400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“ХХІ ғасыр көшбасшысы” атты интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! “ХХІ ғасыр көшбасшысы” атты интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!

“Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” демекші, алдымен сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырсақ. /Сайысқа қатысушылар таныстырылады/

2-жүргізуші:

7-сынып оқушылары:

8-сынып оқушылары:

9-сынып оқушылары:

10-сынып оқушылары:

1-жүргізуші: Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер.

Сайыс болған жерде төреші болатыны даусыз. Сайысымызғы бақылау жасайтын тәуелсіз сарапшыларымызды таныстырып өтсек. /Сарапшылар таныстырылады/

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші:

1-кезең. “Бәйге”

2-кезең. “Полиглот”

3-кезең. “Ғажайып жетілік”

4-кезең. “Тікелей сұрақтар”

5-кезең. “Жорға”

6-кезең. “Шешендік өнер”

1-жүргізуші: І-кезең «Бәйге». Ойынның шарты бойынша сегіз сайыскер қатысады. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берсе он ұпаймен есептеледі. Барлығы 20 сұрақ қойылады. Соңында қазылар алқасы әр кезеңнің бағасын есептеп береді. 
Сұрақтары: 

1.Қан құрамында гемоглобин азайса, адам анемия (қан аздылық) ауруына шалдығады. Гемоглобин молекуласының құрамында периодтық кестедегі қай элемент бар? (Темір) 

2.Аналгин, аспирин дәрілері қандай органикалық заттан алынады? (Карбон қышқылы)

3.Адам ағзасында қандай элемент жетіспесе тіс жегі ауруына ұшырайды? (Фтор)

4.Адамның асқазанында қандай қышқыл болады? (тұз қышқылы)

5.Бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайтын галоген? (Хлор) 

6.Адамдар йод тапшылығынан қандай ауруға шалдығады? (Жемсаулық немесе зоб) 

7.Адам талып қалғанда, иіскетсең есін жиғызатын зат қалай аталады? (NH4OH мүсәтір спирті) 

8.Тамақ өнеркәсібінде адам ағзасына қажетті йодты қандай затқа қосу арқылы өндіреді? (Ас тұзына қосу) 

9.Шыдасаң да 6 күн ассыз мүлде, шыдау қиын бұл затсыз 2 күнге? (Су) 

10.Термометрде қолданылатын металл (сынап)

2-жүргізуші:

11.Аспан денелерін зертейтің құрал ( Телескоп)

12.Күнге ең жақын плонета. ( Меркурий)

13.Қысымды өлшейтін құрал.( Барометр)

14.Күннен ең алыс планета. ( Плутон)

15.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? (параллель)

16.Белгілі бір пішін мен көлемі болмайтын күй? (газдар)

17.Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтметр)

18.Молекулалардың таралуы немесе жайылуы (диффузия)

19.Авагодро тұрақтысы неге тең? (6,02*1023моль-1)

20.Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)

1-жүргізуші:

ІІ кезең «Полиглот». Бұл кезең 2 бөлімнен тұрады.

1 – бөлім: Жеті жұрттың тілін біл: Сайыскерге тапсырма оқылады. Жауабын 3 тілде айта білуі қажет. (Қазақша, орысша, ағылшынша) 

2 – бөлім: Жұмбақ жасырылады. (Сұраққа жауап беріп, кездесетін элементтерді қазақ, орыс, латын тілінде айту. Дұрыс жауапқа 20 ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай қойылады.)
1.Өзі ауыр металға жатады, емшілер қорықтық құюға қолданады? (Қорғасын, свинец, плюмбум) 
2.Сұйық металл (сынап, ртуть, гидраргирум)
 

3.Өзім газбын менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың? (оттек, кислород, оксигениум)

4.Өзі ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан бастау алады? (Сутек, водород, гидрогениум)

2-жүргізуші:

5.Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады? (Қорғасын, свинец, плюмбум)

6. Ел іші ... бесік. (Алтын, золото, аурум) 

7.Батыр майданда шыңдалады, ... қайнауда шыңдалады. (Темір, железо, феррум) 

8.Алтын, ... тас екен, 

Арпа-бидай ас екен.  (Күміс, серебро, аргентум) 

1-жүргізуші:

2-бөлім «Жұмбақ жасыру».  

1.Ол болмаса астың дәмі кірмейді,
Кім бар екен әлемде оны білмейтін (Тұз-соль-salt)
2.Салмағың бар өлшесем,
Көрінбейсің көзге сен (Ауа-воздух-air)
3.Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
шыдау қиын бұл затқа екі күнге (су – вода-
water)
4.Көгілдір түгі бар
Тас балқытар күші бар (Газ-газ-gas)
5. Қоссаң кірді кетіріп,
Ішсең тәбет келтіріп,
Шыны ыдыста тұрғаны,
Асхана үй тұрағы (Сірке суы-
уксус- vinegar)

2-жүргізуші:

6.Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.        (Масса-масса- mass)

7.Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт- время- time)

8.Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық- скорость- speed)

9.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш- мощность- power)

10.Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.      (Қысым- давление- pressure)

1-жүргізуші:

ІІІ кезең «Ғажайып жетілік». Бұл айналымда 7 пән бойынша сұрақ беріледі. Әр тақырыпта қиындығына байланысты 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50 ұяшықтары бар.

50-Биология. Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан ғана болған. Сонда авитаминоз (виамин жетіспеушілік) ауруына шалдықпаған. Мұның себебі не? /ауа, су, топырақ таза болған/

45-Орыс тілі. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин шығармасына материал жинау мақсатында Батыс Қазақстанның бір қаласында болған. Ол қай қала? /Орал қаласы/

40-География. Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте. /Эпицентр/

35-Қазақ әдебиеті. Шоқан оқыған оқу орны қай қалада орналасқан? /Омбы/

2-жүргізуші:

30-Физика. Келвин шкаласында судың қайнау температурасы? /373К/

25-Тарих. Қазақстан жерінде өте ертеде тіршілік еткен «чудь» тайпасы Имантау кен орнында өндірген металл. /Қорғасын/

20-Химия. «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик ғалым. /Д.И.Менделеев/

1-жүргізуші:

IV кезең «Тікелей сұрақтар». (Әр дұрыс жауапқа 40 ұпай қосылады).

1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау. (азот)

2.Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім (озон)

2-жүргізуші:

3.Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салатын белгі. (селен)

4.Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада (алмас)

1-жүргізуші:

V кезең «Жорға». Бесінші кезеңнің шарты: 1 минутқа сыйғанша сұрақтарға жауап беру, әрбір дұрыс сұрақ он ұпаймен есептеледі. Бұл сайыста оқушылардан жылдамдықты, алғырлықты талап етеді. 

1-оқушыға қойылатын сұрақтар: 

1. Темекі құрамындағы қышқыл. (Никотин) 

2.Судың мольдік массасы ( 18 г.моль) 

3.Ең жеңіл газ. (Сутек) 

4. Бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектер. (Атомдар) 

5. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі. (Моль) 

2-жүргізуші:

6.Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? (Жетіқарақшы)

7.Жарық Күннен Жерге дейін қанша уақытта жетеді? (8 минут)

8.1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

9.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? (Спидометр)

10.Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)

1-жүргізуші:

2-оқушыға қойылатын сұрақтар 
1.Жану реакциясы кезінде не бөлінеді? (Жарық, жылу) 
2.Металдардың активтілік қатарын жасаған кім? (Бекетов) 
3.Ең жеңіл металл? (Литий) 
4.Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі? (коррозия) 
5.Қанның құрамына кіретін металл? (Темір) 

2-жүргізуші:

6.Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)

7. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
8. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы (жылу мөлшері) 
9. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
10. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (үдеу)

1-жүргізуші:

VIІ бөлім: «Шешендік өнер». (Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. 50 ұпаймен бағаланады.)
Судың пайдасы мен зияны.

2-жүргізуші: Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

әділ баға беріңіз.

Әділ қазылар бағасын берсе.

1-жүргізуші: Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.

2-жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.

Марапаттау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі