Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ххi-ғасыр көшбасшысы.Жаратылыстану пәндері бойынша.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектептердегі пәндік апталықтар барысында мұғалімдерге көмек ретінде берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»-2018 сайысы


Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар оқушылар!Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым. 

«Болашақ энергиясы- елдің болашағы» атты химия- биология география апталығы бойынша өткізіліп отырған 8-11 сыныптар арасында химия және биология пәнінен өткізілетін

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» 2018 сайысымызға қош келдіңіздер.

Сайыстың мақсаты: химия және биология пәндерінің ерекшелігі, өмірдегі алатын орны, қосылыстардың көптүрлілігі мен мәнін оқушылардың түсінуі, қызығушылығы мен дүниетанымын қалыптастыру, оқушылар арасынан химияға қызығушы талапты алғыр химикті анықтау, оларды ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайындай сыйынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар

Ақыл- тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім-кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы неге қозбайтұғын,- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімділік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

8-сынып оқушысы:

8-сынып оқушысы:

9-сынып оқушысы:

9-сынып оқушысы:

9-сынып оқушысы

10-сынып оқушысы:

11-сынып оқушысы:

11-сынып оқушысы:

11-сынып оқушысы:

11-сынып оқушысы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсақ.


  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:


2. химия пәні мұғалімі:

3.география пәні мұғалімі:


Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырып өтейік. Сайысымыз

4- кезеңнен тұрады:

1. Бәйге.

2. Ғажайып ұяшықтар

3. Тіл өнері

4. Жорға


Сайыстың шарты


Бірінші кезең «Бәйге» сайысынан кейін ұпайы аз екі оқушы сайысты тоқтатады.


Келесі екі оқушы 2 кезең «Ғажайып ұяшықтар» кезеңінен кейін сайысты тоқтатады

.

4 -кезең «Тіл өнер » сайысынан кейін тағы да екі оқушы сайысты тоқтатады.

Ең соңғы жеңімпаздар соңғы бөлім Жорға сайысында белгілі болады


1 кезең.

Ең қиыны жарыстың «Бәйге» келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді,

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма.

Осы ойыннан көрейін ерен ерді,- деп кезекті бәйге сұрақтарына береміз.

Бәйге кезеңінде сайысқа қатысатын оқушыларға химия және биология география пәндері бойынша30-сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Сұрақтарды тыңдаймыз Ұпай сандарын қыздар жеке есептейді жазып

А нұсқасы.

1.І ауысымда сыртқа 10 минуттық қоңырау нешінші сабақтан кейін соғылады? (3)

2.Заттар дегеніміз не? (денені құраушылар)

3.Ең кіші планета -меркури

4.Судың формуласы? (Н2О)

5.Химиялық реакция типтері нешеге бөлінеді? (4)

6.Организмнің құрылыс мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым? (анотомия)

7.Ересек адамның жүрегінің салмағы?(250-300г)

8.Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады? (33-34)

9.Қан топтарын ата? (І,ІІ, ІІІ, ІҮ)

10.Адамның артериялық қысымын өлшейтін құрал? (тонометр)Ж

11.Экватордың жалпы ұзындығы----40000км

12.Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

(қышқыл тудырушы)

13.Ақштың солтүстік штаты--------Аляска

14.Үш түрлі күйде кездесетін зат? (Су)

15.Мұнайдың соңғы өнімі? (мазут)

16. Алкандардың алғашқы өкілі? (метан)

17.Отынның агрегаттық күйіне қарай жіктелуі? (қатты, сұйық, газ)

18.Германия астанасы------берлин

19.Ертедегі өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым? (палеонтология)

20 Ең ірі экологиялық жүйе?(Биосфера)

21. Өсімдіктерді зерттейтін биология саласы------Ботаника

22 Күнге жақын орналасқан планета------меркури

23. Отынның шығу тегіне қарай жіктелуі? (табиғи, жасанды)

24Жер шарының кішірейген макеті --------глобус

25.Ел ордамыз қай өзеннің бойында орналасқан-----Есіл

26.Қазіргі уақытта неше бейметалл белгілі? (22)

27.Моносахаридтер тобының көмірсуы фруктозаны.... қалай атайды? (жеміс қанты)

28.Жер шарындағы ең терең шұңғыма-----Мариан

29.Динозаврлар ғасырының басталуы қай кезеңде болды? (мезазой, триас)

30. Дүние жүзіндегі ең биік тау------Гималай



Ойынның шарты бойынша «Бәйге» кезеңінде жинаған ұпайы аз екі сайыскер ойыннан шығарылады.


Білсең егер, табиғатта зор мән бар.

Онда аң құс, жануарлар ормандар.

Жерің, суың таза ауаң қажетті.

Шын жүректен оны сендер қорғаңдар- дей келе келесі бөлімімізді бастаймыз.


ІІ кезең.

Ғажайып ұяшықтар. (қалауың бойынша бір ұяшықты таңдап, сәйкесіншесол ұпай ойыншыға қосылады жауап дұрыс болса ұпай жинай аласың). Ұяшықтардағы сұрақтар ұпай санының өсуіне байланысты қиындайды.


ЭХПО-2017 көрмесі

10

20

30

40

Периодтық заң және периодтық жүйе

10

20

30

40

География әлемі

10

20

30

40

Ғылымдар

10

20

30

40


ЭХПО-2017 көрмесі


10- ЭХПО -2017 көрмесінің тақырыбы? (Болашақ энергиясы)

20- Алғашқы бүкіл әлемдік көрме қай жылы қай қалада өтті?

