400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«ХХI ғасырдың жас математигі» атты жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Бұл сайыс сабаққа 6-7 – сынып оқушылары қатысады. Ойынға 14 оқушы қатысады да, әр тур соңынан ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады. Сайыс 5 турдан тұрады. Соңғы турда 2 оқушы қалып, білімдерін көрсетеді. Нәтижесінде ұпайы көп оқушы жеңімпаз атанады. Өту жоспары: 1 – тур: «Бәйге»; 2 – тур: «Полиглот»; 3 – тур: «Ғажайып үштік»; 4 – тур: «Көкпар»; 5 – тур: «Жорға».
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ХХI ғасырдың жас математигі» атты жарыс

Оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Бұл сайыс сабаққа 6-7 – сынып оқушылары қатысады. Ойынға 14 оқушы қатысады да, әр тур соңынан ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.

Сайыс 5 турдан тұрады. Соңғы турда 2 оқушы қалып, білімдерін көрсетеді. Нәтижесінде ұпайы көп оқушы жеңімпаз атанады.

Өту жоспары:

1 – тур: «Бәйге»;

2 – тур: «Полиглот»;

3 – тур: «Ғажайып үштік»;

4 – тур: «Көкпар»;

5 – тур: «Жорға».


1 ‒ жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән ‒ математика атанғансың! ‒ дей келе ортаға «ХХI ғасырдың жас математигі» ойынына қатысушыларды шақырамыз.


2 ‒ жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын ‒ дей келе отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын I бөлімін бастаймыз.

  1. «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасынбірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.



Сұрақтар:

  1. «Геометрия» сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді?

(жер өлшеу)

  1. «Алгебра» сөзі қандай сөзден шыққан?

(Әл ‒ жебр деген араб сөзінен)

  1. ‒ дің мәні неге тең? (3,14)

  2. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы)

  3. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын

кесінді (медиана)

  1. Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)

  2. Қабырғасы 6 см‒ге тең шаршыға іштей сызылған шеңбердің радиусы неге

тең? (3 см)

  1. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

  2. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)

  3. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура

(бұрыш)

  1. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)

  2. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)

  3. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ? (параллель)

  4. Бұрышты өлшейтін құрал (тарнспортир)

  5. Кез келген сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)


1 ‒ жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер ‒ дей келе, «Полиглот» деп аталатын II бөлімде жұмбақ, мақал‒мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

  1. «Полиглот»

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында

(сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Қырсық жолаушы: Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы

күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Жолаушы

қыстаққа неше күнде жетеді?

(9 күнде, 9 дней, 9 daily)

  1. Қабат‒қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.

(кітап, книга,book)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі

аяғымен тұрса, қанша тартады?

(он екі, двенадцать, twelve)



2 ‒ жүргізуші:

«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп ‒ қисап, сан ‒цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін» ‒ деп, ойынымыздың «Ғажайып үштік» деп аталатын III бөлімін бастаймыз.


  1. «Ғажайып үштік».

20

20

20

30

30

30

40

40

40

Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр есепке бір минут беріледі.Ұпай аз 3 оқушы ойыннан шығады.


20 ‒ ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. Суреттегі фигурада неше үшбұрыш бар?

DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1



(12 үшбұрыш)


  1. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары 5 бөлікке кесті.Егер бөлікті кесуге

1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?

(6 минут)

  1. 223 ‒ қандай цифрмен аяқталады?

(8‒бен)

30 ‒ ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. Ұзындығы 135 см сымды біріншісі екінші бөлігінен екі есе етіпекі бөлікке бөлген, әр бөліктің ұзындығын тап.

(45 см, 90 см)

  1. Шопанның барлық қойының 320‒сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар?

(400 қой)

  1. теңдеуінің түбірін тап.

( -3; 11)


40 ‒ ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29‒ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады?

(44)

  1. Шахмат турниріне 7 адам қатысқан әрбіреуі әрқайсысымен бір партиядан ойнайды. Барлық ойналған партиялардың саны қандай?

(21)

  1. Мәди мен Асхат екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мәди бір тоқашты 6 минутта жесе, Асхат бір тоқашты 4 минутта жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта жеп болды. Мәди неше тоқаш жеді? Асхат неше тоқаш жеді?

(М‒2, А‒3)



2 ‒ жүргізуші:

Қиындықтан сірәдә біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғапұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз ‒ деп, ойынымыздың «Көкпар» IV бөлімін басталық. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

Логикалық есептер

  1. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста?

(үште)

  1. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

(15 км\сағ)

  1. 5 адам кездесіп қалып бір‒бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша?

(10)

  1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?

(екеуі тең)

  1. Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қандай?

(1 метр)



Ғалымдар

  1. «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін ‒ математика» кімнің сөзі?

(М. В. Ломоносов)

  1. Математик, дәрігер, ақын, музкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім?

(Әл‒Фараби)

  1. «Математика ‒ ғылымдардың патшасы, ал арифметика ‒ математика патшасы». Бұл сөздің авторы кім?

(К. Гаусс)

  1. Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ.

(Қ. Сәтпаев)

  1. «Математик болу үшін ақынжанды болу керек» ‒ бұл кімнің сөзі?

(С. Ковалевская)


Формулалар

  1. ненің формуласы?

(екі санның қосындысының кубы)

  1. V=авс

(тік бұрышты параллелипипедтің көлемі)

(көбейтіндіні дәрежеге шығару)

  1. у = ах+ в фигурасының графигі

(түзу)

(екі өрнектің кубтарының айырмасы)


Геометрия

  1. Шаршының неше симметрия осі бар?

(4)

  1. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 130°. Қалған бұрыштарды табыңдар.

(50°, 50°, 130°)

В

  1. DrawObject6 DrawObject8 DrawObject7



А С

Е Д


а) Суретте тік бұрышты үшбұрыш нешеу?

б) доғал бұрышты үшбұрыш нешеу?

в) сүйір бұрышты үшбұрыш нешеу?

( а)3; б)1; в)3.)

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғаларынан үш есе қысқа. Үшбұрыштың периметрі 21 см. Қабырғаларын тап.

(3 см; 9 см; 9 см)

  1. Е нүктесі ВС кесіндісінде жатыр, ВС‒ның ұзындығы 12 см, ВЕ кесіндісі ЕС кесіндісінен 6 см қысқа болса, ВЕ, ЕС кесінділерінің ұзындықтарын тап.

(ВЕ ‒3 см; ЕС ‒ 9 см)



1 ‒ жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау ‒ дей отырып, ойынымыздың «Жорға» V бөлімінде әрбір ойыншыға жеке‒жеке сұрақтар қойылады, жылдам тез жауап беру қажет.


1‒оқушыға сұрақ

  1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)

  2. Барлық қырлары теңтік бұрышты үшбұрышты параллелипипед

(куб)

  1. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз, процент)

  2. Үлкен хорда (диаметр)

  3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180°)

  4. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)

  5. Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? (10 см)

  6. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

  7. Жазыңқы бұрыштың шамасы (180°)

  8. Ең кіші жай сан (2)

  9. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

2‒оқушыға сұрақ

  1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)

  2. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)

  3. Пайыз (процент) дегеніміз не? (Санның жүзден бір бөлігі)

  4. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

  5. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (60°)

  6. Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле)

  7. Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы неге тең? (5 см)

  8. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем (аксиома)

  9. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90°)

  10. Ең кіші натурал сан (1)

  11. ОУ осі қалай аталады? (ордината)


Ұпай санағанша 1 ән айтылады. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңіп шыққан оқушыны марапаттап, сыйлық ұсынылады.
































Ашық сабақ

6 «а» - сынып. Математика.

Сабақ тақырыбы: «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу».

Сабақ мақсаты:

Білімділік: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы

түсініктерін толықтырып, бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын

дамыту,белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен еңбектенуге, өзін-өзі басқаруға үйрету.


Сабақтың типі: білімділік пен дағдыны жетілдіру, жинақтау.

Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, деңгейлеп оқыту.

Сабақ көрнекілігі, құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, трек ‒ сызбалар, оқу құралдары, жеке жауап парақшалары.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру жұмысы.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: жұптасып тексеру әдісі арқылы

ұйымдастырылады.Оқушылар дәптерлерімен ауысады. Экранда көрсетілген

дұрыс жауап бойынша бір‒бірінің жұмыстарын тексереді, бағалайды.


№1430 есеп.

  1. – 2 х + у = 7 4) х – 3 у = 6

‒3у = 6 - х

у = 7 + 2 х у = - 2

х = 0; у = 7 + 2· 0 = 7 х = 0; у = - 2 = - 2

х = 1; у = 7 + 2·1 = 9; х = 1; у = - 2 = - 1


  1. 4 х – у = 3 6) – х + 2 у = 5

‒ у = 3 – 4 х 2 у = 5 + х

у = 4 х – 3 у = 2,5 +

х = 0; у = 4·0 – 3 = - 3; х = 0; у = 2,5 + = 2,5

х = 1; у = 4·1 – 3 = 1; х = 1; у = = 2,5 + = 2,5 + 0,5 = 3


  1. Өтілген тақырып бойынша қайталау.

Қайталау, жинақтау сұрақтары интерактивті тақта арқылы беріледі:

а) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп неге айтамыз?

ә) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін айтыңдар?

б) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?


  1. Деңгейлік тапсырмалар.


Деңгейлік тапсырмалар.

I ‒ші деңгей:

№ 1431‒ есеп. Теңдеудегі х‒ айнымалысын у арқылы өрнектеп, теңдеудің кез келген екі шешімін табыңдар:

  1. х ‒ 5 у = 3; 3) 4 х ‒ у = 8; 5) 5 х + у = 10.


II ‒деңгей:

№1438‒ есеп. Төмендегі теңдеулердің шешімі х = 3, у = 2 болатындарын теріп жазыңдар:

  1. 6 х ‒ 2,5 у ‒ 13 = 0; 2) 0,3 х ‒ 4 у = 10,8; 3) х + 3,5 у ‒ 8 = 0;

  1. ‒ у + 0,2 = 0


III ‒деңгей:

№1446‒ есеп.

  1. х = - 3 пен у = 4 мәндер жұбы ‒ а х + 3у = 6 теңдеуінің шешімінің теңдеуі болады. Теңдеудегі х ‒ тің коэффициенті а – ның мәнін табыңдар.

  2. х = 2 пен у = 4,5 мәндер жұбы ‒ а х – 2 у = 11 теңдеуінің шешімінің теңдеуі болады. Теңдеудегі х ‒ тің коэффициенті а – ның мәнін табыңдар.


Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу:

DrawObject9

а х + в у = с

DrawObject11 DrawObject10

DrawObject13 DrawObject12

х, у ‒ айнымалылар а, в және с ‒ қандай да бір сандар



1‒ қасиет: 2 ‒ қасиет:

DrawObject15 DrawObject14

а х + в у = с а х + в у = с, k ≠ 0

в у = с ‒ а х (а х + в у) · k = с · k

(а х + в у) : k = с : k

DrawObject18 DrawObject19 DrawObject17 DrawObject16

DrawObject20

мәндес теңдеулер

DrawObject22 DrawObject21

DrawObject23 ( х; у) теңдеудің шешімі шексіз көп



Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: № 1440 ‒ есеп.

Оқушылардың білімін бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі