400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ИМИДЖІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық имидж.ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ИМИДЖІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ИМИДЖІ


Сан ғасырлық тарихы бар педагог мамандығының бүгінгі күндегі мәртебесі қандай және имиджі өзгерді ме?

Алдымен, барлық тіршілік иесі үшін ұстаз – тозбайтұғын ақыл, таусылмайтын нәр екендігін ескергеніміз жөн. Одан кейін тақырыпты қазақ қоғамының аясында қарастырып, зор тұлға, күннің құдіретті сәулесі сияқты мұғалімнің мәртебесі мен имиджін екі бөлек талдап көрсетейін.

Ұстаз мәртебесі, қазақ қоғамы алдындағы мерейі бүгінде Асхат Аймағамбетов басқаратын ведомствоның көп еңбегінің арқасында жоғары дәрежеге жетті. Педагог мәртебесі туралы заңның қабылдануы, мектеп мұғалімдерінің еңбекақысының өсуі, мектептердің аудандық емес облыстық бюджеттен қаржылануы сияқты бірнеше факторлар мұғалімдік мамандыққа, мұғалімдерге деген көзқарастарын өзгертті. Бұл жерде «Бір әріп үйреткен ұстазға өмір бойы тағзым ет» деген Әл-Фарабидің мұратын орындайтын оқушыларды тәрбиелеу үшін аянбай еңбек ету қажеттігінде естен шығармау керек. Абай айтқандай «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға».

Жоғарыдағы ойдың қорытындысы: ұстаздың мәртебесі үстем болу үшін қазіргі нарықтық жағдайда ол оны өздігінен жасай алуы шарт. Бір сөзбен педагог өз имиджін қалыптастыру керек. Әрине, имидж алдымен, дұрыс сөйлеу, киіну, әдеп пен дұрыс әдеттер. Ал бүгінгі тақырыпты талдауда, мен басқа қырын айтқым келеді. Ол онлайндағы имидж. Жаңа бағыт, өзекеті зерттеу тақырыбы деп ойлаймын. Онлайнда имиджді қалыптастыру дегеніміз – ол ең алдымен «педагогтың киінуі», яғни әлеуметтік желілердегі акаунттарының дұрыс құрылуы, профильдерінің трендке сай толық рәсімделуі, парақшаларының дизайны логикаға сай бірізді және қайталанбаған болуы. Содан кейін «сөйлеуі» яғни, контенттер. Оларға жазбалар, видеолар, cтористер, репосттар мен комментарийлер жатады. Осы айтылғандардың барлығы оқушылар мен студенттердің алдында педагог имиджін қалыптастыратыны сөзсіз. Ал өз кезегінде имидж ол ұстаздың мерейі мен мәртебесін арттырмақ.

Пайымдай келе, мүмкін бұрынғыдай мұз ойғыштар, көше шамын жағушылар,бағдаршамды басқаратын адамдар жоқ шығар, бірақ Аристотель, Әл-Фараби сынды ұлы жандар пайда болуы үшін ұстаздардың орнын еш зат баса аламайдытындығын айтықым келеді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.11.2025
39
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі