400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ХІІІ-ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып оқушыларына ХІІІ-ХV ғасырлардағы Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің мәдениеті жайлы түсінік беріледі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.3А ХІІІ – ХV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан 18 сағат

Мектеп: «№141 К.Сәбиров атындағы орта мектебі» КММ, Шиелі ауданы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Әбуұлы Саламат

salamatabu64@mail.ru

8 777 563 02 64

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

ХІІІ- ХV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті.

Зерттеу сұрағы: XIII-XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын анықтайды.

Көптеген оқушылар: күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын ажыратып талдайды.

Кейбір оқушылар: ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамның бейнесінің көрінісі екендігін дәлелдейді.

Бағалау критерийі

ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен мәдениеттің дамуының ерекшеліктерін анықтайды,

Ислам дінінің ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен мәдениеттің дамуына ықпалын талдайды.

Өнер мен әдебиеттің ортағасырлық тарихты танудағы рөлін зерттеп, дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

— Оқушылар күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи маңызын түсіндіреді (диалог) айтылым, тыңдалым.

— күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың деректері жайында айтады. айтылым

— күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи маңызына жазбаша пікір береді. жазылым

Терминдік сөздер қолданады: Күй, аңыз, шежіре, эпос.

Ойлау деңгейі

Білу және түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Тарихи концепт

Өзгеріс пен сабақтастық, дәлел, ұқсастық пен айырмашылық, маңыздылық, интерпретация.

Құндылықтарға баулу

Тарих, мәдениет, тілдің біртұтастығы. («Мәңгілік Ел»)

— Өткен тарихқа құрметпен қарау. Мәдениетін бағалау.

Пәнаралық байланыс

Ақын-жыраулардың шығармалары мен ауыз әдебиеті туындылары арқылы 6-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнімен, өлең-жырлар арқылы «Музыка» пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Мәдениет сөзінің мағынасын біледі, ажыратады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы: 3 мин.



5 минут


2 минут

Ұйымдастыру кезеңі. І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу. Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілеу.

Үй жұмысын сұрау:

«Сөзді тап» әдісі

Бағалау: «Бағдаршам әдісі»

Топқа бөлу: «Мозаика» әдісі.






Сабақтың ортасы:

7 минут




















8 минут






































































5 минут











4 минут




Тақырыпқа шығу:

«Аудио тыңдалым». 

Оқушылар Қазтуған жыраудың Еділ туралы жырын Б.Тілеуханның орындауында тыңдайды. Жыр яқталғаннан кейін, төмендегідей сұрақтар қойылады:

Сіз қандай әсер алдыңыз? .

Сіз қандай сезімдесіз? ,

Жырда қандай адам есімдері аталды? Жыр не туралы?

Сіздер тыңдаған жырдың бүгінгі сабақпен қандай байланысы болуы мүмкін?

Сынып оқушыларының ой-пікірін тыңдаған соң, сабақтың тақырыбына шығу.

Күтілетін нәтиже:

ХІІІ-ХV ғасырлардағы күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын анықтайды, талдайды.

Қ/Б: бас бармақ арқылы бағалайды

1. Т. Оқушыларға ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен әдебиет туралы мәтін ұсыну.

1-топ «Күйшілерге» «Ақсақ құлан» күйі туралы мәтін беріледі;

2-топ: «Жыршыларға» «Қамбар батыр» жыры туралы мәтін беріледі;

3-топ «Шежірешілерге» шежіре туралы мәтін беріледі;

4-топ «Эпостық жыршыларға» Қобыланды батыр туралы мәтін беріледі;

5-топ «Журналистер» сарапшы топ қызметін атқарады. Алғашқы төрт топ XIII-XV ғғ. күй, аңыз, шежіре, эпостық

жырларды зерттейді, қажетті материалдарды, деректерді

талдап, олардың маңыздылығын анықтайды. 5-топ мүшелері «Журналистер» басқа топ мүшелерінің жұмыстарын бақылап, өнер, әдебиет түрлері бойынша

сұрақтар дайындауға кіріседі.

Топтардың міндеті: 1. Сол кезеңдегі музыкалық шығармалардың, күйлер мен жыр, аңыздардың негізгі тақырыбын анықтау;

2. Тарихи шежірені тарихи дерек көзі ретінде қарастыру;

3. Ақын-жыраулардың көздеген мақсат-мүдделерін талдау; 4. Ауыз әдебиеті туындыларын сипаттау;

5. Халық ауыз әдебиеті қазақ халқының өмірі жайлы қандай мәлімет беретінін көрсету. 6. Берілген шығармалардың мазмұнын анықтау; Т. Оқушылар басқа топтарды өз зерттеу нәтижелерімен

таныстырады. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында

қыпшақтардың қалмақтарға қарсы соғысы, Кетбұға, Қотан,

Сыпыра жырау, Асан Қайғылар халықтың бірлігі мен тірлігі

туралы өте құнды еңбектер қалдырған және жер, жесір дауы сияқты даулы мәселелерге әділ төрелік айта білген. «Журналистер» топтардың жауаптарын тыңдап, топтар арасындағы сұрақ-жауапты қадағалайды, өздері сұрақ дайындайды.

Т. Әр топ өзінің жасаған зерттеуі бойынша қорытынды түйін жасайды, XIII-XV ғғ. өнер мен әдебиетте ортағасырлық қоғамның қандай аспектілері айрықша сипатталғанына назар аударады.

М. Топтар жұмыстарын таныстырғаннан кейін, сұрақтар қойылады: - Берілген шығармалардың мазмұнында ортақ ұқсастық бар ма?

- Берілген шығармалар тарихи дерек көзі ретінде қаншалықты маңызды?

Б. Қорытынды ретінде «XIII-XV ғғ. қазақ халқының өнері мен әдебиетінің өркендеу кезеңі болды» деген позицияны таңдау тапсырмасын орындату. Таңдаған позициясын қорғауды сұрау.

Ж. Оқушылар стикерлерді пайдалана отырып, сабақта үйренген/ ұнаған бір ойды және әлі де оқуды қажет ететін мәселелерді жазады.

Критерий: Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын анықтайды.

Дескриптор:

  1. Күй, аңыз, шежіре, эпос сөздерінің мағынасын түсінеді.

  2. Дереккөздерімен жұмыс жасай алады.

Мұғалімнің кері байланысы. Ассоциация

Shape1






Бағалау: «Бас бармақпен»

Критерий: Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын талдайды.

2. Тапсырма: мәліметті жетекшілікке ала отырып, сөздердің тарихи дереккөздердегі маңыздылығын анықтаңдар, талдаңдар.

Дескрипторлар:

1. тарихи дереккөздердегі мәліметтердің маңыздылығын анықтайды,

2. мәліметті жетекшілікке ала отырып, сөздердің тарихи дереккөздердегі маңыздылығын талдайды.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» (мұғалімнің кері байланысы осы әдіс арқылы жүреді)

Т. «Борт күнделігі» әдісі. Мәтінмен жұмыс арқылы жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, кестеге түсіреді.

Тапсырма:

І-топқа: Орта ғасырларда кеңінен тараған жырлар мен олардың авторларын сәйкестендіру кестесін толтырыңдар;

ІІ-топқа: Әдебиет туындыларын түрлеріне қарай сәйкестендіру кестесін толтырыңдар;

ІІІ-топқа: ХІІІ-ХV ғасырларда өмір сүрген үш жырау мен олардың шығармаларын кестеге жазыңдар.

Бағалау: Смайликтер арқылы

3.Тапсырма: «Венн диаграммасы» арқылы ІХ-ХІІ және ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет дамуының ерекшеліктерін салыстырыңдар.

Shape2 Shape3


ІХ-ХІІ ғ.ғ.


ХІІІ-ХV ғ.ғ.





Дескриптор:

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнер қайраткерлерін атайды;

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет пен өнер туындыларын атайды;

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнердің даму бағыттарын анықтайды;

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармаларының ерекшеліктерін түсіндіреді;

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнердің дамуына әсер еткен себептерді анықтайды;

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнер қайраткерлерінің туындыларын талдайды;

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы ислам дінінің қазақ қоғамындағы қызметін талдайды;

- Ислам дінінің ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет пен өнерге ықпалын талдайды.




Б. Тілеухан. Еділ жыры.









АКТ











2. Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар). Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық (электрондық нұсқа). Алматы, «Мектеп». 2018. 45-47 бб.

3. Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар). Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдістемелік нұсқау (электрондық нұсқа). Алматы, «Мектеп». 2018. 45-47 бб.
























4. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Қазақстан тарихы

7-сынып. 76-78 бб.

Сабақтың соңы:

Рефлексия: 3 минут












2 минут

Кейбір оқушылар: ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамның бейнесінің көрінісі екендігін дәлелдейді.

Бағалау критерийі

Өнер мен әдебиеттің ортағасырлық тарихты танудағы рөлін зерттеп, дәлелдейді.

Дескриптор:

  1. ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен әдебиет туындыларын біледі;

  2. Тарихи есімдерді уақытына сай ажырата алады;

  1. Ақын-жыраулардың шығармаларының бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиелік мәнін ұғынады.

Бағалау: «Мадақтау. Қолпаштау»

Үй тапсырмасы: (Үй тапсырмасы оқушылардың қалауы бойынша беріледі):

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет пен өнер туралы деректердің маңыздылығын анықтау;

- ислам дінінің ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен мәдениетке ықпалын көрсететін дәлелдер келтіру;

- ХІІІ-ХV ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының бірінің шығармашылығына талдау жасау.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Көмекті аз қажет ететін оқушылар мен көмекті көп қажет ететін оқушыларға сараланған тапсырмалар беріледі:

Барлық оқушылар: мәліметті жетекшілікке ала отырып, сөздердің мағынасын түсіндіріп,анықтауда ассоциация құрады.

Көпшілік оқушылар: күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын анықтап, Венн диаграммасы арқылы айырмашылығы мен ортақ белгілерін талдайды.

Кейбір оқушылар: ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамның бейнесінің көрінісі екендігін дәлелдейді.

ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет пен өнер туралы деректердің маңыздылығын анықтау, ислам дінінің ХІІІ-ХV ғасырлардағы өнер мен мәдениетке ықпалын көрсететін дәлелдер келтіру, ХІІІ-ХV ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының бірінің шығармашылығына талдау жасау бойынша үй тапсырмасы оқушылардың қалауы бойынша беріледі.

Үй жұмысын сұрау «Сөзді тап»  әдісі арқылы.

1-тапсырма «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

2-тапсырма: Бағалау критерийі арқылы жүргізіледі.

3-тапсырма: « Смайликтер»

4. Рефлексия. Мадақтау.Қолпаштау.

— АКТ сілтеме беру,

— Қазақ әдебиеті , музыка сабағымен байланыстыру,

Сынып бөлмесіндегі қозғалыс және АКТ-мен жұмыс кезінде оқушыларға жеке бас және техникалық қауіпсіздік  ережелерін ескерту.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
874
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі