15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны.
Тақырыбы :«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны.
Мақсаты: 1.Информатика сабағында алған білімдерін бекіту, алгоритмдік ойлау шапшаңдықтарын қалыптастыру, логикалық ойлауды дамыту, оқушылардың информатика пәнінен деген қызығушылығын арттыру, білімін тереңдету.
2. Ой еңбегін қалыптастыру, жүйелі жұмыс жасауды қалыптастыру және өз ойын нақты. Әрі сауатты білдіруге үйрету, ұжымда машықтарын дамыту.
3. Ойлау әрекеті бойынша жұмысты қалыптастыру, салыстыру, жүйелендіру, талдау және алынған білімді пайдалану.
Сабақтың түрі: қайталау, жарыс .
Сабақтың әдісі: топтық, жеке.
Пәнаралық байланысы: математика, физика, география,химия, биология, тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
-
Әділқазылармен таныстыру.
-
Жарыстың шарты:
І. «Кім жүйрік?»
ІІ. «Сөз тапқанға...»
ІІІ. «Құпия сурет»
ІҮ. «Сен білесіңбе?»
Ү. «Тапқыр болсаң тауып көр».
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп,
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлімдесіп.
Бүгін бізге әр уақытта білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушылар алдымызда.
Әділ халқым берерсің әділ баға,
Өнері мен өренін салытырып.
Төрағаысы, төбе билер, қазылар,
Әділеттен кеңес құра біліңдер – дей келе ең алдымен сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Бәріміз маған қараңдар!
Ойынымызды бастайық,
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
І кезең. «Кім жүйрік?»
-
Компьютерді іске қосатынкезде жүктелетін және басқаратын арнайы программа не деп аталады? (операциялық жүйе)
-
Вирусты жоятын программа (антивирус)
-
Флешканы кім ойлап тапты?
-
Шағын дискіні кім шығарған?
-
Ағылшын тілінен аударғанда « жан бітірім» дегенді білдіретін, объектілерді экранда жылжытып орналастыра отырып, программада олардың қозғалыстағы бейнесін көрсету тәсілі (анимация)
-
Бірнеше тіл білетін адам (полиглот)
-
Компьютерді телефон желісіне қосуға арналған құрылғы (модем)
-
Белгілі бір атпен сақтанған мәліметтер жиыны (файл)
-
Мәтіндік және графикалық ақпаратты оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы? (сканер)
-
Кез келген басып шығарылатын ақпарат қабылдайтын (теруді, түзетуді, пішімдеуді кейде басып шығаруды орындайтын) қолданбалы компьютерлік программаның аты? (Мicrosoft Word)
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық,
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық.
ІІ кезең
«Сөз тапқанға...»
Сайыстың шарты: Үстел үстінде ағылшын және қазақ тілдеріндегі алфавиттік әріптер бар. Мен сұрақ қоямын, сендер әріптерден паскаль тіліне байланысты сөз құрап, сұраққа жауап бересіңдер, әр жауапқа балл қосамыз. Ойлануға 15секунд беріледі.
Сұрақтары:
І топ
-
Паскаль тіліндегі бүтін сан? (INTEGER)
-
Жиым элементінің нөмерін көрсетеді және тік жақшамен жазылады
ІІтоп
1. логикалық немесебульдік тип қай сөз арқылы өрнектеледі?(BOOLEAN)
2. программада орындалатын іс-әрекеттер қай сөзден басталады?(BEGIN)
Ш топ
1.Ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды(READLNmb)
2.Нәтижені немесе кез келген ақпаратты экранға басып шығару үшін арналған оператор?
ІІІ кезең. «Құпия сурет». Оқушылар жасырылған суретті табады.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
ІҮ кезең. «Сен білесің бе?»
Бұл кезеңде 9 ұяшық көрсетілген. Әр түрлі саладан сұрақтар беріледі. Сұраққа топ болып жауап береміз, жауап бере алмаса , қарсылас топтар жауап беруге рұқсат.
-
Математика. «Вектор» дегеніміз не?
-
Физика. Бүкіләлемдік тартылыс күшін зерттеген ғалым? (Исаак Ньютон)
-
Биология. Генетиканың негізін салушы және генетика дегеніміз не? (Гоегор Мендель) Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.
-
География. Қазақстандағы ең бірінші мұнай қай жылы және қай жерде игерілді? (1899ж Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден)
-
Химия. Менделеев жасаған периодтық жүйедегі №8 элеменет (Оттегі)
-
Әдебиет. Диуани Хикмет («Даналық» кітабы кімнің шығармасы? (Қожа Ахмет Иассауй)
-
Д. Тарих Екінші дүниежүзілік соғыс қайжылдары болды? (1939-1945жж)
-
Қ. Тарих. «Невада –Семей» экологиялық қозғалысын бастаған кім? (О. Сүлейменов)
-
Қ.тілі. «Тіл туралы» заң неше тарау, неше баптан тұрады? (ҮІ тарау, 27 баптан)
Білімнің ұшқырлығын танып келген
Асып, тасып , асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық қажет екен.
Ү тарау. «Тапқыр болсаң тауып көр».
1. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсын?
Көлеңке
2. 3,5 таяқтың неше ұшы бар?
8
3. Күннің көзі жылына неше рет шығады?
365 күн
4. Әлемде ең үлкен шляпаны кім киген?
Басы үлкен адам
5. Студент Әлия есікке келген кісіні құшақтап көрісті. Келгесін мен ол кім дедім? Әлия сонда: “оның шешесі менің шешемнің қайын енесі” деді. Сонда ол кім болғаны?
Әкесі
6. Қолдарыңда 10 саусақ, он қолда неше саусақ бар?
50
7. Бөлмеде 7 майшам жанып тұр. Сен жаныңдағы біреуін өшірдің , қаншасы қалды.
1
8. Елеуішпен су әкелуге бола ма?
болады, қар мен мұз күйінде
9.Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барады?
5 бала
Осымен бұл қызықты тәмәмдасақ,
Бұл жайды айтамыз қайда болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген