Материалдар / "ХХI ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ХХI ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Оқушылардың білімді,жан-жақты болуға баулу.Көшбасшылық қабілеттерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2023
318
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Улыкпанова Н.

Уақыты: 30.11.2022ж

Өткізген :Бармухамбетова С.

4-сыныптар

Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық жақсы
дан!

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 4 - ші сынып оқушыларының арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1.
Түзелбаева Нұрсая

2.Бауыржан Інжу

3.Жалай Асылай

4.Мадияр Мадина

5.Қонысбай Думан

6.Өнер Іңкәр


- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
1.Жайнаузова Эльвира

2. Улыкпанова Нурсауле

3. Нуржанова Гулнар


Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім – “ Бәйге”.
ІІ бөлім –“Полиглот”.
ІІІ бөлім – “ Ғажайып төрттік”
ІҮ бөлім – “Жорға”деп аталады.
- Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшысы қалу керек. Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

1.«БӘЙГЕ» кезеңі

Сұрақтар:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

3. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

4. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.  (сұлу)

6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

8. Жалқы есімдер қалай жазылады?(бас әріппен)

9. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

11. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

12. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

13. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

14. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

15. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

16. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

17. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)

18. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

19. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

20. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)

2.«Полиглот» кезеңі

ЖҰМБАҚТАР

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшынша) айтуларың керек. Әр қатысушы кезекпен

2 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

(Слайдпен  көрсету, оқушыларға оқыту)

1.Қолы менен қаламы жоқ,

   Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-frost)

2.Қоймасын қыс ақтарып,
   Жерді жапты ақ мамық. 
(қар – снег-Snow)

3.Бірін-бірі қоштаған,

   Бір үйден көрдім,

   Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква-letter)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
      Ұзындықтың өлшемі. 
(сызғыш – линейка-ruler)

  5. Қалқиып екі құлағы,
      Елеңдеп, қорқып тұрады
. (қоян – заяц-hare)

  6. Жолбарыстан аумайды,
      Тышқандарды аулайды
.(мысық – кошка-cat)

  7. Жеп көріп ем өзім мен,
      Жас шығарды көзімнен. 
(пияз – лук-onion)

  8. Бұлаңдаған құйрығы,
      Бір алдарлық қулығы. 
(түлкі – лиса-fox)

  9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
      Құшағымда білім көп. 
(кітап – книга-book)

10.Сағат сайын қағылады,

      Тек мектептен табылады( қоңырау-звонок-bell)

3.«ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК» кезеңі

Сұрақтары:

АНА ТІЛІ

1.. Өткен заманда бір бай болыпты.Бір күні бай жылқысын суарғалы көлге келсе,көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. (Алтын сақа)10

2.  Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

                              («Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)20

3.  Түрін ай текеметтің !Асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

«Келе ғой,қошақаным ,өзіме «-деп

Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

(Оюлар Фариза Оңғарсынова )30

4. Үлгі-өнеге түрінде айтылатын қысқа ұйқасты сөз.Ол ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтел)40

МАТЕМАТИКА

1.Ең кіші үш таңбалы сан. 100 10

2.Көлемді қалай табамыз?( ұзындығы*ені*биіктігі) 20

3. 3 тәулікте қанша сағат бар? 72 40

4.Қашықтықты қалай табады?(жылдамдыққа *уақытты көбейтеді() 40

ДҮНИЕТАНУ

1.Адам денесінің тірегі            Қаңқа 10

2.Жүрек қайда орналасқан?   Сол жақ кеудеде 20

3.Біздің Отанымыз қалай аталады?    Қазақстан Республикасы 30

4.Сезім мүшелерін ата.             Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу 40

Суреттер сөйлейді.

1. Абай Құнанбаев-ақын 10

2.Т.Әубәкіров-ұшқыш 20

3. Қасым-Жомарт Тоқаев-президент 30

4. Ж.Жабаев-ақын 40

 


4.«ЖОРҒА» кезеңі

Сұрақтары:

                1-оқушыға:

1.ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?     (1991 жыл)

2.16 желтоқсан-қандай мереке?      (Тәуелсіздік күні)

3.Қазақстанның солтүстік көршісін ата.       (Ресей)

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?  (Т.Әубәкіров)

5.Абайдың шын аты.   (Ибраһим)

6.Атақты қазақ күйшісі кім?  (Құрманғазы Сағырбайұлы)

7.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?  (1995ж.)

8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

9. Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды? (кереге)

10. Қазақтың үш биін ата.        (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)

               2- оқушыға:

1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (Сейсенбі)

5.Азаттық жолында күрескен кім?   (Тоқаш Бокин)

 6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?          (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті.  ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын   ( Мағжан)

9. Қыс мезгілінің айларын ата. (қаңтар,ақпан,желтоқсан)

10. барлық қабырғалары тең фигура.(шаршы)

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын.

Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, қатысушыларды марапаттайды. Сайысымыз аяқталды.

Shape1 Shape2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!