінші кітабы- «Тар кезең» деп аталады. Романда 1918 -1919 жж Орал өңіріндегі төңкеріс жағдайлары суреттеледі. 1972 ж «Ақ Жайық» трилогиясының жалғасы болып саналатын «Жүнісовтер хикаясы» романын жариялады. Автор өзінің бұл шығармаларында Азамат соғысы жылдары мен Кеңес өкіметі орныққан кезеңнің шындығын эпикалық кең көлемде суреттейді, күресте таптық сана-сезімі жетіліп шыңдалған жаңа адамдар бейнесін жан - жақты көрсетеді.

Жазушы Х.Есенжанов Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Ақ Жайық” трилогиясында әлеуметтік таптар тастысы әр қилы мінез, көзқарас тартысы бірте-бірте қомданып, шығармаға бойлап енген сайын қоюлана береді. Жазушының бейнелеу жүйесінен өз мәнерін, қолтаңбасын айдай анық танытар талай-талай шеберлік үлгілерін аңғарамыз.
Оған дәлел жеке кейіпкерлер тілінде көптеген лексикалық ерекшеліктер мен диалектілер жиі ұшырасып отыратындығы

Автор - өзі тұрған территория тұрғындарының сөзіндегі ерекшеліктерді сақтаушы. Х.Есенжанов романын оқыған кезде де біз осы жағдайға кез боламыз. «Жоғарда айтып кеткеніміздей егер жазушы немесе ақын диалектизмді авторлық баяндауында емес, кейіпкер тілінің ерекшеліктерін көрсетуде, сол кейіпкерді даралай түсу үшін қолданған болса, ол- жергілікті сөзді орынды қолдану болмақ. «Ақ Жайық» романын мұқият байқап қарастырсақ , диалектизмдерді авторлық ремаркасынан да, баяндауларынан да кейіпкерлер сөзінен де байқаймыз. Х.Есенжанов тілінде жалпы халықтық сипат алмаған, әдеби тілдің нормасына жатпайтын лексикалық құбылыстар, фонетикалық ерекшеліктер, грамматикалық тұлғалардағы айырмашылықтар да кездеседі. Әдетте көркем сөз шеберлері диалектілік сөзді кейіпкердің аузына сол жергілікті тұрағына қарай әдейі салады. Ондағы мақсат - кейіпкер сөзін бұлжытпай беру, әрқайсысын даралау. «Ақ Жайықта» да солай қолданылған сияқты, мысалы, Игнаттың сөзі: «Оның үстіне мына кулактар мен бай казактардың түксигені әбден бәле болды, өзің жоқ жерде үйіңді бар жанымен өртеп жіберуге бұлардың дүзі жанбайды.» (I том) Яғни «Пәле» дегенің орнына «Бәле» «Жүзі» дегенің орнына «Дүзі» деген. Тағы бір мысал: - Мұнда кел, мылжыңдасайық... (І том) (күзетшінің сөзі) .

Бүл сияқты диалект сөздерді романнан көптен кездеструге болады. Автор қолданған диалектілердің кейбіреулері біздің кез келгенімізге таныс бола бермейді. Мысалы, Ызбайлы, шұғылдана, кебен, жұлығы, тараштаган, судай, шоланында, сүдінсіз, әнтектік, сенектің деген сөздер кездеседі.

Ызбайлы жас доктор кемпірге әдептілігімен ғана ұнаған жоқ, мырзалығымен де ұнады (I том, 11- бет).

Тілмаш газетті шұғылдана қарап, бірақ -тегіс оқымай, ақтық беттегі ірі әріптермен шым-шытырық жазылған құлақтандырулардың ішінен әскер қызметін аткаратын казақтардың тегіс есебін алуға станциа атамандарына берген наказнойдың бұйрығын тұтас оқып шықты.( I том, 11- бет).

Сәлден кейін сенектің едені сықыр еткен сияқтанды (I том, 15 -бет) Былтырдан қалған бір кебен пішен мен жапанда тұрған жалғыз ағаш жолаушыға аялдау үшін әдейі қойғандай - түбі әрі көлеңке, әрі ық. (II том, 6- бет).

Көлденең көрген адамға майданнан қайтқан солдат сияқты: сақал -мұрты қырылмаған, етігінің жұлығы аппақ, күнге күйген сұр гимнастеркасының түсі қуарған ақ шатыр сияқты, үсті де шаң- шаң.(ІІ том,6-бет).

Қай селоны алсаң да үй төңірегін тараштаған, шалғы көтерген, ат суарған, арба оңдап жатқан солдат киімді шаруадан көз сүрінерлік. (II том, 6-бет).

Көмейден шығатын «Қ» мен «Ғ» сияқты күнгірт дыбыстарды ғана жіңішкертіп айтқаны болмаса, мына шаруа орыс, қазақ тіліне судай көрінді. (II том, 8 -бет).

Терең сай беттегі Мойсей Кисляктың кішкене шоланында сығырайған май шамның шүберек білтесін қайта - қайта түзеп, Петр Петрович Парамонов тізім жасаган Әбдірахманға жарық етіп отырған. (II том, 14- бет).

Азағаш жақта селоның қырық екі аты жатыр еді, соны айдап әкеліпті сүдінсіз дұшпан. (II том, 43- бет)

Ақылдаспай іс істеуің әнтектік. (II том, 44- бет)

Бұл сөйлемдердегі кейбір сөздерге түсінік берер болсақ, ақтық - соңгы. құлақтандыру - хабарландыру, тұтас - тегіс, судай - жетік, шоланында - кіре берісінде, сүдінсіз - ұсқынсыз, жағымсыз, әнтектік - ағаттық деген мағыналарды білдереді.

Осылайша X. Есенжанов шығармаларының лексикасына талдау жасау арқылы тек жазушының туындыларына тән сөздік байлықпен танысып қоймай, оның заманына, өмір сүрген ортасына үңіліп, заманындағы жазба әдеби тілдің жайымен, лексикалық сөз байлығымен, оның құрамымен танысамыз.

Романды талдай отырып тағы бір байқағанымыз - кей реттерде сөзге қосымшаның артық жалғанатындығы. Мысалы: «Өздеріңнің қолына н келмегенсін, мені күндейді» деп ойлады ол. (I том, 10- бет). Әрине, дұрысы келмегесін немесе келмеген соң, ал, - н жұрнагы орынсыз қабаттасып түр.

2.2 Романдагы фонетикалық ерекшеліктер.

Романда фонетикалық ерекшеліктер де жоқ емес. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың алмасып қолданылуын жиі кездестіруге болады. Ол үшін төмендегі мысалдарға жүгінейік:

«Бір жағы аянышты, бір жағы жұмбақ бұл бір жайдың мәнісіне түсінбей қайтып кетуге оның шамасы да келместей, ертеңге дейін тақаты да төзбестей. (1988ж,Ітом, 16-бет)

«Бұрын да әлденені күбірлеп сөйлеп, есікті зорға ащатын кемпір енді өзіне бәле сала сөйледі». (16 -бет)

«Сүйтті де ол газетті стол үстіне қойып, сол қолының бас бармақ тырнағын тістелеп, бірер минуттай отырып қалды» ( 12- бет).

«Ал, Мендікерейдің «өлім ауызынан қайтқанын» адам нанбастай килы-килы кезендер мен бейнеттерді басынан кешіргенін естігеннен кейін Хакім бұл адамды өте - мөте құрметті, асқан кемеңгер деп білді. (II том, 75-76 -бет).

Күн кешке айналған шақ-ты, күндізгі ыстық алдақашан бәсеңсіп, ағаш түбі тіпті салқын тартып қалыпты. II том, 6 -бет)

Ол мына шаруаның ыңғайына екі үштілеу етіп жауап қайырды. (II том, 8-бет).

Бірақ шаруа байгұстың пішеніне түсетін мал қазір көбейіп тұр гой, кәрия. (II том, 8- бет).

Қанаушы алпауыт, помещиктерге көктемде он адам қарсы шықса, кәзір жүз адам қарсы шыгады. (II том, 56 -бет).

Келтірілген сөйлемдердегі дыбыстық өзгеріске ұшыраған сөздерді қарап отырып, қ/г, б/п, ө/ү, ш/н, а/ә, ұ/ү, қ/к, дыбыстарының ауыстырылып айтылғандығын байқамыз. Тақаты - тағаты, бәле - пәле, сүйтті - сөйтті, нанбастай - шамбастай, алдақашан - әлдеқашан, үштілеу - ұштылау, кәрия -қария , кәзір - қазір түрінде келуі керек. «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде» (А, 1996ж. I том 119- бет). Бәле сөзінің Атырау, Маңғыстау облыстарына тән екендігін көрсеткен.



Қорытынды.

Хамза Есенжанов тіліндегі диалектизімдер жалпы тіл тарихы үшін, қазақтың жазба әдеби тілінің даму жолын зерттеуде қажетті материал. Сонымен бірге жазушының сөздік құрамынан орыс, татар, башқұрт тілдерінін элементтерін де кездестірдік. Оларда жалпы, бөгде тілдер арқылы тілімізді байытуға қолданған, ешуақытта орынсыз жұмсалмаған. Мысалы - Хакім, менің саған айтатын бір сөзім бар, осы қаладағы чиновниктердің қызын қайтеміз? Кешікпей восемь черных, на ногах топчущихся, с животом двенадцать (ескі әдеттегі қалың малға сұрайтын сегіз қара, ішімен он екі қара дегенді сол кездегі оқушылар күлкі үшін осылай орысшалаған) бермей де қыз келеді. (I том, 10 бет).

- Бик матур кісі бигірақ та матур. Осындай зор білімді кісілердің қасында жүрсең де қор болмайсың...

- Төмен қарап, ыдыс - аяқтарды жинап жүріп, кемпір бұл сөздерді өзіне айтқан сияқтанды: ол әмәнда өзімен -өзі әңгімелескендей күбірлеп сөйлейтін.

Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығы алуан салалы. Солардың бірі - әр жердегі, яғни бір облыс, аудан немесе бір ауыл - аймақ тұрғындарының өз ара ауызекі сөйлеуінде кездесетін, жалпы жұртшылыққа белгісіз сөздер, яғни жалпы халықтың лексикадан, әдеби тілдің нормасынан тыс элементтер.

Бірден - бір қажет болған сөзді тауып жазу (айту), тиісті грамматикалық форманы тауып, орнына қолдану ,айтайын деген ойдың дәл әрі айқын болуын көздейді. Тегінде, жазушының шеберлігі де осыдан байқалады.

Хамза Есенжанов кесек туындыларымен қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосқан дархан дарын иесі. Ақтаңдақтар қасіретін басынан кешірген, алмағайып дәуірдің зұлматын басынан өткізген қайсар жандар қатарында Хамза Есенжановтың есімі ерекше. Көрнекті қаламгер есімін бүкіл қазақ жұртына, оқырман қауымға «Ақ Жайық» романы танытты.














Пайдаланған әдебиет:

1. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері». А,82.

2. I. Кеңесбаев, Г. Мұсабаев. «Қазіргі қазақ тілі» А,62.

3. Г. Қалиев, Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы». Алматы. «Ана

тілі», 1991 ж.

4. «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» I том. Алматы «Гылым», 1996ж.

5. X. Есенжанов «АқЖайық» І, II том. Алматы «Жазушы» 1998 ж.

6. Ыбырай шыгармаларының тілі.

7. «Қазақ тілі» оқулығы 5 - сынып. С. Исаев, К. Назаргалиева, Ж. Дэулетбекова.

8. Қазақ совет энциклопедиясы.

9. Қабдолов З. Арна. Зерттеу сын эссе. А: Жазушы. 1988. 256 бет.











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.04.2019
1665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі