Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ХХІ ғасыр көш басшысы интелектуалды ойынының сценариі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ХХІ ғасыр
көшбасшысы » интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге,
үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз
болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді,
дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі
«Алтын қақпа» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім
сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін
жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды
қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.
Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
- Бүгінгі сайысымыз бес
кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз
екі оқушы шығып отырады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «өнерпаз болсаң»
5-кезең: «жорға»
Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың Бәйге
кезеңіне кезек береміз.
1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа жауап
беруге тырысасыңдар. Сұрақты ретпен беремін.Жауаптарың дұрыс
болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Жауапқа ойлануға уақыт
берілмейді.Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай алуға мүмкіншілік бар.
Сонымен, бәріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!
1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр
және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60
х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған
әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім
жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай
табамыз
19. Тамыр сөзінің мағыналарын айт.(өсімдіктің
тамыры, ата бабсының арғы бабасы,
танысы)
20. 1кг мақта ауырма 1 кг темір ауыр ма (бірдей)
21. . 22 - қараша 2012жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы
хабар мен ерекшеленді? (ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі
Қазақстанда. Оның жас елордасы Астанада өтетіндігі )
22. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына
білдіреді?( алдында отырған)
23. 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО - ң қандай сыйлығымен
марапатталды?
( «Әлем қаласы» )
24. Қ. Р – ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 -
желтоқсан)
25. Н. Ә. Назарбаев қашан, қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940ж. 6 - шілде)
26. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады
27. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім қай жылы ұшты?(1991ж. 2
- қазанда Т. Әубәкіров)
28. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? (
Парламент)
29. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз)
30. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге айналымға
қашан келді? (1993ж. 15 - қараша)
31. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы
қай жылы жарияланды?( 2003 ж)
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың
тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда
сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш
тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл
кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа
табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер.
Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20
ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі
сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
20 ұпай: Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы? (с. Бегалин)
20 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
20 ұпай: ен биік шыңды ата (Гималай)
30 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?
30 ұпай: Ақансері кім
30 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал
келтір.
40 ұпай: Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін
оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
40 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралық тілі?
40 ұпай: Көкжиектің негізгі тұстарын
ата?
4 - кезең « Өнерпаз болсаң». Патриоттық әндер минусовкасы беріледі. Қандай ән екенін табу және қосылып айту.
5 - кезең: «Жорға»:
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап
берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт
беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік
тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?
11. 1 дм неше см?
12. Жуан дауыстыларды ата?
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?
15. Астанамыз қай қала?
16. Ұя салмайтын құс?
17. Абайдың әжесі?
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
19. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?
1. Орман дәрігері?
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?
3. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?
5. Балықшы сөзінің түбірін тап?
6. Түйенің төлі қалай аталады?
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
8. 12 ай неге тең?
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?
11. Шаршы қандай фигура?
12. Түбір сөз дегеніміз не?
13. Тіктөртбұрыштың қасиеті?
14. «Сұлба» деген не?
15. Ауаның негізгі қасиеті?
16. Буын дегеніміз не?
17. Сапарғали Бегалин қай жақта дүниеге келген?
18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
19. 1 метрде неше см?
20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол
ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді
қатысқаны үшін мадақтау.
XXI ғасыр көшбасшысы.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен
таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.
2. Жарыс ұйымдастыру
3. Жеңімпазды анықтап, құттықтау
Мұғалімнің кіріспе сөзі: құрметті әріптестер, оқушылар,
тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған XXI -
ғасыр көшбасшысы «Егемен елге - білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық
ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын 9 -
сынып оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Ендігі кезекте бүгінгі ойыншыларымыздың әр кезеңде жинаған ұпай
сандарын есептеп беретін есепшімізбен таныс болыңыздар
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.
Ойынымыз 7 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең « Өнерпаз болсаң». Патриоттық әндер минусовкасы беріледі.
Қандай ән екенін табу және қосылып айту.
3 - кезең. «Қызықты жетілік». 9 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға
жауап беру.
4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері
көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек
5 - кезең. «Жанды сұрақтар». Пән мұғалімдері сұрақтар қояды.
6 - кезең. « Сөз тапқанға» Үй тапсырмасы.
7 - кезең. « Жорға»
Ойынның шарты: Алғашқы 2 кезеңге 10 оқушы қатысады. 2 - кезеңнен
кейін ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады. 3 - кезеңнен кейін ұпай
саны аз 2 оқушыны шығарып саламыз. 4 - кезеңнен кейін 2 ойыншы
ойыннан шығады. 5 - кезеңде 2 ойыншы ойыннан шығады, 6 кезеңде2
оқушымен қош айтысамыз. Соңғы кезеңнен екі оқушыдан жеңімпаз
анықталады.
Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.
I – кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру. Әрбір дұрыс
жауап үшін 5 ұпай.
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президент күні қай кезде аталып өтеді?
( 1 - желтоқсан)
2. 22 - қараша 2012жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы хабар мен
ерекшеленді? (ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі Қазақстанда. Оның
жас елордасы Астанада өтетіндігі )
3. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына
білдіреді?( алдында отырған)
4. 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО - ң қандай сыйлығымен
марапатталды?
( «Әлем қаласы» )
5. Қ. Р – ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 -
желтоқсан)
6. Н. Ә. Назарбаев қашан, қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940ж. 6 - шілде)
7. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады
8. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім қай жылы ұшты?(1991ж. 2 -
қазанда Т. Әубәкіров)
9. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? (
Парламент)
10. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз)
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге айналымға
қашан келді? (1993ж. 15 - қараша)
12. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы
қай жылы жарияланды?( 2003 ж)
13. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?( 1989 ж. 22 -
қыркүйек)
14. Неге Бәйтерек монументінің геометриялық өлшемдеріне дейін (
97м) символдық мәні бар дейді?( Елорда Алматыдан Астанаға көшіп
келген жылдың соңғы екі цифріне сәйкес келеді
15. Қазақстан 2010ж. қандай халықаралық ұйымға төрағалық етті?(
ЕҚЫҰ)
16. Қазақстанда Президент сайлауы қанша рет болды?( 1991, 1999,
2005, 2011,)
17. Конституцияда не туралы жазылған?( құқық пен міндет)
18. ҚР – ң Премьер Министрі кім? ( Серік Ахметов)
19. ҚР Мемлекеттік Гимні ретінде қабылданған « Менің Қазақстаным»
әні қай жылы жазылған және әнді алғаш орындаған кім?( 1959 ж. Жамал
Омарова)
20. Алғашқы рет ҚР - ң Гимні ретінде « Менің Қазақстаным» әні қай
жылы қандай мерекеде орындалды? ( 2006ж. 10 - қаңтарда Елбасын
ұлықтау рәсімінде )
21. Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрі ( теннис)
II - кезең «Өнерпаз болсаң»
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар,
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Екінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнерпаз болсаң» деп келесі
кезеңге көшейік.
Ойынның шарты: Патриоттық әндер минусовкасы беріледі қай ән екенін
анықтап, қосыла айту керек. 10 ұпай.
Талапты бала талпынған құстай
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
Талапты оқушыларымыздың 2 кезеңде жинаған ұпай сандарын есепші
хабарлайды. Ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.
« Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас» демекші ойыннан шыққан
оқушыларымызды шығарып саламыз.
III – кезең. « Қызықты жетілік». Шарты: 9 ұяшықтан таңдап алған
сұрақтарға жауап беру.
Ғылым 10 20 30
Тұлға 10 20 30
Спорт 10 20 30
“Ғылым”
10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады?
(космонавтика )
20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін
тарих ғылымының саласы. (археология )
30. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі
қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
“Тұлға”
10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық
Қаһарманы (Т. О. Әубәкіров )
20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар
қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С. А.
Назарбаева)
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, (Қ. И. Сәтбаев
)
«Спорт»
10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын
медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )
20. Азиада - 2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі
таңдалды? ( ілбіс)
30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес
дүркін чемпион).
Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады.
4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері
көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек.
10ұпай.
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Келесі кезекте ұпай сандары аз 2 оқушыны ойыннан шығарып
саламыз.
5 - кезең. «Жанды сұрақтар». Ойынның шарты: Пән мұғалімдері экран
арқылы сұрақтарын қояды. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпаймен
бағаланады.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - дей келе ойыннан тағы 2
оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.
VI - кезең. « Сөз тапқанға» Үй тапсырмасы. 2 минут. Шарты: Мен
қандай мемлекетте өмір сүргім келеді? үй тапсырмасын қорғау. ( өмір
сүргілері келетін мемлекеттің аты, шекарасы сызылған, туы,
елтаңбасы, астанасы және өз мемлекеттеріне арнап 4 жол өлең
шумақтарын арнау.)
Бұл кезең оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. Өзбектің
ойшыл
ақыны Ә. Науаи:» ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам
салиқалы, сапалы сөзімен мәнді», деп көрсетеді. Тылсым табиғаттың
адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы – тіл. Ана
тілі – ең жақсы тіл дегендей келесі кезекті шешендік кезеңге
береміз.
Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.
VII - тур. Жорға. Басталады жорға деген сайысым,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Ойынның шарты: екі ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі. 1минут
ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1
ұпай болып есептеледі.
1 - Ойыншыға сұрақ.
1. Сиырдың пірі( Зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)
3. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)
4. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
5. Басты байлық ( денсаулық)
6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)
7. Қара алтын( мұнай)
8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән
( «Елім - ай»)
9. 12 ай( жыл)
10. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)
11. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан
1969ж)
12. Абайдың әжесі ( Зере)
13. 2008 жылы жазғы олимпиада өткен қала( Қытай)
14. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)
15. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)
2 - ойыншыға сұрақ.
1. Түйенің пірі ( Ойсыл қара)
2. Жыл басы ( тышқан)
3. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты (
топырақ)
4. ҚР – ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)
5. Үкіметті кім басқарады? ( Премьер – министр)
6. Ақ алтын ( мақта)
7. Жеті күн( апта)
8. Шоқанның әжесі ( Айғаным)
9. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен
шың. ( Талғар шыңы)
10. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)
11. Айтыскер адам ( ақын)
12. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)
13. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең (
тұсаукесер)
14. Менің атым Қожа повесінің авторы ( Б. Соқпақбаев)
15. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)
Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны
марапаттау.
Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық
еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Ілмек сөздер: XXI ғасыр көшбасшысы, Егемен елге білімді ұрпақ
«Қараңғы қазақ
көгіне
Өрмелеп шығып күн
болам»,-деп аңсаған ағартушы педагог
Сұлтан Махмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында ғылым мен білімді
кейінгі жастарға насихаттады.
Білімді адам
еш нәрседен қорықпайды. Әр уақытта батыл, тартымды, білімді
жастарымызды ортаға шақырамыз.
Арыстанда
бір кісінің күші,
Жүз кісінің
жүрегі бар.
Жолбарыста
бір кісінің жүрегі,
Қырық
кісінің күші бар, -дегендей сайыскерлерімізге арыстанның жүрегін,
жолбарыстың күшін берсін демекпіз.
І кезең. «Бәйге».,,
Қарап
тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге
әділ шешім беріңіз
Жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге,
бәйге, бәйгені бір
көріңіз,
1. Адам қоныстанбаған материк? (Антарктика)
2. Астана қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл)
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата? (Бастауыш, Баяндауыш)
4. 2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6)
5. Жеті жарғыны қазақтың қай ханы жазған? (Тәуке хан)
6. Ең терең көл? (Байкал)
7. «Менің Қазақстаным» әнін шығарған сазгерді ата? (Шәмші
Қалдайяқов)
8. Жұмысшы құмырсқа мен әскери құмырсқа айырмашылығы? (Әскери
құмырсқаның басы үлкен)
9. Жылқының пірі қалай аталады? (Қамбар ата)
10. Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды.
Тасбақа неше жыл жасайды? (300)
11. 2014 жылы Олимпиада ойындары қай қалада өтті? (Сочи)
12. Қазақша жыл санау бойынша жыл басы қай аңға берілген?
(тышқан)
13. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
14. Астана қаласындағы Бәйтерек монументінің биіктігін айтыңыз, ол
нені білдіреді? (97 метр, Астанаға көшкен жылды білдіреді)
15. Жетісу өңірінде алтын адам қай жерден табылды? (Есік)
16. Мұхтар Әуезовтың 157 мемлекет таныған ұлы шығармасын ата? (Абай
жолы)
ІІ кезең. «Тіл өнер»
Келді кезек
жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын
беруге үш тілдерде
Қазақ,
Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға
шәкірт саған несібе.
1-ойыншыға:
1) Берген сауа-садақа, қасиетті... (Жұмада, пятница, Friday)
2-ойыншыға:
1) «... жылда ел жаңа» (елу, пятьдесят, fifty)
3-ойыншыға:
1)Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга,
book)
4- ойыншыға:
1)Қанатсыз құс-жапырақсыз ... (ағаш, дерево, tree)
5- ойыншыға:
1) Сабыр мен ... бәрін де жеңбек. (еңбек, труд, labor)
6- ойыншыға:
1)Ақылдының саусағы - ...(мың, тысяча,
thousand)
Осы сайысымызды қортындыласақ.:
ІІІ кезең.
«Жорға»
Қойылған
сұрақ есепке
Ойланып
жауап іздейік
Уақытты
текке өткізбей
Лезде шешіп
тастайық.
1-ойыншы:
1. Реніш сөзінің антонимі? (Қуаныш)
2. Жерге ең жақын планета? (Шолпан)
3. Жердің табиғи серігі? (Ай)
4. Еліміздің мұнай өндіретін облысы? (Маңғыстау, Атырау)
5. Ресейдің Астанасы? (Мәскеу)
6. Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)
7. Ең кішкентай жай сан? (2)
8. Құмырсқа өз илеуін ағаштың қай жағына салады? (оңтүстігіне)
9. Қозы-Көрпеш ғашығы? (Баян Сұлу)
10. Массаның өлшем бірлігі? (килограмм)
11. Ең ірі сүт қоректі? (кит)
12. Қазақстан жер өлшемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында?
(9-шы орында)
13. Ненің шұңқырын көрмейміз? (желкенің)
14. «Қырық өтірік» өлеңінде өтірік өлеңді кім айтты? (Тазша
бала)
15. Дүние жүзінде ең халқы көп мемлекет? (Қытай)
2-ойыншы:
1. Қуаныш сөзінің антонимі? (Реніш)
2. Термометрге қандай металды пайдаланады? (Сынап)
3. Англия астанасы? (Лондон)
4. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Жақсылық
Үшкемпіров)
5. Қаттқан су? (мұз)
6. Кебек ғашығы? (Еңлік)
7. Килограмм қай шаманың өлшем бірлігі? (масса)
8. Ең кішкене құс? (Калибрий)
9. Ненің сүті тілінде? (сиыр)
10. Атмосфераның температурасын өлшейтін прибор? (Термометр)
11. Африкадағы құмды шөл? (Сахара)
12. Натурал санға жатпайтын сан? (0)
13. Қаймақ қандай сүттен жиналады? (пысқан)
14. Тура айтқан кімге жақпайды? (Тумасына)
15. Ауырмайтын жыртқыш? (Акула)
3-ойыншы:
1. Төмен сөзінің антонимі? (жоғары)
2. Мұздың еріген түрі? (Су)
3. Адам немен дем алады? (оттегі)
4.Франция астанасы? (Париж)
5.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
6. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)
7..Баян Сұлу ғашығы? (Қозы Көрпеш)
8. «Балбырауын» күйінің авторы? (Құрманғазы)
9.Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)
10. Өз заманында «Қарлығаш әулие» атанған кім? (Қазыбек би)
11.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)
12.Қыз ұзатудағы қыздың әні? (Сыңсу)
13.Қан беруші адам? (Донор)
14. Сүйінбай қай ақынның пірі болған? (Жамбыл)
15.Операның халықаралық тілі? (Италия)
ІІІ кезең
«Дода»
Мәңгі бақи
есте қалар
Ғажайып бір
сайыс болсын,
Білімдірек
шәкірт озар
Қиынырақ
сұрақ болсын, - деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне
келдік.Ұпай саны ең ез ойыншы бірінші болып сұрақ таңдайды. Дұрыс
жауап бермеген жағдайда сұраққа жауап беру қарсыластарына
беріледі.
Қазақстан
20
Шығыс
Қазақстан Облысында неше «Алтын адам» табылды?
Жауабы: (екі, Берел мен Шіліктіде)
Қазақстан
30
ҚазақтанРеспубликасының алғашқы ақшасы қай жылы
пайда болды?
Жауабы: (1993)
Қазақстан
40
Шығыс
Қазақстан облысы Күршім өңірінің азамат соғысы кезіндегі партизан
отряды қалай аталды?
Жауабы: Қызыл Қыран немесе отряд Красных Орлов
Ұлы
тұлғалар 20
Жай сандардың
кестесін балауыздан жасап атағы шыққан ?
Жауабы: Эросфен
Ұлы
тұлғалар 30
Дүние
жүзіндегі тұңғыш әйел профессор кім?
Жауабы: Мария Складовская
Ұлы
тұлғалар 40
XVIII ғасырда
1-ден 100-ге дейінгі сандарды сабақ үстінде қосып нәтижесін тапқан
оқушы?
Карл Гаусс
Математика
20
9 санын үш рет
пайдаланып және математикалық амалдарды қолданып 10 санын
шығар?
Жауабы: 9:9+9
Математика
30
Ұзындығы 12
см, ені 4 см тік төртбұрыш ауданы неге тең?
Жауабы: 48
Математика
40
Оқушы ойлаған
санды 5-ке бөлсе 2 қалдық қалады, 7-ге бөлсе 1 қалдық қалады. Ол
қандай сан?
Жауабы:22
Сонымен бүгінгі сайысымыздың мәресіне де жеттік.
Жансын
десең маңдайыңда шамшырақ,
Жауаптарын
тапсын десең сан сұрақ.
Жүрек
жүрсін намысыңды қамшылап,
Жаусын
бетті маңдай терің тамшылап, деп бүгінгі кешімізді аяқтағымыз келеді.
Ойынға қатысқан оқушыларға үлкен рахметімізді
айтамыз.
Алматы қаласы Алатау ауданы
№26 ЖББ мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуальды ойыны
Сынып жетекшісі: Темирбаева Алма Алимбековна
Сынып көшбасшыслары: Есенғалиев Бейбарыс, Фархат Назира
07.11.2017ж