400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ МАНАПТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІККЕ ҰМТЫЛУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнінен беретін мұғаілмдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ МАНАПТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІККЕ ҰМТЫЛУЫ

Икласбаев Д. А

Тарих пәнінің мұғалімі. «Тарих» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Алматы облысы, Талдықорған қаласы №15 орта мектеп

XVIII ғасырдың бас кезіндегі Минг тайпасының көсемінің айналасына біріккен Ферғана жазығындағы отырықшы тайпалар Қоқан қаласында өз мемлекетін құрып, төңіректегі көшпелі және отырықшы тайпаларды өзіне бағындыра бастаған болатын. Бұл үрдістен Алатау тауының оңтүстік баурайын мекендеген саяси бытыраңқы қырғыздарда қалыс қалмай, Қоқандықтардың бодандығына түскен еді. Бұл тәуелділік Ресей Империясының отарлаушылары келгенше сақталып тұрды. Қоқандықтарға тәуелді қырғыздардың қоғамдық әлеуметтік ортасында жоғарғы сатыда тұрған ақсүйек манаптар экономикалық жағынан алым-салық төлеп, артықшылықтар мен жеңілдіктер алып тұрды. Өз кезегінде бұл жеңілдіктер манаптарға руаралық күресте келесі бір ру көсемінен артық шығуға елеулі бір көмек болды. Қоқан хандығының үздіксіз жаулаушылық жорықтары ХІХ ғасырдың 30 жылдары аяқталып, басып алған жерлердегі халықтардың азаттық күресімен көрініс берді. Экономикалық жағынан сенімді бағыныштылар санатында болған Қырғыз манаптары біртіндеп Қоқан билігінен оқшаулана, тіпті қарсы топтаса бастады. Бұған Қоқан хандығына қарсы басталған Қазақ даласындағы азаттық күреспен Хиуа, Бұхар хандықтарының Қоқан хандығымен бәсекелестігі түрткі болған еді. Жан-жақты қысымның ортасында қалған Қоқандықтар біртіндеп қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Қоқан хандығының қорғаныс тактикасы саяси тұрғыда біріге бастаған қырғыз руларына қарсы күресте жазалаушылықтан қарағанда экономикалық қысыммен жүргізу тиімді болды. Себебі, Қоқандықтар барлық күшін Хиуа-Бұқара және Қазақтарға қарсы қойып отырды. Таулы жерде соғыс жүргізу Қоқандықтарға тиімді болмады. Ал Қырғыз қалалалары Ош, Джалал-Абад Қоқан хандығымен сауда жасауға мүдделі болды. Сауда жағынан біртіндеп байып алған Қырғыз манаптары керуен жолдарын бақылап, Қалаларға өз үстемдігін жүргізуге тырысты. Сондықтанда Қоқандықтарға қарсы қырғыздардың қарсылығы өңірлік болды. Қарсылықтар көбіне Солтүстік Қырғыздар мен Қоқан хандығына шекаралас Батыс қырғыздарында орын алып отырды.



ХІХ ғасырда Қоқан хандығының езгісіне қарсы орын алған Қырғыз халқының көтерілісі:

  • 1816 жылы Бұғы руының Боромбай би басқарған Қоқан хандығына қарсы көтерілісі

  • 1821 жылғы көтеріліс

  • ХІХ ғасырдың 30 жылдары Тайлақ батыр бастаған қарсылық

  • 1845 жылғы көтеріліс

[1]

Қоқандық қысымға қарсы көбіне солтүстік қырғыздар қарсы шығып отырса, оңтүстік қырғыздар хандық саясатын жүргізушілер болды. Тіпті құдандаласып, шен-шекпен алып, қызметте жүрді. Қоқандықтардың қызметінде болған Кубат би бей ресми түрде “қырғыздардың билеушісі” саналды [2; 26 б]. Қалалы-бекіністерден шалғай биіктіктерде өмір сүрген солтүстіктегі Алатау және Ыстықкөл маңайындағы қырғыздар Қоқан хандығына номиналды түрде бағынды. Тіпті бұл өңірдегі ру билеушілері тәуелсіз билік жүргізуге тырысты. Бұл жағдай Солтүстіктікті мемлекеттілікке ұмтылу күресінің ошағына айналдырды. Қырғыз мемлекеттілігін құру мақсатында солтүстік манаптарының бастауымен бірнеше құрылтай жиналысы өткізілді. 1825 жылы, және 1842 жылы. Осылайша Қырғыз мемлекетін құру миссиясын жүргізуде Солтүстік Қырғыздардың ықпалды Бұғы және Сарыбағыш руларының манаптары Боромбай мен Ормон белсенді әрекетімен көрінді. Бұлар жоғарғы билікке ие болу жолында Қоқан хандығынан әртүрлі марапаттар, таралғылар ала отырып, тіпті соғысып көрші руларды өзіне бағындыру жолында ұзақ күрес жүргізді. Қырғыз руларын біріктіру жолында мемлекеттілікке қол жеткізу мен қатар мал жайылымының тарлығы өткір мәселе болып тұрды. Бұл мәселе Қырғызстанның оңтүстігінде сауда-саттық дамуымен аса білінбесе, солтүстіктегі қырғыздар үшін жайылымның тарлығы өміршеңділіктің басты критериясы болып тұрды. Осы мәселені шешу жолында қырғыз манаптарының рулық жасақтары Жетісу бойындағы қазақтар жеріне еміс-еміс кіріп, жортуылдар жасап тұрды. Жайылымдық жер мәселесі қырғыз-қазақ арасындағы қақтығыстардың шиеленісуіне әкелді. Қазақтардың Ұлы жүз рулары Қырғыздармен соғыс жағдайында тұрды. Ұлы жүздің Шапырашты, Дулат рулары Қырғыздармен басты қақтығысушылар болды. Қазақ даласында Ресей Империясының отарлау саясатын тоқтатуға бағытталған Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыстың Жетісу жеріне бағыт алуы Қазақ-қырғыз қатынастарын одан сайын шиеленістіріп жіберді. 1837 жылы Қазақ даласында далалық көшпелілердің дәстүрлі мемлекетін қайта қалпына келтіру жолында басталған күрес Ресей Империясының әскери қысымымен 40 жылдардың екінші жартысында Қоқан хандығына қарасты Қазақ рулары мекендеп отырған Сырдария мен Жетісуға қарай шегінуі осы хандықтың (яғни, Қоқан хандығының) саяси күш-қуатын азайтқандай болды. Өз кезегінде Сырдария бойындағы қазақтар - Қоқан, Жетісу қазақтары - Қырғыз манаптарының қысымына душар болып отырған еді. Сырдария бойындағы Қоқан бекіністерін алған Кенесары Жетісуда Қырғыздардың қысымымен шарасыз түрде айналысуға тура келді. Қырғыз жеріне басып кірген Кенесары - қырғыздарды саяси тұрғыда біріктіре бастаған Ормон, Жантай, Боронбай манаптары үшін табылған әрекет болды. Бұл жағдай әсіресе 1842 жылы Қырғыздардың ханы атанған Ормон манап үшін өте тиімді болды. Ол қазақ ханы Кенесарының одақтық шартын тиімсіз деп қабылдамай, талаптарын орындаудан бас тартты. Кенесары ханның басып кірген әрекетін озбырлыққа балап, халықты күреске жұмылдыра білді. Қырғыздардың ханы атанып, мемлекеттілікті қалпына келтірген Ормон хан Кенесары ханға қарсы Қырғыздардың басын қосып ғана қоймай, оған қарсы Қоқан хандығымен және Ресей Империясымен одақтаса білді. Бұл оған қырғыз руларының арасында үлкен бедел мен артықшылықтар әкелді. Алайда Ормон Кенесарыны жеңген кейін, ішкі саясатта тым өктемшіл бола бастады. Қатігездігі оны оны Қырғыз руларынан біртіндеп алшақтатып жіберді. Қырғыз руларының өзіне бағынуды талап еткені еш нәтиже бермей, жарлықтары орындалмай жатты. Қоқан хандығымен арадағы саясатта түсініксіз өрбіді: 1843 жылы Қоқандық Пішпек бекінісін алып, Құдияр ханға сес көрсеткенімен Қырғыз жерін Қоқандықтардан толық тазарта алмады, қырғыздардың барлық руларын өз қарамағына біріктіре алмады. Ормон ханның Қоқандықтарға қарсы шығар күші болмады. Ол Қырғыздың ханы атанғанымен Қоқан хандығының өңірдегі парванашысы саналды. Парваначи, парвоначи — Орта Азия хандықтарындағы жоғары лауазым. 18 ғасырда Бұхар хандығындағы мансап хақындағы тізімде Парваначи ханнан кейінгі дәрежедегі атақ. Олардың негізгі міндеті — хан жарлықтарын тапсырып, оның орындалуын бақылау. Қоқан хандығында Парваначи уәлаят билеушісі міндетін атқарды[3]. Яғни, Қоқан хандығына қарасты бағынышты халықтың билеушісі. Бұл тұжырыммен келісуге де келіспеуге болады. Оның құрған мемлекетінде - мемлекеттіліктің атрибуттары болғанымен Қоқан хандығынан толық тәуелсіздігін ала алмады, тек ғана қырғыздарды саяси біріктіруге септесті. Бірақ қырғыз рулары Ормонды хан деп мойындасада бағынышты есебінде қабылдамады. Жаңашылдықтарын орындамады. Оның билігі өз руы Сарыбағыш пен көрші руларға ғана жүрді. Ірі руларға билігі жүрмей, қақтығысып, тіпті соғысып қалып жатты. Бұған Бұғы руының билеушісі Боромбай манаппен арадағы жағдай мысал бола алады. Бұғы руының билеушісі Боромбай Ормонның Қырғыз мемлекетін құрудағы бастапқы қадамын қолдаса, кейін оның билігін мойындамады (Ормон хан, осы Боромбай манаптың руын шабуы кезінде қаза тапты [4]. Боромбайды Көрші Ресей және Қытай елінің билігі “Бұғы руының жоғарғы билеушісі” деп атады[5]. Боромбай манап өз руының санының көптігіне байланысты тәуелсіз әрекет етті. Сондықтан көрші алып мемлекеттер оны тәуелсіз билеуші деп қабылдап, келіссөздер жүргізді. Боромбай манап басқарған Бұғы руы өз еркімен, ешбір рулармен тіпті келіспестен 1855 жылы Ресей Империясының қол астына өтті. Бұл оны билік үшін күресте үлкен беделге ие етті. Боромбай манап Қоқан ханының билігін мойындамай, мейлінше қарсы тұрды, тіпті бекіністер тұрғызды. Боромбай манаптың бұл әрекеті жеке рудың шеңберінде мемлекеттілікті қалыптастыру әрекеті еді). Жалпы алғанда Ормонның төңірегіне топтасқан манаптар құрған мемлекет автономиялық статусқа ғана жетті десек болады. Сыртқа саясатта тәуелсіз саясат ұстанбақ әрекеті Қоқан хандығы тарапынан түрлі кедергілерге тап болып жатты. Жаңа құрылған Қырғыз мемлекетін Ресей тарапы одақтастық үшін уақытша байланыс ұстаса, Қоқандықтар Қырғыздарды өз бағыныштысы есебінде қабылдады. Ормон хан қайтыс болған соң Сарыбағыш руының Тынай тармағының манабы Жантай хан атанды. Оның хандық билікті иеленуіне Қоқан ханы қолдау көрсетті[6]. Жантайдың ұлы Шабдан басқарған күш Қоқандықтар жағында Ұзынағаш шайқасына қатысты[7]. Алайда Жетісу арқылы Қырғыз жеріне еніп келе жатқан Орыстарға қарсы тұруға Жантайдың күші жетпеді. Ресей Империясына қарсы тұра алмасын сезген қырғыздар Орыстар жағына өте бастады. 1867 жылы Жантайдың қайтыс болуымен Қырғыздарда хан билігін иемеденуге тырысқан манаптар шықпады. Ресей тарапы бұған жолда бермеді. Осылайша манаптар құрған Қырғыз мемлекеттілігі өзінің өмір сүруін тоқтатты. Дегенімен манаптар Қырғыздарды саяси консолидациялауға өз үлесін қосты. Дер кезінде қырғыздарды біріктіре біліп, тарих сахнасында өздерін көрсете білді. ХІХ ғасырдағы Қырғыз мемлекеттілігі қоғамдағы жоғарғы әлеуметтік топ саналған манаптарға қарыздар.



ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Востание киргизов. Карта http://yandex.kz2.

  2. Чотонов У. Ч, Абдрахманов Д. А История Кыргызстан (Учебно-методическое пособие для выпусников вузов) Бишкек 2009 . – 176 с

  3. Парваначи. http://kk.wikipedia.org

  4. Ормон-хан. http: ru.wikipedia.org

  5. Боромбай. wiki2. org

  6. Жантай Карабек уулу ky. wikipedia. org

  7. Джантаев, Шабдан ru.wikipedia.org



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі