жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ордабасы ауданы, М Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Пән мұғалімі: Г. Орынбасар
2017 – 2018 оқу жылы
1-жүргізуші: Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика дүние кілті бәрінде.
2-жүргізуші: Физика еді өмірдің,
Асыл бір үлкен саласы
Жаңарды сол физикамен,
Елімнің дархан даласы
1-жүргізуші: Физика –тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды алдыңа орап
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
2-жүргізуші: Бүгінде физика барлық жерде
Құрылыста , техникада, өндірісте,
Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер
Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.
1-жүргізуші: -Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «XXI –ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: - Ал, оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салайық,
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық.
Енді сайыскерлеріміз өздерін және алға қойған мақсаттарымен таныстырып өтсін.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі сайыстың әділ-қазы мүшелерін таныстыруға берейік.
1
2
3
2- жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 5-турдан тұрады. Әр турдың шартымен ойын барысында танысатын боламыз. Олай болса, 1-ші тур «Бәйге».
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүздек жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
1-жүргізуші: Сайысымыздың 1-ші кезеңі «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге тест сұрақтары беріледі. Оның 3 нұсқасы болады. Алдарыңызда жатқан жетон арқылы сұрақтың дұрыс нұсқасын көтересіздер. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастайық. Ал, мұқият болыңыздар.
1.Басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады?
1) Механикалық қозғалыс
2) Инерция
3) Тартылыс
2-жүргізуші: Эклиптика дегеніміз не?
1)Күннің 1 жыл ішінде жүруге кеткен уақыты
2)Аспан сферасындағы жұлдыздар саны
3)Күннің 1 жыл ішінде жүріп өткен жолы
1-жүргізуші: Қысымды өлшейтін құрал ?
1) Манометр
2) Вольтметр
3) Динамометр
2-жүргізуші: Жылу алмасусыз жүретін процесті қалай атаймыз?
1) Адиабаталық
2) Изобаралық
3) Изохоралық
1-жүргізуші: Төменде аталған тербелістің қайсысы еркін тербеліске жатады?
1) Жел соққан кездегі ағаш жапырағының тербелісі
2) Жүректің соғуы
3) Әткеншек тербелісі
2-жүргізуші: XVII-ғасырда алғашқы бу машинасын кім ойлап тапты?
1)И.Ползунов
2)Д.Папен
3)Дж.Уатт
1-жүргізуші: Кернеуді жоғарылатуға және төмендетуге арналған құрылғыны қалай атаймыз?
1)Реостат
2)Резистор
3)Трансформатор
2-жүргізуші: Ақ жарықтың спектрге жіктелуін алғаш зерттеген ғалым?
1) И.Ньютон
2) Планк
3) Эйнштейн
1-жүргізуші: Дененің инерттілік қасиетін сипаттайтын физикалық шама?
1)Масса
2)Көлем
3)Тығыздық
2-жүргізуші: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама?
1)Масса
2)Үдеу
3)Күш
1-жүргізуші: «Бәйге» турымыз аяқталды. Бұл турда ең аз ұпай жинаған үш оқушымызбен қоштасамыз. Әділ-қазы мүшелері бұл оқушыларды анықтап берсеңіздер.
2-жүргізуші: Екінші турымыз «Полиглот» , яғни жұмбақтар қойылады, жауабын үш тілде аударып айту керек. 1 тілде 5 ұпай, 2 тілде 10 ұпай, 3 тілде 15 ұпай иемденесіздер. Бұл турда аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады.
1-жүргізуші: Үй астында алтын тас
Алайын десем табылмас (жұлдыз, звезда , star)
2-жүргізуші: Ешбір тіреусіз күнбез
Еш бір сүйеусіз күнбез (аспан, небо,sky)
1-жүргізуші: Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланам күн сайын жарық үшін (ток, ток, current)
2-жүргізуші: Бар жоғын білмейміз
Онсыз өмір сүрмейміз (ауа, воздух, air)
1-жүргізуші: Ән салады чемодан
Ішінде тұр көп адам
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған (теледидар,телевизор, TV-set )
2-жүргізуші: Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкене Күн көзін (электр шамы, электрическая лампа, electric lamp)
1-жүргізуші: Әшейінде жекесің,
Қарай қалсаң екеусің. (айна, зеркало, mirror)
2-жүргізуші: Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады. (магнит, магнит, magnet)
1-жүргізуші: Мамықтай ұлпа,
Қанттай – ақ.
Қыста жер бетін басады.
Жазда сайдан қашады. (қар, снег, snow)
2-жүргізуші:Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш, сила, force)
1-жүргізуші: Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді. (компас, компас, compas)
2-жүргізуші: Көзге көрінбей сыммен байлайды,
Жұмысқа ерінбей, іске тоймайды. (қуат, мощность, power)
1-жүргізуші: Үшінші тур «Көкпар»
Адам алып таңғажайып ісімен,
«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен.
Зерделілер заманды алға жылжытсақ,
Физикалық заңдылықтар күшімен.
2-жүргізуші: Бұл адамдар ардақтаған халықтар,
Физикада даңқы шыққан алыптар
Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Тақтада сұрақтар ілінген механика, электродинамика, жылу құбылыстары, астрономия бөлімдері бойынша сұрақтар берілген. Сіздер тақырып пен ұпай санын көрсетесіздер. Дұрыс жауап берсеңіздер сол ұпайды иемденесіздер.
1-жүргізуші:
Механика 20. Ньютонның 1-ші заңының физикалық мағынасы неде?
Жауабы: Егер тыныштықта тұрған денеге сыртқы бөгде күш әсер етпесе, онда ол дене өзінің тыныштығын немесе бірқалыпты қозғалысын сақтайды.
Механика 30. Механика бөлімі нені зерттейді?
Жауабы: Механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және осы қозғалыстың пайда болу және өзгерту себептерін зерттейтін физиканың бөлімі
Механика 40. Санақ денесі дегеніміз не?
Жауабы: Басқа денелермен салыстырғандағы қозғалмайтын дене.
Механика 50. Механиканың бөлімдерін ата?
Жауабы: Механика үш бөлімнен тұрады: кинематика, динамика, статика
2-жүргізуші:
Жылу құбылыстары 20. Диффузия құбылысын түсіндіріңіз ?
Жауабы: бір зат молекулаларының екінші зат молекулаларына енуі
Жылу құбылыстары 30. Термодинамиканың бірінші бастамасы қандай?
Жауабы: энергияның сақталу және айналу заңы.
Жылу құбылыстары 40. Жылу мөлшері дегеніміз не?
Жауабы: жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемі жылу мөлшері деп атайды.
Жылу құбылыстары 50. Термодинамикалық процестерді ата?
Жауабы: изобара, изотерма, изохора
1-жүргізуші:
Элетродинамика 20. Электр тогының айналасында магнит өрісінің бар екендігін тапқан ғалым? (Эрстед)
Электродинамика 30. Электромагниттік индукция заңын ашқан ғалым? (Фарадей)
Электродинамика 40. Электростатика нені қарастырады?
(тыныштықта тұрған зарядты)
Электродинамика 50. Жаратылыста табиғи магниттер темір рудасы. Темір рудасының бай кендері Қазақстанның қай жерлерінде көп кездеседі? (Орал)
2-жүргізуші.
Астрономия 20. Күннің тұтылуы дегеніміз не?
(Ай көлеңкесінің жер бетіне түсуі)
Астрономия 30. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі ? (күнтізбе)
Астрономия 40. Радиусы анықталмаған жорамал сфера? (Аспан сферасы)
Астрономия 50. Жұлдыздардың көзіне көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін астрономдар қандай ұғымды пайдаланды?
(Көрінерлік жұлдыздық шама)
1-жүргізуші: Үшінші турымыз «Көкпар» өз мәресіне де жетті. Ал енді қазылар алқасының шешімі бойынша аз бал жинаған 4 оқушымызбен қоштасамыз. Қазылар алқасы аз бал жинаған оқушылардың аты-жөнін айтсаңыз.
2-жүргізуші:
Ең қиыны сайыстың жорға келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Сайысымыздың келесі кезеңі «Жорға». Бұл кезеңде 11 сұрақ оқылады. Осы сұрақтарға 1 минуттың ішінде шапшаңдықпен жауап беру керек.
1-жүргізуші
1.Ньютонның 1867 жылы бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған жеміс (алма)
2.Электр тогы болу үшін өзерткіш ішіне не тұрғызу керек? (электр өрісін)
3.Физика нені зерттейді? (табиғатты)
4.Қозғалысты қарастыратын физиканың бөлімі ( механика)
5.Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама (қуат)
6.Заттың қатты күйден сұйық күйге өту процесі (балқу)
7.Кернеудің өлшем бірлігі (вольт)
8.Квант теориясын ашқан кім? (Планк)
9.Аспанда қанша шоқжұлдыз бар? (88)
10.Фотографияны ойлап тапқан француз ғалымдары(Жозеф Ньепс, Луи Даггер)
11. Заттың ең ұсақ бөлшегі (атом)
2-жүргізуші
1.Александр Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші болған құс (тауық)
2.Тізбектегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы байланысты тағайындаған кім? (Ом)
3.Астрономия нені зерттейді? (аспан әлемін)
4.Жарық құбылысын қарастыратын физиканың бөлімі? (оптика)
5.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (үдеу)
6.Будың суға айналу процесі (конденсация)
7.Ток күшінің өлшем бірлігі (ампер)
8.Фотоэффект құбылысын кім ашты? (Столетов)
9.Аспанда қанша зодиак шоқжұлдыз бар? (12)
10.Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар (ферромагниттер)
11.Заттың неше күйі бар? (үш)
1-жүргізуші: 5-турымыз «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл турға ұпайлары жоғары екі оқушы қатысады. Оларға мынандай нәрсе беріледі. Суы бар стакан, мұз кесегі, шым-шым тұз, жіп.
Сұрақ: Судың ішіндегі мұз кесегін қолдың көмегінсіз осы нәрселер арқылы қалай алып шығуға болады?
Жауабы: мұзды суға салып, үстіне жіпті қойып, жіптің үстіне тұз себеді, 5 минуттан соң жіпті тартса, жіппен бірге мұз судан шығады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген