400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан обылысы Түлкібас ауданы Аудандық «Балалар өнер мектебі»
















«ХІХ-ХХғасырдағы

атақты күйші, композиторлар»

атты авторлық бағдарламасы









Авторы: Қобыз сыныбының мұғалімі:

Өзбекова Жазира Расылханқызы





2020 жыл

Авторлық бағдарламаның презентациясы: Өзбекова Жазираның «ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарламасы жеткіншектерді тәрбиенің мазмұнын халықтық ғасырлар бойы тарихи даму барысында жинаған өнер туындыларын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға арналған.

 Мектепішілік сараптау комиссиясында қаралып, пайдалануға ұсынылған

 

Хаттама №______   « _________ »    ______

 

Сараптау комиссиясының   төрайымы :  

 Пікір жазған бірлестік  жетекшісі :   

                                            ПІКІР

Өзбекова Жазираның «ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарламасы жеткіншектерді тәрбиенің мазмұнын халықтық ғасырлар бойы тарихи даму барысында жинаған өнер туындыларын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға арналған.

Қазіргі заман талабына сай атақ-даңқы байтақ далаға тараған халық музыканттарының орындаушылық шебері шарықтауға шегіне жеткен және аса үздік, дарынды профессионал әнші – композиторлар мен күйші композиторлар өмір сүрген олардың творчествосын дәуірлеген кезеңдерін жете меңгеру үшін өз ұлты мен тіліне деген оқушыларлдың сүйіспеншілігін арттыру үшін бағдарламаның маңызы зор.

ХІХ-ХХ ғасырдағы ақындар, күйшілер шығармашылығына көңіл бөлініп, зерттеу мақалаларымен сабақтаса берілген.

Оқушыларғаүздік дарын – таланттарымен, әлеуметтік және эстетикалық талап талғанымен нәзік сезінген халық композиторларының көркемдік мәнері бай, әр қайсысың өзіндік дербес стильді шығармаларынан терең білім беруге, ой-өрісін кеңейтуге негізделген.

   Пікір жазған  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  бірлестік    жетекшісі:

 

                     Түсінік  хат

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «қазақстан республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарға айрықша көңіл бөлген.





Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастырутыруға тікелей байланысты.

Музыкалық білімнің тәрбиелік мәні адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбие алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірбиені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты

Берілген бағдарламада ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторларларының өмірбаяндары мен шығармалары толық қамтылған.Қазақ халқының музыкалық тәрбиесінің ролі, жеке тұлғаны қалыптастыруда музыканың тәрбиелік мәні өте зор ,кемеңгер ойшыл, дарынды сазгерлердің өмірлері қайраткерлігі тарихи жағынанда әдебиет тұрғысынан да өте қызық. Сондықтан элективті курстың басты мәселелерінің бірі-жасөспірімдерді атақты ақын, күйші-композиторлардың өмірлерімен және шығармашылықтары арқылы тәрбиелеу, жас жеткіншектерді осы шығармаларды оқуға, үйренуге деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі-мектеп қабырғасында қабілеті анықталған жастардың талаптарын дамыту» керек екен айтылған.

  Осы орайда «ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» авторлық бағдарламасының элективті курсын жүргізудің болашақта білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор.

«ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарлы  курсының мақсаты мен міндеті:

Мақсаты:

Білімділік:  Қазақ халқының музыкасы туралы әңгімелеу, аспаптар үнің таныту, олардың шығу тарихын білуге, насихаттауға ,ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, баланың бойына сіңіру. Халық әндерін , күйлерін тыңдау , талдау, насихаттау. Қасиетті қазақ халқының музыкалық өнерін келешек ұрпаққа көркем-эстетикалық тәрбие беру, өмірі мен шығармашылықтарын терең меңгерту.

Дамытушылық:Атақты ақын, күйші-композиторлардың шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру. Өнерлі әрбір балғын шәкірттің жүрегіне сазгерлердін даралықтарын танытып, шығармаларымен  терең таныстыру, әндерін, күйлерін  үйрету.

Тәрбиелік:Оқушыларға халық музыкасы арқылы ықыласын көтеруге ықпал ету, сахна

мәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру,

   Міндеттері:

1.Үйірмеге қатысатын оқушыларының музыка өнеріне деген көзқарастарын  қалыптастырып, тәрбие құралы ретінде пайдалану, көркем-эстетикалық қызығушылығын арттыру.

2.Теориялық білімдерін практикамен үштастыру, жаңа тақырыптармен таныстыру, сазгерлердсазгерлерд жаңа қырынан таныту.

3.Қазақ елінің ұлы сазгерлердің шығармаларын  зерттеп, зерделеу-жас ұрпақ парызы және мәнгілік жалғасатын іс екендігін ұғындыру.

4.Таңдау курсына ден  қоюына байланысты оны болашақ көркем-эстетикалық  зерттеу еңбектерінде пайдалана отырып, мұғалімдерді даярлау әдіс- тәсілдерін анықтау.   Еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу.    

Бұл  курс аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. Курс сабақтары әр түрде өткізіледі: «Ашық ойлар» сабағы, семинар сабақ, «Пайымдау» сабағы, сайыс сабақ, шығармашылық-ізденіс сабақ,саяхат сабақ т.б. Сазгерлердің шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.

 Күтілетін нәтиже: «ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарламасы бойынша жеке тұлға төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек сазгерлердің өмірбаяны; өмір сүрген ортасы жөніндегі мәліметтер,зерттеулер; шығармаларына   талдау жасай білу..

Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:

1.Тақырып бойынша талдау жасау,курстың мақсаты мен міндеті,аталу себебіне талдау жасау.

2.Мектеп,ауыл,аудан кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттеррді,ғаламторды басшылыққа алу.

3.Сазгерлердін шығармаларымен таныстыра отырып,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға ,тапсырмаларды өзбетімен орындай білуге үйрету.

4. Жеке тұлғаның сазгерлердін рухани жақындасуына ықпал ете отырып,өлеңдері мен шығармалары арқылы игерілген білімнен тәлім-тәрбие алу, адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыру.



Оқушы біліміне қойылатын талаптар:

1.Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.

2.Кітапханалармен байланнныс жасап,ғылыми еңбектермен танысу.

3.Өлеңдерін стильдік,тақырыптық тұрғыда және өлең құрлысына. талдау жасай білу.

4.Әндерді орындауда сахна мәдениетін меңгеру, образдарға кіре білу.

5.Сазгерлердін шығармаларын жатқа айта білу және шығармаларынан тәлім-тәрбие алу.























«ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарламасының мазмұны.

1-сабақ.«Қазақтың күйшілік өнері»

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

2-сабақ.«Ақсақ құлан" күйі

«Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихы; қай ханның баласы осы аңызда қаза табқандығы; ханға баласының қаза тапқаның естірткені; домбыраның көмейіне ханныңқорғасын құйғызғаны





3-сабақ.«Қобыз және Қорқыт туралы аңыздар»

Қобыз – ежелден келе жатқан аспап. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, VIII-IX ғасырларда қобызды Қорқыт жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан деседі.Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде аңыз

4-сабақ.«Күй атасы- Қорқыт».


Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт

Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде



5-сабақ.«Қорқыт "Ұшардың ұлуы" және “Башпай” күйлері».

Қорқыт “Башпай”
Аңыз бойынша, “Башпай” Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қобызын қолына алып, Башпай күйін тартқан екен.
Қорқыт “Ұшардың ұлуы”
...Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы
, жігіт кенеттен қайтыс болады. Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай – сүйекті сарқырата аспанға қарап ұлып отыр...

6 -сабақ.«Қобызшы Ықылас Дүкенұлы».

Ықылас тұлғасының қазақ халқы үшін оның мәдени - рухани тарихында алар орны ерекше.Ол Қорқыттан кейін аттай мың жыл бойы тілін тістеген қасиетті қара қобызға тіл бітірді.Ықыласқа дейін қазақ қобызшылары көбіне бақсы ретінде айтылған.Ықыластың ұлылығы сонда,ол қобыз аспабын бақсылық дәстүрден бөліп шығарып, адамның көкейіндегі сыры мен арманын, қуанышы мен күйінішін толғайтын аспап ете алды, қобызды халықтың рухани жан серігіне айналдырды.





7-сабақ.«Ықылас "Жез киік”, "Қазан” күйлері».

Ықыластың орындаушылық және күйшілік шеберлігі шыңдалған шағында шығарған күйінің бірі – "Жез киік”. Ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман қалады екен. Кейін мергендер оны киелі жануар санап, атпайтын болған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас "Жез киік” атты күй арнаған.

Ықылас дарынының кемелденген шағында дүниеге келген шығармасының бірі – "Қазан” күйі. Бұл күйді қобызшы қобызшы көбіне "Қазан сүргісі” немесе "Қазан жорығы” деп тартқан екен. тұлғасының Ықылас "Жез киік”, "Қазан” күйлері.

8-сабақ.«Ықыластың "Шыңырау”, "Айрауықтың ащы күйілері”.

Ықылас ұшып жүрген бір құсты, бұтадағы ұяда анасына шыр қағып, тағат таппай тұрған балапандарды көреді. Ықылыс: ”Озбырдың аты – озбыр, әлсізді жұтып қойғысы келеді. Осыны қобыздың үнімен айтып кетейін. Озбырлардың қара ниет қылықтары халықтың есінде болсын”, - деген ойға келіп, осы күйді шығарады.

Секердің қаза болған Барақты ат алдына өңгеріп алып келе жатқанын көрген сексендегі қарт батыр сыбызғысын алып қайғылы сарын тартады.

9-сабақ.«Құрманғазы Сағырбаев»

Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын …





10-сабақ.«Құрманғазының күйі «Сарыарқа»

"Сары-Арқа" сол туған елмен қоштасу күйі. Бірақ мұнда, халық мінезі, өмірі, қадір-қасиеті, ол мекендеген дала бейнесі...

11-сабақ.««Тлепбергенұлы Қазанғап»



ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі



12-сабақ. «Шығайұлы Дәулеткерей»



Ұлы күйші қиын заманның қасірет қамауына тап болған бейбақ халқын домбырасымен жұбатқан.





13-сабақ.«Тәттімбет Қазанғапұлы»

Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйлері бар. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді.

14-сабақ.«Нұрпейіс келіні Дина»



Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.



15-сабақ.«Дина Нұрпеисованың «16 жыл»

"Он алтыншы жыл"-көтерілісшілердің әскери ұраны, ат дүбірі, халық санасының бірге оянуының әуені.

16-сабақ.«Нұрғиса Тілендиев»



Қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы, Халық қаһарманы Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі.

17-сабақ.«Хангелдықызы Ұлбике»

«Әке сөзін жасымнан жаттап алғам,

Тал бойыма жинақтап хаттап алғам.

Жеке шығып бәйгеден тұлпардай боп,

Өлеңімді әнімен баптап алғам,

Моншағымның әр тасы бір өлеңді,

Бесігінде үйренгем мен өлеңді.

Балапандай кезінде қайран шешем,

Тал бойыма дарытқан күллі өлеңді».



18-сабақ.«Абай Құнанбайұлы»

Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.

Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.

Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.

19-сабақ.«Ақан сері./Ақжігіт Қорамсаұлы/

Ақан шығармашылығы кеңес композиторларының туындыларында үлкен орын алған. Оның «Құлагері», «Жалбыр», операсындағы «Көкжендеті», «Балқадишасы», «Сырымбеті», «Қараторғай» бірнеше композиторлардың дыбыс үндестігінде аспапты музыка шығармаларында пайдаланылған. Сол сияқты «Мақпал» әні «Ақан сері- Ақтоқты» пьесасына енді.


20-сабақ."Құлагер"

Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан.

Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.


21-сабақ.«Қараторғай»

«Қараторғай» әні адам таңқаларлық терең, жібектей созылған ән тілі бар сөзсіз махаббатпен байланысты, сондықтан негізгі дирижерлық қимыл – legato,бірақта керекті динамикаларды көрсету кезінде, автордың ойын, мақсатын аша білетін көркемдік - мәнерлік  тәсілдерді қолданған жөн. Ал жалпы әуеннің жақсы естілуі әдемі дыбысқа байланысты. Әдемі дыбыс деп – жеңіл, драмалық, поэтикалық, толтырылған дыбысты айтамыз.

22-сабақ.«Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов»

Сегіз серіні бүгінгі үрпақтары әлі күнге дейін жөнді тани алмай келеді. Шындыққа жүгінсек, ол — қазак сал-серілерінің атасы!



23-сабақ.«Естай Беркімбайұлы»

ақын, композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген.16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.







24-сабақ.«Естайдың “Қорланы”

Маралды болысының (Солтүстік- Сібір өңірі) Өрік ауылында қыпшақ руынан шыққан Сұлтан деген атақты бай тұрған. Сұлтанның Хұсни және Хорлан атты екі қызы болған. Хорлан атымен жиырма жастағы жас композитор шығарған "Хорлан" әні көпшілікке жақсы мәлім.

25-сабақ.«Біржан сал Қожағұлүлы»

Қазақ әдебиетінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі.

Біржанның әндері — қазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек.



26-сабақ.«Біржан Салдың "Жанботасы"

Ол өзінің жан серігі домбырасын алып, Жанбота отырған киіз үйге келеді. Рұқсат сұрамастан, әнші үйге кіріп келіп, реніш пен күйінішке толы ащы дауыспен әндете жөнелді. Ән - найзағай, ән - әншінің жан айғайы, тапталған ардың күйзелісіндей болды. Көпшілікті бұл отты ән ерекше толқытты.

27-сабақ.«Тастанбекқызы Сара»

Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады.

28-сабақ.«Біржан мен Сара айтысы»

Біржан мен Сара айтысы — дәстүрлі қазақ өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1895 ж. жазында Қапал-Ақсу өндріндегі Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан сал Қожағүлұлы (1834-1897) мен Сара Тастамбекқызы арасында өтіп, бірнеше күнге созылған.



29-сабақ.«Кенен Әзірбаев»

қазақтың әйгілі халық ақыны , композитор және жырау. Жыр алыбы Жамбылдың шәкірті және өнерін жалғастырушы. Ол - әуен тіліне көшірілген 150 өлең жазған тұлға.Кененнің әншілік өнермен даңқы шыққан. Ол өз шығармаларында Біржан сал, Ақан-сері сияқты белгілі қазақ ақындарының ең үздік дәстүрлерін жалғастырушы. К. Әзірбаев шығармаларының басты тақырыбы - біртұтас халық өмірі, сондай-ақ, әрбір адамның жеке үміттері мен армандары.



30-сабақ.«Евгений Григорьевич Брусиловский»

Евгений Брусиловскийдің шығармашылығы ұлттық республикалардағы композиторлық мектептердің жаңа құрылу кезеңіне сәйкес келді және Қазақстанның профессионалдық өнерінің дамып, қалыптасуымен байланысты болды. Ол қазақ музыкасындағы жаңа жанрларының алғашқы үлгілерінің авторы – «Қыз Жібек» операсы, «Сары – Арқа» симфониялық сюитасы. Ұстаз ретінде республикамыздың бірнеше композиторлар буынын тәрбиелеп шығарды, кейіннен олар ұлттық композиторлар мектепбін құрды. Е.Брусиловскийдің сегіз қырлы, бір сырлы шығармашылығы қазақ музыкасына ықпалын тигізбей қоймады. Ол қалаған дәстүрлі негіз әлі күнге дейін жалғасып келеді.

31-сабақ.«Ахмет Жұбанов»

қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан
32-сабақ.«Латиф Хамиди»

композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Л. Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ, патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп), “Жамбыл” операларынан да анық байқалады. Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы - этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде қалды.. Қазақ ССР-інің халық артисі, еңбексің. өнер қайраткері. 1933 жылдан қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіруге атсалысты.
3 3-сабақ.«Шәмші Қалдаяқов»

к омпозитор, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
34-сабақ.«Төлебаев Мұқан»

қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРо мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бірі.

М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 тамыз
1330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі