жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ХХІ ғасыр көшбасшысы
«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» Интеллектуалдық ойыны 5-сынып
«№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі»
математика пәнінін мұғалімі Арипбай Мақсат
1-ЖҮРГІЗУШІ Армысыздар,құрметті ұстаздар мен әділ-қазылар және оқушылар.Бүгінгі біздің сайысымызға қош келдіңіздер!Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Әсемпаз болма әрнеге ,өнерпаз болсаң арқалан.Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан,-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндере кетейік. Сайысы-мыз 4-кезеңнен тұрады
2-ЖҮРГІЗУШІ 1-КЕЗЕҢ «Бәйге»Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады.Әрбір сұрақ 1 балмен бағаланады.2-минуттың ішінде 10 сұраққа жауап беруі қажет.
2-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»1-кезең бойынша жоғары балл жинаған ойыншымыз 2-кезеңді бастайды.Егер ол ойыншы жауап таппаса,қарсыластар деген сөзден кейін келесі ойыншыларымыз жауап беруге болады.Егер сұрақтың жауабын үш тілде айтса 3 ұпай,екі тілде айтас 2 ұпай,бір тілде айтса 1 ұпайға ие болады.
1-жүргізуші
3-кезең «Ғажайып бестік» Бұл кезеңде екі айналым бойынша жоғары балл жинаған ойыншымыз бастайды.Бес пән бойынша сұрақтар қойылады.Сұрақтың қиындығына қарай оқушылар өздеріңе тиісті ұпайларын алып отырады.Барлығы 20 сұрақ болады.
4-кезең «Кім мықты»Бұл кезеңге тек үш айналым бойынша жоғары ұпай жинаған екі ойыншы ғана шығады.екі конверт болады біреуі есеп жинағы,ал екіншісі бейне сұрақ.Тапсырманы дұрыс орындаған ойыншыға 5 ұпай беріледі.
2-жүргізуші Батылдық- балалық шақта шындалады десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі –ойын екендігі белгілі.Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шығарайық.Оынға 4 оқушы қатысады.
1-жүргізуші Ендігі кезекті әділқазылар алқасы
1----------------------------------
2----------------------------------
2-жүргізуші Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған сәт сапар тілей отырып,шындарға биік қоңғайсың демекпіз.Ал жас қырандар 1-тур «Бәйге»турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз ,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз.
1-жүргізуші
№1 ойыншыға
1.Бір жылда неше күн бар (365күн)
2. «Мұғалім»сөзінің синонимі (ұстаз)
3.Ұлы Отан соғысында даңқты қолбасшы болған жазушы,Кеңес Одағының батыры кім? (Бауыржан Момышұлы)
4. 4-тің екі дәрежесі (16)
5.Киім тігетін адамдарды қалай атайды.(Тігінші)
6.Шаңырақ,кереге,уықты неден жасаған.(ағаштан)
7.Халық ауыз әдебиетінің бір түрі,яғни әдеби жанр.(Айтыс)
8.Әнұранның авторы.(Ж.Нәжімеденов,Ш.Қалдаяқов,Н.Назарбаев)
9.Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі.(Сәукеле)
10.Бурабай көлі қай облыста (Солтүстік Қазақстан)
2-жүргізуші
№2 ойыншыға
1.Бір ғасырда неше жыл бар. (100жыл)
2 «Әдемі»сөзінің синонимі (сұлу,көрікті)
3.Абайды әлемге танытқан жазушы.(Мұхтар Әуезов)
4.2-нің 4 дәрежесі.(16)
5.Түйе сүтінен не әзірлейді(шұбат)
6.Қазақстандағы ең тұщы көл (Марқакөл)
7.Сөйлем мүшелерін ата?(Тұрлаулы және тұрлаусыз)
8.Қазақстанның тұңғыш президенті.(Н.Назарбаев)
9. Әбілхан Қастаев кім?(Суретші)
10.Қазақтың батыр қыздары (Мәншүк,Әлия,Хиуаз)
1-жүргізуші
№3
1.Бір жылда неше мезгіл бар?(4)
2.Нөл температурада су неге айналады?(мұзға)
3. «Көкшолақ»әнінің авторы?(Кене Әзірбаев)
4.10-ның 2 дәрежесі.(100)
5.Жылқы,түйе,қой,ешкі бәрі бір сөзбен қалай аталады.(Төрт түлік)
6.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы,әрі ғалымы.(Ш.Уәлиханов)
7.Адамды адам еткен.(еңбек)
8.Қазақтың ұлы күйші композиторы.(Құрманғазы)
9.Қазақ тілінде септік нешеге бөлінеді.(7)
10. «Көксерек»әңгімесіндегі басты кейіпкердің аты ?(Құрмаш)
2-жүргізуші
№4ойыншыға
1.Бір мезгілде неше ай бар?(3)
2. «Жалқау»сөзінің синонимі?(еріншек)
3.Бауыржан Мымышұлы кім?(жазушы,батыр)
4.8-дің екі дәрежесі?(64)
5.16 –желтоқсан қандай күн?(Тәуелсіздік күні)
6.Шоқан Уәлихановтың шын есімі?(Мұхаммедханафия)
7. «Менің атым Қожа»шығармасындағы сұмпайы баланың аты-?(Жантас)
8.Денсаулық кепілі?(Тазалық)
9.Қазақ тілінде:Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді не дейді.?(Шылау)
10.Бала алғаш қадам басқанда жасалатын салт-дәстүр?(Тұсаукесер)
1-жүргізуші Әділ қазылар алқасына сөз береміз.1-ші айналым бойынша ойыншыларымыздың алған ұпайларын айта кетсеңіздер.
2-жүргізуші
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап,жай отыру жараса ма?
Туыс,досқа,сыныптас,танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа..
2-жүргізуші
«Ана тілің-арын бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте»-деп Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай,жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
2-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
1-жүргізуші
1.Ұстаз көрген........ таныр.(хат,письмо,letter)
2.Сөз ......... өтеді.(сүйек,кость,bone)
3.Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің ........ тәтті.(нан,хлеб,bread)
4.Гүл өссе жердің көркі,............өссе-елдің көркі.(қыз,девушка,girl)
2-жүргізуші
5..........-білім бұлағы.(оқу,учеба,)
6.Қабат-қабат хаттама
Ақылың болса аттама.(книга,кітап,book)
7.Жүз теңгең болғанша,
Жүз...... ..........болсын.(дос,друг,friend)
8.Әй керемет бір ит бар.
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді.(құлып,замок,lock)
1-жүргізуші
Ойын толық жатқандай асып,тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Жоғары,жоғары,жорғала
Шапшаңдыққа таң қалма
Жеңілемін деп ойлама!
2-жүргізуші Екі турдың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған ойыншы бастайды.
3-кезең «Ғажайып бестік» Бес пән бойынша сұрақтар қойылады.
Тарих 10 Түр тұлғасы біздерге ұқсайтын саналы адам осыдан неше мың жыл бұрын қалыптасты?(40-35мың)
Тарих 20 Мұз басу дәуірі бұдан неше мың жыл бұрын пайда болды?(250мың)
Тарих 30 Жүйрік аңдарды аулау үшін қару жарақтың қандай түрі пайда болды?(жебе мен садақ)
Тарих 40 Бір жағында жүзі бар,балтаның алғашқы түрі не деп аталады?(чоппинг)
1-жүргізуші
Информатика 10 Мониторға дейінгі ара қашықтық неше см кем болмауы керек?(60-70см)
Информатика 20 Компьютердің негізгі құрылғылары?(Монитор,жүйелік блок,пернетақта)
Информатика 30 Өзгенің туындысын иемденіп кету?(плагиат)
Информатика 40 Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы?(Сканер)
2-жүргізуші
Әдебиет 10 Алғадай қай ақынның баласы?(Жамбыл)
Әдебиет 20 «Қыр балалары», «Тар жол тайғақ кешу»шығармаларының авторы?(Сәкен Сейфуллин)
Әдебиет 30 Қазақтың әлемге әйгілі палуаны.Жер шарының жиырма төрт елін аралап,талай-талай атақты палуандармен белдескен палуан кім?(Қажымұхан Мұңайтпасұлы)
Әдебиет 40 Үлек деген не? (Нардың бурасы)сыңар өркеш түйені «нар» дейді
1-жүргізуші
Жаратылыстану10 Қазіргі ғылыми кемелерде адамдардың су астында тыныс алуына көмектесетін құралы.(Батискаф)
Жаратылыстану20 Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау.(Бағдарлау)
Жаратылыстану30 Жер ғаламшарының жасы.(4,5-4,6 млрд жыл)
Жаратылыстану40 Сағат бағытымен есептегенде солтүстік бағыт пен нысан бағыты арасындағы градуспен өлшенетін бұрыш.(Азимут)
2-жүргүзуші
Математика10 Натурал сан дегеніміз не?(Санауда қолданатын сандарды айтамыз)
Математика20 Квадраттың периметінің формуласы(Р=4а)
Математика
30
+
Жай бөлшектерді қосуды
орында.(
)
Мтематика 40 Жай сан және құрама сан дегеніміз не?Мысал келтір?(Жай сан –өзіңе және 1-ге бөлінетін сандар.Құрама сан-2 немесе одан да көп бөлгіштері бар сан.)
1-жүргізуші Ендігі кезекті әділ –қазылар алқасына береміз Ұпайларды есептеп,аз ұпай жинаған екі ойыншымыз осы жерден ойынды тоқтады.
2-жүргізуші Ойын толық,айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда,жат дауыс та
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста.
Дей отыра ойынынан шығып қалған қатысушыларымызға алғысымызды айтамыз.Өмірде биіктен көріне беріңдер.
4-тур «Кім мықты» екі ойыншы конверт алады.Біреуінде есептер бар.Ал екіншісінде бейне сұрақ қойылады.Дұрыс жауапқа бес ұпай беріледі.
1-жүргізуші Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.Әділ шешімн беріңіздер!Жеңімпазды анықтап,марапаттау.
2-жүргізуші Бүгінгі тамашалаған интеллектуалды шоу «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»ойыны мәресіне жетті.Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген