400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымының дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымының дамуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

№21 орта мектеп


4-тоқсан

1-2 -ші сабақ. Пән мұғалім: А.Бердимурадова

« Атамұра» баспасы 7-8 § 45-46

Пәннің атауы :

Қазақстан тарихы

7-сынып



Сабақтың тақырыбы :

ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен

ғылымының дамуы


Сабақтың мақсаты :



Сабақ барысында сендер, ХІХ ғасырға дейінгі дәстүрлі білім беру жүйесі мен ХІХ ғасырдың ІІ-жартысынан патшалық Ресейдің отарлау саясаты негізінде енгізілген жаңаша білім беру сипатын анықтайсыңдар. Медресе, молда , ағарту, орыс-қазақ, әскери училище тірек сөздерінің мағанасын түсініп, қолдануға үйренесіңдер. Атаулы оқу орындары, ашылған жерлер мен уақыты туралы білім алып, білім беру ісінің қазақ елі үшін тиімді, тиімсіз жақтарын анықтайсыңдар.


Сабақтың барысы :

Қысқаша конспект.

ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін  даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ағартушылық пен білім беру саласының дамуы үлкен маңызға ие болды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресей империясының құрамына толық қосылғаннан кейін, 1867-1868 және 1891 жылғы әкімшілік реформалардан кейін ағартушылық пен білім беру ісі тек қана орыс ұлтты азаматтар арасында ғана емес өзге ұлт өкілдері оның қазақтарда да кең етек жая бастады.


Оқулықпен жұмыс

Сабақтың барысында орындалатын тапсырмалар


Түсініктеме жазу

Мәтінді оқу .

1. Тапсырмалар : Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс арқылы тірек сөздерге талдау жасау .

Медресе -

Зайырлы мектеп-

Дьяктар-

2- тапсырма

Семантикалық картаны толтыру

2-тапсырма : ХVIII ғ соңымен ХІХ ғ ашылған оқу орындарын тауып қалалар

мен жылдарды сәйкестендіріп жазып шығу



Әскери училищелер

Орыс-қазақ мектептері

Қала

жыл

ерекшелігі

Қала

жыл

ерекшелігі




















3-тапсырма

«Т»-әдісіне салып дәлел келтіру:



3 тапсырма

«Т» -әдісі бойынша, патшалық Ресейдің білім-ғылым саласына көңіл бөлуінің

себеп-салдарын ажырату , тиімді , тиімсіз жақтарға бөліп жазу.


Тиімді жағы

Тиімсіз жағы

1.


2.


3.

1.


2.


3.



Сабақты қорытындылау:







«Сұрақтар алаңы»

  1. ХІХ ғасырдың бас кезінде медреселерде оқытылған тіл:

  2. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата- аналар балаларын жіберді: 

  3. Қазақ жерінде тілмаштар  дайындайтын «Азиялық училище»ашылған жыл: 

  4. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда ашылаған әскери училищелерде даярланған мамандар:

  5. 1813 жылы Омбыда ашылған әскери училище 1837 жылы аталды: 

  6. 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училище 1844 жылы: 

  7. 1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орнаасқан қала: 

  8. 1831 жылы қыркүйек айының 18- і күні орысша білім беретін училище ашылған қала: 

  9. 1836 жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала: 


Үйге тапсырма :

Үйге § 45-46 «Ресей империясының жоғарғы оқу орнын бітірген қазақ зиялылары кімдер» шығармашылық жұмыс.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі