Сабақтың
кезеңі / уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен
сәлемдесу, түгендеу.
Ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру.
Сабақтың
тақырыбы мен мақсатын, бағалау
критерийлерін таныстыру.
|
Мұғаліммен
сәлемдеседі, оқу құралдарын дайындайды.
Сабақтың мақсатымен танысады.
|
Мақтау,
қолдау сөздері:
«Жарайсыңдар!»,
«Өте жақсы!»
|
Журнал,
оқулық
|
Сабақтың
ортасы
|
1-тапсырма:
«Терминдер аялдамасы»
(Жеке жұмыс)
Төмендегі
терминдерге анықтама беріңіз:
1.
Революция
2.
Социализм
3.
Партия
4.
Алаш
5.
Автономия
6.
Зиялылар
|
Ұсынылған
тарихи терминдердің мағынасын ашып,
ауызша немесе жазбаша түсіндіреді.
|
Дескриптор:
• Терминдердің
мағынасын дұрыс ашады – 1
балл.
|
Терминологиялық
карточкалар / Слайд
|
|
2-тапсырма:
«Кестемен жұмыс»
(Жұптық жұмыс)
Саяси
партиялардың мәліметтерін толтырыңыз:
«Алаш»
«Кадет»
«Үш
жүз»
«Шура-ислами»
|
Кестені
толтырады: партияның құрылған уақытын,
басшысын, газетін және шыққан қаласын
жазады.
|
Дескриптор:
Партиялардың
құрылу мерзімі мен басшысын көрсетеді
– 1
балл.
Басылымдары
мен өңірлерін дұрыс сәйкестендіреді
– 1
балл.
|
Таратпа
кестелер
|
|
3-тапсырма:
«Сәйкестендіру»
(Жеке жұмыс)
Қоғамдық
ұйымдар мен олар құрылған қалаларды
сәйкестендіріңіз:
.
Петропавл → «Талап»
2.
Ақмола → «Жас қазақ»
3.
Меркі → «Қазақ жастарының революциялық
одағы»
4.
Орда → «Еркін дала»
5.
Орынбор → «Жігер»
|
Ұйымдар
мен қалаларды дұрыс бағыттар арқылы
сәйкестендіреді.
|
Дескриптор:
• Қоғамдық
ұйымдарды қалалармен қатесіз
байланыстырады – 1
балл.
|
Сәйкестендіру
тапсырмасы / карточкалар
|
|
4-тапсырма:
«Тарихи хронология»
(Жұптық жұмыс)
Уақыт
пен оқиғаны сәйкестендіріңіз:
•
1917
ж. 21–26 шілде
•
1917
ж. 22 қараша
•
1917
ж. 26 қараша
•
1917
ж. 28 қараша
• 1917
ж. 5 желтоқсан
|
Маңызды
съездер мен автономиялардың жариялану
уақыттарын оқиғалармен дұрыс
сәйкестендіреді.
|
Дескриптор:
•
І
және ІІ Жалпықазақ съезі даталарын
табады – 1
балл.
• Алашорда
мен Түркістан автономиясы оқиғаларын
белгілейді – 1
балл.
|
Хронологиялық
кестелер
|
|
5-тапсырма:
«Венн диаграммасы»
(Топтық жұмыс)
Түркістан
автономиясы мен Алашорда автономиясын
салыстырыңыз.
|
Екі
автономияның ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын талдап, диаграммаға
жазады.
|
Дескриптор:
Автономиялардың ерекшеліктерін
көрсетеді – 1
балл.
• Ортақ
белгілерін (ұқсастығын) анықтайды –
1
балл.
|
Ватман,
стикерлер, флипчарт
|
|
6-тапсырма:
«Кескін картамен және тестпен жұмыс»
•
Кескін
картаға Алашорда мен Түркістан
автономияларының территориясын
белгілеңіз.
• 5
сұрақтан тұратын бекіту тестологиялық
тапсырмасын орындаңыз.
|
Кескін
картаны сызады. Тест сұрақтарына жауап
береді (1-С, 2-С, 3-Д, 4-В, 5-С).
|
Дескриптор:
•
Кескін
картаға территорияларды дұрыс
белгілейді – 1
балл.
• Тест
сұрақтарына дұрыс жауап береді – 1
балл.
|
Кескін
карта, тест бланкілері
|
Сабақтың
соңы
|
Қорытынды
бағалау:
Мұғалім
сабақ бойы жинақталған балдарды
(максималды 10 балл) есептеп, оқушыларға
кері байланыс береді.
Рефлексия:
«Нысана»
немесе «Стикер» әдісі. Оқушылар
сабақтан алған әсерлерін жазады.
|
Оқушылар
өз балдарын есептейді. Стикерге сабақ
бойынша пікірлері мен ұсыныстарын
жазып тақтаға іледі.
|
Формативті
бағалау (барлығы 10 баллдық жүйе)
|
Стикерлер,
кері байланыс тақтасы
|