(1851 жылы Лондонда. Бұл үшін хрусталь сарай салынды)


(2012 жыл 26 қараша №436 бұйрық)

40- Жобаның түпкі ойы? (тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аударуды қамтиды)


Периодтық жүйе

10- Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде неше период бар? (7)

20- Д.И.Менделеевтің периодтық заңы ең алғаш қай жылы ашылды? (1869)

30- Период дегеніміз анықтамасы? (атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан, сілтілік металдан басталып салғырт элементпен аяқталады)

40- Қазақстан жерінде Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі барлық элементтің кездесетіндігін дәлелдеген қазақстанның ғалымы?

(Қ.И. Сәтбаев (1899-1964))


География әлемі

10-Ең биік сарқырама-----Анхел

20- Су бетінде жүзіп жүретін мұз*Айсберг

30- Машина жасаумен аты шыққан ел-------Жапония

40- Жер шарындағы ең үлкен ойпат--- Амазонка ойпаты

Ғылымдар.

10- Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? (Микология)

20- Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм, гидравлика, космология, энергетика бұл ататлған ғылым салалары мектепте қай пәнге қатысты?(физика)

30- Дәрілік заттардың адам мен мал организміне тигізетін әсерін зерттейтін медицина ғылымының бір саласы? (Фармакология)

40- Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина)



Осы кезеңннен соң ұпайлары төмен 2 сайыскер ойыннан шығады. Қалған сайыскерлеріміз келесі кезеңге жолдама алады.


Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз бойланып,

Кім білімді , сол сайыста ұтып тұр


Келесі кезеңіміз «Тіл өнер».

Бұл турда жұмбақ жасырылады. Оқушылар жұмбақтың жауабын үш тілде айтуы керек.(қазақша, орысша, латынша немесе ағылшынша ).Үш тілде жауап берілсе 30-ұпай.Әр оқушыға үш жұмбақтан оқылады.

1.Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсам, ауа жетпей қиналасың.

(оттегі, кислород, оксигениум)

2.Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң, алтынға да ұқсайды.

(күкірт, сера, сульфур)

3.Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады.

(сутек, водород, гидрогениум)

4.Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады.

(қорғасын, свинец, плюмбум)


5.Қыздырып соқсаң, иленеді,

Балға мен төстен именеді.

(темір, железо, феррум)


6 Қайда барсаң сонда болатын,
Жүздеп ұшып,мыңдап қонатын.
Бәріне қонып мекендейтін
Қандай жәндік кім біледі екен? 
(шыбын , муха, (Brachycera))

7. Шілтитіп сирағын,
Тұмсығын қадайтын.
Бетіңе, мойныңа
Қонып ап, талайтын,
Ертелі-кеш мазалап,
Ұшып-қонған тажал-ақ. 
(маса, камары (Nematocera))

8. Тіршіліктің қуатын,

Өз бойына жинайтын,

Жинай-жинай азықты,

Адамзатқа сыйлайтын (өсімдік, ботаника,  botn )

Ойынның шарты бойынша осы кезеңде ұпайы төмен екі сайыскеріміз ойынды осы жерден тоқтатады.Келесі бөлімге 2 сайыскеріміз қалады. Ол сайыскерлерімізге «Жорға» кезеңінде 10- сұрақтан оқылады.


Әр дұрыс жауап 10-ұпай.Бұл кезеңде де сайыскерлеріміз А немесе Б нұсқасы деп таңдау жасайды.

4. Жорға


А нұсқасы.

1.Қай элементтің басы айдаһар бейнесіне ұқсайды? (күкірт)

2.Тіс шайқағыштардың құрамында қандай элемент бар? (фтор)

3.Ең кіші планета-----Меркури

4.Периодтық жүйені кім ашты? (Д.И.Менделеев)

5.Ауада оттек неше %?(21%)

6.география сөзі қай тілден аударылған--------грек жерді сипаттау 

7. Акула қанның иісін қанша шақырымнан сезеді?( 0,5 км)

8. барометр қандай құрал—атмосфералық қысымды өлшейтін

9. «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлыққа қол қойған тұлға. Н.Назарбаев.

10. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қына?(Қабық тәрізді)

Б нұсқасы

1.Қайсысы артық 1 кг мақта , әлде 1 кг темір ме? (бірдей)

2.Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365)

3.жердің қатты қабығы-------литосфера

4.Есінен танған адамға алғашқы көмек ретінде қолданылатын сұйықтық? (нашатыр спирті)

5.Иод тапшылығынан болатын ауру? (зоб немесе жемсау)

6. «Невада –Семей» қозғалысын басқарған кім? (О.Сүлейменов.)

7. Ұша алмайтын, бірақ құрлықта өте жылдам жүгіретін құс?(Түйеқұс)

8. Желдің бағытын өлшейтін құрал--анемометр

9. Бақаның денесі? (Бас, тұлға, төрт аяқ)

10. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын?(Көкет (диафрагма)


Жүргізуші:Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықты өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай,


- деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін

әділ- қазыларға береміз. Әділ-қазылар ұйғарымы бойынша жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.

Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз оқушысы «ХХІ ғасыр көшбасшысы-2018» атанды. Осыменен сайысымыз өз мәресіне жетті. Бізбен бірге болып, ойынды тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Сау болыңыздар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12