400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХ ғасырдың ұлы жаршысы- Әлихан Бөкейханов

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мәлімет берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәтбаев қаласы.

«№ 3 ЖОББМ

тарих пәнінің мұғалімі

Сулейменова Молдир Болатбековна


ХХ ғасырдың ұлы жаршысы- Әлихан Бөкейханов


Қазақ елінің тарихында ұлт көсемі деген атқа ие болған бір ғана тұлға бар.Ол досына да , дұшпанына да өзін мойындатқан Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан.

Әлихан Бөкейхан 1866 жылдың 5 наурызында қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ол Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы әулетінен. Бергі атасы атақты сұлтан Барақ , одан қазақтың соңғы хандарының бірі – Бөкей хан, Бөкейден Батыр, Батырдан, Мырзатай, Мырзатайдан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед тараған. Жасынан зерек өскен Әлихан әуелі молда қолынан сауат ашты. Содан соң қаладағы үш сыныпты бастауыш мектебіне ауысады. 1879- 1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте білімін жалғастырды.Ә.Бөкейхан Петербордағы Орман институтында өзге ұлт өкілдерімен бірге білім алады. Олардың арасында украин мен беларусь , грузин мен армян, татар және поляктарұлт өкілдері де бар. Жас та алғыр Алихан бұл ортада да өзінің жақсы қырын көрсете біледі. [1]

Әлихан Бөкейханның қоғамдық істерге араласуы Омбы қаласынан шығатын бірнеше газеттерге мақала жазудан басталды. Нақтырақ айтсақ, 23 жастағы автордың бір жылдың ішінде 20- ға жуық мақаласы жарық көрді. Намысшыл жастың әр жазған мақаласы елдік мәселелерді көтерумен көрініс тапты. Мұнда Әлихан студенттік қызу пікірталастарға қатысып, әртүрлі қозғалыстарға белсене араласты. Осының салдарынан, ол Ресей жандармерия басқармасының назарына ілігіп, саяси сенімсіздердің қара тізіміне алынды.Петербордағы Орман институтын бітірген Әлихан Омбыға қайта келеді.Мұнда ол Орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен сабақ берді.Сондай-ақ социалистік бағыттағы Степной край газетінінің қызметіне белсене араласып, оның редакция алқасы құрамына енді.Кейіннен ол яғни, 1906 жылы Омбыдағы кадеттік « Голость степи», « Омичь» және « Иртышь» газетін шығарды. Сондай – ақ 1908 жылы Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. [2]

Ә.Бөкейханов 1913 жылы Жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырады.Ұлттық бағытты нысанаға алған газет Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының қажыр. қайратының арқасында 1918 жылға дейін жарық көрді. Әлиханның өзі де «Қазақ» газетінде мақала жазғаны белгілі. Солардың бірінде: « Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел, қайда жүріп , қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді,келешекте басына қандай күн туатындығына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өз тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады деп жазды. Тәңірі талабынан айырмаған Әлихан отыз жасында Щербина экспедициясының жұмысына қатысады. Әлиханның айтуынша,экспедиция жұмысына қатысу қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған. Жер қатынастарын тереңнен түсіну, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасалатын іспетті. Ол экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсаты бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрінді. [2]

Сондай – ақ таяу жылдары отарлау саясатын іске асыруға патша билігі даярлық жасап жатқанның аңғарады.Сол себепті Әлиханның көзқарасы Щербина экспедициясына қатысқан 1896 - 1903 жылдары өзгергені анық.Қазақ қайраткерлерінің 1905- 1920-шы жылдардағы іс – қимылдары тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылған ұлттық күрестің алғашқы баспалдағы болды. Оның жарқын көрінісі өзін өзі көп күттірген жоқ. Мәселен Қоянды жәрмеңкесіндегі Бүкілқазақтық азаматтық мойынұсынбау қозғалысы дербес қазақ мемлекетін құруды көздеді.Солардың бірі ретінде 1905 жылғы 17 ақпан манифесін атауға болады. [3]

Қазақ даласындағы азаттық қозғалысын өрістеткен бастамада Ә.Бөкейханмен бірге саясат сахнасына А. Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, Ж.Ақпаев сынды тағы басқада көптеген азаматтар шықты.Бұл жөнінде Әлиханның «Қазақтар» атты мақаласында: «1905 жылдың маусымында қазақ даласының қақ орта тұсында Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде 14 мың 500 қазақтың атынан министрлер кеңесінің төрағасына жолданған арыз тілек хат азаттық аңсаған халықтың оянған санасының алғашқы үн қатуы еді» - деп жазады. 1905 жылы Мәскеуде Ресейдің қалалық және жергілікті қоғам қайраткерлерінің құрылтайы өтті. Онда Әлихан Нұрмұхамедұлы тұңғыш рет империяға саяси талап қойды.Империяның аяр саясатынан именбей, ұлттық мәселе көтере білген Алаш арыстарынан жиналған 12 азамат Ресей мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды.Олардың арасында І Думаға депутат болу Әлихан Бөкейханға да бұйырды. Өкінішке қарай 1907 жылы патша әкімшілдігі қабылдаған заң Ресейдің қоластындағы қазақ секілді ұлттарды бұратана ретінде танып, Думаға депутат болу құқынан мүлдем айырып тастады. [2] Бұл турасында Ә.Бөкейхан: « Ресей 1905 жылы алғаш және соңғы рет Еуропа болды » деген еді.Реакцияшыл ұкімет Думаны таратқанан кейін Ә. Бөкейхан наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияға барады.Еркін ойлы выборог үндеуіне қол қойғаны үшін Ә.Бөкейхан үш айға түрмеге жабылды.Әйтсе де ол Семей түрмесінде тұйықталып қалмай, орыс отаршылдарын сынауын тоқтатпады. Ә.Бөкейхан Семей түрмесінен босап шыққаннан кейін 1909-1917 жылдары Самараға жер аударылады. Ол аталған жылдары Самарадағы Дон егіншілік банкі бөлімшесінде қызмет істеді.Ал 1914 жылы Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастырылуымен шақырылған Бүкілресейлік Мұсылман сьезіне қатысты.Сондай- ақ мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды.Ә. Бөкейхан кадеттер партия орталық комитет мүшелігінен 1917 жылы өз еркімен шығады. Өйткені Уақытша үкімет пен кадеттер партиясының күткен үміті ақталмады. Осыдан соң 1917 жылы 21-26- шы шілде арасында Орынбор қаласында Бірінші Жалпықазақ – қырғыз сьезді шақырылды. Құрылтайға Ақмола мен Торғайдан, Семей мен Оралдан, Жетісу мен Сырдариядан, Ферғана облыстары мен Бөкей Ордасынан өкілдері қатысты. Сьездің күн тәртібіне сол кезеңдегі қазақ жұртына ең өзектелінген 14 мәселе қойылды. Оның ең маңыздысы әрине Алаш ұлттық демократиялық саяси партиясын құру болатын. Желтоқсанның 5 мен 13 аралығында Орынбор қаласында Екінші Жалпықазақ – қырғыз сьезд өтті.Құрылтайдың күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе кеңестік билікке қатынас жөніндегі баяндаманы Ә. Бөкейхан жасады.Сьезде қазақ облыстарының бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша ұлттық кеңес құрылып, оның аты Алашорда болсын деген шешім қабылданды. Ә. Бөкейхан Алашорданы басқаруға тағайындалады. [1]

Әлихан Бөкейхан 1918 жылдың 11 маусымы күні шұғыл түрде «Қазақ халқы кеңес өкіметін еш уақытта мойындамаңдар және кеңес өкіметіне бағынбандар» деп қатаң түрде нұсқау берді. Аталған жарлыққа бағынған Алаш ардақтылары жан саудалап шет ел асудан бас тартты. Алашорда автономиясы 1917 жылдан 1920 жылға дейін екі жыл үш ай тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің ұлттық саясатын жүргізді.1920 жылы қазақ шекарасын заң жүзінде айқындап алды. Сондай- ақ ол қазақ қожалықтарына қажет жер нормасын анықтау мақсатында профессор Шведсов экспедициясы құрамына енеді.Жұмыс тобы қазақ еліне қоныс аударушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.Осылайша ол Ф.Голощекиннің жымысқы әрекетіне бөгет болды. Алаш ардақтысы 1927 жылдың 1 қазанынан бастап Мәскеуде ОГПУ органдарының қатаң бақылауында болды. Ә.Бөкейхан арада он жыл өткенде 1937 жылдың 27 жылтоқсан күні КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үкімі бойынша ату жазасына кесілді.Ол ақырғы сөзінде өкініп өзіне кешірім жасауды өтінген жоқ, бар болғаны мен Кеңес өкіметін жақтырмадым, бірақ мойындадым. [3]

Қорыта келе, Ә. Бөкейхан арада 51 жыл өткен соң, яғни 1989 жылы КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша ақталды.Көзі тірі кезінде аты аңызға айналып, Голощекиннің өзі кәрі көсем деп атаған Әлихан Бөкейханды бүгінде иісі қазақ сағынып жүр.Оның орны әлі күнге дейін ойсырап тұрғаны анық.Кезінде Әлихан Алаштың баласы бұл жолы болмаса жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болады деген екен. Ұлт көсемнің ұлы арманы орындалғаның өзі көрмесе де, бүгінде оның ұрпағы көрді.Сондықтан да кейінгіге ғибрат аларлық үлгі тастап кеткен Әлиханның алдында барша қазақ қарыздар.










Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Бөкейхан Әлихан.Таңдамалы / Ә.Бөкейхан –Алматы: Қазақ энциклопедиясы.

  2. Бөкейхан Әлихан.Шығармалар / Ә. Бөкейхан –Алматы: Қазақстан

  3. Бес арыс –Алматы : Жалын, 1992 ж.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі